Құқықтық норма

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі ...............................................................7
1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері.................................10
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар..........................17

2 Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41

3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері...................................48
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49

Қорытынды..............................................................................................................56

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Құқықтық-норма.doc

— 408.50 Кб (Скачать документ)

     1. Әркім  Қазақстан Республикасының Констетуциясын  және заңдарын сақтауға, басқа  адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар – намысын  құрметтеуге міндетті.

     2. Әркім  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздерін құрметтеуге міндетті.

     Кейде бір  құқықтық норма бірнеше баптан  тұруы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Құқық нормаларын  талқылаудың түсінігі;

 

     Талқылау  – құқық нормаларына түсінік  беру.

      Құқық  нормаларын талқылау – мемлекеттің  құзыретті органдарының қызмет және қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың шын мәнісіндегі

 құқық нормаларының  мазмұнын түсінуге арналған. Талқылау  процесінде норма әрекеттерінің  жағдайы, құқықтық қатынастың  мүшелерінің заңды құқықтары  және міндеттері белгіленеді,  сонымен бірге құқық нормаларының ұйғарымын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік мөлшері көрсетіледі.

      Талқылау  құқық нормаларының іске асырылуын  толық және жан – жақты жүргізу,  атқару органдарының қызметінде, сот және прокуратура органдарында, азаматтарының және ұйымдарының өздерінің, заңды құқықтары мен міндеттерін орындау кезінде қамтамасыз етілуі қажет болады. Соған байланысты, талқылау құқық нормаларының барлық әрекет ететін аумағында бір жақты түсінуге және қолдануға ықпал жасайды, әр түрлі қоғамдық өмір аясындағы заңдылықты және біркелкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.

      Құқық  нормаларын талқылаудың екі бағыты  бар: анықтау (өз түсінігі) және  түсіндіру (басқаға түсіндіру).

      Құқық  нормаларының мәнін анықтау, оның  талабын дұрыс түсінуге қажетті алғы шарт. Құқық нормаларын түсіндіру тек сол кезде яғни, түсіну процесінде оның мазмұнында түсінбеушілік кездессе. Ондай жағдайда, құқық нормаларының мәнін шын мәнісінде қосымша түсіндіру қажет болады. Барлық құқық нормалары анықталады, ал сөйлеу жөніндегі дәлдік туралы, не болмаса құқық нормаларын күнделікті істе пайдалану туралы келіспеушіліктер болса, қосымша түсіндіру қажеттігі туады. Сонымен, құқық нормаларын анықтау, барлық жағдайда оның мазмұнын түсіндіру емес. Талқылау зияткерлік (интеллектуалды) қызметке жатады, ол процес кезінде ғылыми тұрғыдан құқықтың тереңірек қасиеті білінеді, объективті және жетімді тұрғыдан құқық нормаларындағы ұйғарым баяндалады.

     Талқылаудың  тиімділігі, талқылаушының құқықтық  санасының деңгейіне байланысты  болады. Құқықтық сана деңгейі жоғары адам, түсінсе, құқық нормаларының мазмұнын түсіндірсе, соған сай құқық бұзушылар аз болады,  жеке адамның құқығы мен бостандығы толығырақ қанағаттандырылады.

      Талқылауда  ерекше ролді арнайы заңгерлік  дайындығы бар, заң ғылымдарының жетістіктерін терең меңгерген жоғары заңдылық мәдениеті бар адамдарға беріледі. Заңгерлердің кәсіби дайындықтарының деңгейінен көп жағдайда құқықты түсіндіру жұмысының сапасы көрінеді, тұрғындар шын мәнісінде құқық нормаларының мәнін, олардың ұйғарымдарының дәл іске асырылуының қажет екендігін түсінеді.

      Талқылаудың  негізгі тәсілдері – құқық  нормаларының мазмұнын анықтауға  арналған.

