Қазақстандағы саяси психологияның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 20:54, реферат

Краткое описание

Кең байтақ қазақ даласын ежелден мекендеген, болашақ «қазақ» деген халықтың (этнос) құрамына кіріп негізін қалаған түрік тілді тайпалар шығыс орта ғасырларында (9-12 ғғ.) дүниеге талай ғұлама ойшылдары алып келді. Бұл оп-оңай, көктен аяғы салбырап түскендей кездейсоқ құбылыс емес, күрделі тарихи заңдылық еді. Орта Азия мен Түркістан Араб халифатына қарағаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі дамыған шаруашылықтан, мәдени-саяси өмір орталықтарының біріне айналды. Еуразияның Қазақстанға қарастиы оңтүстік шығыс аймағында көптеген ірі қалалар орналасты. Олардың ішінде Отрар (арабша фараб), Сайрам, Ясы (Түркістан), Мерке, Сығанақ, Тараз, Аспара, Баласағұн сияқты т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

психология.docx

— 25.25 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы саяси психологияның дамуы 

Кең байтақ қазақ  даласын ежелден мекендеген, болашақ  «қазақ» деген халықтың (этнос) құрамына кіріп негізін қалаған түрік  тілді тайпалар шығыс орта ғасырларында (9-12 ғғ.) дүниеге талай ғұлама ойшылдары  алып келді. Бұл оп-оңай, көктен аяғы салбырап түскендей кездейсоқ құбылыс  емес, күрделі тарихи заңдылық еді. Орта Азия мен Түркістан Араб халифатына қарағаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі  дамыған шаруашылықтан, мәдени-саяси  өмір орталықтарының біріне айналды. Еуразияның Қазақстанға қарастиы оңтүстік шығыс  аймағында көптеген ірі қалалар  орналасты. Олардың ішінде Отрар (арабша фараб), Сайрам, Ясы (Түркістан), Мерке, Сығанақ, Тараз, Аспара, Баласағұн сияқты т.б. Ұлы Жібек Жолында орналасқан қалалар елдерімен экономикалық, рухани, мәдени байланыса болды. Бір  Отрардан ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фарабиден  басқа оннан астам ғұлама ойшылдардың  шығуы тегіннен-тегін емес еді. Ғылым  тарихында аса үлкен мәнді, араб халифатының астанасын әлемге әйгілі еткен Бағдат мектебімен байланыс ерекше болды. Бағдатқа жан-жақтан (Батыстан, Шығыстан) асқан білімпаз қымыстар шақыралғанда олардың ішінде орта Азиямен  Қазақстаннан шыққан ғалымдар болды. Осылардың  бірі – ұлы ғалым, Шығыстың Аристотелі Әбу Наср Әл-фараби (870-950) толық аты-жөні: әбу Наср мухаммед, ибн Мухаммед, ибн Ұзлаг Тархани, әл-Фараби ат-түрк. Туған жері Отрар (фараб), ежелден  келе жатқан түркі халықтарының, оның ішінде қыпшақ тайпаларының, орталық  қаласы. Әл-Фарабидің «Ұзлаг Тархани» ныспысы, біріншіден, оның түркі екенін (өзінің жазуынша қыпшақ) көрсетеді, екіншіден, оның аталары, әкесі кезінде белгілі  адамдар атақты қыпшақтың (әскери басшы) бірі болғанын аңғартады. Көп тілдерді, оның ішінде грек тілін жете білген Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларында араб тілінде түсіндірме (трактат) жазып  қалдырады. Ұлы ғалымының философиялық ойлапрын бұлдырмау жаңсақ пікірлерден  тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіргендіктен  әл-фарабиді Шығыс философтары «екінші  Аристотель», «екініш ұстаз» деп  атаған. Әл-Фарабидің алғаш білімді  қыпшақ тілінде Отырарда, осы қаланың  мектебімен дүние жүзіндегі ірі  кітапханалардың бірінен алғанын  ескеру керек. Араб халифатының (мемлекетінің) астанасы Бағдат қаласында, Шам (Дамаск), басқа да ірі қалаларда тұрып, ғылыммен айналысқанда Шығыспен Батыстың көп тілдерін білген. Үш тілде –  түркі, парсы, араб тілінде жүзден астам  ғылыми еңбектер қалдырған. Өз заманындағы  ғылымдардың барлық салаларынан (математика, физика, химия, астрономия, жаратылыстану, медицина, мсоциология, философия т.