Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Палияның түсі, талмаға  қарағанда,  қара қошқылдау болып келеді. Ладога мен Онега көлдерінде мекендейтін палияларды  екі экологиялық топтарға бөледі: дудога, немесе қызыл және кряжды, немесе сұр түсті.

Көл талмаларының көптеген формаларын жергілікті жерлерде  ерекше түрше ретінде қарастырады, мысалы даватчан, немесе қызыл балық Байкал көлінде мекендейді, ал Таймыр шығанағында оларды Дрягин талмасы деп атайды және   жеке түр ретінде  қарастырады.

К у н д ж а – Salvelinus leucomaenis (Pallas). Өрістешгіш балық. Денесіндегі ақ теңбілдірі үлкен болады.  Тынық мұхиты су  алаптарында таралған. Денесінің ұзындығы 70 см жететін, жыртқыш балық. Ұрықтарын маусым – қыркүйек айлары аралығында шашады.

А м е р и к а  л ы қ   т а л м а  – S.fontinalis Mitchel. Жалпы талмаларға ұқсас келеді. Өрістегіш, көл-өзен және бұлақ формаларын қалыптастырады. Қолда өсіруге бейімділігі өте жоғары.

Еліміздің су алаптарында талмалардың бірнеше түршелері кездеседі. Мысалы,   Каспий  тіңізі су алабында – мұртты талма- B.barbatula (L).,  арал теңізі және  Балхаш-Іле және Алакөл көлдерінде -біртүсті губач B.labiata (Kessler), Ертіс өзенінде - B.toni (Dubovsky)., Арла теңізі су алаптарында Кушакевич талмалары- N. Kuschfkewitschi секілді түршелері кездеседі.

 

Т а й м  е н  т у ы с ы –род таймени – Hucho.

 

Негізгі биологиялық белгілері: ауызы тісті және үлкен. Қабыршақтары майда. Денесінде Х тәрізді  теңбілі бар.  Басының төбесі жалпақ, өресі  қысқа және енді, өресінің тістер  таңдай сүйегінің тістерімен қосылып доға тәрізді біртұтас жолақты қалыптастырады.

  Таралуы: Европа және Азия  өзендері. Қазіргі кезде 4 түрі кездеседі.

Д у н а й  а л  б ы р т ы, немесе таймен, - Hucho hucho (L). Дунай өзені алабының суларында мекендейді.  Ұзындығы 1,5 м жететін ірі балық.  Ұрықтарын көктем айларында шашады.

 

К ә д м г і  таймен – Hucho taimen ( Hall.). Сібірдің көлдері мен өзендерінді, сондай ақ  Амур, Печера , Вятка , Кама өзендерінде кездеседі. Қазақстанда  кәдімгі таймен Ертіс өзенін мекендейді. Әдетте таймендер суы таза, ағысы қатты, суы салқын көлдер мен өзендерде мекендейді.-6 жасында пәсіп жетіледі. Ұрықтарын көктем айларында табаны майда тасты болып келген кішігірім өзендерге шашады№ Өсңмталдығы 10-30-4 мың дана уылдырық. Ұрықтарын шашып болысымен таймендер қоңдылығын көтеру үшін қарқанды түрде қоректенеді. Жаз айларында қоректенбейді.  Ал күзде қайтадан белсенді түрде қоректеніп, қыс айларында  қоректенуін тоқтатады. Тайменде жемсау жыртқыштар. Негізгі қорегі балықтар , алайда олар су бақаларын, ұсақ сүтқоректілерді, су құстарын, судағы омыртқасыздарды, сырттағы насекомдарды да азық ретінде пайдаланады.

Кәсіптік маңызы төмен. Көбіне әуесқой балықшылар аулайды.

Снымен  қатар таймендердің  сахалин таймені, немесе чевица- hucho perryi (Brev), корея таймені – H. Ischikawai Mori секілді түрлері кездеседі.

