Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Кең тараған түрлері: лепидосирен – Lepidosiren paradoxa Fist. бұлар Оңтүстік Американың саяз,  кейде  суы тартылып қалатын көлдерде жиі кездесетін, ұзындығы 2 м-ге дейін жететін балық;

Protopterus aethiopicus Heck – үлкен протоптер денесінің ұзындығы 2 м болатын,  табиғатта кең тараған балық түрі. Көлдің суы тартылған жағдайда олар су табанын қазып үңгір тәрізді үйшік жасайды, содан соң екіге бүктеліп басын жоғары шығарып орналасады. Кейінірек кеуіп қалған шырыш арқылы айналасын қоршап піллә (кокон) жасайды, ал үстіңгі жағында ауа өтетін кішкентай тесік қалдырады. Су толық тартылп қалған жағдайда әлгі тесік сыртынан батпақпен тығындалып жабылады, ал кеуп қалғаннан кейін пайда болған саңлаулар арқылы сыртқы ауамен тыныс алады.

 

Бірөкпелі немесе, Мүйізтісті тұқымдас  - Ceratodidae

 

Бұл тұқымдаста тек жалғыз неоцератод, немесе мүйізтіс, -  Neoceratodus forsteri  (Krufft) түрі қалған. Бұл балық   Австралия суларында мекендейді.  Денесінің ұзындығы 175 см , салмағы – 10 кг шамасында.

Морфологиялық және экологиялық  ерекшеліктері: өкпесі жалғыз, аяқтары ескек тәрізді, оттегінің тапшылығына өте төзімді, қысқы ұйқыға кетпейді, су тартылған жағдайда су табанына көмілмейді.

 

СӘУЛЕҚАНАТТЫЛАР КЛАСАСТЫ – ACTINOPTERYGII

 

Сәулеқанатыларға қазіргі  заманда тіршілік ететін балықтардың 90 % жатады.

Негізгі морфологиялық  ерекшеліктері: денелері сүйекті қабыршақтармен, алайда осы тұқымдасқа жататын тасқабықты шортанның денесі гоноидты қабыршақпен жабылған; бас қаңқасы гипостильді, ал сүйекті ганоидылардыкі амфистильді, жүзбе қанаттарының базалилері болмайды, ал радиалилері тек кеуде қанатарында сақталған, клоакасы жоқ. Торсылдағы болған жағдайда гидростатикалық қызыметті атқарады.

Сәулеқанаттыларға 4 отрядүсті жатады: Көпқаурсындылар – Polipteri,  Шеміршекті ганоидылар -  Hondrostei, Сүйекті гоноидылар - Holostei, Көпсүйекті балықтар – Teleostei.

 

КӨПҚАУЫРСЫНДЫЛАР ОТРЯДҮСТІ – POLYPTERI

 

Көпқауырсынды балықтардың морфологиясы бір қатар қарапаймдылық белгілерді сақтап қалған. Оларға тән ең ерекше белгі болып арқа жүзбе қанаттары саналады, себебі арқа жүзбе қанаттарының саны 5 тен 18 ге дейін болады және әр қанатта не бары бір-бірден  тікенекті сәулелері болады.  Кеуде қанаттары сыртынан қабыршықпен жабылған  қалың етті, қалақ тәрізді болады. Жүрегінде артериальді конусы, ал ішегінде орамды қақпалары бар, иық белдеуінде бұғана сүйегі сақталған. Бүркпесі (брызгальцасы) бар. Желбезек жарғағында  сәулелері болмайды, алқымы қос  пластинкамен  жабылған. Торсылдағы  қалта тәрізді жұп құрылым болып тұлғаны бойлап орналасқан және өкпенің қызметін атқарады. Білік қаңқасы сүйектенген, амфицельді омыртқалардан тұрады. Қабыршықтары ганоидты.

Көпқауырсындылар Көпқауырсындытәрізділер- Polipteriformes отрядына кіретін бір ғана  Көпқауырсынды – Polipteridae тұқымдасына жататын балық. Жалпы бұл тұқымдасқа жататын 11 түр кездеседі. Негізгі мекендері тропикалық Африканың жылы және тұщы сулары. Дене ұзындығы 90 см жететін, уылдырықтарын су өсімдіктеріне шашатын, омыртқасыздармен қоректенетін балықтар. Тіршілік белсенділігі түнгі уақытта байқалады. Жиі кездесетін түріне  нил көпқаурсыны - Polpterus bichir Smith - жатады.

