Жеке ихтиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:29, курс лекций

Краткое описание

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп - морфологиялық белгілері ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке ихтиология дәріс.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

II  Бөлім  

 

 ЖЕКЕ  ИХТИОЛОГИЯ

 

Жеке ихтиологияға кіріспе

 

Жануарлар әлемінің барлық алуан түрлері және оның ішінде, балықтар әлемі көптеген түрлерден тұрады, олардың әрқайсысы жануарлар жүйелігінің негізі болып саналады. Түр деп -  морфологиялық белгілері  ұқсас және сол ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беретін және белгілі бір географиялық аймақта тіршілік ететін жануарлар дарақтарын айтады. Бір түрге жататын дарақтар бір - бірімен шғылысқа түсіп ұрпақ береді. Сонымен қатар бір түрге жататын дарақтардың морфологиялық құрылымы бірқалыпты сақталуымен сипатталады. Мысалы:  алабұғаның - Perca fluvitalis L атты түрі және басқада балықтардың түрлері мыңдаған жылдар бойы тіршілік етіп келгеніне қарамастан морфологиялық ерекшеліктері еш бір өзгеріске тап болған жоқ.

Алайда, табиғи сұрыптаудың әсерінен және тіршілік ортасының өзгеруіне байланысты  жаңа түрлердің пайда болуы мүмкін.  Себебі, оқшаулануға байланысты популяцияның құрамындағы дарақтар бір-бірімен  будандаса алмайды. Осының салдарынан генетикалық материалдардың алмасуына кедергі жасалып, бастапқы буданнан өзгеше белгі-қасиеттері бар дарақтар түзіледі. Олар табиғи сұрыптаудан  өтіп, бара-бара жаңа түрге айналады. Мысалы, қазіргі замандағы кистеперлер (латимерия) теңізде тіршілік етеді, ал оның жойылып кеткен, көне замандағы арғы тегі  жаз айларында кеуіп, тартылып кететін кішігірім тұщы су қоймаларнда тіршілік еткен. Соған байланысты олардың өкпе қызыметін атқаратын хоанасы мен торсылдақтары болған. Жылдар өтіп олар теңізде тіршілік ете бастап жаңа түрді қалыптастырды. Соның айғағы, қазіргі заман латимерияларының хоаналары болмайды, сонымен қатар теңіз суында тіршілік етуіне байланысты олардың торсылдағы өкпе қызыметін атқармайды.

 Сонымен қатар, бір түрге  жататын жануарлардың арасында, бір популяция аумағында,  морфологиялық белгілерімен ерекшеленетін топтың қалыптасуы мүмкін. Мысалы, кәдімгі алабұға – Perka flavecens L мен балқаш алабұғасының –P.schrenci Kessler ерекшелігі. Балқаш алабұғасының арқа жүзу қагнатының қара түсті теңбілі болса кәдімгі алабұғада ондай теңбіл жоқ. Сол ерекшелігіне байланысты балқаш алабұғасы осы туыстыққа жататын жаңа популяцияны қалыптасытрады. Сондықтан, бір түрге жататын балықтар өздерінің тіршілік ететін географиялық және экологиялық жағдайына байланысты түр тармақтарын (түршені) қалыптастырады. Мысалы, кәдімгі теңге балық (пескарь) – Gobio gobio (L.),  таралу аймағына байланысты бірнеше түршені қалыптастырған:  түркістан теңге балығы (G.g.lepidolaemus), ыстықкөл теңге балығы (G.g.latus) жәнеде т.б.. Аталған түршелердің тіршілік ету ортасының экологиялық  жағдайына байланысты сол қоршаған ортаға бейімдік морфологиялық ерекшеліктері байқалады. Сонымен, ағысы қатты өзендерде тіршілік ететін теңге балықтарының тамағының асты қабыршақты (түркістан теңге балығы), ал  ағысы жоқ көл суында мекендейтіндерінің тамағы жалаңаш болады (ыссықкөл теңге балығы). Әдетте, түр ішіндегі өзгерістерді жаңа түр деп бөлуге болмайды, себебі, ол өзгерістерді сол түрге жататын балықтардың тек қоршаған ортаға бейімділігі деп түсіну қажет.

