Құқықтық норма

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі ...............................................................7
1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері.................................10
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар..........................17

2 Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41

3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері...................................48
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49

Қорытынды..............................................................................................................56

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Құқықтық-норма.doc

— 408.50 Кб (Скачать документ)

                       Ф-ОБ-001/-033

Мазмұны

 

 

Кіріспе..........................................................................................................................5

1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7

1.1  Құқықтық  норманың жалпы түсінігі  ...............................................................7

1.2   Құқықтық норманың  құрылым  жүйелері мен түрлері.................................10 1.3  Құқықтық нормалар  және діни,   корпоративтік  нормалар..........................17

 

2    Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36

2.1   Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39

2.2   Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41

 

3    Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44

 3.1  Құқықтық нормаларды талқылаудың  ресми актілері...................................48         

 3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49

 

Қорытынды..............................................................................................................56

 

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Тақырыптың  өзектілігі.  Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида.     Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің,  қоғамның  болуы мүмкін  емес.

   Ғылыми  жаңалығы. Заң  нормасы –құқық жүйесінен пайда болатын алғашқы құқықтың клеткасы. Соған байланысты  ерекше  әлеуметтік  құбылыс ретінде өзіне тән белгілері бар. Құқық және  құқық нормалары бір –біріне сай келмейді. Олар  жалпы және  жеке  түрде қатынаста болады. Құқық –бұл құқықтық  нормалардың жиынтығы, ал  құқықтық  норма ең  маңызды қоғамға және   тұлғаға қатысты өте қажет қоғамдық  қатынастарды  реттеуші. Құқықтық  нормада  қоғам  және  тұлға  үшін  зиянды  қатынастар да  бейнеленеді. Құқық  нормаларын  өз  органдары  атынан  мемлекет  бекітеді және  ол  орындалуға  міндетті, оны  бөзғандар  заң  алдында  жауапкершілікке  тартылады.

Тақырыптың  зеттеу  деңгейі.  Осы күрделі ғылыми  тақырыптағы мәселені  қоғамдағы орны мен оны одан  әрі дамыту, қолдану көптеген  ғалымдардың ат  салысуын  қажет етеді. Құқық  ғылымдарының  ролі орасан  зор,  соның ішінде құқық  нормасы –бұл саладағы  туындаған  қатынастарды  реттеп, олардың  дамуын  қамтамасыз  етеді. Диплом  жұмысына отандық  және  алыс-жақын шетел заңгер  ғалымдарының  ғылыми еңбектері қолданылды.

    Жұмыстың  методологиялық  негіздері. Дипломдық жұмыс диалектикалық танымдық  арнайы  нақты, тарихи  салыстырмалы, әлеуметтік, ғылыми  әдістерді  құрайды. Жұмыстың  теориялық  негізін  заңгер  ғалымдардың  құқық  нормасы  мен  элементтері  және  құқық  нормасы  арқылы құқықтық  қатынастарды  реттеу  мәселелесі  бойынша ғылыми  тұжырымдамаларды  талқылап, ұсыну.

Зерттеу  объектісі.  Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым – қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және заңдарда көрсетілген. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс – тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісін» жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік  тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.  Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.

Зерттеу  жұмысының  мақсаты  мен  міндеттері. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтық басым көпшілігі дұрыс орындайды. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға қайшы келтірмеулері керек. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

Теориялық және практикалық  маңыздылығы. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы. Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым – қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.

Жұмыстың  құрылымы мен  көлемі. Дипломдық  жұмыстың  құрылымы  кіріспеден, үш  тараудан, жеті  параграфтан, қорытындымен  қолданылған  әдебиеттерден  тұрады. Көлемі  елу  тоғыз бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері

1.1 Құқықтық  норманың жалпы түсінігі 

 

  Қоғам мүшелерінің  арасындағы қарым-қатынас  тәртібі,  көптеген нормалармен белгіленеді, оларды ғылымда нормативті  жүйе деп атайды. Бұл жүйе әртүрлі өмір аясындағы адамдардың тәртібін ретке келтіретін нормалардың  жиынтығы.