Л е н о к, нмесе  м а й қ а н туысы – Brachymystax. Л е н о к, немесе  м а й қ а н – B. Lenok ( Pall.) осы туысқа жататын жалғыз түр. Ауызының үлкендігі орташа.  Үстіңгі жақ сүйегі қысқа. Көздері үлкен.  Денесінде ірі қара теңбілдері болады. Өре сүйегі қысқа және жалпақ. Өре сүйегінің тістері таңдай сүйектерінің тістерімен қосылып доға тәрізді жалпақ жолақты құрайды.

Майқандар Сібірдің өзен көлдерінде кең тараған балық  түрі. Азақстанда  Шығыс Қазақтандағы Марқакөлде, Ертіс өзенінде  кездеседі. Ағысы жылдам, салқын сулы  өзендер мен көлдерде кездееді. Ұзындығы 70 см, салмағы 6 кг – ға дейін жететін балық.  Мамыр- маусым айларында ұрық шашады. Аталықтары ұрықтарын шашып болған соң түгелімен қырылып қалады. Негізгі қорек көздеріне  майда балықтар мен қатар насекомдардың дернәсілдері, албырттардың уылдырықтары және су омыртқасыздары жатады. Кәсіптік маңызы жоқ, тек әуесқойлық балық аулауға пайдаланады.

А қ  б а л ы қ  туысы - белорыбица, немесе сылан ( нельма) – Stenoidus. Ауызы үлкен.  Тістері толық жетілмеген. Жоғарғы жақ сүйегі қысқа. Төменгі жақ сүйегі алға қарай шығыңқы. Қабыршақтары ірі. Бұл туысқа  жалғыз түр -   Stendous leucichthys (Guld) және ақбалық және сылан ( нельма) секілді екі түрше кіреді.

А қ б а  л ы қ – белорыбица – Stendous leucichthys (Guld). Ақбалықтардың басы мен ауызы үлкен болады. Желбезек сағақтарының саны 19-26 көбіне (22-23) болады.  Денесінің ұзындығы 1,2 м, салмағы 20 кг  дейін жетеді.  Таралу аймағы Каспий теңізінің су алабы. Сонымен қатар Ертіс өзеніндеде кездеседі. Белсенді жыртқыш. Өрістегіш балық.  Ұрық шашуға  Жайық  және Еділ өзендеріне  шығады. Уылдырықтарын   суы таза, ағысы қатты өзендердің  сарқырамаларына жақын жерлеріне шашады. Өсімталдылығы 115-406 мың дана уылдырық. Инкубацилық уақты 200 күнге жақын. Кәсіптік маңызы өте жоғары және құнды балықтар қатарына жатады. Қазіргі кезде бұл түрдің саны өте төмендеп кеткен. Сондықтан қазіргі кезде  бұл балық түрін қолдан өсіру жақсы жолға қойылған.

С ы л а  н , н е л ь м а - St. l.  nelma ( Pallas). Арқасы жасыл-сұр түсті. Желбезек сағақтарының саны  18-24 болады ( әдетте 20-21). Арқа жүзбе қанатында  16 сәуле шыбықтары болады. Денесінің ұындығы 1,4 м, салмағы 24 кг жетеді. Кейде салмағы 50 кг  болатын дарақтары да кездеседі. Жартылай өрістегіш балық ( өзеннен - өзеннің атырауына дейін, өзеннен – көлге).

Тарлу аймақтары: Солтүстік  Мұзды мұхит су алабы, Норильск, Кубен  көлдері. Қазақстанда, Зайсан көлінде  және Ертістің Шығыс Қазақстан бөлігінде  кездеседі. Сонымен қатар Сібірдің көлдері мен өзендерінде мекендейді. Ал Чукотканың Анадырь өзенінде сыланның байырғы түрі кездеседі. Көбею үшін қыркүйек- қазан айларында өзендердің жоғарғы бастауына дейін көтеріледі. Мысалы,  ұрық шашу үшін Обь өзені бойымен 3,5 мың км қашықтыққа дейін көтеріледі.  Уылдырықтарын, жыл сайын өзеннің майда тасты табанына шашады.  8-12 жасында есейіп, пісіп жетіледі. Өсімталдығы 125-325 мың дана уылдырық шамасында.  Негізгі қорегі  балықтар. Сондықтан олар нағыз жыртқыштар. Кәсіптік маңызы жоғары. Рессейде ең құнды балықтар қатарына жатады.

Ақсахалар туысы –род сиги – Coregonus. Кейбір ихтиологтар сигтерді бөлек тұқымдас ретінде қарастырады. Қазақстанда да сигтерді бөлек тұқымдас ретінде қарастырады.

Тұқымдас өкілеттеріне ортақ белгілер. Рқасында майлы жүзбе  қанаты болады. Арқа жүзбе қанатының  тікенекті шыбығы болмайды. Қабыршақтары ірі. Кейбір түрлерінің қабыршақтары оңай түсіп қалады. Тістері дамымаған.  Денесінің бүйірлері теңбілсіз және түсі боз. Жотасы  қара қошқыл, немесе  қошқыл сұр, немесе қара  көк болып келеді. Сигтердің өрістеуші, жартылай өрістеуші  және тұщы су топтары болады. Жыныстық деморфизм ерекшеленбейді. Осы тұқымдасқа жататындар бір - бірімен шағылысқа түсіп будандық формаларды қалыптастырады. Кәсіптік маңызы өте жоғары Қазақстанның Солтүстік ауданадрындағы  көлдерде, кезінде сигтердің  бір-екі түрі  жерсіндірілген болатын. Мысалы Зеренді, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Шортанды көлдеріне  ө.ғ. 60 жылдары европа көкшұбары (ряпушкасы), пелядь секілді түрлері жерсіріндірілген.

Сигтер туысына жататын  балықтар қоректену және ауыздарының  орналасуы жағдайына байланысты үш топқа бөлінеді: ауыздары жоғары орналасқан  (кәдімгі және сібір ряпушкесы – көкшұбары), ауызы соңына орналасқан (тугун, пелядь, түрке (омуль), ауызы төмен орналасқан ( чир, мұқсын (муксун),пыжьян, кәдімгі ақсаха (сиг)).

 

Ауызы жоғары орналасқан ақсахалар

 

Е в р о  п а   к ө к ш ұ б  а р ы (ряпушкасы)- Coregonus albula L. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Ауызы жоғарғы.  Арқа қанаты артқа қарай жақын орналасқан.  Бүйір сызығындағы қабыршақтарының саны 70-91.  Көздері үлкен, диаметрі  маңдай енінің 2/3 бөлігін құрайды. Денесі боз түсті, ал жотасы болса қара қошқыл. Денесінің ұзындығы  шамамен 40 см  болатын балық. Негізгі мекені өзендер, ал кейде  жартылай өрістеуші топтары да құрылады.2 жасында жетіліп ересек болады. Ұрық шашу кезеңі  таралу аймағына байланысты қыркүйектен желтоқсанға дейін жетеді.  Өсімталдығы  3-5 мың дана уылдырық.  Өмірінің ұзақтығы не бары 4-5 жыл. Кәсіптік маңызы жоғары. Советтер одағы кезінде Орал тауы, Көкшетау өңірлерінің  көлдеріне жіберіліп жерсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі кезде олар сол көлдерде өсіп көбейген. Қазақстан суларына жіберілген ақсахалардың түрін анықтау жұмыстары жүргізілуі қажет.

С б і р   к ө ш ұ б а р ы –  сибирская ряпушка – C. Sardinella Valenciennes. Ауызы жоғарғы. Арқа қанаты денесінің ортасында орналасқан. Бүйір сызығының саны  71-97 дана.  Желбезек сағақтарының саны 34-52. Таралуы: Солтүстік Мұзды мұхитының су алаптары.  Негізгі мекендері өзендердің төменгі атырау бөліктері. Денесінің ұзындығы 42 см., салмағы 500 г жетеді. Жыныстық қабілтке,  Обь өзенінде 3-5, ал Лена өзенінде 6-7 жасында жетеді. Ұрық шашуға көбіне маусым-қыркүйек айлары аралығында, ал  Лена өзеніне тамыз-қазан айларында шығады. Уылдырықтарын өзенднрдің құм араласқан тасы табанына шашады. Өсімталдылығы 7-28 мың дана уылдырық. Уылдырық шашып болысымен ата- аналық дарақтардың бір бөлігі қырылып қаласа тірілері қайтадан өзеннің атырауна қайтып оралады. Кәсіптік маңызы бар, әсіресе  Ресейдің Сібір өзндерінде.

