Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңдағы мемлекеттік билік институттарының дамуы, реформалануы бірінші кезекте елімізде расында құқықтық, демократиялық, нарықтық экономикасы дамыған мемлекет құруға бағытталған. Осыған орай айтарлықтай өзекті болып мемлекеттік құқық қорғау органдарының, соның ішінде кеден органдарының қызметінің тиімді механизмін құру көрінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтары мемлекеттік тетіктерді қарқынды және орынды пайдаланылуын талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа распечатка.doc

— 342.50 Кб (Скачать документ)

Негізінен, кедендік қылмыстардың алдын алу үшін криминология ғылымы ұсынғандай екі түрлі алдын алу шараларын қарастыру керек және олар: жалпы әлеуметтік (немесе жалпы) және арнайы қылмыстың алдын алу. Жалпы алдын алу шаралары кезінде  қоғамның позитивті дамуы, өмір тапшылығына әкеп соқтыратын құбылыстарды жою сияқты жағдайлардың ескерілгенін көреміз. Бұл жерде қылмыстың алдын алу кезінде, экономикалық қайта құруда арнайы түрде мақсат қойылмайды. Бірақ, бұл басқа бір мақсаттарды жүзеге асыратын қайта құрулар, қоғам өміріндегі кедейшілік, жұмыссыздық, тұрмыстық жетіспеушіліктерге әкеп соғады. [55, 339б.]

Қылмыстың жалпы алдын  алу шараларынан гөрі, арнайы алдын  алу шаралары белгілі бір мақсаттарға  бағытталған, яғни ол мына міндеттерді  шешу барысында көрініс табады, олар: криминогенді факторларды азайту, жою, құрту; әлеуметтік микроорталарды сауықтыру, қылмыс жасайды˗ау деген адамдардың жүріс˗тұрысын түзету және тағы басқа.

Қолдану көлеміне қарай  кедендік қылмыстардың алдын алу  шараларын: ауқымды әлеуметтік топтарға жататын жалпымемлекеттік; жекелеген объектілерге немесе микротоптарға жататын  алдын алу шаралары және жекеше деп бөлуге болады. Жалпымемлекеттік ˗ бұл, мысалы Қазақстанның барлық аумағында  қолданылатын заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде көрсетілгендей  алдын алу шаралары. Әлеуметтік үлкен топтарға  жататын алдын алу шаралары облыс аймағы шеңберінде жүзеге асырылады. Ал жекелеген объектілерге немесе микротоптарға жүргізілетін алдын алу шаралары белгілі бір демалыс аймағында, нақты өнеркәсіп саласында болатын құқық бұзушылықтардың мән˗жайларын жою және ашу. [55, 340 б.]

Қылмыстың алдын алуды  қарастырған шақта, оны болдырмау  және жолын кесу деген деңгейлеріне тоқталған жөн. Былай алып қарастырғанда  кедендік қылмыстарды болдырмау  және жолын кесу ұғымдары синоним болып та қолданылады. Сонымен қатар, профилактика дегеніміз ˗ қылмыстың басқа себептерінің жағдайларын, мәселелерін жою, ашу және құрту шаралары болып табылады және де бұл профилактиканың өзі екі түрлі нысанда қарастырылды. Ол жеке профилактика ˗ қоғамға және құқыққа қарсы әрекеті ниетімен қылмыс жасайды˗ау деген күдікпен тұлғаларды анықтау және оларға немесе олардың өмір сүру орталарына тәрбие беру және ескерту шараларын жүргізу мақсатында қылмыстың алдын алу болып табылады. Ал жалпы профилактика ˗ бұл жоғарыда көрсетілген мақсатта жүргізілетін, әлеуметтік өмірдің әртүрлі шеңберіндегі  қылмыстылықтың  себептерін, жағдайларын ескере отырып, оларды орнына келтіру бойынша (бөгет жасау, тосқауыл қою) шаралар қолдану болып қарастырылады.

Профилактиканы жүргізуге жеке азаматтар, отбасы, мәдени˗ағарту мекемелері, денсаулық сақтау органдары, көптеген мемлекеттік және қоғамдық инспекциялар, қорғаншылық органдары қатысады. Сондай ˗ақ, қылмысты болдырмауға байланысты шараларды жүргізуге жауапты құқық қорғау органдары қылмыспен қылмыстық˗құқықтық күресу субъектісі ретінде қатысады. [54,96б.]