Түр – латын тілінде биноминальді, яғни екі сөзден құралып айтылады. Алғашқы сөз туыстықты, ал екіншісі түрді көрсетеді. Мысалы, балқаш алабұғасы – Perca schrenci Kessler. Бұл жерде, үшінші сөз сол түрді алғашқы болып анықтаған автордың аты аталған, Gobio gobio Linne (L) – кәдімгі теңге балық оны алғашқы анықтап ату берген швед биологі К.Линней.

Түрше - subspecies – түр ішіндегі ерекшелігіне байланысты -  үшноминалды болып белгіленеді. Мысалы,  Clupea harengus membras L- балтық май шабағы немесе салка.

Балық түрлері мен түршелерінің атаулары олардың түсі мен тіршілік тынысын, мінезін немесе морфологиялық сырт белгілерін сипаттайды. Кейде, сол түрді алғашқы тауып атаған автордың аты мен атайды. Мысалы, арктикалық треска латын тілінде – Arctogabus borisovi деп аталған бұл атау сол түрді алғашқы болып анықтаған белгілі Советтер Одағының ихтиологы П.Г.Борисовтың есімімен байланысты.

Халықаралық тәжрибеде түрдің атауы  К.Линнейдің 1758 жылы жарық көрген Sistema Naturale ғылыми еңбегінің Х томында берілген атаулар сақталынған.

Тайпа (племя) - (patio) – деп түршенің екінші қатардағы дарақтарын атайды. Тайпаның құрамына нақты бір аймақта тіршілік ететін түршелер тобының дарақтары кіреді. Сонымен қатар ихтиологияда «морфа» «morpha» деген биологиялық түсінік бар. Морфа топтамасына кіретін балытардың нақты тіршілік ететін мекені болмайды, олар негізгі топ арасында да кездесе береді және олардың морфологиялық белгілері тұрақсыз болғандықтан қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Осындай қасиеттерінің арқасында  морфалар негізгі түр қауымдастығын қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан «морфаларды» түрдің негізгі атауына қосымша «morpha» жалғауын қосады. Мысалы, латын тілінде өзен бахтағы (ручьевая форель) былайша жазылады – Salmo trutta morpha fario L. Ихтиология ілімінде, балықтар жүйелігінде олардың аталуында, басқа жануарлаға қарағанда, айтарлықтай өзгешіліктері бар. Мысалы,  жүйелік бірлікте отрядқа дейін балықтардың аталуы алғашқы туыстың атымен аталып оларға жалғаулар қосылады. Тұқымдас астына қослатын жалғаулар – ini немесе –inae,  мысалы, Cyprininae – сазан тәрізді (сазаноподобные),  тұқымдастарға – idea, мысалы, Cyprinidae – тұқылар ( карповые), отряд астына – oidei, мысалы Сyprinoidei – тұқысекілді (карповидные), отрядқа – formes, мысалы Cypriniformes – тұқыбейнелі ( карпообразные). Отрядтан жоғары тұрған жүйелік категориялардың  нақты жалғаулары болмайды.

 Теңіз және тұщы  су ихтиофаунасы алуан түрлі  болады. 40 мыңнан астам омыртқалылардың  20 мыңнан астамы балықтар түрлерінің  үлесене тиеді. Сол 20 мың түрлі балықтадың тіршілік ету мекндерінің экологиялық жағдайы әртүрлі және сол биотопта мекендейтін балықтар  сол тіршілік ортасының жағдайына бейімделген.

Жануарларды ұқсастық қасиеттеріне, туыстық жағдайларына байланысты топтастыруды зоологиялық классификация немесе жіктеу деп түсіну керек (Майер).

Ихтиологияда, балықтар түрінің алуантүрлілігіне және палеонтологиялық материалдалдардың жеткіліксіздігіне байланысты оларды дұрыс жіктеу кезінде көптеген қыйыншылық туғызады. Сол себептен, балықтардың жүйелік дәрежесін анықтау кезінде көптеген зерттеушілердің ойларында, көзқарастарында қарама-қайшылық байқалады.

