Өндірістік шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 15:39, реферат

Краткое описание

Менің қарастырған тақырыбым « Өндірістік шығындар». Бұл тақырыпты таңдағанымның негізгі себебі мынада: еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты өндірістің шығындары және оларды азайту мәселесі қазіргі таңда, әкімшіл-әміршіл жүйенің уақытына қарағанда өзекті болып отыр

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өндірістік шығындар.docx

— 40.36 Кб (Скачать документ)

     Омарова.А     УиА К2

     Өндірістік шығындар

1.Кіріспе

Менің қарастырған тақырыбым  « Өндірістік шығындар».  Бұл тақырыпты  таңдағанымның  негізгі себебі мынада: еліміздің  нарықтық экономикаға өтуіне байланысты өндірістің шығындары және оларды азайту  мәселесі қазіргі таңда, әкімшіл-әміршіл жүйенің уақытына қарағанда  өзекті болып отыр. Нарықтық экономика әрбір кәсіпорынның табыс алу үшін  өз мүмкіндіктерін ең тиімді жолмен іске асыруын ынталандырады. Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты кәсіпорындардың әрбіреуі нақты өзіндік қаржылық  тәуелсіздігі бар, олар өнімді өткізгеннен түскен пайданы өздерінің мүддесіне сай жұмсай алады, табысын басқара алады. Бірақ, табысты алмастан бұрын кәсіпорын шығындардың мөлшерін азайту мақсатымен  барлық шығындарды зерттеуі қажет.   Тек осылай ғана табыс алу туралы нақты мәселе қозғала алады.     Тақырыптың өзектілігі берілген жұмыстың мақсатын да анықтап берді – шығындардың мәнін, олардың құрылымын және оны азайту тәсілдерін зерттеу. 

 

    Берілген  жұмысты кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған. Алғашқы бөлімде шығындардың негізгі түрлері, олардың құрылымы, қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар және кемімелі қайтару заңы және ұзақ мерзімді  кезеңдегі шығындар  қарастырылады.   Ал екінші бөлімде тәжірибелік бөлім қарастырылған.

 

  Өнімнің бағалары сұраныс пен ұсыныстың  өзара байланыстары нәтижесінде  орнатылады. Экономикалық теория курсынан барлығымызға мәлім, сұраныс пен ұсыныс түрлі факторларды анықтайды. Фирмалардың өз өнімін нарыққа өткізуге ынтасы мен мүмкіндігін анықтайтын ең маңызды фактор - өндіріс шығындары болып табылады. Қандай да болсын тауарды өндіру белгілі бір мөлшерде шығындалуды қажет етеді. Ал шығындардың өзіндік салыстырмалы аздығына байланысты арнайы бағасы болады. Фирманың нарықты ұсынайын деп отырған белгілі бір тауардың саны бір жағынан, құнға (шығынға) және оны өндіруге арналған ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне және екінші жағынан, тауардың нарықта өткізілетін бағасына  тәуелді болады.   Өндірістік шығындар түсінігі?

       

    Өндіріс шығындарының мәселесі және шығындардың   

                                                түрлері.

   Өндірістік шығындар- бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әр түрлі есептейді. Экономист өндіріс шығындарын бухгалтер секілді  қарастырмайды. Бухгалтерге фирманың қаржылық балансы ғана қажет болады. Олар фирманың қаржысын ретроспективалық көзқараспен бақылайды, себебі олар әрдайым актив пен пассивті салыстырып отырады және фирманың бұрындағы жұмысының тиімділігін зерттейді.     

Ал  экономисттер мен басқарушылар, керсінше фирманың перспективаларымен айналысады. Олар келесіде мүмкін болатын шығындар туралы, оларды азайтуды және рентабелділікті көтеруді ойлайды. Осыған сәйкес, олар «өзгертілген шығындар» - қолдан кетіп бара жатқан фирманы тиімдірек пайдалану мүмкіндіктеріне байланысты туындайтын шығындар.     

Өзінің  есептеріне бухгалтерлер мен экономистер  фактілік шығындарды ақшалық шығындар түрінде қосып қояды. Соңғысына жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы, шикізат пен материалдарға жұмсалатын шығындар, қозғалмайтын мүлікті жалға алуға төленетін өтемақылар жатады.  Ақшалық шығындар бухгалтерлік қызметте аса маңызды рөлге ие болады, себебі олар компаниялардың басқа фирмаларға немесе жеке тұлғаларға (олармен компания арнайы операциялар жүргізеді) тікелей төлемдермен тығыз байланысты. Мұндай шығындар экономисттерде аса үлкен мәнге ие болады, себебі жалақы мен материалдарға жұмсалатын шығындар белгілі бір мөлшерде ақшаны қажет етеді.  

