Сот шығындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 14:41, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: сот шығындарының түрлері және оның негіздерінің түсінігін, мемлекеттік баж түсінігі мен мазмұнын және мемлекеттік баж түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары
1.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру………….......................….……........4
1.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық……........................…....7
1.3. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері.................11
ІІ. Сот шығындары
2.1. Сот шығындарының түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы, түрлері........12
2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері............................17
2.3. Баж төлеуден босату.................................................................................19
III. Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы........................................23
Қорытынды…………………………………………………..............................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………....................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат, курстық жұмыс, сот шығындары (2).docx

— 63.61 Кб (Скачать документ)

      7) тұрғын  үй-жайларды жалдау шартын өзгерту  немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау  мерзімін ұзарту туралы, мүлікті  пайдалануға тыйым салудан босату  туралы талап арыздардан және  мүліктік емес сипаттағы немесе  бағалауға жатпайтын басқа да  талап арыздардан - 50 пайыз;

      8) ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан)-50 пайыз;

     9) соттың шешіміне апелляциялық шағымдардан мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша-арыз беруші дауласып отырған сома негізге алынып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің-50 пайызы;

     10) сот шешімдерінің, үкімдерінің, ұйғарымдарының, соттың  басқа да қаулыларының көшірмелерін (дубликаттарын), сондай-ақ іске қатысушы  тараптар мен басқа да адамдардың  өтініші бойынша соттар беретін  іске қатысты басқа да құжаттардың  көшірмелерін қайталап беру үшін  әрбір құжат үшін 10 пайыз және  бұған қоса, әзірлеген әр бет  үшін 3 пайыз. 

      Бір мезгілде  мүліктік және мүліктік емес  сипаттағы талаптар қойылған  талап арыздар үшін мүліктік  сипаттағы талап арыздарға және  мүліктік емес сипаттағы талап  арыздарға белғіленген мемлекеттік  баж қатар алынады.

      Талап қоюдың  бағасын талап қоюшы көрсетеді  (АІЖК 102-бабы). Көрсетілген бағаның  талабын мүліктің шын мәніндегі  бағасына анық сәйкес келмеген  жағдайда талап қою бағасын  талап арызын қабылдау кезінде  судья айқындайды.

     Талап қою  кезiнде оның бағасын анықтау  қиын болған жағдайда мемлекеттiк  баж мөлшерiн сот iстi шешу кезiнде  анықтаған талап қою бағасына сәйкес келетiн бажды кейiннен қосымша өндiрiп алу арқылы судья алдын ала белгiлейдi. Iстi қарау кезiнде талап қою мөлшерi ұлғайған жағдайда, баждың жетiспейтiн сомасын талап қоюшы талаптың көбейген бағасына сәйкес қосымша төлейді.

         Мемлекеттік баж төлемді қабылдап  алған банктің (оның филиалының) орналасқан жері бойынша жергілікті  бюджеттің кірісіне есептеледі. Төлемді қабылдап алған банк (оның  филиалы) квитанция (түбіртек) береді, оны іс материалдарына біріктіріленеді  (талап арыз не арыздың қосымша  тіркелетін құжаттар тізімінде  көрсетілуі тиіс).

        Мемлекетті баж:

     - сотқа берiлетiн талап арыздардан;

     - ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан;

     - ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан);

     - сот бұйрығын шығару туралы арыздардан;

       - атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелiк) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқару парақтарын беру туралы арыздардан;

      - сот актiлерiнiң, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан алынады.

            Мемлекіттік баж келесі жағдайларда  қайтарылмайды:

         - талап қоюшы талап қоюдан  бас тартқан;

         - талап қоюшы өз талаптарын  азайтқан;

         - іс тараптардың бітімгіршілік  келісімімен аяқталған жағдайларды;

         - іс бойынша іс жүргізуге байланысты  шығындар - іске мүдделі тұлғалармен  сотта іс қарау және соттың  шешімімін орындау жөнінде төленетін  шығындар.

            Іс бойынша іс жүргізуге байланысты  шығындар қатарына мыналар жатады:

           - куәгерлерге, сарапшыларға және  мамандарға төленуге тиісті сомалар  (ҚР АІЖК-нің 108,109-баптары);

         - сол жерде қарау жүргізілуге  байланысты шығындар;

         - заттай дәлелдемелерді сақтауға  байланысты шығындар;

         -жауапкерді іздестіру жөніндегі  шығындар.

      Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға  төленуге тиісті сомалар:

       - куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға сондай-ақ оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған басқа да шығын материалдарының құны, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі;

       - куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген бір айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып, өтемақы алады;

       - сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды;

       - сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;

       - куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сараптамаға ақыны тиісті өтініш берген тарап төлейді. Егер аталған өтінішті екі тарап берсе немесе куәні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етіліп отырған соманы тараптар тең бөліп төлейді;

       - егер бұл жұмыс сарапшылар мен мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, соттың тапсырмасы бойынша істеген жұмыстары үшін оларға төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот депозитіне алдын ала төлеп қояды. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот белгілейді;

       - сот сараптамасы органы сараптама жүргiзгенi үшiн төленуге тиiс сомаларды тиiстi өтiнiш жасаған тарап, не өзiне сот осындай мiндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзедi;

       - бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі;

       Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу:

      - куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан сот төлейді;

       - аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді.

2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері

 

        Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бүл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда 112 шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне барабар, ал жауапкерге - талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне барабар беріледі.

       Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді (ҚР АІЖК-нің 110-бабы).

      Сотқа басқа түлғалар мен мемлекеттің қүқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштермен жүгінген тұлғаларға талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартылған кезде, жауапкерге республикалық бюджеттің қаражатынан олар жұмсаған сот шығындары толық, немесе қойылған талаптардың талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне барабар өтеледі.

     Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді, сондай-ақ егер тараптар бітімгершілік келісімін жасау кезінде өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды бөлу тәртібін көздемесе. Ал ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың канағаттанды-рылған бөлігінің 10 (он) пайызынан аспауға тиіс (ҚР АІЖК-нің 111-бабы).

    Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер не мемлекет өтемейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанағаттандыруы нәтижесінде өзінің талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіріп алады.

    Екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны мына жағдайда өндіріп алуы мүмкін:

  • көрінеу теріс пиғылмен негізсіз талап қойылғанда;
  • қойылған талапқа қарсы негізсіз дау білдіргенде;

- істі дұрыс және тез карап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасағанда.

    Өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді (ҚР АІЖК-нің 112-бабы).

     Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюшыға ол жұмсаған сот шығындары республикалық бюджеттің қаражатынан өтеледі.

     Егер екі тарап та (ҚР АІЖК-нің 104-бабы) сот шығындарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар республикалық бюджеттің есебіне жатқызылады.

     Сот шығындарына байланысты мәселелер жөніндегі үйғарымға іске қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен наразылық келтірілуі мүмкін.

              Бағалау объектілеріне мыналар жатады:

       - сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан:  
       - нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;  
       - азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;  
       -  шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;  
       - шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергенi үшiн;  
       - Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;  
      -   тұрғылықты жерін тіркеу үшін;

        - аңшы куәлігін бергенi және оны жыл сайын тіркегені үшiн;  
        -   сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;

       -   жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;

        -   қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;

       - жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тіркегені үшін

          -   Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшін;

-  жүргiзушi куәлiгiн, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлiк құралдары мен тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергенi үшiн; [2] 

2.3. Баж төлеуден босату

           Соттардан мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады (ҚР Салық кодексінің 501-бабы):

        -  талапкерлер - еңбекке ақы төлеу  сомаларын өндiрiп алу туралы  талап қою және еңбек қызметiне  байланысты басқа да талаптар  бойынша; 

        -  талапкерлер-авторлар, орындаушылар  және ұжымдық негiзде олардың  мүлiктiк құқықтарын басқарушы  ұйымдар - авторлық құқықтан және  аралас құқықтардан туындайтын  талап қою бойынша; 

        - талапкерлер  - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң  авторлары - өнертабысқа, пайдалы  үлгiлерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге  құқықтардан туындайтын талап  қою бойынша; 

       -  талапкерлер  - алименттердi өндiрiп алу туралы  талап қою бойынша; 

       - талапкерлер  - мертiгуге немесе денсаулығына  зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының  қайтыс болуына байланысты келтiрiлген  зиянды өтеу туралы талап қою  бойынша; 

      - талапкерлер  - қылмыспен келтiрiлген материалдық  залалды өтеу туралы талап  қою бойынша; 

Информация о работе Сот шығындары