Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Кумжаның бірнеше түршелері  бар, олар: қаратеңіз – Salmo trutta labrax Pall., арал – Salma trutta aralensis Berg., және каспий – caspius Kessler  албырттары.

Каспий албырты ұрық шашу үшін Терек, Кура, Аракс, Еділ өзендеріне, ал   Арал албырты Амудария өзеніне шығады. Тұщы суда тіршілік ететін  кумжалардың – бахтах - (форель) деп атайды. Олардың екі түршелері болады, бірі көл бахтахы – S. trutta morpha lacustris L., екіншісі - өзен бахтахы – S. t. мorfa fario L.

К ө л   б а х т а ғ ы - өзерная форель – Salmo trutta m. Lacustris мөлдір, таза, салқын сулы көлдерде мекендейді. Ұрықтарын шашу үшін ағысы қатты, сарқырамалары бар, суын сол көлге құйатын өзндерге шығады. Кумжаға қрағанда майдалау келеді. Сонда да, салмағы 8-10 кг болатын дарақтары да кезедседі. Уылдырықтарын шашар кезде денесінің түсі кум жаға ұқсап кетеді. Осы мезгілде аналықтарының  ақбоз түсті денесі қара сұр болып өзгереді, ал аталықтарының денесінде сарғыштау жолақтары мен  қызғылт түсті теңбілдері пйда болады, сонымен қатар арқа жүзбе қанатының түсі қошқылдана түседі, ал құрсақ қанаттары ашық - қызы түске боялады. Таралу аймағы: Ресейдің солтүстік-батысында орналасқан көлдер, Швеция, Финляндия, Норвегия көлдері. Сонымен қатар, Қара  және Каспий теңіздерінің бахтахтары көл бахтахатры популяциясын қалыптастырады. Славения, Албания көлдерінде мекендейтін бахтахтар ек түршеге бөлінеді: бірі – летница (Salmo  letnica), салмағы 10 кг жететін ірі балықтар, ал екіншісі- бельвица (Salmo thymus jchridanus), летницаға қарағанда майдалу блықтар. Екі түршенің жас шабақтары , бір-біріне өте ұқсас келеді.

К ә д м г і   б а х т а х – ручьева или обыкновенная форель – Salmo trutta morpha fario. Бұл балықтар, әдетте салмағы 200-500 г, денесінің ұзындығы 25-35 см болатын, денесінің түсі құбылып тұратын, әсем балықтар. Олар негізінен майда шаянтәрізділермен қоректенеді. Жерсіндіруге өте қолайлы балық.

 Таралуы: Марокко,  Тунис, Испания, Франция, италия, кіші Азия, Амудария,   Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның өзендері. Кәсіптік маңызы жоқ.  Бірақта қазіргі кезде Ресей мен тағыда басқа елдерде бахтахтарды тоғандарда өсіретін шаруашылықтар көптеп есептелінеді. Қазақстанда бахтах балық шаруашылықтары Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл обыстарында бар.

И ш х а  н – немесе севан бахтағы- (армян  тілінде «князь»)- Salmo ischchan Kessler. Арменияның Севан көлінде мекендейді, Қырғызстанның Ыссық көлінде жерсіндірілген. Ұзындығы 75 см , салмағы 300-500 г болатын салқын суда мекендейтін балық.  Севан бахтағының уылдырықтарын шашу жағдайына байланысты 5 формасы белгілі: өзен - алабалығы, өрістегіш -гегаркуни, көлдік ергежейлі боджак,  жартылай өрістеуші жаздық бахтах,  қысқы бахтақ, немесе көлдік ірі бахтах.

Ишхандардың үстіңгі жақсүйегі көзінің артқы жағыны дейін жетпейді. Қарнында 50-90 ға дейін қосалқылары бар.  Ұрық шашу кезінде аналықтарының денесінің сырты күміс түсті, қара теңбілдерінің сан аздау болады. Аталықтарының ұрық шашу кезінде  денесі қара қошқыл, жүзбе қанаттары қою қара болып өзгереді және бүйірінде 2-3 қызыл теңбілдер пайда болады. Ишхандар уылдырықтарын  мекендейтін көлінің  0,5-0,3 м тереңдігінде, майда тасты табаны бар жерлеріне шашады.