б.) мұралар қалдырды. Әл-Фарабидің мұраларынан  ерекше орын алатыны – қоғамдық ғылым, мемлекетті басқару туралы саяси  ой-пікірлер. «Қайырлы қала тұрғындарының  көзқарасы» т.б. еңбектерінде айтылатын  негізгі ой-пікірі қысқаша мынадай: адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды  шешуге қабілетті ең басты күш-ақыл-парасат; нақтылап айтқанда – адам ақыл-ойынның  жан-жақты дамуы; халық бақытты  өмір сүру үшін елді жақсы әкім; бүкіл  халық бақытқа жетудің бірден-бір  жол-ғылымды, білімді игеру. Әл-фараби ұлы гуманист ретінде соғысқа, ел-жұрты  тонауға, тақ пен пәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздіктерге қарсы шықты, өзінің бар өмірін адамның негізгі. Ең басты мақсат-тілегі, бейбіт өмірге деген құқықығын қорғауға арнады. Әл-фарабидің шәкірттері мен оның артынан ілесе шыққан, жолын құған ғалымдар көп болған, солардың қатарынан Орта Азияның энциклопедист ғалымдары Әбу Әли ибн Сина (980-1037) мен Әбу Райхан Мухаммед Бируниді (973-1050) атап өткен жөн. Әл-фарабиден кейін қазақ даласында (Отырар, сайрам, Түркістан, Баласұғұн өлкелері) туған ірі ойшылдар қатарына Жүіп Баласағұни, Махмұт Қашари, Қожа Ахмет Яссауиның көптеген шәкірттері жатады. Жүсіп Баласағұни аты-жөнінде қарағанда Шу алқабындағы ежелгі түрік қаласында туып, ұзақ жылдар осы жерде өмір сүрген. Ақын, ойшыл ғалым, шығармаларын түрік тілінде жазған. Бізге жеткен ең ірі туындысы 13 мың жолдық ғибарат-өнеге поэмасы (дастан) «Құдатғу білік». Бұл – саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық, трактат, басқаша айтқанда саясаттанулық құнды еңбек. Дастан негізгі кейіпкерлердің әділеттілік, бақыт, ақыл-сана, қанағат туралы диалогтары түрінде жазылған. Шығарманың тіл, теңеулері, кейіпкерлері көшпелі елдер тіршілігіне тым жақын. Шығыс ғалымдары бұл дастанды «Мемлекет қауіпсіздігі жайлы кітап», «Әміршілер үшін әбзел», «Патшаларға ақыл-кеңес кітабы» өте жоғары баға беріп таныған. Кітаптың «Әміршінің міңдеттреі жайлы» таруында юылай делінген: «халыққа шығарған заңын дұрыс (әділ) болсын», «Жұрт сенің әміріңе қадыр-құрметпен қарайтын және оны тез орындайтын болсын». Жұсіп Баласағұни шығармасының кейбір тарауларынан Әбу Наср әлфарабидің «Қайырымды қала тұрғындары атты трактаты мен үндес кееді, мінсіз адамзат қоғамы болуын аңсайды. Қорқытып айтақанда, «Құдатғу білік» Орта Азия мен Қазақстан джерін мекендеген түркі тайпаларының бір кездегі өркендеген мәдениетін, саяси ойларын танытарлық құнды тарихи ескерткіш. Махмұд Қашғари. Әкесі Хусейн ибн Мұхаммед Ыстықкөл жағасындағы Барсхан қаласының әмірі болған. Махмұд Қашғари Жүсіп Баласағұнидың тұстасы, замандасы. Жас кезінен бастап түркілер даласын аралап шыққан, ұзақ жылдар өмір сүрген жері Баласағұн. Тегі жағынан оғыз-қыпшақ тайпасынан, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі халықтарының ортақ перзенті. Сондықтан да өз еңбегін мазмұн-саясатына сай «Диуани лұғат ат-түрік» деп атаған. Махмұд Қашғари алғаш білімді өз заманындағы түркі халықтарының мәдени-саяси ортаықтарының бірі Қашғарда алады, кейін білімін толықтыру мақсатымен Бұхарада, Нишапүрда, Бағдатта болады. Ол өз заманының аса білімді тіл маманы, тарихшысы, этнографы ретінде танылды. Аталмыш еңбегінде оғыз тайпасының ұсақ руларына дйін атап көрсетеді. Басқа халық өкілдеріне түркі тілін үйренуге кеңес береді. Қоғам өмірінде, мемлекетті басқару ісінде ана тілін жоғары қою, таза пайдалану Махмұд Қашғаридің негізгі идеясы «Диуанида» әскери, табиғат, адамгершілік, махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады. Махмұд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының 11 ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән ьергені көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи (1093-1157), Сайрам қаласының маңында туып, Түркістанда жерленген. Қазақстан мен Орта азиядағы философиялық поэзияның көрнекі өкілі. Бала кезінен Яссы (түркістан) қаласын мекен еткен, кейіннен осы қаланың атымен Ясаум атанған. Ахмет Асауидың басты еңбегі «Диуани Хикмет» («Данылық жайындағы кітап») көне-қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылдық, тазалық, секілді игі, істерге, яғни, Абай айтқандай «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» болуға шақырады. Өмір мен тұрмыс, тіршілік, адамгершілік, парасаттылық туралы бір сөзінде былай дейді: « Ғаріп пақыр, жетімдердің көңілін көтер, Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер.» Ахмет Ясауи даналық жырларында кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа, қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ, дүние жалған ешкімгеде опа болған емес дейді. Сопылық көзқараста Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын қысқаша көне қыпшақ әдеби шеберлікпен суреттеп берген. Ахмет ясауи парасатты, өнегелі өз еңбегімен, ақылғөй даналығымен, әділдігімен ел ішінде аты шыққан құрметті адам болған. Сонлықтан да жергілікті халық, ақынның ізбасарлары, шәкірттері оның денесін қазігі Қожа ахмет Ясауи ғимараты тұрған жерге жерлеген. Кең байтақ қазақ даласынан 9-11 ғғ. шыққан әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы ғұлама халықтарының рухани жұртының ғана емес, барлық түркі халықтарының рухани жебеушісі, әсіресе қыпшақ тайпаларының мақтанышы болса, бүгінгі заманда да Орта Азия мен Қазақстанда тұратын түрік тілдес халықтардың (өзбек, қазақ, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, түрікпен) да ұлттық мақтанышы саналады. Қазақ Ордасында қалыптасқан саяси ой Қазақ Ордасы дегеніміз біртұтас этникалық бірлестік, «қазақ» атулы халық негізінде 15-18 ғғ. қалыптасқан ірі феодалдық мемлекет. Қазақ халқының алғашқы дербес, тәуелсіз, өз атымен аталған осы саяси құрылымының жасалуы 15 ғасырдың ортасынан басталғаны тарихтан мәлім. Бұл алтын Орда мен оның шығыстағы бөлігі Көк Орданың ыдырап жойылып кету кезеңі. 1456 жылы Көк Ордаға қарасты Дәшті Қыпшақ жерінен Батыс Жетісуға 200 мыңға тарта адам қоныс аударды. Бұхара халықтың (негізінен қыпшақ рулары – тайпалары) үдере көшіп қоныс аударуына болған себептер ең алдымен, Көк Ордада билік үшін қырғын-тартыс бұхара халықтық күн-көріс, әлеуметтік жағдайын ауыр халге түсірді, екіншіден, танымсыз басталған қалмақ шапқыншылығынан құтылу. Халық наразылығынан туған осы ұлы көшті пайдаланды. «Мың өліп, мың тірілген», табиғатынан аса талантты ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тотолитарлық режим кезінде орасан зор күйзеліске түсіп, тоқырап қалғаны қазір екінің біріне мәлім болып отыр. Тотолитарлық режим тұсында жазықсыз қуғын – сүргінге ұшыраған халқымыздың аса көрнекті, ойшыл ғалымдары, қоғам қайраткерлері – А. Байтұрсынұлының, Ж. Аймауытұлының, М. Дулатовтың және т.б. тәлім – тәрбие саласындағы ғылыми мұралары зерттеле бастады. ХХ ғ. 30 жылдарында елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа басыла берді. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылуы мүмкін еді. Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Соның салдарынан ең алдымен азамат соғысының аяғына қарай кеңес өкіметі тұғырнамасына көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ шығармашылық зиялылары зардап шекті. Ж. Аймауытов, Ә.Ермеков. Ж.Досмұхамбетов, Ә.Бөкейханов және «Алаш» партиясының басқа да көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. ХХ ғ. Бірінші ширегінде жазықсыз жапа шеккендердің қатарында Ж.Аймауытұлының алатын орны ерекше. Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық мұралары қазіргі кезге дейін сақталған, бұрын соңды болмаған асыл мұра. Ж. Аймауытұлы еңбегінде бүкіл түркі халықтарына тән ғылыми астармен, белгілі жүйемен ең бірінші шыққан еңбегі. «Психология» еңбегіндегі тақырыптар тізімі де алуан түрлі. Ол қазақ халқы психологияның жалпы мәселелерімен қатар, оның сол кездегі жеке салалары: тәрбиелік педагогикалық немесе ұлттық психология мен психология, Сонымен қатар осы ғылымның тарихи мәселелеріне қатысты аулан түрлі ғылыми жайттарды қазақ өмірінен алынған нақтылы мысалдар арқылы талдауға алып, тиісті тұжырымдар жасай алған. Тәлім – тәрбиенің ұлттық астары, ұлт мәселесі ерте заманда өмір сүрген қазақ ғалымдардың мұраларында талқыланды. Психология саласында алғаш пікір білдіргендер - Ақтамберді, Дулати, Бұқар жырау болатын. Олар адамның әртүрлі әлеуметтік топтарға бөлініп, ер мен әйел, жігіт пен бала, қыз бен келін, жас, қарт адамдардың психологиясы туралы саралап, ұлтқа деген тән ерекшеліктерін зерттеді. Кейіннен А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердиев т.б. көптеген қазақ зиялыларының этнос, ұлт психологиясының сан алуан түрлері жайында сөз қозғап, зерттеген. Мәселен, Ә.Бөкейханов халқымыздың рухани көсемі өз шығармаларында тәлім – тәрбие мәселесін ұлт психологиясымен байланыстырып, бұл жөнінде көптеген сындарлы түйіндер айтқан. Ә.Бөкейхановтың ұлт психологиясына қатысты ой – пікірлерінің негізде мынайдай: «Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек» қорытындыға келді. Ол әр ұлттың сана – сезімінің жетілуіне оның белгілі іс - әрекетпен, орнықты кәсіппен айналысуы ерекше маңызды. Қазақ халқы айла – тәсіл, оқу – білім, шекберлік, икемділік, дағдылықты терең меңгеруі қажет дейді. Өмір – үнемі күрес, бірлесіп тіршілік ету – бұл үшін шеберлікке, айла – тәсілдікке жету қажет. «Адам баласы үнемі ізденіс үстінде, жалықпай, шаршамай әрекет етудің нәтижесінде ғана, алға қойған мақсатына жете алады. Кім шебер болса, талмай ізденсе, жалықпай, бірігіп, іс қылса, тізе қосып, өмір бәйгесі – соған бұйырады» деген тұжырымдамаға келген. Ә.Бөкейхановтың пікірінше, «әр нәрсенің белгілі амалын біліп, өз орнына жұмсаса іс көркейеді» дейді. Отаны үшін қызмет ету - әр азаматтың перзенттік борышы, бұл оның абыройлы міндеті. Сонымен қатар, ол әр этностың өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына оның нақты өсіп - өнген ортасы, өзен – көлі, табиғаты, тау – тасы, кір жуып, кіндік кескен жері ерекше әсер ететінін төмендегідей түйіндейді; «Әркімде болатын өз заманындағы, өз халқындағы табиғат, әлеумет қатынастарының нәтижесі деп білу керек. Осы шарттар ұрпақтан – ұрпаққа бұзылмай ықпал етсе, осыдан басқа халықтың өзгеше мінезі пайда болады. Бұл мінез тұқым мінезіне айналады». Ә.Бөкейханов адам психологиясының қалыптасуы да осылайша қоршаған жер мен судың, табиғаттың ықпал ететіндігіне ерекше назар аударады. Ж. Аймауытұлының «Психология» еңбегіндегі «Адам қылығының әлеуметтік – шаруашылық негіздері» тарауына «Жағрапия жағдайының адам қоғамына сүреңі» деген арнаулы бап енгізген. Бұл параграфта Ж. Аймауытұлы мәдениет, әділдік, салт, ертегі, мейірімділік, тіл, өнер дейтін тақырыптарды қазақ ұлтының өмірінен алыған мысалдары арқылы баяндады. Осы сияқты этностық психологияның негізгі түйіндерін осыдан XX ғасырдағы ғұламалардыңосылайша тұжырымдауы, ой – парасатының орасан ұшқырлығын көрсетеді. Ж. Аймауытұлының шығармаларынан қазақтың бір кездегі жайсаң мінезінің бұзыла бастауына жайлы сұрақтарға жауап табуға болады. Қоғамдық психологияға қатысты пікірлеген Ж.Аймауытұлы, тап, дін психологиясы туралы баяндағанымен байланысып отырады. Ж.Аймауытұлы пікірінше, «жалпы адам» деген бос дерексіз ұғым, яғни адамның қылығы табымен өлшенеді, әрбір адам не ана таптың, не мына таптың адамы. Сол себепті адамның қылығын оның табымен байланыстырып қарау керек. Адамның психологиясы туралы көп мағлұмат алу үшін қандай тапқа жататындығынан білуге болады. Өйткені адамның қылығы, белгілі таптың туынды қылығы. Әр тап бір-бірімен ерекшеленіп отырады. Еңбек жемісін үлесу жолындағы таптар арасының кәдімгі қатынасы – тартыс, тап – қоғам тарихы, тап - тартысының тарихы. Сонымен қатар, әр тап өкілдерінің тәрбие туралы көзқарастарының да түрліше болатынын атап өту қажет. Еліміздегі тыныс – тіршіліктің әр саласында (мектеп, әкімшілік, сауда, әскери қызмет, спорт, т.б.) ұлттық ерекшеліктерді ескермей, бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай, тиянақты жұмыс жүргізу қиын. Әсіресе Қазақстан Республикасы секілді көпұлтты мемлкетте әр ұлт өкілдері мекендеген елде этнос психологиясымен үнемі санасып отыру аса маңызды. Мысалы, әр түрлі халықтар мен этностардың ұлттық мүдделерін қорғау, олардың әрқайсысының дәстүр салты мен әдет – ғұрпына ұқыптылықпен қарау, ұлттық қатынастарда шиеленістерді болдырмау, осы айтылғандарды ғылыми негізде реттестіру, шовинизм мен экстремизмнің, нәсілшілдік пен ұлтшылдықтың, этностық кемсітушіліктің кез келген көріністеріне жол бермей, әр халықтың ұлттық тәлім – тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін, этнопсихологиялық зерттеулерді ерекше жандандыру қажет. Кең байтақ жеріміз бен табиғат сұлулығының әсерінен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, дарындылық, қазақ биосферасының ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, көптеген қанды ұрыстардың мен тар жол тайғақ кешу салдарынан қасықтай жинаған рухани мұраны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандылық, әрқашан мал шаруашылығымен айналысудан қалыптасқан малжандылық, өзінен басқа жұртқа деген зор бауырмалдылық, ешқашан жат жерлерге көз тікпеген бейбітшілік, дұшпандарының қабырғасын қаусатқан батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі шыдамдылық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы белестері, халқымыздың ұлттық мақтанышы. Лидер мәселесіне замана тұрысынан Абылай, Әбілхайыр ,Кенесары сияқты саяси лидерлерге тарихи баға беру арқылы,олардың лидерлік бітім-болмысын ашуға ғылыми сипаттама беруге ұмтылыс жасаған Шоқан Уәлиханов болатын.Ш.Уәлихановтың “Орыс ғалымдары мен әдебиетшілері құрастырған энциклопедиялық сөздік” деп аталатын 1861 жылы шыққан 1-томында жарияланған “Абылай” атты мақаласы орыс және қазақ ғылымында Абылайтанудың іргетасы болып қаланған бірегей еңбек болып саналады”- деп көрсетеді М.Құл-Мұхаммед. Абай шығармаларында қазақ халқының жауынан ұтылуы халық арасында бірлігі мен татулықтың жоқтығы екенін, ішкі бірліктің негізгі тетігі ел болу екенін айта кетіп, ата-бабаларымыздың артық екі мінезі бар екеніне тоқталады. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, М.Шоқай, М.Тынышпаев, Б.Қаратаев, Х.Досмұхамедовтардың мұраты қазақ халқының төлтумалығының сақтау, ұлттық санасын шыңдау, қазақ қоғамын рулық-тайпалық ұстанымдар бойынша бөлінуден арылту, отарлық үстем саясат жағдайында ұлттық бірлікті орнықтыру мәселелеріне арналды. Абылай хан билігі тұсындағы саяси институттардың негізгі белгілерінің бірі-мемлекеттің саяси құрылым: Абылай хан тұсындағы ұлтық мемелекеттің мына белгілерін атап өтуге болады: территориясы, мемлекеттік басқару аппараты, ұлттық құрылымы мен саны, әскері, көршілес жатқан елдерді өзімен санастыра отырып елге, халыққа пайдасы бар халықаралық саясат жүргізуі, салық және сот жүйесінің болуы. Жыл сайын сұлтандар мен ру басыларының, билер мен қоғам аристократиясының жиналысы жалпы мемлекеттік істерді шешу үшін жиналып отырды. Мемлекеттік жоғары билік иесі-хан болды, Абылай хан өлім жазасын кесу, елдің, мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау негізінде әскер ұйымдастыру құқына ие болды, Абылай хан билігінің күштілігі оны қолдаушы батырларының болуы, ал саяси билігінің мықтылығы оның халық ойынан шыға білді, айналасындағы батырлары мен сұлтандары қолдап отырды. Абылай ханның саясатта қолданған бұл саяси технологиялары бірнеше саяси шешімдерді іске асыруға қол жеткізеді. Күрделі саяси жағдайларға болжам жасап,талдап отырады;саяси шешімдер мен әрекеттерді сұрыптап,жобалауға мүмкіндік алды; саяси процеске әсер берерліктей саяси шешімдерді бағыттап құрастырды. Абылай ханның ішкі саяси қызметінің жетістіктеріне: халық шаруашылығын, оның әр түрлі салаларын, олардың арасындағы байланыстарды реттеді; халқын отырықшылдыққа үндеді; сауда саттық, айырбас мәселелерін мемлекет тұрғысында, көршілес жатқан елдердің тәжірибесінің жетістіктерін енгізуге әрекет