Қазақстан Республикасының Парламенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 21:12, курсовая работа

Краткое описание

Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы – мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық Парламент – жалпыхалықтық өкілді орган, сондықтан да республиканың бүкіл жұртшылығының еркін, мүддесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой-пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салады. Парламент өкілдік мәні ең алдымен оның Палаталарын қалыптастыру тәртібімен анықталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой (2).docx

— 59.30 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған «бір буынды» өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғарғы өкілді орган ретінде 1937 жылғы КСР Конституциясымен белгіленді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді. Парламент сондай-ақ заң шығару қызметін асыратын орган да болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бірінші рет Парламенттің екі палаталық ( Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекітті. Мәжіліс Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутаттары жалпы сайлауларда сайланады. Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жанама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент тағайындайды. Сенат депутаттары әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін, жергілікті пікірлерді білдіреді. Сонымен бірге Сенат – бүкіл Республика органы. Сондықтан Мәжіліс қабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейін күшіне енеді. 

Осы уақытта отандық ғылыми әдебиете соңғы жылдары негізінен Президентің, судьялардың, прокурорлардың, құқықтық мәртебелері туралы сұрақтар қаралады, ал Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі бойынша сұрақтар ғылыми аналогиялық әзірлемелер мүлдем жоқ. Заң ғылымында «Мәртебе» түсінігі ең алдымен оны әртүрлі таратушыларымен байланысты өзінің бөлек көрінулерінде, мысалы, жеке басының конституциялық мәртебесі, азаматтық құқықтық мәртебесі, Президентік конституциялық мәртебесі, қоғамдық бірлестіктің мәртебесі, судьялар мәртебесі және т.б.

Тақырыптың өзектілігі - демократияны дамыту үшін мықты, тәуелсіз заң билігінің салалары қажет, оның мүшелері өз қызметтерінің нақты кепілдіктері болуы тиіс, бұл ең алдымен олардың құқықтық мәртебесімен анықталады.

Парламент депутаттарының құқытық жағдайын қолданыстағы құқықтық қамтамасыз етуіндегі бар қайшылықтарды қайта құрастыру механизмдерін ұсынумен тәжірбиелік жұмысының маңыздылығы анықталады. 

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттарының құқытық жағдайы.

Зерттеу заты - Парламент депутаттарының құқықтық проблемалары мен әлеуметтік құқықтық жағдайының аспектісі.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының құқытық жағдайын реттейтін, Қазақстан Республикасының заңын зерттеуден тұрады. 

Жұмыстың міндеттері: Парламент депутаттарының Конситуциялық мәртебесін зерделеу, депутаттық қызметтің нысаны мен міндеттерін сонымен қатар парламенттік әдеп сұрақтарын қарастыру.

- Қазақстан Республикасының Парламенті,  құрамы мен құрылымы  және қызметiнiң құқықтық негiздерiн қарастыру;

- Республика Парламентiнiң құзыретi және оны  жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын зерттеу;

- Республика Парламентiндегi заң шығару процесiмен танысу және Парламент Палаталарының Президентке Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға келiсiм беру, оларды қызметке сайлау, тағайындау және қызметтен босату жолдарын қарастыру;

Парламент заң шығарушы орган бола отырып, Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар. Қазақстан Республикасының Заңдары, соның ішінде Конституциялық заңдар, Парламенттің жеке қаулылары түріндегі заң актілерін қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс сондай-ақ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша дара сипатты қаулыларды қабылдайды.

Парламент пен оның Палаталарының өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға құқығы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қазақстан Республикасының Парламенті

 

Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы – мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық Парламент – жалпыхалықтық өкілді орган, сондықтан да республиканың бүкіл жұртшылығының еркін, мүддесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой-пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салады. Парламент өкілдік мәні ең алдымен оның Палаталарын қалыптастыру тәртібімен анықталады.

Парламент қызметінің конституциялық - құқықтық   негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының VІ бөлімі , Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, 1997 жылғы 11 сәуірде, 1999 жылғы 12 наурызда Конституциялық заңмен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен, «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңы болып табылады [ 1 ].

Конституция Парламентті заң шығарушы орган ретінде сипаттайды, Парламенттің заң шығарушылық қызметі арқылы құқық тәртібін заңды тану негізі ретінде халықтық егемендік принципі іске асырылады. Соның нәтижесінде Парламент ел өмірін заңды түрде реттейді және құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.

Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган деп тану Қазақстан Республикасының барлық заңдары Парламенттің қарауынан өтіп, қолдауын табуы керек дегенді білдіреді. Дегенмен Парламеттің Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы бірден-бір орган емес  екенін айта кету керек. Мұндай өкілеттіктер Президетте де, Қазақстан халқында да бар. Соңғы заңдарды республикалық референдум жолымен қабылдайды.