Бұл арада біріншісінде, құқық қорғау органдарының лауазымды  тұлғалары қылмыс жасайды˗ау деген  немесе қылмыс жасауға бел буған  адамдармен пікірлесу, отырып сөйлесу  арқылы болдырмау шараларын  жүргізсе, ал екіншісінде, қылмыс жасауға, оны іске асыруға дайындалып жүрген адамдарды жария емес тұлғалар арқылы шаралар қолданады.

Ал кедендік қылмыстардың жолын кесу шаралары – басталған  қылмысты оқталу кезеңінде және жалғасатын қылмыстың белгілі бір көріністерін тоқтату немесе тосқауыл қою болып тбылады. Бұл жерде қылмыскердің мақсатқа жетуіне жол бермеу, мысалы, тосқауылдарды құру, қылмыскерді қылмыс жасайын деп жатқан сәттерден ұстау секілді шаралар болып табылады.

Сонда да, барлық кезде бір мақсат, ол – қылмыстың жасалуына не оның қайталануына жол бермеу. Кедендік қылмыстардың алдын алу шараларын жүргізуге біз қылмыстың алдын алудың  арнайы түрін қолданамыз. Қылмыстың алдын алудың арнайы түрі қылмыстың жалпы алдын алуға қарағанда, ерекше бір объектіге, не белгілі бір салаға қатысты  жасалатын қылмыстарға жүргізіледі.  Жоғарыда айтып өткенімдей, қылмыстың арнайы алдын алу шаралары  өзіне дайындалып, оқталып жатқан қылмыстарды  болдырмауды және басталған  қылмыстардың  жолын кесуді қосады. Кедендік қылмыстардың арнайы алдын алу шаралары әртүрлі болып келеді және әртүрлі негіздерде жіктеледі.[55,344б.]

Мәселен, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінде көрсетілген  кеден саласында жасалатын қылмыстарды  кез келген тұлғалар жасайды. Бұл кедендік қылмыстарды абайсызда жасау мүмкін емес. Өйткені, кедендік қылмыстар көбінесі арнайы мақсат қойып, жоспарланып жасалынады. Тұлға кедендік қылмыстарды жасайтынын, жасауға бет бұрысын алдын ала біледі және оның аяқталуын көздеп отырады.

Криминология ғылымы саласынан қарасақ кейбір кедендік қылмыстарды көбінесе, үлкен сомадағы кіріс көзін алу үшін жасайды. Сондықтан да, көрсетілген тұлғалар әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында осы қылмыстарды жасауларына мәжбүр болады.

Қазіргі таңда тәжірибеде және теорияда кедендік қылмыстарды сараптау кезінде негізгі мақсат оны кім жасайтынында болып отыр. Өйткені, жалпы алғанда, егер адам белгілі бір әрекет нәтижесінде қылмыс жасауға бет бұрмаған кезде, бұл қылмыс жасалмаушы еді деген ой болады. Алайда, қылмыстың алдын алу үшін қылмыскерлерге қылмыстың әкелетін зардаптарын, оның жақсылыққа апармайтынын алдын ала ескерту сияқты жұмыстарды жүзеге асыру керек.

Кедендік қымыстардың  алдын алуға жеке шаралар қолдану  қылмыс жасауы мүмкін деп үміт күткен адамдарға қарсы шаралар болып табылады. Бұл шаралар түрі нақты адаммен және оның өмір сүру ортасымен байланысты жүзеге асырылады. Қылмыстың алдын алудың аталған  шарасы, яғни алдын алу түрінің объектісі – жүріс-тұрысы , өмір-салтына қылмыс жасауы мүмкіндігін куәландыратын адамдар. Олардың мақсаты, көзқарасы қылмысқа бағытталғандықтан жеке алдын алу шараларын қолданамыз. Жоғарыда көрсетілгендерді тұжырымдай отырып, кедендік қылмыстардың алдын алуға жеке шаралар қолдану деп – мемлекеттік және құқық қорғау  органдарының, ұйымдардың және олардың өкілдерінің қылмыс жасауы мүмкін тұлғаларды анықтау, оларға және олардың әлеуметтік ортасына және микроортасына позитивті әрекет ету жөніндегі қызметі болып табылады.