 

ШЕМІРШЕКТІ  ГАНОИДЫЛАР ОТРЯДҮСТІ – CHONDROSTEI

 

Шеміршекті ганоидыларға тән негізгі белгілер:

  • дене бітімі ұршық тәрізді;
  • денесінің сыртында бес қатар болып орналасқан  қоңызшалары (сүйекті пластинкалары) болады, денесі жалаңаш (қабыршақсыз);
  • құйрығы гетероцеркальді және фулькрлері (айырша сүйектері) болады;
  • құйрығының  жоғарғы құйрық қалағында ганоидты қабыршақтары болады;
  • жүрегінде артериальді конусы, ал ішегінде  орамды қақпақшалары бар;
  • желісі (хордасы) бөлектенбеген, омыртқаларының денесі жоқ тек шеміршекті доғасы болады;
  • бас қаңқасы  сыртынан, жабын сүйекпен жабылған, шеміршекті болады;
  • торсылдағы өзек арқылы өңешпен жалғасқан

Шеміршекті ганоидылар отрядүстіне -   бір отряд, үш тұқымдас жатады.

Тұқымдастары: 1) Chondrosteidae – юра дәуірінен бері белгілі, брақ та қазіргі заманда олр жойылып кеткен; 2) Asipenseridae – қазіргі заманда кездесетін бекіретектестер; 3)   Polyodontidae – ескектұмсықтылар мел дәуірінен белгілі, қазіргі заманда бар.

 

 

Бекіре  тұқымдасы  –  Acipenseriformes

 

Бекірелердің биологиялық, морфологиялық, және экологиялық ерекшеліктері:

  • таралуы - Европа, Азия және Солтүстік Американың солтүстік жарты шар сулары;
  • өрістеуші және жартылай өрістеуші  және тұщы суларда мекендейтін балықтар;
  • денесінің сыртында бес қатар болып орналасқан қоңызшалары болады;
  • ауызы жарты ай тәрізді саңлау болып келген және төменгі;
  • ауызының алдында  төрт мұтшасы бар;
  • тұмсығы ұзын, кейде күректіәрізді болады;
  • жылы суларда мекендейді;
  • тіршілік өмір жасы өте ұзақ балықтар. Кейбір түрлері 100 жылға дейін өмір сүреді (қортпа);
  • жыныстық жағдайға кеш басталады, өсімталдылығы төмен, өмір бойы не бары 4-5 рет қана уылдырық шашады, көбею кезеңі көктем-жаз айлары. Уылдырықтарын су табанына шашады, сол себептен желімді.
  • өрістегіш бекірелер күздік және жаздық расалар болып бөлінеді. Жаздықтары, уылдырықтарын шашуға көктемде  өзеннің бастау жағына өтеді, ал күздіктері болса уылдырық шашуға күзде шығады, ал уылдырығын келесі жылдың көктемінде шашады. Орыс бекірелерінен басқаларының дернәсілдері мен шабақтары сол жылы теңізге өтеді, ал орыс бекіресінің жас шабақтары 1-2 жыл шыққан жерінде қалып  қалады содан соң теңізге өтеді.
  • бекірелердің негізгі қоректері омыртқасыздар, ал ірлері болса жыртқыш болады.

Бекірелердің кәсіптік маңызы өте жоғары, олардың еті  мен уылдырықтары өте құнарлы  сондықтан жоғары бағаланады. Қазақстанда  бекірелердің 8 түрі Каспий, Арал теңізідерінде, Ертіс, Іле өзенднрінде кездеседі. Қазіргі кезде бекірелердің популяциясын сақтап қалу мақсатында кәсіптік аулауға тиым салынған.

Жалпы бекірелер аса  құнды балықтар қатарына жатады. Сондықтан  болар, қортпа, сүйірік, пілмай, шоқыр, орыс бекіресі, парсы бекіресі, сібір бекресі секілді түрлерінің кәсіптік маңызы өте жоғары. Олардан алынатын қара уылдырық пен  еті өте құнарлы және құнды тамақ ретінде пайдаланады. Торыслдағынан жасалған желімді қызыл шарапты тазартуға пайдаланады.

