Құқықтық норма

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі ...............................................................7
1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері.................................10
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар..........................17

2 Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41

3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері...................................48
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49

Қорытынды..............................................................................................................56

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Құқықтық-норма.doc

— 408.50 Кб (Скачать документ)

            Библияда, Құранда, Талмудта, басқа  қайнар көздерде, діни канондар  мен қатар жалпыадамдық нормалар  өз көріністерін тапты. Мысалы, «Моисеевтер

 заңдарында» алты күн жұмыс істеу міндеттілігі мен жетінші күні демалыс алу  бекітілген, ата –анасын сыйлау талабы көзделген, кісі өлтіру, ұрлау, өтірік куә болуға тыйым салынған. Әлеуметтік нормалар өз көрінісін христиан шіркеуі мен канондық құқықта тапты. Бұл нормалар шіркеудің ішкі ұйымын, шіркеудің органдарының арасындағы қарым – қатынастарды реттейді. 1917  жылы Рим –католиктік шіркеуі канон құқығының Кодексін жариялады. Өмір үлгісі, материалдық  игілік жағдайының жетілген деңгейі және қоғам мен адамның мәдениеті өзінің көрінісін мәдени тәртіпте, әдептілік нормаларында, этикетте көрінеді. Этикет дегеніміз адам баласының қарым –қатынасының сыртқы көрінісін реттейтін тәртіптердің жиынтығы: аралау нысаны, қоғамдық орындардағы тәртіп, манералары мен киімдері. Қоғамдық пікір екіжүзділік тәртіпті, формальды,  әрекеттер мен ішкі теріс ниеттерді кінәлайды.

               Мораль нормаларына  - жалпыға бірдей қабылданған жақсылық пен жамандыққа сай ішкі сенімнің күшімен орындалатын қоғамда қалыптасқан тәртіп жолы жатады.

Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әлеуметтік нормалар жүйесіне құқық нормалары кіреді, яғни мемлекетпен белгіленген не санкцияланған және оның күшімен қамтамасыз етілетін тәртіп жолдары.

Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, барлық халықаралық қауымдастыққа  қатысты мүдделер мен бағалылықты көрсететін әлеуметтік нормаларды жалпыадамдық нормалар деп атауға болады.

               Құқық қоғамдық қатынастарды  нормативтік реттеудің бөлігі  ретінде әлеуметтік нормалар  жүйесінде  ерекше орынды алады, Біріншіден, бұл нормалар әруақытта формальды белгілілікте, яғни нормативті – құқықтық құжаттардағы жазбаша мәтінінде көрсетілгендей. Екіншіден – белгіленетін, санкция берілетін және мемлекетпен оның күшімен қамтамасыз етілетін бір ғана әлеуметтік нормалар, үшіншіден, құқық нормаларын бұзғандығы үшін жеке адамның еркіндігін тежемейді және қоғамнан бөлмейді.

Заң ғылымдарының өкілдері үшін маңыздысы, құқық  нормаларының діннен, саясаттан, экономикадан, дәстүрден  бөлетін негізгі белгілерін, сипатын  білу.

Құқық пен мораль арасындағы байланыс моральдың нормативтік реттеу жүйесіндегі рөлімен қамтамасыз  етілген. Басқа әлеуметтік нормалармен салыстырғанда моральдың әрекет аясы кең келеді. Әлеуметтік шындықтың тек аз ғана бөлігі моральдік бағалаудан еркін, сондықтан құқық пен моральдің аясы көп жағдайда тоғысады. Дегенмен, бір ортада әрекет жасаса да, мораль мен құқық бір – бірінен тәуелсіз нормативті – реттеуші ретінде қалады.

Мораль нормативті реттеудің  ерекше кейпі, нормалар мен принциптердің  жиынтығы, өз ықпалын барлығына  және әрқайсысына жаяды, егер олар өздеріне өнегелік  бағалылықты сіңірсе. Дұрыс айтқандай, моральдың жалпыадамдық мазмұны жалпылама түрде «алтын жолда» көрсетілген:  («Поступай  по отношению  к другим так, как ты хотел бы, чтобы они поступали по отношению к тебе») «Басқа адамдар, саған қалай жасасын десең

  солай жаса, себебі  олар да саған солай жасауы  үшін». Мораль өзінің нормаларына  абсолютті бағаларды сіңіреді, соған  сай мораль нормалары құрылады  және бағалау құқықтық тәртіптің  жоғарғы белгісі болып табылады.