Оған қоса, кеден органдары  да аталған қызмет түрін жүзеге асырады  деуге болды, яғни тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік қылмыстарды жасауына ықпал етеді. Оны келесі қызметтерінен көруімізге болады. Мысалы, кеден органдарына сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арнайы  реестрде тіркеледі. Олардың мемлекеттік тіркелу құжаттары, тұлғалар туралы толық мәліметтер, олардың қызмет жүйесі, жұмыс нәтижелері және тағы басқа мәліметтер көрсетілген реестрде жазылып тұрады.

Кеден ісі саласында  жасалатын ҚР ҚК 214-бабында көзделген кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару қылмысы сыбайлас жемқорлықпен ұштасып жасалады, себебі бұл қылмыс құрамында арнаулы субъект ретінде лауазымды тұлғаның өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдалану мүмкіндігін қарастырған.

Аталған қылмыс құрамының  субъектілері болып табылатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары кеден  бажын, салықтарды, кеден алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерін төлеуден жалтару әрекетін кеден органждарында мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдармен сыбайластықта да жасауы мүмкін. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару  құрамының сыбайлас жемқорлық сипаттағы нысаны ретінде кеден органдарындағы лауазымды тұлғалардың қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, пара алу, қызметтік жалғандық жасау, қызметтегі әрекетсіздікпен ұштасып жасалатын жалтаруға бағытталған әрекеттерді айтуға болады.  Ұсынылып отырған кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамының сыбайлас жемқорлық сипаттағы нысандары шартты сипат алады. [34, 323б.]

Бүгінгі күні қылмыстың  алдын алу құқықтық саясаттың басты бағыты болып саналады. Ол – қылмыстың ұясын жоюға бағытталып, олардың дамуының бастапқы сатыларында іске асырылатын, криминогендік факторларға әсерін тигізетін, алдын ала  сақтанырудың негізгі түрі. Алдын алудың соңғы нәтижесі қоғамға аз шығын келтіре отырып, қылмыспен күресудегі міндеттерді шешуге септігін тигізеді. Алдын алу шаралы қылмыспен күрес жүргізуде құқық қрғау органдарының қандайда болмасын бір қылмыстың алдын алуда, оладың қызметтерінің тиімділігін жоғарылатады.

Кедендік қылмыстардың алдын алу тиімділігі кешенді әрекеттерді  қолдануды, өзара байланысты және теңдестірілген шаралар жүйесін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар алдын алудың  барлық әдістері мн түрлеріне бағытталған құқықтық реттестіру және тәжірибеден туындаған істердің әдіс-тәсілдерін жетілдіруді қажет етеді. Алдын алудың әдістері мен түрлері барлық субъектілердің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, кедендік қылмыстардың алдын алудағы мемлекттің саясатына негізделген қызметтің барлық түрін қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кеденді төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтару үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан  республикасының Қылмыстық кодексінің

214-бабында қарастырылған.

Кедендік төлемдер, Қазақстан  Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, кеден одағының кеден шекарасы арқылы  тауарлар мен көлік құралдарын өткізу процессіне қатысатын тұлғалардан кеден органдарымен алынатын ақшалай қаражат. Төлемдерді төлеу − тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің негізгі шарттарының бірі.

Кеденджік төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтару –  қылмыстық заңмен қарастырылатын және тыйым салынатын қоғамдық қауіпті, кедендік заңнамаға сәйкес кедендік төлемдерді толық немесе ішінара төлемеуге бағытталған қылмыстық˗жазаланатын, қасақана әрекет.

Қылмыстың қоғамдік қауіптілігі  кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кедендік рәсімдеу, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеу  тәртібі  мен шарттарын бұзуында.

Кеден ісі саласындағы  қылмыстың алдын алу мен жолын кесудің нәтижелілігі профилактика субъектілерінің профилактикалық әсер ету шараларының ұйымдастырылуына байланысты. 

Кедендік төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтарумен күрес  саласындағы қызметті ұйымдастыру  кеден органдарының арнайы бөлімдерінің құзіретіне берілген, Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы.

Кедендік төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтарумен күрес  жағдайының криминологиялық бағасы  қосымшада көрсетілген және ол Қазақстан  Республикасында 2010-2012жж. аралығында  қылмыс санының көбейгенін көрсетеді. 2012 жылы прокурорға 48 қылмыстық іс жіберілді, ол 2011 жылға қарағанда  37% көбейген.Оның ішінде 76% құқықбұзушылар- заңды тұлғалар, ал 24% - жеке тұлғалар.