Тарихқа жүгінсек, грек-рим жазушысы  Клавдий Элиан б.д. 11 ғасырда   Каспий жеріндегі үлкен көл туралы және онда тіршілік ететін  бізтұмсық балықтар туралы жазған екен.

Геродоттың айтуынша бекірелерді осы аймақта  2500 жыл  бұрын аулай бастаған дейді. Каспий теңізінің бекірелері туралы араб  жазушысы Ибн-Факих өзінің «Елдер туралы кітабында», кейінірек Марко Поло секілді ғұлама зерттеушілер естеліктерінде жазған.

Қазақстанда   бекірелердің негізгі түрлерінің бәріде кездеседі, алайда бекірелердің саны мен сапасы төмендегдіктен қазіргі кезде кәсіптік түрде аулуға тиым слынған. 

Қортпа туысы- род белуга – Huso. Қортпалардың  желбезек жарғақтары біріккен.  Ауызы жарты ай тәрізді, үлкен, мұртшалары жапырақтәрізді, бүркпесі (брызгальцалары) жақсы дамыған.  Бұл туысқа  қортпа және калуга секілді екі түр жатады.

Қортпа  – белуга - Huso huso (L). Морфологиялық ерекшеліктері:  бірінші арқа қоңызшасы ең аласасы, арқа жүзбе қанатының сәулесі 60 тан кем мес.

Таралуы: Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздерінің бассейні.

Экологиясы мен биологиясы: өрустегіш (өткінші) балықтардың ішіндегі ең ірісі. Дене ұзындығы 5 м-ге жетеді, ал салмағы 1000 кг болуы мүмкін (орташа салмағы 120 кг).

Кейбір дарақтары 100 жыл  өмір сүреді. Жыныстық қаблетік жасына кеш жетеді. Мысалы, Азов қортпасының  аталықтары 12, ал аналықтары 16 жастарында, ал Каспий теңізінде мекендейтін қортпалардың аталықтары 14 жасында , ал аналықтары 18 жасында алғашқы рет уылдырықтарын шашады. Уылдырық шашуы сиерк, жыл аралатып шашды ( орташа алғанда 5 жыл аралатып).

Қортпалар нағыз өрістегіш балықтар, уылдырықтарын шашуға – Азов қортпасы Дон, Кубань өзендеріне, ал Қартеңіз қортпалары Дунай, Днепр, Днестр, Буг, Риони өзедеріне өтеді. Каспий қортпалары Еділ (Волга), Кура, Терек және Жайық өзендеріне көтеріледі. Қортпалардың жаздық және күздік расалары кездеседі. Өсімталдылығы аналықтардың жасына байланысты 0,5 – млн дана уылдырық шашады. Уылдырықтарын  судың тасты табанына шашады. Жас ұрпақтары уылдырықтан шығысымен теңізге ағып келеді. Қортпалар жыртқыштар қатарына жатады. Олар жастайынан ( бойының ұзындығы 8-10см болғанда )    жыртқыштық қасиеттеріне иеленеді. Жас шабақтары негізінен су табанында мекендейтін омыртқасыздар мен қоректенсе, ересектері майда балықтармен азықтанады. Қортпалар бекіретұқымдастардың сүйірік, бекіре, шоқыр секілді түрлерімен шағылысқа түсіп будандар формасын құрады. Бекірелерді қолдан көбейту кезінде қортпа мен сүйіркіті шағылыстыру барысында өміршеңді, өсімталды , ұрпақ беретін «бестер» атты  будан формасын шығарды. Қортпаның кәсіптік маңызы өте жоғары.  Бірақ та, қазіргі кезде, оларың саны күрт төмендеп кеткендіктен жойылып кету қауіпі бар. 