Өндірісте қолданылатын ресурстардың санын өзгертуге қажетті  уақытқа байланысты фирма іс-әрекетінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерді ажыратады.      

Қысқа мерзімді кезең  деп сол уақыт аралығында өзінің өндірістік қуатын өзгерте алатын уақыт аралығын айтады. Ол өндірістің барысы мен нәтижелілігіне тек өз қуатының пайдалануын интенсивтендіру арқылы ғана әсерін тигізе алады. Осы кезеңде фирма  өзінің айнымалы факторларын, яғни  еңбек, шикізат, қосымша материалдар, отын санын  жедел түрде өзгерте алады.      

Қысқа мерзімді кезеңде кебір өндірістік факорлардың  саны өзгермейді, ал басқалары  өзгеруі мүмкін. Сәйкесінше, осы кезеңде шығындар тұрақты және айнымалы болып өзгереді.       

TFC-тің тұрақты  шығындары (total fixed cost- жалпы орнатылған құн) - бұл өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты көлемі өзгермейтін шығындар. Осындай шығындардың болуы кейбір өндірістік фактордың өмір сүруімен түсіндіріледі,  сондықтан олар фирма ештеңе өндірмесе де жұмысын атқара береді. Графикте тұрақты шығындар абцисса осіне параллель орналасқан көлденең  сызықпен көрсетіледі (1 - сурет).   Тұрақты шығындарға басқару қызметшілерінің еңбегін төлеуге, ренталық төлемдерге, сақтандыру салымдарын, құрылыстарды және құрылғыларды амортизациялауға жұмсалатын шығындарды жатқызамыз.       

Айнымалы  шығындар TVC (total variable costs – жалпы айнымалы құн) – бұл өндірістің көлемі өзгергеніне байланысты  оның да мөлшері өзгеретін шығындар болып табылады. Оларға еңбекақы, шикізат, отын, қосымша материалдар сатып алу, көлік қызметтерін төлеу, сәйкес әлеуметтік төлемдер және т.с.с. жатады.

Қысқа уақыт мерзімінде ең болмағанда бір өндіріс факторы  түрақты болады . Капиталд ( К )-тұрақты фактор, ал еңбекті (L )- айнымалы фактор деп болжайық . Бір ресурс айнымалы болған жағдайда төмендегідей ұғымдар пайдаланылады

- Еңбектің жалпы өнімі (total product) (TPL )

- Еңбектің орташа өнімі (average product)(APL):APL=TPL/L

- Еңбектің шекті өнімі (marginal product) (MPL):MPL =    TP/   L


-егер MPL >APL, онда APL өседі ;

-егер MPL <APL, онда APL кемиді;

-егер MPL=APL,онда APL=max;

  Қысқа мерзім шеңберіндегі  өндірісті 3 сатыға бөлуге болады 

1-саты-0-ден L2-ге дейге дейін,  мұнда APL =max

2-саты-L2-ден L3 ке дейін, мүнда MPL=0

 

,

 

3-саты –L3-тен әрі қарай мұнда  MPL-дің мәні теріс сан болады.

 

 

1ші және  3  сатылар фирма  үшін қалаусыз,себебі 1-сатыда –еңбекпен  салыстырғанда капитал артықшылығы  , ал 3-сатыда капиталға қарағанда  еңбек  артықшылығы болады.

       Кемімелі қайтарым заңы –басқа ресурстың саны тұрақты болып, ал белгілі бір ресурсты пайдаланудың санын көбейткенде бұл жағдай белгілі бір кезеңнен бастап айнымалы фактордың шекті өнімнің (MPL)азаюына әкеледі. 

       Ұзақ  мерзімді кезең – бұд сондай уақыт аралығы, осы кезде фира барлық пайдаланатын ресурстарының санын (өндірістік қуатын қоса алғанда) өзгерте алады. Сонымен қатар, осы кезеңнің өзінің уақыт аралығы белгілі бір фирмалар осы саладан кетіп, ал басқалар, керсінше осы саламен айналысуға уақыт жеткілікті болуы қажет.    

