Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңдағы мемлекеттік билік институттарының дамуы, реформалануы бірінші кезекте елімізде расында құқықтық, демократиялық, нарықтық экономикасы дамыған мемлекет құруға бағытталған. Осыған орай айтарлықтай өзекті болып мемлекеттік құқық қорғау органдарының, соның ішінде кеден органдарының қызметінің тиімді механизмін құру көрінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтары мемлекеттік тетіктерді қарқынды және орынды пайдаланылуын талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа распечатка.doc

— 342.50 Кб (Скачать документ)

Кедендік алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді.

Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс.

Кедендік алымдар ставкалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 Қаулысымен бекітілген. [10]

 

Тауарларды кедендік декларациялау үшін төленетін кедендік алым мөлшері келесі формула бойынша  анықталады:

 

Кал = (60 + Сқп * 25) * Бағам  

 

мұнда:

Кал – тауарларды кедендік декларациялау үшін төленетін кедендік алым

Сқп – тауарларға арналған декларацияның қосымша парақтарының саны

Бағам – кедендік декларация тіркелген күні айқындалған нарықтық валюта айырбастау бағамы 

60 – тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым ставкасы (тауарларға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 60 евро)

25 – тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым ставкасы (тауарларға арналған декларацияның әр бір қосымша парағы үшін 25 евро). [9]       

ҚР Кеден ісі туралы Кодексінің 120 бабының 5-тармағында көрсетілген  жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым кедендік декларацияны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды  төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану  және иелік ету бойынша шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулер бұзылған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялау  үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі  кедендік шекара арқылы тауарларды өткізген күн болып есептеледі. Егер заңсыз өткізілген күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін бюджетке төленген кедендік алым төлеушіге қайтаруға  жатпайды.

Бірнеше автомобиль көлік  құралымен өткізілетін тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралдарының санына барабар бөлінеді.

Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан  кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірілмей төленеді.

Кеден органының ҚР Кеден  ісі туралы Кодексінің 79 және 91-баптарына  сәйкес тауарларды сыныптау жөнінде  және тауарлардың шығарылған елі  туралы алдын ала шешім қабылдағаны  үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақы өндіріп алынады.

Кеден органы алдын ала  шешім қабылдағаны үшін ақыны  төлеуші көрсетілген шешім өзіне  берілгенге дейін енгізеді.

Төлеушінің кедендік төлемді кедендік алым бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне  аванспен енгізуге құқығы бар.

Кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, кедендік алымдар тауарлар шығарылатын  кеден органында немесе аумағында  кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған аумақта төленеді (өндіріліп алынады).

Кедендiк алымдарды  бюджетке аудару ҚР Кеден ісі туралы Кодексіне сәйкес айқындалған кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды аудару үшін көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

Декларант немесе өздеріне ҚР Кеден ісі туралы Кодексіне және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде міндет жүктелген өзге де тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер болып табылады.

Кедендік төлемдер мен  салықтарды төлеуге міндетті тұлғаға  кеден органдарымен кедендік төлемдер мен салықтарды кейінге қалдыруға  және бөліп-бөліп төлеу рққсат етілетін ескерген жөн.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу нысанында жүргізіледі.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімін өзгертудің негіздемесі, талаптары  мен тәртібі Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарында айқындалады.

Салықтарды төлеу мерзімдерін  өзгертудің негіздемесі, талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімдерін өзгерту деп Кодексте белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру танылады.

Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген кезде пайыз қосып есептелмейді.

Бұл ретте төлеушіге  кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру - мерзімін ұзарту, ал төлеушіге кедендік баждарды көрсетілген бөліп-бөліп төлеу кестесіне сәйкес тең үлестермен кезең-кезеңмен төлеу құқығын беру бөліп-бөліп төлеу болып табылады.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімін ұзартуды немесе бөліп-бөліп  төлеуді Қазақстан Республикасының  халықаралық шартында айқындалған  негіздердің ең болмағанда бірі болған жағдайда төлеушіге кеден ісі  саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден ұсынады.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп  төлеу ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты және кедендік баждарды төлеуді  қамтамасыз еткен жағдайда Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы Кодексінің 16-тарауында көзделген тәртіппен беріледі.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім төлеушінің жазбаша өтініші және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтініште көрсетілетін мәліметтер тізбесі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалады.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім жазбаша нысанда жасалады, оған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды. Осы шешім көрсетілген кеден органы кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі келесі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.

