Сот шығындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 14:41, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: сот шығындарының түрлері және оның негіздерінің түсінігін, мемлекеттік баж түсінігі мен мазмұнын және мемлекеттік баж түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары
1.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру………….......................….……........4
1.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық……........................…....7
1.3. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері.................11
ІІ. Сот шығындары
2.1. Сот шығындарының түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы, түрлері........12
2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері............................17
2.3. Баж төлеуден босату.................................................................................19
III. Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы........................................23
Қорытынды…………………………………………………..............................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………....................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат, курстық жұмыс, сот шығындары (2).docx

— 63.61 Кб (Скачать документ)

       7) акциялар шығарудың мемлекеттік тіркелуін заңсыз деп тануға байланысты;

        8) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы;

       9) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы даулар жатады;

       - мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау айтылуы мүмкін;

       - соттар ҚР АІЖК-нің 25-29-тарауларында тізбеленген ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды;

        - соттар ҚР АІЖК-нің 289-бабында тізбеленген ерекше іс жүргізу істерін қарайды;

       - егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды;

     - заңмен соттардың құзыретіне жатқызылған басқа да істер соттарға ведомстволық бағынысты болады;

         Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы:

     - біреулері - сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуға тиіс;

     - нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.

         Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу

      - тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін;

      - заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін;

     - заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін;

     - алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы талаптарды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады;

     - мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады;

     - орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін;

     - некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін;

     - жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін;

     - тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы мүмкін;

     - кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін;

          Ерекше соттылық:

      - жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады;

      - мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады;

      - тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады;

      - Қазақстан Республикасының және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған жері бойынша беріледі.

         Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру

     - соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс;

      - егер:

   1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;

  2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;

  3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса;

  4) сотқа талап қойылса, сот істі басқа соттың қарауына береді.

      - істің сол соттың соттауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Осы баптың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда істі беру жоғары тұрған сот судьясының ұйғарымымен жүзеге асырылады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру - бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі;

      - істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. [2] [1]

1.3. Азаматтық coт ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері

        Азаматтық coт ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері  -азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен корғалатып мүдделерін қорғау, зандылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық, бұзушылыктың алдын алу.

        Азаматтык сот ісін жүргізудің негізгі принциптері:

    - зандылық;

    - сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы;

    - адамнын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта корғау;

    - жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

    - жеке өмірге қол сұғылмаушылық;

    - меншікке қол сұғылмаушылық;

    - судьялардың тәуелсіздігі;

    - барлық адамдардың заң мен сот алдындағы тендігі;

    - сот ісін жүргізу тілі;

    - тараптардың айтысуы мен тең кұқықтылығы;

    - дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау;

    - куә болып жауап беру міндетінен босату;

    - білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету;

    - сотта істі қараудың жариялылығы;

    - сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    - сот актілерінің міндеттілігі;

    - іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы. [2]

 

ІІ. Сот шығындары

2.1. Сот шығындарының  түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы,  түрлері

          Сот шығындары:

        1) азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады. Қассация қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады;

      2) қылмыстық іс бойынша анықтауға, алдын ала тергеуге, сараптамаға, аудармашыға, куәларға, адвокатқа және басқа істі жүргізуге кеткен шығындар. Мұнда сот шығындарын сотталушы өтейді. Ал егер сотталушының материалдық жағдайы келмейтін болса немесе ақталып шықса сот шығындарын мемлекет өз мойнына алады. Жеке немесе жеке-жариялы істер бойынша сотталушы ақталып шыққан жағдайда сот шығындары шағым берушіге жүктелуі мүмкін.

       Соттың қызметі мемлекеттік бюджеттен қаржылаңдырылады. Осы шығыңдарының бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеске қатысушылармен төленеді.

      ҚР АІЖК-нің  100-бабына сәйкес сот шығындары:

      -мемлекеттік  бажбен;

      -іс жүргізуге  байланысты шығындардан тұрады.

    Әрқайсысын жеке  қарастырып көрейік.

    Мемлекеттік баж  - уәкілдік берілген мемлекеттік  органдар мен лауазымды адамдар  заңдық мәні бар іс-қимылдар  жасағаны не құжаттар бергені  үшін алатын міндетті төлем,  яғни сотпен (судъямен) азаматтық  іскер қарап шешкені үшін мемлекет  кірісіне төленетін ақша төлемі.

   Мемлекеттік баж  сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер жөніндегі  арыздардан (шағымдардан), апелляциялық  шағымдардан, атқару парағының  дубликатын беру туралы сұрағы  бойынша сот ұйғарымына жеке  шағымдардан, сот бұйрығын беру  туралы арыздан, сондай-ақ сот  пен аралық соттардың, шетелдік  соттардың және төреліктердің  шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін алынады.

     Мемлекеттік баждың белгіленген процентік ставкалары, егер өзге Салық кодесімен белгіленбесе, ҚР-сы заңды актісімен мемлекеттік баж төленетін күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі (Салық кодексі 495-бабының 2-бөлігі).

      Мемлекеттік  баж - заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін мемлекеттік органдар алатын міндетті төлем.

      Мемлекеттiк  баж - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.

      Мемлекеттiк бажды төлеушiлер - аңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.

          Мемлекеттік баждың екі түрі бар:

      1) талап қою бағасынан пайыздық ставкалары бойынша есептелетін мемлекеттік баж;

      2) төленген  күні республикада белгіленген  есептік көрсеткіш мөлшеріне  негізделіп есептелетін мемлекеттік  баж.

          Соттардағы мемлекеттік баж ставкалары мынадай мөлшерде алынады (ҚР Салық кодексінің 496-бабының 1-бөлігі):

     1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

       -жеке тұлғалар үшін-талап сомасының-1 пайызы;

        -заңды тұлғалар үшін-талап сомасының-3 пайызы;

       2) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекеттеріне берілген шағымдардан-30 пайыз;

        3) мемлекеттік  органдар мен олардың лауазымды  адамдарының заңды тұлғалардың  құқықтарына нұқсан келтіретін  заңсыз іс-әрекеттеріне берілген  шағымдардан-500 пайыз;

        4) Салық  тексеру актілері бойынша ескертулерге  дау айту туралы талап арыздардан:

       - жеке  кәсіпкерлер және шаруа (ферма)  қожалықтары үшін-ескертулерде белгіленіп  есептелген салықтар мен басқа  да бюджетке міндетті төлемдер  сомасынан (айыптарды қосқанда) 0,1 пайыз;

       - заңды  тұлғалар үшін-ескертулерде белгіленген  есептелген салықтар мен басқа  да бюджетке міндетті төлемдер  сомасынан (айыптарды қосқанда) 1 пайыз;

       5) некені бұзу туралы талап арыздардан-30 пайыз; некені бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап бағасына қарай белгіленеді;

      6) хабар-ошарсыз  кеткен немесе ақылынан ауысуы  немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан  әрекет қабілеті жоқ деп белгіленген  тәртіппен танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге  бас бостандығынан айыруға сотталған  адамдармен некені бұзу кезінде  мүлікті бөлу туралы талап  арыздардан осы баптың 1) тармақшасына  сәйкес;

Информация о работе Сот шығындары