      1. Грамматикалық  талқылау – құқық нормаларының  мәнін грамматикалық тәсілде  қолданып, оның мәнін (түпнұсқасын) талдап түсіну. Мұндай талқылаудағы қажеттілік, қандай сөздерде, сөйлемдерде құқық нормаларының  гипотезасы (болжал), диспозициясы және санкциясы құрылғандығын білуіміз керек. Ол үшін, жекелеген сөздердің маңызы белгіленеді, олардың грамматикалық нысаны түсіндіріледі, бір – бірінің арсындағы байланыстар белгіленеді. Содан кейін, норманы құрайтын сөйлемнің грамматикалық және мәнді құрамы түсіндіріледі. Құқық нормасын грамматикалық талқылауда, жекелеген атаулардың маңызын білуге арнайы тоқтау қажет. Дегенмен, заңда кейбіреулеріне ерекше мән беріледі (мысалы, лауазымды адам, кінәсіз жәбірленуші, дәлелдемелер және тағы басқа). Ондай атауларды түсіндіру, көп жағдайда, заңдардың өзінде және басқа нормативтік – құқықтық актілерде түсіндіріледі. Құқық нормаларын қолдану кезде, әр түрлі маңыздағы көп пайданылатын атулардың тікелей құқықтық – шығармашылық органының өзімен белгіленген шын мәнін білуі қажет. Онсыз заңды істерді теріс шешуге әкеліп соғуы мүмкін. Нормативтік – құқықтық актілерде аранайы атаулар кең пайдаланылады, олар әр түрлі техника, ғылым, өнер салаларынан болады. Оларды дұрыс түсіну үшін, сөздіктерге және мамандардың көмегіне сүйену қажет.

       2. Жүйелі  талқылау  дегеніміз құқық нормаларының  мазмұнын басқа нормалармен салыстыру  арқылы түсіндіру және оның солармен байланысын анықтау. Әрбір құқық нормалары, құқық жүйесінің бір бөлігі және басқа нормалармен бірігіп әрекет етеді.

      Сондықтан,  белгілі құқық нормаларының мазмұнын  түсіну үшін, оның басқа нормалармен  логикалық байланысын түсіну  қажет. Ең алдымен, мазмұны жағынан талқылайтын нормалармен байланысты талдау белгіленеді. Ойға алатын нәрсе, қандай нормативтік – құқықтық актіде (заңда, қаулыда, жарлықта және тағы басқа), ол қандай орын алады. Егер, ол норма қосымша заң актілерінде болса, оның заңға не болмаса басқа, үлкен заңдылық күші бар актіге сай екендігіне көз жеткізу қажет. Әр түрлі құқық салаларының нормаларымен салыстырылуы мүмкін.

      Құқық  нормаларын қолданылатын органдар  үшін, жүйелі талқылаудың үлкен  маңызы бар. Ол заңды істерді  дұрыс бөлуге қажетті жағдай жасайды. Мысалы, арнайы әскери машинаны жүргізу тәртібін бұзғандықтан, қылмыстық жауапқа тартатын норманы қолдану үшін, қандай тәртіп бұзылғанын белгілеу қажет. Ол үшін, басқа нормативтік актілерге қараймыз, себебі оның тәртібі сонда көрсетілген. Жалпы алғанда, жүйелік талқылау қарым – қатынаспен бір – біріне тәуелді, құқық нормаларымен реттелген, қоғамдық қатынастармен қамтамасыз етілген.

      3. Тарихи  – саяси талдау – құқық  нормаларының мақсатын міндетін, сол өздері қабылдаған кезеңдегі, тарихи жағдайларды зерттеу арқылы түсіндіру. Тарихи – саяси түсінуде қажетті нәрсе, оның тереңге кететін әлеуметтік бағытын және құқық нормаларын мақсатын зерттеу керек, оның нақты қабылданған жағдайын білу қажет. Мұндай жағдай, нормалардың әлеуметтік – саяси мәнін ашып көрсетуге мүмкіндік береді, оның негізін адамгершілік мазмұнын көрсетеді.

      Тарихи  – саяси талдау, құқық нормаларын  дәл және дұрыс іске асыруға  көмектеседі, қолдану кезіндегі  заңдылықтың бұзылуына тежеу  болады.

      Құқық  нормаларын түсінуде барлық көрсетілген тәсілдерді пайдалану қажет. Оларды біріктіріп қолдану, талқылайтын құқық нормаларының мәнін дәл және дұрыс түсінуге жағдай жасайды.

      4. Құқық  нормаларын талқылаудың нәтижелері. Құқық нормаларына шек қотын  және таратушы талқылаулар.

