Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңдағы мемлекеттік билік институттарының дамуы, реформалануы бірінші кезекте елімізде расында құқықтық, демократиялық, нарықтық экономикасы дамыған мемлекет құруға бағытталған. Осыған орай айтарлықтай өзекті болып мемлекеттік құқық қорғау органдарының, соның ішінде кеден органдарының қызметінің тиімді механизмін құру көрінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтары мемлекеттік тетіктерді қарқынды және орынды пайдаланылуын талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа распечатка.doc

— 342.50 Кб (Скачать документ)

ҚР Қылмыстық кодексінің 214˗бабының санкциясында       бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазалары   қарастырылған. 

Сонымен қатар бап ескертуінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бересiнiң сомасын, есептелген өсiмпұлдарды, айыппұлдар сомасын өз еркiмен төлеген адамның әрекетiнде өзге қылмыстың құрамы болмаса, ол осы баптың бiрiншi бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады делінген. [28]

Бұл ҚР ҚК 214˗бабына берілген қысқаша сипаттама. ҚР ҚК аталған бабы бойынша заңсыз қылмыстық іс қозғаудың алдын алу үшін кінәлінің әрекетін дұрыс саралау мақсатында кедендік заңнаманы толық игеру керек.

 

3 ТАРАУ  КЕДЕНДІК  ТӨЛЕМДЕР  МЕН АЛЫМДАРДЫ ТӨЛЕУДЕН  ЖАЛТАРУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

 

3.1   Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарудың себептері мен салдарлары.

 

Қарастырылып отырған  қылмыстан сақтандыру шараларын  жүзеге асыру үшін, қылмыстың себептерін және оларды жасауға мүмкіндік  беретін  жағдайларды анықтаудың да маңызы бар.

Тарихқа көз жүгіртсек, қылмыстың адамзат бойынан арылмаған  тірлік екенін көреміз. А.Костенконың айтуынша, жақсылық пен жамандық қатар жүрмей ешқандай өркениет дамымайды, яғни қылмыс қашанда болады. [36,3б.]

Қылмыстық құқық және криминология ғылымында, қандай да нақты  бір қылмыстың себебі жалпы қылмыстылықтың себебімен тығыз байланысты екендігі танылған. Сондықтанда жалпы қылмыстылық себебінің негізгі параметрлерін анықтамай, нақты бір қылмыс себебінің мәселесін қарастыру мүмкін емес. [37,52-57 б.]

Қылмыстылық себебі мәселесі ˗ криминология ғылымында негізгі  және сонымен қатар күрделі мәселелердің бірі. Криминологияның қатаң дәстүрі қылмыстылық және қылмыскердің жеке басының қылмысты қылығы туралы тарихи дамып келе жатқан ілім жиынтығын аралап түсіну болып табылады. Бұл дәстүр осы құбылыстардың мәніне енудің тұрақты процесін көрсетеді және осы әлеуметтік жат құбылысқа тиімді әсерін тигізу үшін қылмыстылықтың заңдылығын ашуға ұмтылу мақсатында жылдан-жылға жетіліп келеді. [38, 3 б.]

Бірақ бұл мәселе әлі  күнге дейін жеткілікті шешімін  тапқан жоқ. Мысалы, кейбір авторлар, адамзат  қоғамында қылмыстылықтың әлеуметтік себептері жоқ деп санаса, ал басқаларытап осындай себептердің бар екенін дәлелдеп бағады. Осы зерттеудің негізгі бағытынан және оның мәнінен тым алыстамас үшін, автор криминологиядағы себептілік теориясының мазмұнына қатысты ой, пікір таласына көп тоқталмайды. Дегенмен,  зерттеу жұмысымыздың көлемі, зерттеу тақырыбы бойынша тиімді тұжырымдар мен қорытындылар жасау үшін негіз бола алатын тиісті база құруға мүмкіндік беретін қандай да бір нақты теориялық платформаға көңіл бөліп отырады.

Қандай да бір құбылыстың себептілігі туралы ілімнің ғылыми және тәжірибелік мәнін аса бағалауға  болмайды. Егер қылмыстылықты алатын алатын болсақ, онда оны тану, бағалау  сатысы мен онымен күресті ұйымдастыру  сатысының арасында міндетті түрде  қылмыстылықтың детерминанттары мен себептілігін анықтау. [39, 45 б.]

Онсыз қылмыстылықпен күрестің тиімді іс˗шараларының сатысы болуы керек. моделін құру мүмкін емес.

Криминология теориясында  қылмыстардың себептерін анықтау, түсіну мәселесі елеулі түрде алдыға жылжыған. Дегенмен бұл салада кездесетін қиыншылықтарға байланысты, әрі қарай тереңірек оқуды зерттеуді талап етеді.