 Калуга –Huso dauricus (Gtorgi).  Калуганың арқа қоңызшаларының бірінші сі  ең биігі. Арқа жүзбе қанатарында 60 тан кем емес сәулелері болады. Негізгі мекені Амур өзенінің бассейні. Табиғатта калуганың -  амур өзенінде  уылдырық шашатын, жартылай өрістегіш және тек өзенде тіршілік ететін  екі формасы кездеседі.  Жыныстық қаблетке 18-20 жасында жетеді. Табиғи жағдайда 50 жасқа дейін өмір сүреді. Денесінің  ұзындығы 5 м, салмағы 1 тоннаға дейін жететін өте ірі балық түрі. Өсімталдығы жоғары және 600 мыңнан 4 млн ға дейін уылдырық шашады. Олар желімді уылдырықтарын су табанына шашады. Уылдырықтарын жыл аралатып шашады. Жас шабақтары су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенсе, ересектері майда балықтармен азытанып жыртқыш балықтар қатарына жатқызылады.

Бекіре туысы  – род осетр -  Acipenser. Негізгі морфологиялық белгілері:  желбезек жарғақтары желбезек аралықтарына бекіген. Ауызы көлденең орналасқан саңлау секілді және кішігірім болады. Олар: Еуропа, солтүстік Азия және Солтүстік Американың тұщы және ащылау суларында мекендейді. Соған байланысты  бекірелер, тұщы су және өрістегіш балықтар қатарына  жатады. Қазіргі кезде бекірелердің 16 түрі кездеседі, ал олардың ішінде 8 түрі ( орыс бекіресі, сібір бекіресі, амур бекіресі, атланитика және сахалин бекірелері, пімай, сүйірік, шоқыр) ТММД елдерінде. Қазақстан суларында аталған 8 түрдің 5 түрі мекендейді (орыс бекіресі, сібір бекіресі, пілмай, шоқыр, сүйірік)

Орыс  бекіресі – русский осетр – Aspensier guldenstadti Brand. Негізгі ерекшелік белгілері: тұмсығы доғалдау, мұртшалары тұмсығына жақындау орналасқан және көлденең кесіндісі дөңгелек, төменгі ерні жырық,  қоңызшаларының арасында ірлі - уақты жұлдызша пішінді сүйекті пластинкалры бар, бүйірінде орналасқан қоңызшалардың саны 29-50, желбезек сағалары желпуіштірізді емес. Орыс бекіресі негізінен Каспий, Азов және Қара теңіз су алабтарында кездеседі. Олар өрістегіш балықтар, бірақ та тұрғылықты, қоныс аудармайтын формалары да кездеседі. Өрістеуші бекірелер уылдырық шашу үшін Қара теңізден Дунай, Днепр, Буг, Днестр, Риони, Дон, Кубань өзендеріне өтеді, ал Каспий теңізінен Еділ (Волга), Жайық (Урал), Кура, Терек, Сулак өзендеріне өрістеп шығады.

Кәсіптік маңызы өте жоғары. Олардың дене ұзындығы шамамен 190-210 см жетеді, салмағы 22- 55 кг шамасында. Жыныстық жетілуі ұзақ - Азов бекіресіні аталықтары 10-15 жасында, ал аналықтары 14-19 жасында жетеді, Каспий бекірелерінің аталықтары 12-24 жасында, аналықтары 16-26 жасында пісіп жетіледі. Соңғы жылдары орыс бекіресінің, көп аулануына байланысты, 47 жастағылары ауға мүлдем түспейді. Уылдырығын жылдар аралатып шашады. Э.В.Макаровтың  (1970) байқауынша орыс бекірелері уылдырықтарын 4-5 жыл аралатып шашатын көрінеді.

Л.С.Берг орыс бекірелерінің жаздық және күздік формаларын анықтап екіге бөлген.  Жаздық дарақтары  уылдырық шашуға өзенге ерте көктемде  көтеріліп сол жылы уылдырығын шашады, ал күздіктері  өріске  жаздықтардан соң шығады. Өрістеу күзге дейін созылады. Қыс кезінде олар өзен тбанының шұңқырларында жатып келесі көктемде уылдырықтарын шашады. Өсімталдығы орташа, 80000- 840000 дана уылдырық. Жас ұрпақтарынының бір бөлігі сол жылы теңізге өтсе, екінші бөлігі сол жерде кідіріп қалады да 1-2 жылдан соң теңізге өтеді.

