Қазақстан Республикасының су ресурсы
25 Октября 2013 в 08:28, реферат
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.
Қазақстан Республикасының Парламенті
12 Ноября 2014 в 05:21, контрольная работа
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады.
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты
30 Апреля 2015 в 11:53, реферат
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ендігі жерде өз алдына дербес егеменді ел болып отырғаннан кейін, мемлекет болғандықтан ел ішінде және көршілес елдермен өз саясатын жүргізу қажет. Сол себепті Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап өзінің сыртқы шекаралары мен ішкі тұрақтылығын сақтау мақсатында ел ішінде ішкі саясатты және ел сыртында басқа елдермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзінің сыртқы саясатын жүргізе бастады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ел ішінде ішкі тұрақтылық пен ынтымақты берік ұстап отыру мақсатында сан түрлі бағыттарды қамтитын ішкі саясатын жемісті жүргізіп отыр. Сонымен қатар көршілес елдермен және басқа да шет елдермен өзінің барынша жақсы сыртқы саясатын жүргізіп отырған әлемнің белді державаларымен терезесін тең ұстап отырған мәртебесі биік елдердің қатарына еніп отыр.
Қазақстан Республикасының Парламенті
01 Марта 2014 в 21:12, курсовая работа
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы – мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық Парламент – жалпыхалықтық өкілді орган, сондықтан да республиканың бүкіл жұртшылығының еркін, мүддесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой-пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салады. Парламент өкілдік мәні ең алдымен оның Палаталарын қалыптастыру тәртібімен анықталады.
Қазақстан Республикасының экологиясы
15 Ноября 2015 в 21:35, реферат
Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.
Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы
03 Декабря 2014 в 12:16, доклад
Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын -Мағжан Жұмабаев. Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдары аса күрделі белестерді бастан кешірді.
Қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар
21 Декабря 2014 в 19:49, контрольная работа
Қоғамда болып жатқан елеулі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру саласына да өз ықпалын тигізуде. Сондықтан қазіргі кезеңде білім беру шартында өмір талабына сай мектеп оқушыларына сапалы білім беру, өнегелі де өнерлі ұрпақ тәрбиелеу, жетілдірілген оқыту технологияларын меңгеру, сабақты ғылыми негізде ұйымдастыру – өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының кеден одағы
17 Октября 2013 в 19:38, доклад
Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 592 Заңымен.
Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес
14 Сентября 2012 в 14:30, курсовая работа
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ?
Туркия мен Қазақстан білім беру жүйесі
26 Октября 2013 в 02:38, курсовая работа
Қазақстан Республикасыньщ Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде «бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастауға тура келді… Ең алдымен… елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді», деп атап көрсеткен болатын’.
Қазіргі сабақ - ағыны күшті өзен сияқты
18 Января 2014 в 23:14, доклад
өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде сындарлы оқыту Бағдарламасының түйінді идеяларын қолдану
Тәуелсіз мемлекетімізде білім және ғылымның дамуы үшін дүние жүзі білім кеңістігіне ену - бүгінгі күннің басты міндеті. Мұғалімдер қауымы жаңашылдыққа талпынып, озық тәжірибе мен жаңа стратегияларды орынды пайдаланып, өзінде бар білім мен тәжірибесін оқушы игілігі үшін пайдалану да бүгінгі күннің басты міндеті.
Қазақстан Республикасының Президенті
25 Мая 2012 в 14:08, реферат
Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 13 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы, ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих бізге басқа шарттарын көлденең тартты, біз оларға төтеп бердік, өйткені бізде асқак құлшыныс, жеңіске деген ерік-жігер және, бастысы, барша қазақстандықтардың басталған реформаларды колдауы болды.
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
10 Сентября 2014 в 20:28, реферат
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясыныңбасшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы
22 Сентября 2013 в 00:32, реферат
Қазақстан Республикасы Конституциясы – демократиялық, өркениеті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітілді. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
Қазақстан Республикасының баға жүйесі
05 Апреля 2013 в 23:32, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.
Жалпы курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда – баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық.
Екінші тарауда – толығымен бағаны тұрақтандырудың Қазақстан республикасындағы модельдеу үлгісіне, баға мен сұраныс, ұсыныс түсініктері арасындағы байланыстарға арналды.
Қазақстанда веб-сайт жасау экономикасы
12 Октября 2015 в 20:42, реферат
Веб-сайт жасау технологиясының экономикасы Интернет желісімен тікелей байланысты. Интернет желісі мен веб-сайттың дамуы әрқашан бір деңгейде жүреді. Қазақстанда алғашқы интернет 1994 жылы пайда болды– “Релком” ұйымы жаһанды Интернетпен хат алмасу мүмкіндігімен Интернет принципі бойынша электондық пошта желісін ұйымдастырды. Кокшетау қаласында нағыз Интернет “Арна-Спринт” (“АСТЕЛ”) компаниясымен 1997 жылдың жазында пайда болды және жоғары алғашқы трифтеріне – сағатына $ 10 қарамастын үлкен танымалдылыққа ие болды.
Қазақстандағы депозит рыногының дамуы
20 Декабря 2013 в 20:43, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік қызмет түрлерінің сұранысына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру.