Мемлекет пен құқық теориясында құқық пен моральдің  арақатынасы, олардың бірлігі тұрғысынан, өзгешелігі мен қарым – қатынасынан байқалады.

Құқық пен моральдің  бірлігі былай сипатталады:

  • құқық пен моральдің нормативтігімен  қорыта келгенде, адам  тәртібін бағалаудағы белгі мен эталон болатын, белгілі  нормалардың жиынтығы;
  • құқық пен моральдің универсальдығы, ол қоғамдық қатынастарға таралуымен көрінеді, яғни әлеуметтік нормалар жүйесіндегі нағыз универсальді реттеуші ретінде;

- құқық пен моральдің  жалпылығы, ол экономикалық базисті және                                идеологияны, сонымен бірге саясатты және адам баласы өмірінің басқа аясын бағалағандығынан көрінеді;  

Құқық нормалары мен  моральдік  нормалардың айырмашылығы:

Пайда болуына байланысты  - құқық нормалары мемлекетпен белгіленеді және санкция беріледі,  мораль нормалары қоғаммен қалыптастырылады, есепке алынатындары жақсылық пен жамандық, адалдық және ар, абырой т.б.

Сонымен қатар, мораль нормалары құқық  нормаларынан бұрын пайда болған, өйткені ол мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты.

Әрекет аясына байланысты - құқық нормалары мемлекетпен заңға айналдырылған қатынастарды реттейді, оның мәжбүрлеу күшімен оны қорғау қамтамасыз етіледі, мораль нормалары құқықтық қатынастарға ғана ықпал жасамай, құқықпен реттелмеген қоғамдық қатынастардың жиынына ықпал етеді.

Бекітілу нысанына байланысты  - құқық нормалары арнайы нормативтік актілерде (заңдарда, қарарларда, қаулыларда) бекітіледі, ал моральдік нормалар адамдардың сезімінде болады.

Құрлысына байланысты -  құқық нормалары үш бөліктен тұрады – гипотеза, диспозиция, санкция, соның нәтижесінде нақтылы түрде кімнің не істеу керектігі болжанады және қандай жағдайда, қандай нәтижеге байланысты. Мораль нормалары біріктірілген жолдардың және принциптердің түрлері ретінде ғана көріне алады.

Қамтамасыз  ету тәсіліне байланысты - құқық нормаларын іс жүзіне асыру мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қолдауға ие болса, мораль жеке адамның ұятына бағытталады. Құқық нормалары бұзылса, кінәлі адамға әртүрлі ( заңмен белгіленген) жазалау түрлері қолданылады, моральдық нормалар бұзылса тек қоғамдық наразылық қолданылады.

Құқық пен моральдің  әрекеттестігін (келісушілігін) олардың бір – біріне өтімділігі мен біріне – бірінің ықпалынан көруге болады:

  • бір-біріне ықпал етушілігінен көрінетіні сонда, мораль құқықтық санаға белсенді әсер етеді, соған байланысты құқық нормаларының іске асырылуына

 көмектеседі. Өз  жағынан құқық моральдің талаптарын  заңды санкциялармен қолдап қажетті  адамгершілік минимумын қорғайды.

Құқық пен әдеттің  арақатынасын әртүрлі тұрғыдан қарауға болады: осы әлеуметтік  нормалардың ұқсастығынан, олардың өзгешеліктері мен олардың бір – біріне ықпалынан.

Құқық нормалары мен  мораль нормаларының ұқсастығы сонда, құқық және әдет белгілі нормалардың жиынтығы, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, яғни қатынастардың бір жағы адамдар («адам – адам») және адамдардың әртүрлі оқиғадағы тәртіп жолын ұстайды.