Кедендік баждарды бөліп-бөліп  төлеуді ұсыну туралы шешімге  бөліп-бөліп төлеуді ұсынған кеден  органының келісімі бойынша төлеуші  жасаған кезең-кезеңмен төлеу кестесі  қоса беріледі. Көрсетілген кесте  кедендік баждарды төлеу мерзімін белгілейді және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

Төлеу мерзімін кейінге  қалдыруға немесе бөліп-бөліп төлеуге  мәлімделген кедендік баж сомасын  есептеп шығару үшін Қазақстан Республикасының  кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін және кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтініш кеден органында тіркелген күні қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы қабылданады.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсынудан бас  тарту туралы шешімде мұндай бас  тартудың себебі туралы мәлімет қамтылуға  тиіс.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған жағдайларда жойылуға жатады. Бұл ретте мұндай шешімді жойған кеден органы кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді алу туралы өтініш берген тұлғаны жазбаша нысанда хабардар етеді. [8]

 

1.3Шетел мемлекеттерінің  заңнамасы бойынша кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтаруды салыстырмалы талдау.

 

Кедендік ˗ салықтық құқықбұзушылықтардың құқықтық ерекшелігі оларға жауапкершілің мәселелерінің  шетел заңнамаларында қаржылық құқық шеңберінде қарастырылуы, әйтсе де кейбір елдердің заңнамасында салықтық қатынастағы бұзушылықтарға әкімшілік, ал кейбіреулерінде қылмыстық жауаптылық қарастырылған. [11, 124 б.]

Кедендік төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтаруға қатысты көзқарасты екі бағытқа бөліп қарауға болады. Біріншісі, постиндустриалдық елдер, соның ішінде АҚШ және  Еуропалық экономикалық  одақ елдері, екінші топ Кеден одағына мүше елдер.

Ресей Үкіметінің Заңшығару  және құқықтық талдау интитутының ғылыми қызметкері Г.В.Петровтың ойынша: «Постиндустриалдық елдердегі кедендік баждың фискалдық маңызы азаюда. 80-ші жылдардың ортасына қарай еуропалық елдердің мемлекеттік бюджетіндегі кедендік баждың орны: Ұлыбританияда— 1,2%, Жапонияда  — 1,3%, ГФР — 2,5%, Францияда — 7,6%'.

Кедендік баж АҚШ  федералдық бюджетінің болмашы (аз) бөлігін  құрайды. 1960 жылдан  1990 жылдың басына дейін  оның үлесі айтарлықтай  өзгерген жоқ 1,6% құрады. Бұл кедендік салықтың мақсаты — кейбір елдер  мен тауарларға қатысты саудалық  протекционизм. [12, 68 б.]

 Қазіргі таңда ЕЭО мүше мемлекеттермен алынатын кедендік баж ЕЭО экономикасын басқа елдермен бәсекелестікте қорғаныс мақсатында қолданылады.  1975  жылдан бастап  баждан түскен түсім толықтай ЕЭО бюджетіне түседі. Өнеркәсіптік дамыған елдерде бюджет кірісіне акциздік салықтықтардың түсімі  төмендеуде. Осы елдерде 60-шы жылдары акциз бюджетке кірістің 30% құрады;  80-ші ж.ж - 16-18%;  90-шы ж.ж. - 2-6% . [13, 37 б.]

10 ақпан 1975 ж. ЕЭО  Кеңесі кедендік төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтарумен қарсы күресудің кешенді жолдарын қарастыратын     шешім қабылдады. 

ЕЭО мемлекеттернің заңнамасында кедендік салықтарды төлеуден жалтаруға  жауаптылық қарастырылған. Германияда 1972 ж. Aussensteuergesetz  салықтық алаяқтық ретінде қарастырылған.  392f Abgabenordnung  параграфаны сәйкес ол 5 млн. неміс маркасы көлеміндегі айыппұлмен немесе 5  жылға дейінгі бас бостандығынан айырылумен жазаланады.

Кедендік төлемдер мен  салықтарды жалтару үшін Англияның Taxes Management Act 1976 г.  Жалпы жаза көрсетілген. 1972 жылғы Британдық Қаржылық Статуттың 38 бабында арнайы айыппұл санкциясы, яғни 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе  1000 ф. ст . көлемінде айппұл, немесе екі жаза.  Айыппұл төленбеген жағдайда  кінәліден төленбеген айыппұл үш есе етіп өндіріліп алынады.