Славенияның Охрида көлінде  бахтахтың – Salmo letnica Karaman түршесі бірнеше экологиялық топтарын құрайды. Тының мұхиты су алабында албырттар туысының-  камчатка ақсеркесі- Salmo  penshinensis Pall. және микиж -   Salmo mykiss Walb. мекендейді. Осы екі түр жақын туыс, тіпті бір түрге жататын балықтар деген болжам бар.

Қ ұ б ы  л м а л ы  б а х т  а х – радужная форель –Salmo giardner iridus Gib. Тауарлы балықтардың ең бағалы түрі деп айтуға болады. Әдетте денесінің ұзындығы  70 см дейін жетеді. Денесіндегі бүйір сызығынан  төмен  жағында  сызықша және нүкте тәрізді қара теңбілдері бар. Қара теңбілдері, арқа және құрсақ  жүзбе қанаттарында да болады. Табиғи жағдайда  Сотүстік Американың  тұщы суларын мекендейді. Көп жерлерде тоған шаруашылықтарында өсіреді. Еті өте бағалы балық. Біздің елімізде Алматы, Оңтүстік облыстары тоған шаруашылықтарында өсіріледі.

 

Тынық мұхит  албырттары туысы – род тихоокеанские лососи – Oncorhynchus

 

Бұл туыстыққы жататын балықтардың ауыздары тісті және кішігірім болып келеді. Атлантика албырттарына қарағанда тынықмұхит албырттарының анальді жүзбе қанаттары ұзындау болып келген және  олардың сәулелерінің (шыбықтарының)саны 10-нан  кем болмайды.

Таралуы: Тынық мұхитының  солтүстік аймақтары. Өрістегіш  балықтар. Кейбір түрлері тұщы суға бейімделген, сондықтан, олар тұщы суды тұрақты мекені етеді.

Көбею мезгілі: жаз, кұз ,кейбір түрлерінікі қыс айлары. Уылдырықтарын су табанындағы тастарға шашады. Сондықтан олар, көбею жағдайына байланысты литофилдер қатарына жатады. Уылдырық шашар алдында аналықтары құйрығымен су табанындағы тастарыды сырп шұңқыр жасайды, содан соң уылдырығын сол шұңқырғы шашып үстін майда тастармен, құммен бастырып жауып қояды. Уылдырық шаып болған соң аналықтары мен аталықтары түгелдей қырылады. Құныс балықтар (горбуша) мен кеталардың (қызыл балық) жас ұрпқтары сол жылы қайтадан теңіөзге өтеді, ал қалған түрлерінің шабақтары өзенде қалып өскенен соң теңізге түседі.

Тынық мұхит албырттары туысының құрамына  6 түр кіреді.: құныс балық (горбуша), кета (қызыл балық), чавыча,  кижуч, нерка, немесе красная және сима. Кәсіптік маңыздары өте жоғары. Олардың етімен қатар қызыл уылдырықтары өте құнды азық түрі болып саналады. Жылына 400 мың тоннадан астам балық ауланады.

К е т а – O. keta (Walbaum). Тынық мұхитының суларында кең тараған балық түрі.

Негізгі морфологиялық  ерекшеліктері: пилорлық қосалқыларының саны 185 ке дейін,  желбезек сағақтарының саны 19-25, желбезек сәулелері 12-15, теңізде мекендейтіндерінің дене түсі ақбоз, ешқандай жолақтары мен теңбілдері болмайды. Өзенге өткен кезінде олардың түсі өзгереді. Түсі сарғыштанып және қызығылт жолақтары пайда болып өзгереді. Ал уылдырық шашу кезінде денесінің түсі қара қошқыл болып өзгереді.  Тістері ұзарып, еттері майсызданадып босаңсиды. Өзенге 3-5 жасында өтеді.