       Құқық  нормаларының мазмұнын түсіну, олардың  толық және дәл іске асырылуына  әкелуі міндетті. Талқылаудың нәтижесінде  құқық нормалары толық түрдегі  анықтықта және мәні белгілі  болуы қажет.

       Мағынаның  айқындығы – норманың мазмұнын терең түсіну, талқылаудың нәтижесіндегі әр түрлі сенімсіздіктің жоқтығы.

       Мағынаның  белгілігі – жасалған қорытындылардың  негізінде, бір, не бірнеше  шешім шығаруға жол бермейтін,  құқық нормаларының мазмұндарының  нақтылығы.

       Талқылаудың  нәтижелері, мәтіндегі нормалардың көрінісімен (заңның сөзі) және оның шын мәнісіндегі мазмұндарының (заңның рухы) арасындағы қатынастарға байланысты түрлерге бөлінеді.

       Көбінесе, шын мәніндегі құқық нормаларының  мәнін сөз арқылы түсінуге  болады, норманың анық түрдегі мәтініне сай болуы қажет. Ондай талқылауды сөзбе – сөз талқылау – деп атайды. Сөзбе – сөз талқылауда, құқық нормалары толығымен оның мәтінінің мазмұнына сай келеді (заңның сөзі мен рухы бір – бірімен дәл келеді).

       Егер  түсіну нәтижесінде, шын мәнісіндегі мазмұны оның мәтіндегі көрінісінен кемдеу болса, талқылауды шек қоюшы (шектеуші), деп атайды. Мұндай заңның рухы және заңның сөзі. Шектеуші тлқылауды, норманың мәтіндері оның мазмұнымен толық сәйкестендіріледі.

        Егер, түсіну нәтижесінде нормалардың шын мазмұны оның мәтінінде кеңдеу болса, онда оны таратушы талқылау деп атайды. Мұнда заңның рухы, заңның сөзіне кең. Бұған мысал ретінде Констетуцияның бабын айтуға болады, онда соттар тәуелсіз, тек заңға бағынады – делінген, Констетуцияның бұл бабындағы шын мәніндегі заң атауының мазмұны, оның сөздік көрінісіне қарағанда кең.

       Сонымен,  шектеу және тарату талқылаулары  шын мәніндегі құқық нормаларының  мазмұнын толық сәкестендіреді  және нормативтік – құқықтық  баптың мәтінінде дәл жазылады.

       Құқық  нормаларын ресми және ресми  емес, нормативті және казуальді  талқылау. Заңға қосымша актілер.

       Құқық  нормаларын түсінуде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың мазмұнының анықтығы, белгілігі  толық еместігін байқаймыз. Ол  әр түрлі себептермен түсіндіріледі. Мысалы, азаматтардың заңмен таныстығының жетімсіздігі, көп жағдайда құқық нормаларын түсіндіруге қиындық туғызады, мысалға кейбір кездегі кездесетін іс жүзіндегі құқық қолданудағы қайшылықтарды айтуға болады. Сондықтан, қажетті жағдайда жататындар құқық нормаларын талқылау – түсіндіру және оларды дәл іске асыруды қамтамасыз ету, іс жүзіндегі, әсіресе оларды қолдану процесіндегі қателікті жібермейді.

       Құқық  нормаларын түсіндіру – шын  мәніндегі құқық нормаларының  мазмұнын ашуға бағытталған нұсқаулар не ұсыныстар.

       Құқық  нормаларын түсіндіретін субъектілерге  байланысты, талқылау түсіндіру  екіге бөлінеді:

       1. Ресми;

       2. Ресми  емес;

 Ресми талқылау  – құқық нормаларының тек құзыретті  органдарымен түсіндіріледі. Ол  норманы қабылдаған органдардың барлығының міндеті болып табылады. Ресми талқылау арнайы актілерде жарияланады, яғни құзыретті органдардың шығаратын баспасында болады (қаулы нұсқау және тағы басқа).

       Ресми  талқылаулар өздерінің көлемдеріне  байланысты нормативті және казуальді (жекелеген) болып екіге бөлінеді.