1940 жылы Л.С.Берг өзінің  « Система рыбообразных и рыб,  ныне живущих и ископаемых»  атты ғылыми еңбегі жарық көрді.  Ол балықтәрізділер мен балықтардың  барлық түрлерін 7 класқа топтастырған. Ал қазіргі кезде барлық балықтарды не бары 4 классқа бөліп топтастырған: тақтажелбезектілер, бүтінбастылар, қостыныстылар және бүтінауыздылар. Ихтиологтар өз тәжрибелерінде Л.С. Бергтің қалыптастырған жүйелігін көп жылдар бойы қолданып келді. Кейінгі жылдары ихтиология ғылымының кең зерттелуінің арқасында балықтар морфолологиясы мен физиологиясы және экологиясы бойынша көптеген жаңа деректер жинақталды. Осы деректерге сүйене отырып балықтардың жүйелігі жетіле түсті.

1963 жылы  К.Мастурба, ал  кейінірек А.Ромер балықтар жүйелігінің  жаңа нұсқасын ұсынды олар  барлық балықтарды  шеміршекті және сүйекті деп тек екі классқа бөлді. Солармен қатар 1966 жылы американдық ихтиологтар:  Н.Гринвуд, Д.Розен, С.Вайцман, Г.Майер нағыз сүйекті балықтар жүйелігіне жаңа өзгерістерін енгізді.

Кеңестер Одағының ихтиологтары : Т.С.Расс, және Г.У. Линдберг 1971 жылы Л.С.Бергтің  жүйелігін негізге ала отырып, және жаңа деректерді ескеріп «Современные представления о естественной системе ныне живущих рыб» атты  ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды.

Студенттерге ұсынылып отырған мына оқу құралында балықтар жүйелігі Л.С.Бергтің  нұсқауы бойынша  берілген.

Қазіргі заманда,  Әлемде балықтардың 20 мыңнан стам түрі кездессе оның ішінде Қазақстан суларында 150 ден астам түрлері кездеседі екен. Олардың ішінде кәсіптік маңызы өте жоғары бекіретұқымдастардың 8 түрі, тұқылардың, алабұғалардың, шортандардың, майшабақтардың т.б көптеген түрлері бар. Сонымен қатар Қазақстанның Қызыл кітабының беттеріне енген балықтарда бар (Каспий тілтісі, сібір бекіресі, пілмай, сырдария тасбекіресі,түркістан қаязы,сылан, шортантәріз ақмарқа т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

I-ші ТАРАУ

 

ДӨҢГЕЛЕК АУЫЗДЫЛАР  МЕН БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІГІ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯСЫ

 

Ихтиология курсында жақсыздар (балықтәрізділер) және балықтар басқалай айтқанда өмір тіршіліктері, морфологиясы ұқсас алғашқы су жануарларының биологиялық ерекшеліктері қарастырылады.

 

Мына сызба нұсқада  дөгелек ауыздылар мен балықтардың  желілілер (хордалылар) типіндегі орны және балықтар жүйелігі брілген.

 

Желілілер(Хордалылар) типі

Chordata


             Ι                                                        Ι                                                           Ι

Бассүйексіздер  типасты            Бассүйектілер типасты                  Оболочнтктер типасты

           Acrania                                       Craniota                                        Tunicata

                                    ________________Ι________________

                                   Ι                                                               Ι

         Жақсүйексіздер класүсті                 Жақсүйектіауыздылар класүсті

                  Agnatha                                                        Gnathostomata

               _________                                     ____________Ι__________

                       Ι                                             Ι                                            Ι

Дөңгелекауыздылар класы          Балықтар қатары        Төртяқтылар қатары

Cyclostomata                                          Pisces                             Tetrapoda

__________Ι________________

Ι                                                     Ι

                 Шеміршекті балықтар класы             Сүйекті балықтар класы

                        Chondrichtyes                                              Osteichthyes

_______________Ι_________                ____________________Ι________________

Ι                                              Ι                Ι                                Ι                                     Ι

Тақта желбезек      Бүтінбасты       Сәулеліқаурcынд    Кистеперлер           Қостыныстылар

тілер класасты   лар класасты        ылар класасты                                          класасты

Elasmobranchii      Holocephalus          Actinopterygii    Crossopterygii               Dipnoi

_____________________________________________________________________________

             Ι                                         Ι                                      Ι                                         Ι