Таралуы: Тынық мұхитының  жағалаулары. Уылдырықтарын шашуға Лена, Колыма, Индигарка және Яна өзендеріне өтеді.

Кеталардың екі топтары  бар: бірі – уылдырықтарын шашуға шілденің басында шығатын жаздық тобы және өзендерге тамыз айында шығатын күздік топтары.

Кеталардың уылдырықтары ірі болып келеді, орташа диамерті 6,5-9,1 мм шамасында болады. Уылдырықтарын өзеннің таза мөлдір суы бар, ағысы жылдам жерінде тасты табанында жасаған ұзындығы 2-3 м және ені 1,5-2 м болатын шұқырға шашады. Негізіне , ұрық шашу түнгі уақытта өтеді. Ұрықтарының дамуы судың температурасы 100 С болған жағдайда 50-60 тәуілікке созылады, ал судың температурасы одан салқын блса ұрықтың дамуы 130 тәуілікке дейін созылуы мүмкін. Өнімділігі 4000 дана уылдырық.  Жас шабақтары, көктемде жарылып шығысымен   судың ағысымен теңізге өтеді.

Қ ұ н ы  с  б а л ы қ  - горбуша  – O. Gorbucha ( Walbum). Қабыршақтары ұсақ, дене ұзындығы 68 см, салмағы 3 кг болатын балық. Пилорлық қосалқысының саны 120-140 шамасында.  Бүйір сызығанда  170 ке жуық көлденең орналасқан қатарлары болады.

Таралуы: Тынық мұхитының  солтүтік  аймағы, сонымен қатар, Солтүстік мұзды мұхитта, Баренц және Ақ  теңізіндерде сирек болсада кездеседі.

Құныс балықтар  басқаларға қарғанда майдалау, тез өсетін албырттар. Жыныстық қабілетке 2 жасында жететін өрістегіш балық.  Олар уылдырықтарын шашу үшін өзенге аса жоғары көтерілмейді. Ұрықтарын шашу үшін маусым-тамыз – қыркүйек  айлары аралығында шығады. Уылдырықтарын өзеннің ағысы қатты (ағыстың жылдамдығы 30-100 см/с), суы таза, табаны тасты жеріне шашады.  Уылдырықтарын 2-3 тәуілік бойы бөліп шашады. Өсімталдылығы 1,5 мың дана уылдырық. Ұрықтарының даму мерзімі судың температурасына байланысты әртүрлі. Сондықтан, Оңтүстік Сахалинде 45-90 , камчаткада 110-130 тәуілік болуы мүмкін. Кәсіптік маңызы өте жоғары. Еті мен уылдырықтары өте құнарлы. Оларды өзендерге өтер кезде аулайды.

Н е р к  а, немесе қ ы з ы л  балық , - O.nerca (Walbaum). Желбезек сағақтарының саны 31-40, пилорлық қосалқылары шамамен 75-95 болады. Бүйірінің түсі ақбоз, арқасы қошқыл қара.  Ұрық шашарда  басы жасыл, арқасы мен бүйірлері ашық қызыл болып өзгереді.

Таралуы: Тынық мұхитының  солтүстік жағалау сулары.  Жапон  теңізінде  кездеспейді.

Өрістегіш балық. Азиялық үйірлері Камчатка  суларында ұрық шашды.  Денесінің ұзындығы 80 см, салмағы 5 кг. Әдетте дене ұзындығы 56-67см, салмағы 2-3,5 кг – ға дейін жетуі мүмкін. Жыныстық жетілуі  өсу жағдайына байланысты 3-8 жыл, көбіне 4-5 жыл болады.. Өзенде тіршілік ететін топтары да бар. Олар баяу өсіп жетіледі.

Ұрық шашу үшін өзендерге мамыр айының соңына таман шығады, және ұзақтығы 3 айға дейін созылады.

