Сот шығындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 14:41, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: сот шығындарының түрлері және оның негіздерінің түсінігін, мемлекеттік баж түсінігі мен мазмұнын және мемлекеттік баж түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары
1.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру………….......................….……........4
1.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық……........................…....7
1.3. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері.................11
ІІ. Сот шығындары
2.1. Сот шығындарының түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы, түрлері........12
2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері............................17
2.3. Баж төлеуден босату.................................................................................19
III. Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы........................................23
Қорытынды…………………………………………………..............................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………....................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат, курстық жұмыс, сот шығындары (2).docx

— 63.61 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

Кіріспе......................................................................................................................3

I. ҚР Азаматтық  іс жүргізу заңдары

    1.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру………….......................….……........4

    1.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық……........................…....7

   1.3. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері.................11

ІІ. Сот шығындары

      2.1. Сот шығындарының түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы, түрлері........12

      2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері............................17

      2.3. Баж төлеуден босату.................................................................................19

III. Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы........................................23

Қорытынды…………………………………………………..............................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………....................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

           Сот шығындары - азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады. Қс қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады.

         Осы курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: сот шығындарының түрлері және оның негіздерінің түсінігін, мемлекеттік баж түсінігі мен мазмұнын және мемлекеттік баж түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.

          Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

  • бірінші тарау бойынша ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдарын қарастырдым, оның ішінде соттың құрамы және қарсылық білдіру, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен принциптерін қарастырдым;
  • екінші тарауда сот шығындарының түрлері мен жалпы түсінігі, оның ішінде сот шығындарын бөлу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік баж және оның жалпы түсінігі берілген. Сот шығындарын бөлу тәртібі және баж төлеуден босату туралы екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
  • ал үшінші тарауда Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарын қолдануы туралы мағлұматтарды жан-жақты қамтуға тырыстым.

            Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты сот шығындарының түрін және оның негізгі түсінігін, соңдай-ақ мемлекеттік баж ұғымын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру, курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

             Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған  әдебиеттерден тұрады.

            Зерттеу пәні: Азаматтық іс жүргізу.

I. ҚР Азаматтық  іс жүргізу заңдары

1.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

             Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі:

        - бірінші сатыдағы сотта әкімшілік дау туралы істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

         - апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.

         - кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта әкімшілік дау туралы істі қарауға қатысқан судья, өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойған жағдайда аталған сатыларда осы істі қарауға қайтадан қатыса алмайды.

       - адағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.

     Судьяға, мемлекеттік органнның лауазымды тұлғасына қарсылық білдіру үшін негіздер:

         - егер судья, мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы:

       1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

       2) іске  қатысушы адамдардың немесе олардың  өкілдерінің біреуінің туысы  болса;

       3) істің  нәтижесіне жеке, тікелей немесе  жанама түрде мүдделі не оның  әділдігіне негізді күмән туғызатын  өзге де мән-жайлар болса, ол  істі қарауға қатыса алмайды  және оған қарсылық білдірілуге  тиіс.

         - істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.

         Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға сот отырысының хатшысына, сот приставына қарсылық білдіру үшін негіздер:

    - ҚР ӘІЖК-нің  40-бабының бірінші бөлігінде аталған қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады.

        - сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:

       1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;

       2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.

          - прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы істі алдыңғы қарау кезінде сарапшы ретінде қатысуы оған қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.

          - егер куәгер әкімшілік процесті жүргізетін органнан қызметтік жағынан тәуелді болса, ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.

          - аудармашы және маман, егер істі дайындау кезінде олардың біліксіздігі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.

         Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемелер және оларды шешудің тәртібі:

        - ҚР ӘІЖК-нің 74, 75-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.

       - өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.

         - істі жеке-дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда - жоғары тұрған сот судьясы қарайды.

         - істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және, егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судья қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.

       - қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер аппеляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.

       - прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.

       - өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.

       Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемені қанағаттандырудың салдары:

       - аудандық немесе оған теңестірілген сотта (мемлекеттік органда) істі жеке-дара қараушы судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта (мемлекеттік органда) басқа судья (мемлекеттік органның лауазымды адамы) қарайды. Егер іс қаралатын сотта (мемлекеттік органда) судьяны (мемлекеттік органның лауазымды адамын) ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот (мемлекеттік орган) арқылы іс басқа аудандық немесе оған теңестірілген сотқа (мемлекеттік органға) беріледі.

       - облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды.

      - егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не ҚР ӘІЖК-нің 73-бабында аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, облыстық немесе соған теңестірілген сот іс бойынша тараптар болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.

          Соттың құрамы:

      - әкімшілік соттың атынан әрекет ететін судья әкімшілік даулар туралы істерді жеке-дара қарайды.

       - істерді кассациялық сотта немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады.

       - соттың алқалы құрамының мәселелерін шешу тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. [2]

1.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық

            Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы:

        - егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау ҚР АІЖК-де және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды;

       - отар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды. Корпоративтік дауларға (бұдан әрі – корпоративтік даулар) коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдардың қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері) олардың бір тарабы болып табылатын:

       1) заңды тұлғаның құрылуына, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты;

       2) акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, кооператив мүшелерінің жарналарын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооператив мүшелері жарналарының тиесілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды іске асыруға байланысты;

        3) заңды тұлғаның құрылтайшыларының, акционерлерінің, қатысушыларының, мүшелерінің (бұдан әрі – заңды тұлғаға қатысушылар) заңды тұлғаға келтірілген зиянды өтеу, заңды тұлғаның жасасқан мәмілелерін жарамсыз деп тану және (немесе) мұндай мәмілелердің жарамсыздығы салдарын қолдану туралы талаптары бойынша;

       4) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауапкершіліктеріне байланысты, сондай-ақ

олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен  заңды тұлға арасындағы азаматтық  құқықтық қатынастардан туындайтын даулар;

      5) бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты;

       6) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін енгізуге байланысты туындайтын, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) айналымға шығаруға байланысты даулар;

Информация о работе Сот шығындары