Көпқауырысындылар        Шеміршекті                      Сүйекті                       Сүйекті балықтар

      отрядүсті                      ганоидылар                      ганоидылар                      отряд үсті

                                             отрядүсті                          отрядүсті

      Polypteri                         Hondrostei                          Holostei                             Teleostei

 

 

 

 

 

ЖАҚСҮЙЕКСІЗДЕР  КЛАСҮСТІ    -                   AGNATHA

ДӨҢГЕЛЕКАУЫЗДЫЛАР  КЛАСЫ -       CICLOSTOMATA

 

Бұлар омыртқалылар арасындағы ең қарапайым жануарлар. Қабыршақсыз денесі жылантәрізді болып келген. Терісі шырыш безін көп мөлшерде бөлетіндіктен денесінің сырты өте кілегейлі болады. Жақсүйектері болмайды. Ауызы, мүйізделінген тістері бар сорғыш воронкамен қоршалған. Бұрғы тәрізді қарулы тілінде де тістері болады. Иіс сезу тесігі тақ санды. Ішкі кұлақтарында бір немсе екі  жартышеңберлі каналы бар.  Жаратылысы эктодермальді желбезектері қалта тәрізді болып келген.

Дөңгелек ауыздылар  класы екі класастына тармағына бөлінеді: Миксиндер –Mycsini және  Миногалар – Petromyones.

 

МИКСИНДЕР КЛАСАСТЫ – MYXINI

МИКСИНТӘРІЗДІЛЕР  ОТРЯДЫ – MYCSINIFORMЕS

 

Миксиндер –  паразит жануарлар (арамтамақ). Негізгі қорегі балықтар. Олар ірі балықтардың денесіне сорғыш ауызымен жабысып бұранда тәрізді тілімен балықтың денесін тесіп, ішікі ағзалары мен бұлшық еттерін ауыз қуысындағы ферменттермен ыдыратып  қоректенеді. Терісінде орналасқан шырышты бездері сөлді мол бөліп денесінің сыртын шырыштандырып тұрады. Миксиндердің иіс сезу және сезім мүшелері өте жақсы дамыған, ал көздері болса шала дамыған, тіпті соқыр деседе болады.

Қантамырлар жүйесі. Олардың тамырлар жүйесі балықтарға қарағанда ерекше құрылған. Миксиндердің, қанды желебезек арқылы жүргізетін негізгі жүрегімен (желбезек жүрегі) қатар венозды қанды айналдырып тұруға арналған  қосымша үш жүрегі болады. Аталған жүректер миксиннің бас және құйрық бөлігінде орналсқан.

Білік қаңқасы желіден (хордадан) немесе нотохордадан жаралған.

Миксиндер жыныс бездерінің меншікті өзектері (каналдары) болмайды. Пісіп жетілген жыныс жасушалары тікелей дене қуысына шығарылып одан әрі клоакаға өтеді. Урықтануы сырттай. Жұмыртқаларының сырт пішіні  ұзындығы шамамен 20-25 мм болатын ұзыншақ- элипс тәрізді болып келеді . Ұрықтарын шашып болған миксиндер миногаларға қарағанда өлмейді. Сөйтіп олар өмірінің соңына дейін бірнеше рет ұрық шашады. Ұрықтық даму метаморфозасыз өтеді. Мүйізді капсуланың ішінде орналасқан жұмыртқадан жарылып шыққан личинкасы біраз уақыттан соң ересек миксиндерге ұқсап өзбетінше өмір сүріп ктеді. Иіс сезу тесігі мен ауызының маңында екі жұп мұртшалары болады. Екі жағында  1 ден 15 ке дейін желебзек тесіктері болады. Олар тері арқылы да жақсы тыныс алады. Миксиндер денесінің екі бүйрінде ұзынабойы  шырыш өндіріп бөлетін бездері орналысқан. Миксиндер бездерінің  бір қасиеті,  шырышты бездің  көп көлемде бөлінетіні соншалықты, аз уақыттың ішінде  суды шырыштандырып лайланған су тез арада тұндырылып су тазарадыда  олардың тыныс алуына жол ашылады.

Информация о работе Жеке ихтиология