Ақтөбе облысы бойынша 2011 ж. 1 қылмыстық іс қозғалған, 2012 жылы - 2 қылмыстық іс. Статистикадаға мәліметтерге сүйенсек кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару қылмысының өсу қарқынын байқаймыз. Көрсетілген мәлімет бойынша қылмыстың ашылуы төмен екенін атап көрсетуге болады. Ақтөбе облысы бойынша кеден органымен қозғалған қылмыстық істердің бар болғаны 6% құрайды.

Бұл қылмыс бойынша кеден  органдарының төмен көрсеткіші көрсетуі  қылмыспен күресті ұйымдастыруда  қиындықтардың бар екендігіне дәлел. Олар қылмыстық және кедендік заңнамадағы олқылықтарға және кеден органдары қызметкерлерінің құзіреттерінің жеткіліксіздігі.

ҚР кеден  кодексінің 113-бабында кедендік төлемдерге кедендік баж, кедендік алым көрсетілген. Бірақ ҚР ҚК 214 бабы «Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару»,  бұл тізімнен алымдар шартты түрде алынып тасталынады.  Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің  ұғымдары кедендік заңнама нормаларына сәйкес келмейді. Осы жерде Қылмыстық Кодекс пен кедендік заңнаманың кедендік төлемдерге қатысты  нормаларының сәйкес емес екенін байқауға болады.

ҚР Салық  кодексіне сәйкес кеден органдары  қосылған құна салығын және акциз салықтарын алады. Бірақ, ҚР ҚК 214 бабында ҚҚС және акциз төлеуден жалтару үшін жауаптылық нақты көрсетілмеген. Мүмкін, бұл норма диспозициясы құрылымының нақты еместігінен шығар. Осыған байланысты бұл мәселені кейбір ғалымдар айтқандай заңды түрде шешу керек деп ойлаймын. ҚР ҚК 214 бабының мәтініне «кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға кедендік төлемдер мен салықтар...» деген өзгеріс енгізген дұрыс деп ойлаймын. ҚР ҚК 214 бабының мәтініндегі бұндай өзгеріс қолданыстағы салық және кеден заңнамаларына сәйкес келіп, қарастырылған қылмыс затын нақты көрсетеді. Себебі заңқолданушылық тәжірибесінің нәтижелілігі құқық нормаларының дұрыс құрылуына тікелей байланысты. 

Кеден органдары қызметкерлері өз қызметтерінде кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару қылмысын саралауда қиындықтар туғызады. Кейбір жағдайларда кедендік төлемдер  мен алымдарды төлеуден жалтару қылмысын экономикалық контрабандадан ажырата алмай жатады.   Бұл мәселенің себебі «жалтару» сөзіне ешбір құқық саласында түсініктеме берілмегендіктен деп ойлаймын. Осыған байланысты, Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысы деңгейінде кедендік төлемдерден жалтаруға түсніктеме және оның жасалу тәсілдеріне сипаттама берілуі керек.

Қылмыс құрамының негізгі  субъективті белгілерінің бірі кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару субъектісі. Қазақстандық ғалымдардың  ҚР Қылмыстық кодексіне түсіндірмесіне жүгінетін болсақ қылмыс субъектісі кедендік төлемдер мен алымдарды төлейтін тұлған. ҚР Кеден ісі туралы кодексіне сәйкес кедендік өкіл кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге міндетті. Бұл норма өз кезегінде кедендік өкіл мен СЭҚ арасындағы келісімге сілтеме жасайды. Кеден органдарының тәжірибесінде кеден өкілі  келісім шартта міндетті өкілдік етіп тұрған тұлғаға жауапкершілік артатынын көрсететін жағдайлар кездеседі. Бірақ, кеден өкілі кеден ісінің маманы бола тұра,осындай қателіктердің жіберілмеуі тиіс, себебі сыртқы экономикалық қызмет қатысушылар бұндай құқықбұзүшылықты көбінесе заңнаманы білмеуінен жасайды.  Сондықтан кедендік төлемдер мен алымдардың төленуін кедендік өкілге міндеттеу керек деп ойлаймын. Бұл түзету кедендік өкілдердің жауаптылықтан кетуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Информация о работе Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы