Сот шығындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 14:41, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: сот шығындарының түрлері және оның негіздерінің түсінігін, мемлекеттік баж түсінігі мен мазмұнын және мемлекеттік баж түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары
1.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру………….......................….……........4
1.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық……........................…....7
1.3. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері.................11
ІІ. Сот шығындары
2.1. Сот шығындарының түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы, түрлері........12
2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері............................17
2.3. Баж төлеуден босату.................................................................................19
III. Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы........................................23
Қорытынды…………………………………………………..............................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………....................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат, курстық жұмыс, сот шығындары (2).docx

— 63.61 Кб (Скачать документ)

      - iске қатысы  жоқ адамдардан басқа жеке  және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық  iстерге және алимент бойынша  iстерге байланысты құжаттар берiлгенi үшiн; 

      - талапкерлер  - Қазақстан Республикасының табиғат  қорғау заңнамасын бұзу арқылы  мемлекетке келтiрiлген залалды  өтеу есебiне мемлекет кiрiсiне  қаражат өндiрiп алу туралы  талап қою бойынша; 

      - бiлiктi еңбек  қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi  жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын  даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк  мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап  кеткен немесе олардан шығарылған  оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет  шығыстарын өндiрiп алу жөнiндегi талап қою бойынша; 

      -  Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген  жағдайларда басқа тұлғалардың  немесе мемлекеттiң құқықтарын  және заңмен қорғалатын мүдделерiн  қорғауға сотқа арыз жазып  жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;

      - Қазақстан  Республикасының бюджет заңнамасына  сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ  мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк  берген қарыздарды қайтару жөнiнде  талап қойып сотқа жүгiнген  сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);

     - талапкерлер  - Ұлы Отан соғысына қатысушылар  және оларға теңестiрiлген адамдар,  Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы  жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз  әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР  Одағының ордендерiмен және медальдарымен  наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр  аралығында кемiнде алты ай  жұмыс iстеген (қызмет еткен) және  Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы  жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз  әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР  Одағының ордендерiмен және медальдарымен  наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң  ата-аналарының бiрi - барлық iстер  мен құжаттар бойынша; 

     - талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын  алуға байланысты барлық iстер  мен құжаттар бойынша; 

     - жеке және  заңды тұлғалар - сотқа iс бойынша  iс жүргiзудi қысқарту туралы  сот ұйғарымының күшiн жою немесе  арызды қарамай қалдыру туралы; шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру  немесе мерзiмiн ұзарту туралы;  шешiмдi орындаудың тәсiлi мен тәртiбiн  өзгерту туралы; талап қоюды қамтамасыз  ету немесе қамтамасыз етудiң  бiр түрiн басқаларымен ауыстыру  туралы; жаңадан ашылған мән-жайлар  бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын  немесе қаулыларын қайта қарау  туралы; сот ұйғарымдарымен салынған  айыппұлдарды қосу немесе азайту  туралы; өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнiң орындалуын керi бұрып атқару туралы; соттың сырттай жасалған шешiмiн жою туралы; арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына орналастыру туралы; сондай-ақ: сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне; соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар; сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар; соттың сырттай жасалған шешiмiнiң күшiн жою туралы арыздар бергені үшін;

      -  прокуратура  органдары - барлық талап қою  бойынша; 

      - мемлекеттiк  мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн  қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмiне  шағым жасаған кезде; 

     - мүгедектердiң  қоғамдық бiрлестiктерi және (немесе) есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiн  жоғалтқан мүгедектердiң кемiнде  35 процентi жұмыс iстейтiн олардың  құрған ұйымдары - өздерiнiң мүдделерi үшiн талап қойған кезде; 

      - сақтандырушылар  мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру  шарттарынан туындайтын талап  қою бойынша; 

      -  талапкерлер  мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз  сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде  күзетпен қамауға алуға заңсыз  тарту не қамауға алу немесе  түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз  әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы  келтiрiлген залалды өтеуге байланысты  даулар бойынша; 

      - Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкi, оның  филиалдары мен өкiлдiктерi - өз  құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша  талап қоюды берген кезде; 

     -  қаржы  нарығы мен қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз  құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша  талап қоюды берген кезде; 

     -  мәжбүрлеп  таратылатын қаржы ұйымдарының  тарату комиссиялары – тарату iсiн жүргiзу мүддесiне орай  берiлген талап қою, өтiнiштер  бойынша; 

       -  Қазақстан  Республикасының заңнамалық актiлерiне  сәйкес мемлекеттiк инвестициялық  саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер: 

      - бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;

        - мүліктi өндiрiп алу туралы;

        - борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюды берген кезде;