Нормативтік талқылау –  белгілі нормаларды не құқық нормаларын қолданатын жеке адаммен органдардың  міндетті түрдегі ресми түсініктемелері. Ондай түсіндіру, талқыланатын құқық  нормаларымен барлық жағдайларға таратылады. Соған сәйкес, оның талабын өмірде дұрыс, біржақты жүргізілу қамтамасыз етіледі. Ресми талқылауды, соны шығарған органның өзі беруі мүмкін. Ондай талқылау аудентивтік мысалға, Президенттің өзі шығарған жарлыққа өзінің түсінік беруі. Сонымен қатар, нормаларды ресми талқылау, соны шығарған органдардың өзімен жүргізілуі мүмкін. Ондай жағдайда, оларға көрсетілген нормаларды түсіндіруге арнайы өкілеттілік беріледі. Мысалы, заң шығарушы орган, соған сай атқарушы билік органдарына, өзі шығарған заңдарды түсіндіру жөнінде тапсырма бере алады. Арнайы өкілеттіктерінің негізінде министрліктер және ведомствалардың үкімет шығарған нормативтік – құқықтық нормаларды түсіндіруге құқықтары бар. Мысалы, Қаржы министірі өзі шығарған мемлекеттік бюджетті түсіндірсе, Еңбек министірі еңбек қорын пайдалану туралы түсінік береді.

       Казуальді  талқылау – нақты заңды істі  қарау кезіндегі құқық нормаларының  мазмұнына түсінік беру. Ондай  талқылаудың казуальді деп айтылуы,  ол тек сол нақты оқиға (казуасқа) байланысты. Казуальді талқылаудың қажеттігі тек сол уақытта керек, егер төменгі құқық қолданушы органдардың шешімі нақты заңды іс бойынша дұрыс болмаса, заңға қайшы болса. Сонымен бірге, олар сол норманы қолданатын басқа органдарға үлгі болады.

      Нормативті  және казуальді түсіндірулер, өзінің мазмұндары бойынша соттық және әкімшілік талқылауға бөлінеді.

      Соттық  талқылау – құқық нормаларының  мәнін соттардың түсіндіруі. Құқық  нормаларын сот қызметінде дұрыс  түсіну – оны біркелкі пайдалануды  қамтамасыз етеді. Мемлекеттің Жоғарғы Сот органдарының, төменгі сот органдарына, сот процесінде туатын азаматтық және қылмыстық заңды пайдалану туралы түсініктерінің үлкен маңызы бар. Жоғарғы Сот органдарының билігі барлық соттарға міндетті және түсіндірілген құқық нормаларын қолданатын органдармен, лауазымда адамдарға да тікелей қатысы бар.

      Әкімшілік  талқылау – құқық нормаларының  мәнін атқарушы және өкім шығарушы  органдармен түсіндірілуі. Ондай  талқылау басқару, еңбек, әлеуметтік  қауіпсіздендіру және басқа мәселелерге  арналады.

      Өзіне  берілген құзыреттеріне байланысты, жергілікті өзін - өзі басқару  органдары өздері шығарған құқық  нормаларына түсінік беруге құқықтары  бар, ондағы құқық нормаларының  әрекеті, тек сол аудан, қала  аумағымен шектелген.

      Ресми  талқылауларды актілер нысанында, соған сай құзыретті органдар шығарады. Ресми талқылаудың заңды күші, соны шығарған органдардың өкілеттігіне байланысты. Ол актілерде, түсіндірулермен қатар, дербес нормалар не жекелеген ұйғарымдар болуы мүмкін. Осыларға байланысты нормативтік актілерді дәлсіздік және түсініксіздіктер жойылады, сол актілерді іс жүзінде пайдалану жетілдіре түседі.

       

 

3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың   ресми актілері:

      Құқықтық  нормаларды талқылаудың Ресми  актілері (талғап – талғап түсіндіру) – құқық нормаларының мазмұнын түсіндіру, екіншіден, олардың ұйғарымын нақтылау және дәлелдеу. Талдау және талғау актілерінің ерекшелігі, олар талқыланатын заң нормалары кіретін нормативтік – құқықтық актілермен бірігіп әрекет етеді.

      Талдау  талғаудың нәтижесін біріктіретін құрал – нысан. Міне, осындай актілер толық көлемде құқық нормаларын ресми түсіндірудің функцисын орындайды, себебі, олар құзыретті органдардың құқықтық – шығармашылығы қызметіне қатынасы жоқ.

Информация о работе Құқықтық норма