Уылдырықтарын, өзеннің ағысы жылдам, табаны тасты жеріне шашады. Жас шабақтарының негізгі азығы омыртқасыздар болса, ересектерінікі былқылдақ денеліліер(моллюскалар) мен майда балықтар. Табиғи жағдайда орыс бекірелері  қортпамен,  пілмаймен, сүйірікпен және шоқырлармен еркін шағылысқа түсіп гибридтік формаларды береді. Кәсіптік маңызы өте жоғары және өте бағалы балықтардың қатарына жатады. Оларды  салма, ықпа, құрама аулармен аулайды.

Сібір бекіресі – сибирский осетр – A. Baeri Brandt.  Сібір бекіресі орыс бекіресіне ұқсас келеді, брақта олардын басты ерекшелігі ретінде желбезек сағалары желпуіш тәрізді және қоңызшаларының арасында орналасқан  жұлдызша пластинкалары көп және майда болуы.

Сібір бекіресінің  таралуы: Сібірдің Обь өзенінен Колыма өзені аралығындағы суларда. Байкал көлі. Қазақстанда Ертіс өзені, Зайсан көлінде кездеседі. Сібір бекіресінің екі тобы бар, бірі доғалтұмсықты, ал екіншісі үшкіртұмсықты.  Шығыс Сібір өзендерінде негізінен үшкіртұмсықты –хатыс атты дарақтары мекндейді. Ол өте баяу өсетін балық. Сібір бекіресі 60 жыл өмір сүреді, ең ірі деген дарақтарының ұзындығы 2 м , ал салмағы 180 кг жетеді. Кәсіптік дарақтарының орташа салмағы 10-20 кг құрайды. Сібір бекіресінің де жартылай өрістегіш және тұрғылықты секілді екі формасы болады.  Жыныстық қаблетке 15-20 жас шамасында жетеді. Аталықтары аналықтарына қарағанда 3-5 жыл бұрын жетіледі.Уылдрық шашуға көлдерден өзендерге өтеді. Желімді уылдырықтарын өзендердің тасты табаныныа шашады. Өсімталдылығы орташа. Әр жердегі бекірелерінің уылдырық саны әртүрлі. Мысалы: Енисей бекірелері 80 - 250 мың дана, Байкал бекіресі 200-800 мың дана, Обь бекіресі 170-180 мың дана уылдырық шашады. Уылдырықтарын жалдар аралатып шашады. Жас шабақтары  су түбінде тіршілік ететін организмдермен қоректенсе, ересектері майда балықтармен азықтанады. Сібір бекресі сібір сүйірігімен еркін шағылысқа түсіп гибридтік ұрпақтарды береді. Қазақстанның  Шығыс Қазақстан суларында кездеседі. Бірақ та, соңғы жылдары олардың саны күрт төмендеп кетті.

Пілмай  – шип – A. nudiventris  Lovetzky. Ерекшелігі: астыңғы ернінің жырығы жоқ, тұмсығы ұзындау, алдыңғы қоңызшасы басқаларынан ең ірісі, бүйірінде 50 ден астам қоңызшалары орналасқан. Негізгі мекендері : Каспий , Қара, Арал, Азов теңіздері. 70 жылдары Балхаш көліне жерсіндіу үшін жіберген.  Пілмай  өрістегіш балықтар. Ең көп тараған жері Каспий теңізі. Уылдырықтарын шашуға негізінен Жайыққа өтеді, шамалы бөлігі Кура және Еділ өзендеріне шығады.   Арал пілмайы уылдырығын шашу үшін Сырдәрия және Амудәрия өзендеріне өтеді. Өмірлерінің ұзақтығы шамамен 30 жыл. Бойының ұзындығы 2 м жететін балық.  Жыныстық қаблетке 12-14 жасында жетеді. Өсімталдығы  200-1300 мың дана уылдырыққа  жетеді. Арал пілмайымен салыстырғанда каспий пілмайының өсімталдығы біршама жоғары. Каспий теңізінде пілмайдың күздік және жаздық нәсілдері болса , Аралда тек күздік нәсілі кездеседі. Негізгі қорегі майда балықтар мен былқылдақ денелілер.

Информация о работе Жеке ихтиология