Нормативті реттеу жүйесінің  өзі, аз дегенде  екі жүйеден  тұрады: а) техникалық жүйелер б) әлеуметтік нормалар жүйесі ;

Техникалық нормаларға кең көлемде, «адам - машина» , «адам мен еңбек құралдары», «адам және өндіріс», «адам- табиғат» (субъекті мен объект) қатынастарын реттейтін нормалар жатады. 

Техникалық нормалардың  негізгі айырмашылығы сонда, олар адамдар  мен сыртқы дүниенің (табиғат пен техниканың) қатынастарын реттейді, олардың «Субъективтік құралы» тек адамдарға ғана қатысты емес.

Өзгешеліктеріне қарамастан, техникалық және әлеуметтік  нормалар бір-бірімен  тығыз байланыста болады.

Мысалы, кейбір топтағы  техникалық нормалар, өздерінің маңыздылығына байланысты әлеуметтік  нормалардың заңдарында бекітіліп техникалық – заңдылық сипаттағы нормалар  атауына ие болады. Ол дегеніміз – техникалық жағдайлар, әртүрлі  мемлекеттік стандарттар (ГОСТ ылар), әсіресе суды, темір жолды және әуе жолдарын пайдаланғанда (техникалық қауіпсіздікті сақтау). Ол тәртіптерді бұзғаны үшін, заңды жауапкершілік тағайындалады: мүліктік, әкімшілік – құқықтық және қылмыстық –құқықтық.

Тұрмыста пайдаланылатын техникалық нормалар  құқықпен жанаспайды, сондықтан оларды  бұзудан жауапкершілік тумайды (мысалы,әртүрлі тұрмыстық заттарды пайдалану – телевизорды, тоңазытқыштарды, магнитафондарды пайдалану кезінде, оның тетіктері дұрыс пайдаланбағандықтан бұзылса, оны жөндеу соның иесіне жүктеледі).

    Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен  реттейді.

       Жеке  дара  норма  немесе  нормалардың   бір  жүйесі  құқық бола алмайды.  Құқық деп қоғамның билігін,  саясатын, мүддесін іс жүзіне  асыруды толық қамтыған нормативтік  актілердің жиынтығын айтамыз.  Сонда да жеке дара құқықтық  норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.

     Заң нормаларында  анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан  Конституциясында құқыққа мынадай  анықтама берілген: Республикада  қолданылатын құқық Констетуцияның, соған сай келетін заңдардың,  өзгеде нормативтік – құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады. Республика қызметінің түбегейлі принциптері – делінген Констетуцияда, ол – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін эканомикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде Республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешіледі.

     Құқықтық  норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.

- құқықтың нормалар  қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;

- құқықтың нормалар  қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы  ең сапалы құрал, нормативтік  актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге  жауапкершілікті күшейтіп отырады;

- құқықтың нормалар  қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;

-  құқықтық нормалар  қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты  және тағы басқа демократиялық  қағидаларды қалыптастырады;

- құқық нормалар халықаралық,  мемлекетаралық байланысты, қатынасты  жақсартудығ құралы;

       Құқық  – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен  қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды  реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма –

 құқықтың  бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым – қатынасын реттеп, басқарып отырады.

       Адамдардың  бостандығын реттейтін норма  екі тұрғыдан қарастырады:

Біріншісі – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау  – жоспарлауы (ішкі бостандық);

Екіншісі - өз мүдде –  мақсаттарын өздері анықтап, оны  өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).

       Қоғамдағы  барлық прцесс, барлық қарым –  қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.

1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым – қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және заңдарда көрсетілген.

2. Норма көп қатынастардың  мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс  – тәсілдерін алдын ала анықтап,  көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісінә»жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.

3. нормативтік актілердің  көпшілігі өзгермей қатынастарды  көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік  тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.

4. Нормативтік актілер  жалпы мемлекеттік норма, оның  орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады. Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым – қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.

       Құқықтық  нормалардың белгілері:

1. норма мемлекеттік  органның қабылдаған бекіткен  актісі, оның заңды күші бар.  Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің  үлесіне айналады. Өйткені ол  нормаларды халықтық басым көпшілігі  дұрыс орындайды.

Информация о работе Құқықтық норма