 

Ауызы соңына таман орналасқан ақсахалар

 

Т у г у  н -  Corengous tugun (Pallas). Денесі аласа және көлденең кесіндіс бойынша жұмырлау, ұзындығы  шамамен 20 см болатын балық. Ауызы соңына қарай орналасқан. Өзен балығы . Алайда көлдердеде кездеседі. Таралуы Сібір өзендері.  2-3 жасында пісіп жетіледі. Ұрық шашуға күз айларында шығады. Уылдырықтарын табаны  майда тасты болып келетін, агысы қатты өзендерге шашады. Ұрықтарын жыл аралатып шашады. Өсімталдығы 3 мың уылдырық шамасында.  Негізгі қорегі зоопланктондар мен қатар сырттан суға түскен насекомдар.  Оларды ұрық шашуға шыққан кезде аулайды.

Т ү р к  е,  немесе омуль- Corengus  autumnalis ( Pallas). Желбезек сағақтары 35-51. Солтүстік Мұзды мұхты жағалау суларында тіршілік етеді. Уылдырықтарын шашуға  теңізден  өзендерге өтеді. Ұрықтану мерзімі шамамен 15 күн аралығында.  Уылдырықтарын жыл аралатып шашады. Өсімталдығы 20 мың уылдырық шамасында. Жыныстық қабілетке 5-10 жасында жетеді. Негізігі қоректеріне  планктонды шаянтәрізділер, бетосты организмдер, әуеде ұшып жүретін насекомдар, басқа балықтардың уылдырықтары т.б..

Б а й к а л   т ү р к е с і, немесе омулі- Cornegus  autumnalis migratorius (Georgi). Кәдімгі түркелерге қарағанда бұлардың көзі өте үлкен болады. Негізгі таралуы Байкал көлі. Ұзындығы 50 см және массасы 1,5 кг болатын балық. Байкал түркесі көлдер мен  өзендерде  өмір сүреді. Олардың ішіндегі балықтарды төрт расалық (нәсілдік) топқа бөледі: солтүстікбайкалдық, селенга, чивиркуйлік және посольская. Бұл топтарға кіретін балықтар бір бірнен өсу қарқандалағы,  ұрықтану орны,  жыныстық қабілетке жету кезі секілді ерекшеліктерімен  айқындалады. Ең тез жетілетін түріне  солтүстікбайкалдың дарақтары жатады. Ал, ең құнды, сапасы өте жоғары  топқа   селенга түркесінің ірі дарақтары жатады. Өсімталдығы  15-3 мың уылдырық. Ұрықтануға қыркүйек- қазан айларында өзендерге көтеріледі. Уылдырықтарын су табанына шашады. Ұрықтанып болған соң ересек дарақтарының бір бөлігі қырылып қалады. Ал тірі қалғандары қайтадан Байкал көліне оралады.  Жас ұрпақтары көктемеде уылдырықтан жарылып шығады.

Негізгі қорек түрлеріне  планктонды шаянтәрізділер,  жас шабақтар,  бентосты омыртқасыздар жатады. Қазіргі кезде Байкал түркесінің саны мен сапасы төмендеп кетті. Сондықтан оларды аулауға тиым салынған және санын көбейту мақсатында  оларды қолдан өсіру жақсы жолға қойылған.

П е л я  д ь, немесе пайда балық, сырок- Corengus peled (Dlemin). Денсі биік, желбезек сағақтарының саны 56-68,  Солтүстік Мұзды мұхит су алаптарында кең тараған балық түрі. Денесінің ұзындығы 50 см, салмағы 5 кг жететін балық. Табиғи жағдайда пайда балықтардың үш түршесі кездеседі олар:  өзен пайда балығы, көлде мекендейтін ірі пайда балығы және  көлде өсетін ергежей пайда балық.

Ұрық шашу кезеңі жылдың күз айларында өтеді. Ұрықтарын - көлдік түрлері  көлдерге, өзендік  түршелері өзендерге шашады. Өсімталдығы 3 мыңнан 105 мың дана уылдырық.  Жыныстық қабілетке 3-5 жасында жетеді.  Өмір жасының ұзақтығы 13-14 жыл шамасында. Пайда балықтардың кәсіптік маңызы жоғары болғандықтан казіргі кезде оларды  басқа өлкелердің суларына жерсіндіру жұмыстары жақсы қолға алынған. Мысал өткен ғасырдың 60 - шы жылдары Ресейден қазақстанның Солтүстік аймақтарындағы Зеренді, Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты секілді   көлдерге жіберілген.

 

Ауызы төмен  орналасқан Ақсахалар (Сигтер)

 

Ч и р, немесе щокур – Coregonus nasus (Pallas). Басы шағын.  Қыртұмсықты. Жоғарғы жақ сүйегі қысқа.  Желбезек сағақтары 25 тен аспайды.

Таралуы: Солтүстік Мұзды мұхит, Тынық мұхитының солтүстік-батыс су алаптары. Дене тұрқының ұзындығы 70 см, салмағы 3-5 кг болатын өзен-көлдерде өсетін балық.  Жайылымы көлдерде. Ұрықтарын қыркүйек –қараша айлары аралығында өзендерге, кейде көлдерге шашады. 6-7 жасында  өсіп жетіледі. Өсңмталдығы 13-135 мың дана уылдырық.  Негізігі қорек ретінде бентосты организмдерді пайдаланады (хирономидтер, дернәсілдер,  былқылдақ денеліліер, гаммаридтер т.б.).  Өмірінң ұзақтығы 15 жыл шамасында. Кәсіптік маңызы өте жоғары. Сібірдің ең құнды балықтарына жатады .

Қазақстанда пайда балықтар Ертіс өзені алабтарына қатысты  судһларда мекендейді. Соңғы жылдары бұл балықтың саны мен сапасы жылдан жылға төмендегені байқалады.

М ұ қ с ы н- муксун- Coregonus muksun (Pallas). Мұқсынның тұмсығының үсті жалпқтау болып келген.  Аызы төмен орналасқан. Қабыршақтары  ірі және тығыз орналасқан.  Желбезек сағақтарының саны  42-72. Бентофаг. Олардың, тек қана көлде мекендейтін және  жартылай өрістегіш топтары бар.  Дене тұрқы 80 см, салмағы 1-2 кг, ірі дарақтарының салмағы 12 кг  болатын балық.  Көбею мезгілі  қазан- қараша айлары.  Ұрықтарын өзеннің кішігірім сарқырамаларының  тасты табанына шашады. Уылдырық асны 29-125 мың дана.  Ұрықтарын жыл аралатып шашады.  Жыныстық қабілетке 6-12 жасында жетеді.  20 жылға жуық өмір сүреді.  Дернәсілдері көктемде жарыққа шығып кішкене өскен соң шабақтары өзеннің төменгі ағысына қоныс аударады. Мұқсындар, Сібір өзен - көлдерінің құнды балықтары болып саналады.

У с с у р и й, немесе а м у р, а қ с а х а с ы – C. ussuriensis Berg. Ауызы соңына қарай орналасқан. Үстіңгі жақ сүйегі астыңғысына қарағанда аз ғана алға қарй шығынқы. Желбезек сағақтарының саны 25-31. Таралу аймағы: Суын Охот теңізіне құятын өзендер мен  Сахалин көлдері.  Денесінің ұзындығы 50 см болатын және өзн-көлдерде мекендейтін балық. Жыныстық жетілуіне 5-6 жасында жетеді. Ұрықтарын күз айларында шашады. Негізгі қоректік азықтарына - насекомдардың дернәсілдері, былқылдақ денелілер мен майда шабақтар жатады. Жергілікті кәсіптік маңызы бар.

Информация о работе Жеке ихтиология