- ҚР-ғы банктік жүйедегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын «Темірбанк» ААҚ-ң мәліметтері бойынша талдау жасау.
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
05 Ноября 2013 в 19:26, реферат
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата Заңда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған.
ХХ ғасырдың басында ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді.Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз, әйтсе де біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керектігі жөнінде көп ой толғаған емеспіз.
Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы
10 Сентября 2013 в 16:09, реферат
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
· диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);
· ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
· орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;
· топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
· транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
02 Марта 2014 в 11:18, реферат
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды.
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы
28 Ноября 2013 в 07:53, реферат
Деректі материалдар Өзбек ұлысынан біраз жұрттың жаңа пайда болған хандыққа бет бұрып жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, екі сұлтанның Әбілхайыр хандығынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай халықтың арасындағы ықпалды топтардың ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымға бағытталған әрекеттің орын алғандығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы
12 Декабря 2012 в 01:38, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Қазақстанның-банктік-ақпараттық-жүйесі
17 Декабря 2014 в 11:32, дипломная работа
Банктің қаржылық сенімділігін анықтаудың анықтаудың экономикалық ақпарат жүйесінің бұрынғы функционалдық мүмкіндіктері талданған және жаңа ЭАЖ-н құру керек екендігіне көз жетті.
ААҚ «Тұран Әлем Банкі» өтімділік бөлімінің қызметіне талдау жасалған. ЭАЖ әзірлегенде OЖ Windows XP және Delphi программалық саланы пайдалануға негізделген. Программалық, математикалық, ақпараттық, лингвистикалық, ұйымдық жабдықтауға негізгі талаптар бірітірілген.
ЭАЖ алдына қойылған талаптарға негізделіп, мәліметтер базасын қоса функционалдық программалық жабдықтау дайындалды.
Бірітірілген программа Delphi-ді пайдалану стандартты объектілерін қолданып, программаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пайда болған нәтиже тез арада монитор терезесіне шығады. Осы арқылы уақытты үнемдеуге қол жеткіздік.
Жас қыздарға арналған қазақ ұлттық киім
13 Ноября 2013 в 08:19, дипломная работа
Киімнің адамдар тұрмысындағы рөлі алуан түрлі. Оның басты қызметі алуан түрлі. Оның басты қызметі – адам денесін қоршаған ортадағы келеңсіз құбылыстардан, ыстық-суықтан қорғау. Көне дәуірлерден бастап киімнің жыныстық және әлеуметтік бөлінушілік сияқты қосымша қызметіде пайда болды. Соңғы қызметін діни- ғұрыптық рөл атқаратынынан байқаймыз. Ұзақ уақыт аралығында адамдардың жалпы әлеуметтік және мәдени дамуына байланысты киімнің жынысқа бөлушілік қызметінен өзіндік бір үрдісін байқауға болады.
Қазақ журналистикасын зерттеу мәселесі
03 Апреля 2015 в 16:04, реферат
Журналистикамыздың тарихы, теориясы мен тәжірибесі, жанрлары, салалары, полиграфиясы, безендірілуі, басылуы, айтылуы, көрсетілуі, басқа да қырлары жайлы жазылған, жарық көрген еңбектер, зерттеулер аз емес.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
15 Октября 2013 в 20:07, реферат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Қазақстанның экологиялық проблемалары
06 Октября 2013 в 18:50, реферат
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі
29 Октября 2013 в 11:38, реферат
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі
24 Мая 2013 в 13:37, курсовая работа
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Анализ интеграционных процессов в Азии
23 Апреля 2014 в 23:14, контрольная работа
Благодаря такому росту в большинстве стран региона повышается уровень экономического развития, растет уровень дохода на душу населения, снижается уровень нищеты и улучшаются многие другие социальные показатели. Вслед за Японией среднегодовые темпы экономического роста азиатских новых индустриальных стран (НИС) в период 1971-1990 годов составляли почти 9 процентов. Высокие темпы экономического роста в течение этих двух десятилетий наблюдались также в трех из четырех богатых ресурсами стран Ассоциации государств Юго-Восточной Азии (АСЕАН) .
Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы
26 Апреля 2014 в 18:08, доклад
Келешектің кешенін отандық және шетелдік инвесторлар бірігіп салып, бөлісе иеленетін болады. Ал оның жұмыс істеу жүйесі мен ұстанымдарын айтар болсақ, оның негізі 2010 жылға дейінгі уақытты қамтитын Мұнай-химия саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қаланып, ол Елбасы берген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асуда. Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ құрылмақшы. Осы аймақта шағын және орта бизнесті дамыту ойда бар. Жоғарыда аталған зауыт 1,2 миллион тонна мұнай-химия өнімдерін шығарады да, өнімнің бір бөлігін арнайы экономикалық аймақтағы жеке кәсіпорындарға сатады
Ежелгі қазақ батырының бес қаруы туралы
10 Апреля 2014 в 14:04, доклад
Қазақтың аңыз-дастандарында жауынгерлер қауымы өкілдері яғни, батырлар қолданған бес түрлі қару туралы жиі сөз болады. Қазақта «Ер қаруы – бес қару» деген даналық бар. Қару-жарақтың бес түрге топтастырылуы оның қасиеттеріне байланысты. Жауына күйрете соққы беретін қару-жарақтың әр қайсысының өзіндік қайталанбас қасиеттері бар. Осы қасиеттеріне қарай ер қаруы: ату, кесу, шабу, түйреу және соғу қаруы деп бес түрге бөлінген. Әр топ іштей бірнеше түрге жіктеледі.