Бұл елдерде бас бостандығынан  айыру мен айыппұл салу  баламалы, сондай ақ құрамдас болып келеді. Құқыққолданушы органдардың практикасында   заңсыз алынған мүлік пен  кірісті  тәркілеу  басқа жазалардан  үстем  жоғары болады. ЕЭО мүше мемлекеттердің қылмыстық заңнамасында  экономикалық  санкциялардың нәтижелі қолданылуы  1992 жылғы Францияның Қылмыстық кодексіне де әсерін тигізді.  Франция мүлікті тәркілеуді жазаның бір түрі ретінде мақұлдап, сонымен  қылмыспен күресуде прогрессивті қадам жасады. [14, 41 б.]

Кедендік˗салықтық бақылаудың «адал» әдісінің экономикалық тиімділіг  француз тәжірибесінен анық көрінеді: осындай  әдістің нәтижесінже  қазына 16 млн. фр. толықты. 

Салықтық құқық дегеніміз  —  салықтық жүйе салықтық ережені  бұзғаны үшін жауаптылықты реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.  Кедендік ˗ салықтық  құқықбұзушылық үшін санкцияның ерекшелігі болып қаржылық және қылмыстық құқық нормаларының қатар болуы.  Қылмыстық құқық нормалары мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыру үшін қолданылады және оны қарастыру барысында  қаржылық құқық нормаларымен біріктіріп қарастырған жөн. 

Әлемдік тәжірибеде салық  салуды екі салаға салу бұрыннан келе жатыр.  АҚШ та салық құқығы мәселесі  сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде  арнайы Халықаралық салық кодексімен  реттеледі. Сонымен қатар Ішкі салық кодексі де бар. 

АҚШ заңнамасында кедендік қылмыстар бөліп көрсетілмеген; қылмыстық˗құқытық  әдістерімен  жалпы салықтан жалтарған  үшін қудаланады.  АҚШ кедендік қылмыстар Қаржы  министрлігінің құрамындағы АҚШ  Кеден қызметімен тергеледі. Салықтық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық АҚШ Заңдар жинағыны 18 тарауында қарастырылыған.  Ішкі салық кодексімен салықтық қылмыстардың құрамы реттеледі. (Заңдар жинағының  26 тарауы). Аменикандық заңгер  Сюзан Б. Лонг тың пікірінше,  салықтық қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған  қырыққа жуық құрам бар. Салық заңнамасына қатысты келесі заңи технология бар:  салықтық билль, АҚШ Конгрессі арқылы өтіп  1986 ж. Қабылданған Ішкі салық  кодексіне өзгерістер енгізетін Салықтық заң ретінде бағаланады. [15, 196 б. ]

Қылмыстық—құқықтық  санкциялар бас  бостандығынан айыру, айыппұл салу сияқты жаза түрлерін қарастырады. Салықтық қылмыс үшін қылмыстық  жауаптылық бар негізгі 48 баптың үшеуі  ғана абақтыға жабу жазасын қарастырмайды.  Ішкі салық кодексінің нормасы бойынша бір қылмыс үшін орташа статистикалық жаза — бір жылға бас бостандығынан айыру; екі қылмыс үшін — екі жылға дейін бас бостандығынан айыру. Мүлік тәркілеу міндетті түрде болады және оның сомасы әкелінген зиянды, сонымен қатар қылмыстық өндірісті жүргізген ұйым шығындарының орнын толтыратын сомада болады.  

АҚШ құқығында кедендік төлемдер мен салықтардан жалтару  ˗ бұл  қасақана, әдейі   федералдық салықты төлеу міндетін алдау, алаяқтық немесе бұрмалау арқылы  ішінара  және толықтай орындамау

АҚШ заңгерлерінің пікірінше  бұндай заңның тұрақты және даппай пайдаланылуына үміттенуге болмайды;  әрекет алдау арқылы жасалынғандықтан олар қиын жазаланатын болып келеді. Кедендік салықтардан жалтару АҚШ  заңнамасында қылмыс ретінде сараланып, АҚШ заңнамасымен рұқсат етілетін  орынды салықтық жоспарлау деп түсілінетін,  салықтан жалтарудан (tax avoidance)  ерекшеленеді.

Информация о работе Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы