Қазақстан Республикасының қаржы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 01:38, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу сипаттамасы және бағалы қағаздар нарығы
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу сипаттамасы және оның тәсілдері
1.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
2 тарау. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы және қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын реттеу формалары
2.2 Қаржы нарығының саясаты және оның элементтері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

01Қазақстан Республикасының қаржы нарығы.doc

— 515.50 Кб (Скачать документ)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеті

Экономика және басқару  факультеті

«Экономика және бизнес» кафедрасы

 

 

                                                                                                                     «Қорғауға жiберiлдi»

«Экономика және бизнес» 

кафедрасының меңгерушiсi

э. ғ. к.  Сабирова Р.К.

_____________________

«_____»_________2010ж.

 

 

 

К У Р С  Т Ы Қ        Ж  Ұ М Ы С

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы нарығы»

Пән: «Муниципалдық менеджмент»

 

 

 

 

 

Орындаған: «Мемлекеттік және жергілікті

басқару» мамандығының 415 топ студенті

                                                             Аширова А.

 

 

 

Ғылыми  жетекші: аға оқытушы 

Мукашева  А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау -2010 жыл.

Мазмұны

                   Кіріспе

1 тарау. Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу сипаттамасы және бағалы қағаздар нарығы

    1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу сипаттамасы және оның тәсілдері

 

            1.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

 

     2 тарау. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы және қаржы саясаты

   2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын реттеу формалары

          2.2  Қаржы нарығының саясаты және оның элементтері

              Қорытынды

              Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі.  Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.

ҚР қаржы нарығы негізінен  банктік саладан тұрады. Банктік  мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.

Бағалы қағаздар нарығы бойынша  шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері  бар. Бағалы қағаздар нарығы, оның қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмі ресейлік ғалымдар А.А. Галанов, Я. Миркин, Е.Ф. Жуков, М.В. Романовский, Т.С.Селеванова, Б.Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Д. Кидуэлл, Э. Найман бағалы қағаздар нарығы және шетелдік бағалы қағаздар нарығының даму сипатын көрсетті.

Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да бағалы қағаздар нарығы бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Бағалы қағаздар нарығының негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Г.Т. Абдрахманова, У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э. Рузиева, Б.А. Көшенова, А.А. Ильясов, А.А. Адамбекова, А.А. Арыстанов, Г.Н. Шалгимбаева, Г.С. Сейтқасымов ғалымдардың  еңбектері қарастырылды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік жақтарын қарастыра отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:  

- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;

- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды қарастыру;

- бағалы қағаздар нарығының  дамуы жағдайында Қазақстанда  мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау.

Зерттеу жұмысының  пәні мен объектілері. Зерттеу жұмысының пәні ретінде ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік органдар мен бағалы қағаздар нарығы қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастары алынады.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы саналады.

Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының жағдайын зерттей  отырып,  тиімді бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт болып табылады.

Курстық жұмыс  құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер.

 

1-тарау. Қазақстан  Республикасында экономиканы мемлекеттік  реттеу сипаттамасы және бағалы  қағаздар нарығы

1.1 Экономиканы  мемлекеттік реттеу сипаттамасы  және оның тәсілдері

Мемлекеттік реттеу әдістері – бұл нарық механизімінің  қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс  процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Бұндай реттеудің  элементтері алғаш рет бірінші  дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу өнеркәсіпті дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.

Біздің елімізде бөліп  үлестіру методологиясына негізделген  шаруашылық жүйесінен бас тарту  экономиканы реттеу әдістерінің мазмұнын түбегейлі өзгертеді. Нарықты құру жаңа экономикалық қатынастарға көшу, соның ішінде, халық шаруашылығын жоғарыдан төмен қарай немесе тікелей басқару құрылымнан бас тарту, оны көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді білдіреді. Нарық мемлекетпен және тауар өндіруші кәсіпорындармен реттеледі. Яғни, реттеу әдістерін реттеу субъектілеріне қарай, шартты түрде, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай – тікелей және жанама деп классификациялауға болады. Тікелей реттеу тәсілдері көбіне экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір объектіге бағытталған. Нарықты мемлекеттік тікелей реттеу әдістеріне төлем қабілеті бар жиынтық сұранымды құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланылатын орталықтандырылған тәсілдер жатады. Бұл жерде әңгіме мемлекеттің атқаратын жалпы қызметі жөнінде болып отырған жоқ, тек қана нарықтың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатын қолайлы әлеуметтік ахуалды қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік тәсілдер туралы болып отыр. Бұл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды .

Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі  көбінесе экономиканың қаракеттің шарттары мен нәтижесіне әсер етумен байланысты. Тікелей және жанама әдістердің арасындағы айырмашылық, белгілі бір дәрежеде, шартты түрде ғана болады. Нақты өмірде олар бір-бірімен тығыз байланысты және әсер ету объектісі ретіндегі меншік типіне қарай жіктеліп әртүрлі тіркесте қолданылады. 

Экономиканы реттеудің әдістері және жолдары

 

Экономиканы мемлекеттік  реттеу құралдарына фискальдық («фиск» – мемлекет қазынасы), несие, ақша саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысың  реттеу, әкімшілдік реттеулер жатады. Осы шаралардың мәнін қысқаша ашайық.

І. Фискальдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды  көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (дотация) мен жәрдем ақшалар (субсидия), салық шаралары жатады.

Салықты реттеу фискальдық саясаттың маңызды бөлігі болып  табылады.  
Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

А) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу және шектеу мақсатында салық нарқын өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалармен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтың нарқы арттырылады. Қорлану процесіне әсер ету үшін пайдаға салынатын салық нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;

Ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту  жатады. Берілген салық нарқы жағдайында амортизациялау мерзімін қысқарту қорлану  ресурстарын көбейтуге мүмкіндік береді;

Б) салық жеңілдіктерін  ендіру немесе алып тастау. Салалық  жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салудан  тиісті пайдадан, аса жаңа техника  түрлеріне жұмсалған шығынды  шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.

2. Несие ақша саясаты.  Мемлекет нақты салалық және  аймақтық проблемаларды шешу, ерекше  мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге  асыру үшін мақсатты жеңілдікпен  пайдаланатын несие береді. Сонымен  бірге ол бюджеттен тыс ерекше  даму қорын да құра алады. Дегенмен, несиелік реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

А) эмиссиялық банктің  есептеу нарқын өзгерту. Есептеу  нарқы – бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелерін  сатып алған жағдайда банкпен өндіріп алынатын қарыз процентінің нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарқын төмендету немесе көтеру жеке коммерциялық банктер үшін қарыз нарқын қайта қарауға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы – іскерлік белсенділікті көтермелейді;

Ә) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумін арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері – ерікті ақша салынымдарынан /бос резерв деп аталатын/ және міндетті ақша салынымдарынан тұрады. Орталық банк міндетті ақша салынымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспанциясына мүмкіндік туғызады;

Б) «ашық нарықтағы  операциялар». Бұндай жағдайда, мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші  жағдайда жеке несие жүйесінің қарыз  капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді. Осылармен қатар несие нысандары мен банк-несие мекемелерінің жұмысын реттейтін басқада әр түрлі нысандар қолданылады.

3. Бағаның және табысты  реттеу саясаты. Фискальдық және несие саясаты көп жағдайда, баға мен табыстарды реттеудің тиімді құралы бола алмайды, сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың көбеюіне уақытша тиым салады, бағалар мен еңбек ақының көтерілуіне мемлекеттік органдар тарапынан алдын-ала рұқсат беретін жүйені ендіреді. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда, дивидент сияқты түрлеріне таратылмайды.

4. Әкімшілік реттеулер. Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы, қоғамдық пайдалану салаларына қатысты қолданылатын әртүрлі бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау кіреді. Бұған, сонымен бірге жұмыс күші нарығын реттеу, әсіресе еңбекпен қамту қызметі де кіреді.

5. Қысқа мерзімді реттеулер.  Оның мақсаты – бірнеше айдың  ішінде нәтиже алуға есептелген  ұдайы өндіріс процесіне әсер  ету болып табылады. Бұл жерде  әңгіме экономикалық циклдың  ағымдағы фазасының қозғалысын  өзгерту, оның ішінде, экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жандану фазасының басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу фазасын тұрақтандыру немесе оны одан ары қарай созу туралы болып отыр.

Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның  шамадан тыс өсуімен күресу, инфляцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дифляциялық саясат деп аталады.

6. Ұзақ мерзімді реттеу  – бірнеше жыл нәтижелер алуға  есептелген ұдайы өндіріс процесіне  мақсатты бағытта әсер ету  боып табылады. Оған белгілі бір уақыт кезеңі бойына экономиканың даму қарқынын ұстап тұру, кейбір салаларды артықщылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістік құрылымын өзгерту, технологиялық қайта құру және ғылыми техникалық прогресті жеделдету мақсатында жедел амортизациялау саясатын жүргізу жатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы нарығы