Еуразияның климаты.Қазақстаның климаты
14 Октября 2015 в 20:50, реферат
Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді тіпті оңтүстік – шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.
Отчет по практике на ТОО «Азия-Тарангул»
18 Марта 2014 в 11:53, отчет по практике
Цель данного отчета по профессиональной производственной практике состоит в закреплении уже изученного материала, а также непосредственного его применения на практике. Нужно проанализировать деятельность предприятия ТОО «Азия-тарангул», то есть произвести оценку, диагностику и прогнозирования финансово-хозяйственной деятельности предприятия и сделать непосредственные выводы.
Для составления отчета стоят следующие задачи: организация бухгалтерского учета и анализа, а также организация управленческого учета и анализа.
Моңғолдардың Қазақстан жерін басып алуы
25 Ноября 2013 в 12:35, творческая работа
Работа содержит презентацию по дисциплине "История"
Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер
16 Октября 2013 в 07:10, реферат
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi
23 Мая 2014 в 21:15, реферат
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.
Қазіргі заман компьютерлерінің түрлері
03 Октября 2013 в 14:28, реферат
Негізінде бүгінгі күнде біз процессор деп айтып жүрген нәрсені микропроцессор деп атаған дұрыс. Айырмашылығы бар. Ол құрылғының түрімен және оның тарихи дамуымен анықталады.
Алғашқы процессор (Intel 4004) 1971 жылы пайда болды.
Сырттай миллиондаған және миллиардтаған (бүгінгі күнде) шақпақтас пластиналы транзисторлар және сигналдар өтуге арналған каналдар болып көрінеді.
Процессордың міндеті – программалардың автоматты орындалуы.
Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа
28 Апреля 2013 в 19:59, курсовая работа
Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі.
Қазақ этнопедагогикасының ерекшелiктерi
22 Февраля 2014 в 16:02, реферат
1. Ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi.
2. Халық педагогикасының негiзгi мақсаты.
3. Қазақтың ұлттық философиясының танымдық ерекшелiгi.
Қазақстандағы саяси психологияның дамуы
06 Октября 2013 в 20:54, реферат
Кең байтақ қазақ даласын ежелден мекендеген, болашақ «қазақ» деген халықтың (этнос) құрамына кіріп негізін қалаған түрік тілді тайпалар шығыс орта ғасырларында (9-12 ғғ.) дүниеге талай ғұлама ойшылдары алып келді. Бұл оп-оңай, көктен аяғы салбырап түскендей кездейсоқ құбылыс емес, күрделі тарихи заңдылық еді. Орта Азия мен Түркістан Араб халифатына қарағаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі дамыған шаруашылықтан, мәдени-саяси өмір орталықтарының біріне айналды. Еуразияның Қазақстанға қарастиы оңтүстік шығыс аймағында көптеген ірі қалалар орналасты. Олардың ішінде Отрар (арабша фараб), Сайрам, Ясы (Түркістан), Мерке, Сығанақ, Тараз, Аспара, Баласағұн сияқты т.б.
Азық-түлiк шикiзатының және тамақ өнiмдерi
30 Марта 2013 в 17:38, дипломная работа
Осы Нұсқаулық азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң (бұдан әрi - тамақ өнiмдерi) сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейдi және өндiру, сатып алу, тасып әкелу, сақтау, тасымалдау және сату (бұдан әрi - айналым) кезеңдерiндегi өндiрушi, сатушы және тұтынушы арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
Қазақстандағы табиғатты қорғау ұйымдары
20 Октября 2012 в 17:37, реферат
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің ең негігі әлеуеті, қазақстандық қоғамның барлық қызмет түріне тұрақты даму қағидаларын енгізу, елдің барлық аймақтарының экологиялық жағдайын жақсарту, қазақстандық өнеркәсіпті экологиялық-техникалық жабдықтармен қайта қамсыздандыру, алдыңғы қатарлы, қол жеткізерлік, «озат» технологияларға көшу ісіне демеу көрсету. Қоршағанортаныжақсартуісінеелдіңбарлықмемлекеттікбасқаруоргандарыныңбарыншаараласуынаықпалету. Орнықты даму жөніндегікеңестіңжұмыс органы қызметінбелгілеудеМинистрліктіңролінжоғарылату.
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
24 Октября 2013 в 21:10, курсовая работа
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
21 Октября 2014 в 10:21, реферат
азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
23 Октября 2013 в 16:24, доклад
Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.
Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы
02 Ноября 2015 в 13:01, реферат
Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы
02 Декабря 2013 в 09:26, реферат
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
06 Октября 2013 в 20:59, реферат
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
25 Апреля 2013 в 17:06, реферат
Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.