етті; халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтерді, әлеуметтік өмірді ұйымдастырды; қоғамды заңдылықпен қамтамасыз етті, ел ішінде тәртіп сақтау, қылмысқа қарсы заң нормаларын енгізді. Абылай ханның лидерлік қасиеттеріне: қоғамның тұрақтылығын қалыпты әлеуметтік тіршілігіне жағдай жасады; руға, жүзге бөлінген қазақ хандығын, қазақ қоғамының бірлігін, ынтымақтастығын қамтамасыз етуге жол салды; қазақ халқының ой-арманын, үмітін түсінді, халқының мұқтаждығын қанағаттандырды; қазақ хандығының шиеленіс, саяси кикілжіңдерді дер кезінде түсіне біліп, саяси дау-жанжалдарды алдын алды; Ішкі және сыртқы саяси мәселелерді шешуде ымыраға келу, басып тастау әдістерін қолданды; қытай қарым-қатынасында, халқының жағдайының ұтысты көздерін жетік біле отырып, саяси тепе-теңдікті сақтауға тырысты; қазақ халқының болашағын, жер тұтастығының мүддесін қорғады; қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары қойды; саяси-әлеуметтік іс-әрекеттерді ұйымдастыра білді; саяси көрегенділігімен, шешендік өнерімен, саяси мәдениеттілігімен ерекшеленді. Н.Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның өзіндік дамуының үлгісін қалыптастыруға саяси рөлін, басқарудың Президенттік формасы және оның қажеттілік алғышарттары, Қазақстанның саяси өмірі мен қоғам өміріне әкелген өзгерістеріне талдау жасай отырып, Президент тек халқының бірлігі символы мен кепілі болып қана қоймай, саяси биліктің де кепілі болу керектігін сараптадық. Президенттік институт Қазақстанның тәуелсіздік белгілерін қалыптастыра отырып, сыртқы қарым-қатыныстар жүйесін анықтады, әлемдік қауымдастыққа шет мемлекеттермен қарым-қатынасты тереңдетті. Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында қол жеткізген маңызды саяси жетістіктеріне: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы; даму бағыттарын нақты анықтауында; Президенттік басқару жүйесіне тән мемлекет құруы; заң шығару ісін, сот билігін реформалауда; әлеуметтік, экономикалық дамуды жаңаша әлемдік нарық экономикасына негізделген жолға бағыттауын атауға болады, сонымен бірге шет мемлекеттерге Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындатуы; халқының саяси санасын қалыптастырып, саяси мәдениетін дамытуына рухани жағдай жасауы мықты басқару мектебін құра білуінде және ТМД елдеріне саяси тұрақтылықтылықтың үлгісіне айналуын қамтамасыз ету; қысқа мерзім ішінде дүниежүзін таңқаларлық бой көтеруі; шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін, өз елінің көп этносты, көп дінді қоғамның ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиялық қағидаларына сай келетін өзіндік даму ерекшелігі бар тәуелсіз мемлекет орнату жолындағы саяси қимылдарының белсенділігін; азаматтық қоғам институттарын дамытуға; Ресей, Қытай, АҚШ, Европалық Одақ ынтымақтастық дамытудың бағыттарын анықтауын жатқызуға болады. Қазақстан халқының болашағын қоғамдық-идеялық бірлік арнасына топтастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың дүниетанымдық, саяси-әлеуметтік, рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі Қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына тигізген септігі зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М

 


Информация о работе Қазақстандағы саяси психологияның дамуы