Уылдырықтарының саны небәрі 1,6 - 6,4 мың дана болса, ал ергежейлері тіпті 500 – ге жетер жетпес уылдырық шашады. Дернәсілдері қыстың ортасында жарылып шығады да. Шабақтары сол шыққан ұясында жатып тек көктемде су қабатына өтеді. Шабақтары өзеннің тұщы суында бірнеше аптадан 4 жасқа дейін өмір сүреді. Теңізге өткен ересектері теңіз суында не бары 1-4 жылға дейін  болады. Негізгі қоректері шаянтәрізділер. Кәсіптік маңызы өте жоғары.

Ч а в ы  ч а – чавыча – O.Tschawytscha ( Walbaum). Тынық мұхитының солтүстік бөлігндегі суларда тіршілік етеді. Мұхиттың Азия  жағалауларында тіршілік ететіндері Анадырь, Амур өзендеріне шығып ұрық шашады.

Чавычалар албырттардың ішіндегі ең ірілері десе болады. Олардың ұзындығы 1 м, салмағы 20-25 (57) кг болуы мүмкін. Жалпыламай алғанда олардың салмағы орташа 8,5 кг құрайды.

Аналықтары жыныстық жағдайға 3-7 жас аралықтарында жетеді, (көбіне 4-5 жас). Бүйір сызығынан жоғары тұсында майда қара дақтары болады. Пилорлық қосалқыларының саны 140-185, ал желбезек сағақтары 23-27 дана. Уылдырықтарының саны 4,2 -  20 мыңға дейін.

Уылдырықтарын шашу үшін үлкен өзендерге өтеді. Камчатка өзеніне ұрық шашу үшін олар, мамыр айының ортасында өте бастайды. Жаппай уылдырық шашу мезгілі маусым айы. Қайсы бірінің ұрық шашу мезгілі қырқүйекке дейн созылады. Уылдырықтарын судың тереңдігі 0,5-2 м болатын су табанына шашады. Ұяларында жатқан шабақтары ұядан шығысымен теңізге өтеді, сондада кейбіреулері сол өзенде 1-2 жыл тоқтап біраз өскенсоң барып теңізге өтеді. Негізгі қоректері майда балықтар.

К и ж у  ч – O. kisutsch ( Brevoort). Кижучтер таралуы жағынан кижучтерге ұқсас келеді. Негізінен Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде, әсіресе Америка жағалауында  жиі кездеседі. Ұзындығы 88 см –ге дейін жететін, 6,5-6,8 кг болатын (орташа  ұзындығы 60 см шамасында, салмағы 3-3,5 кг) салқын суда тіршілік ететін балық.

Кижучтердің екі тобыры бар: бірі өрістеуші , ал екіншісі тұрғылықты. Жыныстық қабілетке 3-4 жасында жетеді. Орташа өсімталдығы 4,4-5,3  мың дана уылдырық. Ұрықтарын шашуға басқа албырттарға қарағанда кешірек шығады. Мысалы, Камчатка өзеніне ұрық шашу үшін маусымның ортасында өтіп ұрықтарын қыркүйек тен қаңтарға дейін, ал қайсы бір дарақтары тіпті наурыз айына деін шашады. Көбеюі өзендердің жоғарғы суы таза, салқын арналарында өтеді. Сондықтан болар, ұрықтарын шашатын  орындары жерасты суы шығатын қайнарларға  жақын орналасады. Сол жылы өмірге келген ұрпақтары  өзенде 1-2 жыл аялдап қалады, содан соң теңізге қоныс аударады. Жас шабақтардың бір бөлігі сол өзенінде  есейіп кейін теңзге өтеді. Теңізде не бары 1 жыл шамасында өмір сүріп ұрық шашу үшін қайтадын өзі туған өзеніне қоныс аударды. Өзенде өмір сүген уақтында нгенгізгі қорек көзі: балықтардың уылдырықтары, ұсақ балықтар, насекомдар болса, теңізде негізінен ұсақ балықтармен қоректенеді.

С и м а, немесе  м а з у – O. masu ( Brevoort). Анльді жүзбе қанаты ойық пішінді.  Арқасында майда қара теңбілдері болады. Пилорлық қосалқыларының саны 35—76. Желбезек сағақтары 18—22 дана. Бұл балық түрлері Тынық мұхитының солтүстік –батыс бөлігінде мекендейді. Әсіресе Жапон жағалауларында жиі кездеседі. Сималар албырттарың ішіндегі жылы суда тіршілік ететін балық түрі. Олар  өрістегіш және тұрғылықты формаларды құрайды. Дене ұзындығы 71 см, салмағы  9 кг болады. 6-7 жасында қабілеттік жағдайға жетеді. Өсімталдығы  не бары 0,7-4,9 мың дана уылдырық. Ұрық шашуға басқа  албырттарға қарағанда кешірек шығып ұрықтарын қыркүйек наурыз айлары аралығында мұз ерімей жатып шашды.  Жас шабақтары  теңізге 1-2 жылдан соң өтеді. Сималар өрістеуші балық бола тұра тұрғылықты жағдайға тез ауысып кететін  жағымды қасиеттері бар балық.

Талма балық, немесе Голецтер туысы – Salvelinus. Ауызы үлкен және тісті. Қабыршақтары өте майда. Денесінде ашық түсті теңбілдері бар. Өре сүйегі қысқа. Өре сүйегіндегі және  таңдайындағы тістері бейберекет орналасқан. Анальді жүзбе қанаты қысқа. Таралу аумағы – Солтүстік Мұзды және Тынық мұхит сулары. Талма балықтар өте бейімді болып келеді. Сондықтан болар, олар, өрістеу жағдайынан тұрғылықты  өмір сүруге тез арада ауыса алады. Талма балықтар үш эклолгиялық топты құрайды: арктикалық талма балықтар, кунджа және американдық талма балықтар. Кәсіптік маңызы жоғары. Дүние жүзінде жылына 3,5 мың тонна балық ауланады (2009).

А р к т  и к а  та л м а  ба л  ы ғы – арктический голец – Salvelinus alpinus (L.). Денесінде ашық түсті теңбілдері болады, үстіңгі жақ сүйегі енсіз және ұзындау болып келген. Олар өрістеуші, көлде мекендейтін  және көл-өзнде мекендейтін топтарды құрайды. Таралуы: Солтүстік-Мұзды  және Тынық мұхит сулары. Тынық мұхитында мекендейтіндерін мальма деп атайды.

Өрістеуші талмалар-  денесінің ұзындығы 90 см – ге жететін ірі балқ Күздің соңы мен  қыстың басына қарай, ұрық шар алдында олар күйет кейіпін киіп түрі мен түсі өзгереді. Талмалардың екі расасы бар: бірі жаздық екіншсі күздік. Аналықтары шашқан уылдырықтарын су табанынадағы тастармен көміп қояды да  бірер уақыт өзі қорып тұрады. Жыныстық қаблеттілікке 4-6 жасында жетеді. Ұрықтарын жыл аралатып шашады. Жас шабақтары тұщы суда 2-4 жыл  өмір сүріп содан кейін теңізге өрістеп қоныс аударады. Өсімталдығы шамамен 3,5 мың дана уылдырық. Талмалар жыртқыштар  қатарына жатады.  Кәсіптік маңызы шамалы.  Көл-өзенде тіршілік ететін талмалар  басқаларға қарағанда ұсақтау келеді. Жайылымы ретінде көлдерді пайдаланады, ал ұрықтарын шашу үшін өзенднрге өтеді. Өмір тіршілігі көлде өтетін таламалар өмір бойы көлдерді мекендеп сол жерде көбейеді. Көлдегі талмаларды ихтиологтар жеке түр ретінде қарастырып оны палия– Salvelinus lepchini (Gamal.) деп атайды.

Информация о работе Жеке ихтиология