Заң шығарушы орган бола отырып Парламент атқарушы биліктің  қызметіне бақылау жасайды:

а) Республикалық бюджетті бекіту

ә) Үкіметке сенімсіздік білдіру жолымен жүзеге асырады.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық  референдуммен қабылданған ҚР-ның Конституциясына сәйкес Парламент екі рет (1995 ж. және 1999 ж.) сайланды. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Өкілеттік Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заң мен белгіленеді. ҚР Парламент құрылымы тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: жоғарғы палата – Сенат және төменгі палата – Мәжілістен тұрады.

Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.

Парламент  Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.

Парламент депутаты Конституцияға сәйкес, Парламенттің бірінші сессиясында, оның Палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға ант береді. Парламент депутаты императивтік мандатқа, қандай да болсын аманат пен тапсырмаға тәуелді емес. Ол Парламентте өзінің сенімі бойынша дауыс береді. Парламент депутаты қол сұғылмаушылық құқықты пайдаланады. Қандай да бір қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда Конституцияда көзделген тәртіппен, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Парламент депутатының өкілеттігі оның кәсіпкерлік қызмет атқаруы, коммерциялық ұйымдардың басқарушы органының немесе қадағалаушы кеңесінің құрамына кіруі, сондай-ақ, жергілікті өкілді органға депутат болып сайлануы себепті тоқтатылады. Әр Палатаның өзінің өкілеттілік күші жүретін қызмет аясы бар, сонымен бірге олар бірқатар өкілеттіктерді бірлесе отырып жүзеге асырады.

Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды,  мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелерді шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады; палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады. Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдайды;  палаталардың үйлестіруші және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.

Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар жатады: Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот төрағасын тағайындау және қызметтен босату, Президенттің Бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру; Бас прокурорды, Жоғарғы сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергілікті өкілетті органдардың өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату; Президентті қызметтен кетіру туралы Мәжіліс көтерген мәселені қарау, т.б. [ 2 ].

 

1.1 Парламент қызметінің  ұйымдық құқықтық нысандары

 

Парламент қызметінің негізгі ұйымдық нысаны сессия болып табылады. Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындалары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады. Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталып, маусымның соңғы жұмыс күні аяқталады.

Парламент құрамына Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары, Палаталардың бюросы, Палаталардың тұрақты комитеттері және Палаталардың бірлескен комиссиялары кіреді.

Палаталардың бірлескен  және бөлек отырыстары тек кворум болған жағдайда ғана, Парламенттің жұмысын бастау үшін әрбір палатаның депутаттарының жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Палаталардың отырыстары ашық болып табылады. Заңдылықтармен көзделген жағдайда жабық отырыстар өткізілуі де мүмкін.

Конституциялық негізгі ережелері « Парламенттің және оның депутаттарының мәртебесі туралы » Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, Парламент Қазақстан Республикасы Парламетінің регламентін қабылдайды. Әрбір палата сондай-ақ өз қызметтерінің регламентін бекітеді – Мәжіліс регламенті және Сенат регламенті. Мәжіліс төрағасы Парламент сессияларын ашады, Палаталардың кезекті бірлескен отырысын шақырады, Палаталардың кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді.

Парламент Палаталарының төрағалары:

  • Палаталардың кезекті сессияларын шақырады және оларға төрағалық етеді;
  • Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды;
  • Регламенттің сақтауын қамтамасыз етеді;
  • Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды;
  • Палаталар шығаратын актілерге қол қояды;

Конституиялық Кеңестің екі-екіден мүшелерін тағайындайды [ 3 ].

Парламент үйлестіруші және жұмысшы органдар құрады. Үйлестіруші органдар Палаталар Төрағалары жанындағы Сенат бюросы және Мәжіліс бюросы болып табылады. Бюро құрамына қызметі бойынша Палаталар Төрағаларының орынбасарлары және Палаталардың тұрақты комитеттерінің төрағалары кіреді. Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмыс органдары Сенат пен Мәжілістің тұрақты комиссиялары, сондай-ақ Палаталардың бірлескен комиссиялары болып табылады.

Палаталарда құрылатын тұрақты комитеттердің саны жетіден аспауға тиіс. Тұрақты комитеттер заң жобасын жасау жұмыстарын, Палаталардың жүргізуіне жататын мәселелерді алдын ала әзірлеу және талқылау үшін құрылады. Бірлескен комиссиялар Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін құрылады. Комиссияның құрамы Палаталар арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Әр Палата комиссия мүшелерін өз алдарына дербес сайланды.

Сонымен қатар, Парламент Палаталары Парламент және оның Палаталарының 47-баптың 1,2-тармақтарында, 57-баптың 5,6-тармақтарында көзделген өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында арнаулы уақытша комиссиялар құруы мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Парламенті