       - конкурсты  басқарушы - Қазақстан Республикасының  банкроттық туралы заңнамасында  көзделген өз өкiлеттiгi шегiнде  конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмдерi мүддесiне орай талап қойған  кезде өтiнiш берген кезде мемлекеттiк  баж төлеуден босатылады. [1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы

  Азаматтық істер бойынша  сот шығындары туралы  Қазақстан  Республикасының заңдарын біркелкі  қолдану мақсатында Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының  жалпы отырысы, қаулы етеді:

  1. Соттар азаматтық  істер бойынша сот төрелігін  атқару кезінде сот шығындарымен  байланысты мәселелерді Қазақстан  Республикасының Азаматтық іс  жүргізу кодексінің (бұдан әрі-АІЖК) ережелеріне, Қазақстан Республикасының  "Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы (Салық кодексі)" Кодексінің (бұдан әрі-Салық кодексі) 90-тарауының  1-параграфына, сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының басқа да нормативтік  құқықтық актілеріне сәйкес шешуі  тиіс.

Егер азаматтық іс бойынша  тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері болса, мемлекеттік  баж мөлшері және оны өтеу тәртібі  Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезінде мемлекеттік баж  мөлшері және оны өтеу тәртібі  туралы келісіміне (1993 жылдың 24 желтоқсаны, Ашгабат) сәйкес анықталады.

  2.  АІЖК 100-бабына сәйкес  азаматтық істердің сот шығындары  мемлекеттік баждан және іс  жүргізуге байланысты шығындардан  тұрады.

  3. Мемлекеттік баж  Салық кодексінің 493-бабына сәйкес, Салық кодексінің 495-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген азаматтық  істер бойынша заңды мәні бар  іс-әрекеттерді  жасау және (немесе) құжаттарды беру үшін алынатын  міндетті төлем болып табылады.

Сотқа берілетін талап  қоюлар және арыздар, сондай-ақ қарсы  талап қоюлар қарастыруы мүмкін бірнеше  талаптарының әр қайсысы мемлекеттік  баж алудың объектісі болып табылады. Талап қоюдың бағасын көтеру туралы қосымша талап арыз да мемлекеттік  бажбен төленуге жатады.

Азаматтық істер бойынша  мемлекеттік баж сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және басқа да сот  қаулыларының қайта берілген көшірмелерін, сонымен қатар істегі басқа да құжаттардың көшірмелерін тараптардың  және басқа да іске қатысушы тұлғалардың  өтініші бойынша беру кезінде  алынады.

   4.  Азаматтық сот  ісін жүргізудегі мемлекеттік  бажды төлеушілерге Салық кодексінің 494-бабының ережелеріне сәйкес  жеке және заңды тұлғалар жатқызылады:

талап қоюды, арызды немесе шағымды бастапқы беру кезіндегі  талапкер, арыз беруші ретінде қатысушылар;

қарсы арыз берілген жағдайларда  сотта жауапкер ретінде қатысушылар;

сот қарауындағы даудың нысанасына дербес талап қоятын үшінші тұлға  ретінде қатысушылар;

 бастапқы талапкер  істен шыққан жағдайда және  оны құқықтық мирасқоры ауыстырса,  бастапқы талапкермен мемлекеттік  баж төленбеген жағдайда соңғысы  мемлекеттік баж төлеуші болып  табылады; 

тараптар және іске қатысушы басқа тұлғалар сот актісіне шағымданғанда  және сот актілерінің көшірмелерін немесе істен басқа құжаттардың  көшірмелерін қайта беру үшін сотқа  жүгінген жағдайда.

Мемлекеттік баж жоғарыда көрсетілген тұлғалардан басқа  тұлғамен төленсе төлем тапсырысында (түбіртегінде) қандай әрекет жасағаны үшін және төлеуші кім үшін төлегенін  көрсетуі тиіс.

     5.  Салық  кодексінің 496-бабымен соттардағы  мемлекеттік баж мөлшері белгіленген.  Мұндай жағдайда мыналар ескерілуі  қажет:

заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын азаматтармен сотқа берілетін арыздарға, жеке тұлғалар үшін Салық кодексінде көрсетілген, жеке кәсіпкерлермен және шаруа (фермер) қожалықтарымен салық төлемдерін тексеру  актілерінің хабарламасына шағымданудан басқа жағдайларды қоспағанда, олар үшін мемлекеттік баж ставкасы 0,1 пайызды, ал заңды тұлғалар үшін 1 пайызды  құрайтын салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлмен қоса)  дауланатын сомасынан ставка бойынша мемлекеттік баж төленеді;

мүліктік сипаттағы бірнеше  дербес талаптан тұратын талап арыздан (шағымнан) мемлекеттік баж талап  қоюдың жалпы сомасынан алынады;

мүліктік емес сипаттағы  бірнеше дербес талаптан тұратын  талап арыздан мемлекеттік баж  талап қоюдың әрбірінен бөлек  алынады;

мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талап арыз үшін мемлекеттік  баж қойылған талаптардың әрбір  түріне белгіленген мөлшерде бір  мезгілде төленеді;

бір немесе бірнеше жауапкерге бір немесе бірнеше талапкермен  талап қойылған кезде мемлекеттік  баж мүліктік емес сипаттағы талаптарға әрбір талап қоюдан бөлек, ал мүліктік сипаттағы талап қоюдың жалпы  сомасынан, талапкерлермен қойылған талаптың үлесінен, ортақ емес, пропорционалды төленеді;

сотқа берілетін мүліктік сипаттағы талап арыздардан, сондай-ақ  аралық соттардың шешімдерінің, төреліктің шешімдерінің күшін жою туралы өтініштерден мемлекеттік баж пайыздық мөлшерде талап қоюдың бағасынан алынады. Мұндай жағдайда пайыздық мөлшердің жіктелуі сотқа талап арызды, сонымен қатар аралық соттардың шешімдерінің, төреліктің шешімдерінің күшін жою туралы өтініш берген субъектінің түріне байланысты белгіленеді;

моральдық залалға өтемақы  төлеу туралы, соның ішінде ақша түріндегі талаптан мемлекеттік  баж мүліктік емес сипаттағы талап  арыздан төленетіндей алынады.

Мүліктік сипаттағы даулар бойынша апелляциялық шағымнан алынатын мемлекеттік баж мөлшерін белгілегенде апелляциялық шағымда көрсетілген  арыз берушімен дауланатын сомадан  алынуы керек. 

      6.  Соттарда  мемлекеттік баж төлеуден босатылған  тұлғалардың  (жеке және заңды)  түбегейлі тізімі Салық кодексінің 501-бабында  көрсетілген.

Судьяға талап арызды (шағымды) қабылдау кезінде:

Салық кодексінің 501-бабында  көрсетілген мемлекеттік баж  төлеуден талапкерді босататын негіздердің  бары, сонымен қатар басқа тұлғалардың  немесе мемлекеттің құқықтары мен  заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа  жүгінген жеке және заңды тұлғалардың  мұндай талапты қою құқығының  барын Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес тексеру керек;

әкелікті анықтау және алименттерді өндіріп алу туралы талап арыз бір мезгілде берілсе, әкелікті анықтау  туралы талап қоюдан мемлекеттік баж төленуге жататынын  ескеру керек.

      7.  Заңдарға  сәйкес талапкерді мемлекеттік  баж төлеуден босату тек қана  заңда тікелей көрсетілген реттерде  мүмкін болады, сондықтан бұл  жөнінде арнайы ұйғарым шығару  қажет емес.

Талап арыз беру кезінде  мемлекеттік баж  төленгенін растайтын  құжат тіркелмей, талапкерді оны  төлеуден босататын негіздер болмаған жағдайда, талап арыз АІЖК 155-бабына сәйкес, талап арыз төленетін мемлекеттік  баж сомасы, оны төлеу мерзімі  және төленбеуінің салдары көрсетілген  ұйғарыммен қозғалыссыз  қалдырылуға  жатады.

     8.  Бюджетке  мемлекеттік баждың төленгенін  дәлелдейтін құжат болып Қазақстан  Республикасы 1998 жылғы 29 маусымдағы  № 237-І "Ақша төлемі мен  аударымы туралы" Заңының талаптарына  сәйкес келетін төлем құжатының  түпнұсқасы танылады.

Сот мемлекеттік баждың төленгенінің дәлелі ретінде төлем құжаттарының көшірмелерін қабылдамауы тиіс, сондай-ақ төлем құжаттарының тұпнұсқасын, оны  көшірмеге ауыстырып, тараптардың  өтініші бойынша азаматтық істен  алып беруге болмайды.        

    9.  Салық кодексінің 507-бабы 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік  баж заңды мәні бар іс-әрекеттің  жасалған жері бойынша есепке  алынады. Осыған байланысты мемлекеттік  баж талап қою жері бойынша  төленгенін растайтын құжаттарды  сот дәлел ретінде қабылдауы  тиіс. 

   10.  Талап қоюдың  бағасы АІЖК 102-бабына сәйкес, анықталады  және талапкермен көрсетіледі.  Талап арызда бағасының көрсетілмеуі  талап арыздың қозғалыссыз қалдырылуына  негіз болуы мүмкін.

Нарықтық бағасы ескеріліп  жылжымалы (жылжымайтын) мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның немесе бағалау қызметін жүзеге асыруға  лицензиясы бар тұлғамен анықталатын  талап қоюдың бағасы іздеу салынған мүліктің шынайы бағасы талапкер көрсеткен  бағамен айқын сәйкес келмеген жағдайда, талап қоюдың бағасы сотпен анықталады. 

Информация о работе Сот шығындары