Құқық нормаларының әдеттен  айырмашылығы сонда, құқықтың реттеу аясына қоғамдық қатынастардың көп бөліктері кіреді, ол әдет нормаларының реттеу аясына қарағанда айырмашылыққа жатады. Құқық пен әдеттің бір-біріне ықпалын айта отырып мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік бар:

  1. Құқықтың әдетке ықпалының жалпы схемасы мынандай: прогрессивті әдеттер құқықпен қолданылады, ал заңға қарсы келетіндері құқықбұзғандық  болып есептеледі. Мысалы қылмыстық заңдарда  сондай заңдар көрсетілген  және ескінің қалдығы ретінде қаралады.
  2. Әдет құқықтың өзіне жасаған ықпалын сынай отырып, өз жағынан, құқыққа да әсер етеді. Белгілі уақытта әдет құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалады. Соның ішінде, азаматтық құқық әдетті іс айналымы ретінде мойындайды.
  3.  

  4. 1.3 Құқықтық нормалар  және діни,   корпоративтік  нормалар
  5.  

Құқық нормалары мен  діни нормалардың ұқсастығы іс жүзінде  құқық нормасы мен мораль нормалары  сияқты нормативтенген (белгілі нормалардың жиынтығы, олар адам тәртібін бағалайтын белгілер, эталондар); универсальдігінде (нормалары барлық қоғамдық қатынастарға таралады, яғни жеткілікті түрдегі әлеуметтік нормалар жүйесіндегі универсальды реттеуші); құқық пен діннің жалпылығы  (адамдар арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған).

Сонымен бірге, құқық  пен діннің арасында принципиальды өзгешелік бар. Қоғамдық өмірді секуляризациялау,  ұяттық бостандықты бекіту. Мысалы, «Торы» ұйғарымы иудаизмді қолдаушыларға ғана таратылады, «Құран» соған сай  ислам дінін уағыздаушыларға таратылады. Дін мен құқықтың әрекет жасау тетігі әртүрлі. Соның ішінде, діндер ( әсіресе эстетикалықта) өзінің қасиетті кітаптарында  абсолютті мызғымас алдын -  ала көрсетілген жағдайларға сеніп, кодекске бағынбайды, яғни философтар айтқандай құдайшылдар « дүниенің трансценденттік басталуына» сілтейді.

Белгілі мөлшерде, діннің жеткілікті арнайылығына қарамай,  құқық өз ықпалын жүргізеді. Мысалы РФ Конституциясындағы « Ұяттың  бостандығы» жөніндегі федеральдық заңда және сол сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясында да дінге берілген бостандықтар кепілденген.

Құқық  нормаларының және қоғамдық ұйымдар нормаларының жалпылама белгісі сонда, олар нақты тәртіп жолын көрсетеді, арнайы актілерде бекітілген және олар арнайы нормалар жүйесі.

Құқықтық пен  корпоративтік  нормалардың арасындағы айырмашылық  сонда, құқық нормалары мемлекетпен қабылданса және оның мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілсе, қоғамдық ұйымдардың нормалары өздерімен қабылданады, яғни қоғамдық пікірмен сол ұйым қамтамасыз етіледі, құқық нормаларының корпоративтік нормаларға қарағанда артықшылық маңызы бар. Бұл қоғамдық ұйымдармен мойындалады.

Құқықтың корпоративтік  нормаларға ықпалы, олардың  қоғамдық ұйымдардың әрекетін реттеудегі шегі мен сипатына қарай белгіленеді. Бұл жағдайлар ҚР Конститутциясында және басқа да нормативтік актілерде көрсетілген.

        Заң ғылымындағы құқық туралы ілімді сипаттамастан бұрын ең алдымен, бұл мәселе бойынша ең маңызды категория мәселесін   қарайық – құқықты түсіну категориясын.

Құқықты түсіну заң ғылымында ғылыми категория деп аталады, ол адамның мақсатты бағытталған ойлау процессін  көрсетеді, өзіне құқықты тануды, оны қабылдауды (бағалауды) және оған қатынасты, тұтас әлеуметтік құбылысты қосып алады.

Құқықты түсінудің субъектісіне әр уақытта нақтылы адам жатады: азамат құқық проблемелары бойынша белгілі құқық туралы түсінігі болуы қажет. Құқықты тану әруақытта субъективтік, оригиналды. Әрине, құқық туралы ойлар бір топ адамдарда және тұтас қатпарларда, таптарда бір – біріне сәйкес келуі мүмкін.

Құқықты түсінудің объектілері  болып әр уақытта  қоғам өмірінің құбылыстары, адам баласы ойларының даму нәтижесі және өмірлік әрекеттері, қоғамның нақтылы құқығы, салалары, құқық институты, жекелеген құқық нормалары есептеледі. Мұнда жекелеген құрамдық элементтер туралы  білім құқыққа тұтасымен ауыстырылады.

Құқықты түсінудің мазмұны субъектіні білу, оның құқығы мен міндетін білу, нақтылы және жалпы рұқсат беруді, тыйым салуды және бағалау, оларға адалдық не адал емес қатынастар. Субъектінің мәдениеттілік деңгейіне, әдістемелік дайындығына және зерттеуге таңдап алған  пәніне байланысты құқықтық түсінік толық не толық емес, дұрыс не бұзылған, жағымды не жағымсыз болып бөлінеді.

Заң ғылымындағы құқық  туралы ілімдер өз негізінде белгілі құқықты түсіну түрін қалыптастырады (жаңа), сондықтан  көп жағдайда құқық  туралы ілім демей , құқықты түсінудің түрі деп атайды. Құқықты түсінудің әртүрлі түрлері бар, ол ең алдымен мынаған байланысты -  құқық бірден-бір көпжақты, кең көлемдегі қоғам өмірінің бір жақты емес категориялары, сондықтан оның бір ғана анықтамасы, барлығын қанағаттандыратындай (не көпшілігін) болуы.

Қоғамдық ғылымдардың  қазіргі кездегі даму деңгейі  және әлеуметтік құбылыстарды зерттеу  әдістемелері, белгілі жағдайлардың негізінде әртүрлі құқықты түсіну түрлерін жүйелеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, құқыққа оның дамуына деген қатынастарға байланысты жағымды, оның қоғам үшін үлкен маңызы бар не жағымсыз, ол дербес әлеуметтік       құбылыс ретінде көрінеді не басқа реттеу жүйесінің бөлігі ретінде болады, не құқық өнегеліктің бір бөлігі ретінде (Шопенгауэр) болады, не төменгі саты ( Л.Толстой, В. Соловьев).

Құқыққа негативтік көзқарасты  анархистер айтқан, коммунизм құрылуына  байланысты құқықтың  жойылуын маркстік теория негізінде талқыға түсті.

Философиялық негіз, сезім  мен тұрмыстың арақатынасының  шешілуіне байланысты идеалистік және материалистік тәсілдер құқықты зерттеу үшін бөлініп шығады.

Құқықтың қалыптасуындағы қайнар көзіне байланысты, мемлекет не адам табиғаты, табиғи – құқықтық және позитивистік құқық теориясы болып бөлінеді.

Құқықтың  (негізгі  бөлігі) негізіне байланысты – құқық  нормасы, құқықтық таным, құқықтық қатынас  - нормативистік,  психологиялық  және социологиялық құқықты түсіну теориялары қалыптасты .

  Құқық туралы ілімдерді түрлерге бөлу үшін көптеген белгілер бар, дегенмен сол не басқа ілімдерді қарай отырып, оның мәнін дұрыс түсіну үшін, әртүрлі жағдайларды есепке алған жөн. Бұл біріншіден, құқықтың  қызмет жасаған тарихи жағдайлар және онда өмір сүріп жұмыс істеген «зерттеушінің» мәдени қалпы; екіншіден, құқықты түсіну нәтижесі әруақытта философиялық , өнегелік, діни, идеологиялық жағдайларға тәуелділігі құқықты танитын субъектінің ойы; үшіншіден, әртүрлі концепциялардың негізі ретінде  қойылады (құқықтың қалыптасу қайнар көзі не сол құбылыстың  мәні), құқықтың қайнар көзі ретінде нені білеміз ( адам, Құдай, космос) және оның мәні (таптың еркі,  адамның бостандық өлшемі не жеке адамның табиғи эгоизмі); төртіншіден, бір жағдайдағы концепциялардың тұрақтылығы және олардың динамикасы, дамып келе жатқан қоғамдық қатынастарға сіңісу қабілеттілігі -  басқа жағдайдағы.

Информация о работе Құқықтық норма