Белгілі бір өндіріс көлеміне жету үшін аталған  пайдалану комбинациялардың жиыны  көп мөлшерде болса, онда мынадай ой пайда болады: осы жиыннан қай комбинация ең тиімді, яғни минималды шығындармен қажетті өндіріс көлеміне жетуге мүмкіндік беретін бола алады? Пайдаланылатын факорларды кәсіпкер нарықта сатып алатындықтан, олардың бірігуі нұсқасын таңдағанда ол нарықтық бағаларды да ескеру керек 
  
 3

Қазақстанда кеңсе тауарлар нарығы қарқынды дамып келе жатыр. Сарапшылардың  пайымдауынша, қазір оның ауқымы 200 млн. долларға жетті. Ішкі нарықтағы  сұрасқа орай, жағдай осы бағытта  дами беретінге ұқсайды.  Қазақстанның кеңсе тауарлар нарығы әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан тұрақты түрде дамып келе жатқан бірден-бір сала. 2009 жылы барлық салаларда төмендеу болып жатқан кезде, нарықта керісінше өсім болды. Бұған ШОБ-с саласындағы кәсіпкерлер тарапынан артқан сұраныс әсер етті.  Сарапшылардың пайымдауынша, нарықтың өсіміне мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан артып келе сұраныс әсер еткен. Бұл кеңсе және мектеп құралдары.  Бренді танымал қаламсап, планер мен теріден жасалған портфель. Бүгін осы затсыз кәсіпкерді елетету мүмкін емес. Жыл сайын ШОБ-с компаниялары кеңсе тауарларын сатып алу үшін миллиондаған теңгені жұмсап келеді.

 Саладағы тағы бір тұтынушылық  базаны құрап отырған адамдар  легі, мектепке қажетті құрал-саймандарды  сатып алады. Ресейдің kanzoboz.ru сараптамалық орталығының пайымдауынша, Қазақстанның канцеляриялық өнімер нарығының ауқымы 220-230 млн. долларды құрап отыр. Алдағы уақытта өсім болуы мүмкін. 

Сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде  Қазақстанда пайдаланылып отырған  өнімнің көбі қағаздан жасалған түріне тиесілі. Жыл санап оны тұтыну көлемі артып келеді. Осылайша, елде қағаздан жасалған өнімдерге сұраныс артып, ұзақ уақыт бойы жоғары болып қала бермек.  Елге қағаз өнімдерінің басым бөлігі Ресей Федерациясынан жеткізіліп отыр. Отандық өндірушілердің үлесі мардымсыз. Ресейдегі 2 ірі зауыт өз қажеттіліктерін қанағаттандырып, артық қағазды шетелге экспорттап келеді. 

 

Қазақстандық сарапшылардың пайымдауынша, 2004 жылдан бері отандық нарық тек  қана өсім көрсетіп жатыр. 2006 жылы кішігірім  төмендеу болған еді. 2007 жылдан бері кеңсе  заттарының саудасы өсті.  Соңғы уақытта Қазақстан нарығына өзінің сапалы өнімдерін Жапония, Еуропа мен АҚШ жеткізе бастады. Бұдан бөлек, аса қымбат емес тауарлардың үлесі артты. Бұл шағын бизнес компаниялары жеткізіп отырған тауарлар. Ішкі нарықтың тағы бір факторы ретінде мемлекеттердің Біріңғай Экономикалық кеңістігінің аясындағы ықпалдасуын атап өтсек болады. Шекараның ашылуы мен талаптардың жеңілдетілуі қатысушы мемлекеттерге бірігіп, кеңсе тауарларына деген сұранысты арттыруға мүмкіндік беріп отыр. 

 

Сарапшылардың пайымдауынша, 2011 жылы елдің жеке-дара сатып алу орталықтарындағы сауданың көлемі 15 пайызға артты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Осы тақырыпты қарай отырып, мынадай қорытындыға келдім: өндіріс  – бұл адамының өз қажеттіліктерін  өзі қамтамасыз ету үшін арналған құрал. Табиғат адамды оған қажетті  нәрселермен толық қамтамасыз ете  алмайды ғой. Ал оларды өндіру керек. Сондықтан, өндіріс обьективті қажеттілік болып табылады. Қорытындылай  келсек, әрбір өндіруші өндіріс шығындарын, өнімнің өзіндік құнын қысқартуға тырысуы қажет. Өткізілетін өнімге тұрақты баға берілсе және басқа да шарттар орындалса, шығындарды азайту табыстың ұлғаюына алып келеді.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. http://stud24.ru/economics/za-merzmd-kezedeg-shyyndar/126844-372251-page3.html
  2. Микроэкономика Қ.С.Есенғалиева
  3. Микроэкономика Н.Қ. Мамыров
  4. http://caspionet.kz/kaz/therealeconomy/archive/Kazakstannin_Kense_tauarlar_narigi_1328086871.html
  5. http://kk.wikipedia.org

Информация о работе Өндірістік шығындар