М.Д.Шаргородскийдің көзқарасынша «қылмыстылықтың» себептері деп, онсыз  пайда бола алмайтын барлық мән˗жайларды санауға болады. Бірақ, барлық мән˗жайлар бірдей рөл атқармайды. Олардың біреуі тек қылмыстық ниетке шынайы мүмкіндік туғызса, ал басқалары бұл мүмкіндікті шындыққа айналдырады.  Сондықтан да бірінші жағдайды, екінші себепті қарастыру керек. Қылмыстылықтың себептері өзінің әрекеттерімен оның өмір сүруіне мүмкіндік беретін белсенді күштер болып табылады» деген пікір білдіреді.[40, 35б.]

 Негізінде, қылмыстылық  себептері мен жағдайларының  категориялары туралы мұндай  көзқарасты тиімді деп санауға  болады, бұл пікір криминологияда  кеңінен таралған. Дегенмен криминология ғылымында осы мәселе туралы елеулі айырмашылығы бар ондаған көзқарастар мен теориялық ұсыныстар бар.

Криминологияда себептілік теориясын талдауға бірқатар еңбектер арнаған қазақстандық зерттеуші, профессор  Е.Қ.Қайыржанов: «Заңға қайшы әрекеттерді индивидтің ерекше эмоциялық-психологиялық күйімен түсінуге болатындығын кездестіруге болады. Бірақ қылмыстың себебін психологиялауға талпынуды бастама ретінде алуға болмайды, өйткені әлеуметтікті психологиялыққа теңестіру әдістемелік тұрғыдан сенімді емес және онтологиялық жағынан дұрыс емес. Материалдық әлем дамуының жоғары деңгейін төменгі деңгейлердің көмегімен түсіндіру мүмкін емес» дейді. [41, 52-57 б.]

Ал, профессор В.А.Номоконовтың айтуынша, қылмыстылықтың себебі қоғам  өмірінің терең деңгейінде жатуы мүмкін, сондықтан оны танып білу үшін тек криминологтармен ғана емес, сондай˗ақ философтармен, саясаттанушылармен, әлеуметтанушылармен, экономистермен бірге зерттеу жүргізу керек. Сонымен қатар, ол еліміздегі сондай˗ақ оның аймақтарындағы қылмыстылық күрделі «көпқабатты» себепті кешендермен өндіріледі дейді. Оның пікірі бойынша, «қылмыстылықтың» себепті кешені дегеніміз ˗ анағұрлым терең және өткір деформациялардың кешені, олар қоғамдық өмір субъектілерінің экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына кедергі жасайды, азаматтардың бостандығын шектейді, әлеуметтік әділетсіздікті және азаматтардың қоғамдатбилік етіп тұрған құнды нормативті жүйеден бөлініп кері кетуін, олардың деморадлизациялауын тудырады».

Экономикалық қылмыстық  себептерін ең алдымен экономикалық қатынастардан, олардың қайшылықтарынан, шаруашылық механизмінің жинақталуынан, сонымен бірге, бөліну  қатынастарының жүйесінен іздеу керек.

Кез˗келген экономикалық қатынастар, олардың қарама˗қайшылығы қылмыстылықты тудырады. Экономикалық (ең алдымен тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісі жағынан қарағанда) қатынастар пайда болған сәттен бастап сол қоғамда бір мезетте осы саладағы қылмыстылықтың тууы да орын алады деп түсіну қажет. Қайта қүрылуға дейін ұзақ уақыт бойы социализмнің экономикалық базисі қылмыстылықты тудырмайды деген пікір қалыптасты. Ал іс жүзінде нақ осы базис қылмыстылықты және оның жеке түрлерін тудырады.

И.И.Карпецтің пікірінше, «қылмыстылық әлеуметтік сипаты бар, социализм  үшін заңды құбылыс:оның себептері  біздің қоғамымыздың дамуындағы қайшылықтар мен кемшіліктерде жатыр». Сондықтан қылмыстылық қоғамда орын алған себептерден туындайды. Қылмыстылық көбейгенде ондай іс˗әрекет жасауға бұрын қатыспаған адамдар онымен айналыса бастайды, әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдар, әскери қызметкерлер, ғалымдар, студенттер, тағы басқа қылмыскерлер қатарын толтырады. [43, 30-39б.] Яғни, қоғам келбеті өзгергенде қылмыстылықтың келбеті де өзгереді. Бұл жерде айта кететін бір ерекшелік˗қылмыстылық, өз кезегінде, қоғамдық қатынастарға теріс ықпал жасай алады. Бұл пікірдің айқындылығын біз елімізде болған өтпелі уақыттың тұсында байқадық.

Қоғамға қарсы құбылыстардың  себептерінде тек объективтік қана емес, субъективтік факторлар да, олардың  өзара әрекеттестігін тудырады. Мәселен, экономикалық жағдай, негізінен, объективтік мүмкіндіктермен, қоса объективтік шекті алдын ала анықтайды,ондағы басқа факторлар (идеологиялық және әлеуметтік˗мәдени) адамның тұлғасына ықпал жасайды.

Демек, экономикалық қолайсыз жағдай, қоғамның және жеке адамның санасына ұялап, қоғамға жат мінез˗құлықты тудырады, бірақ ол белгілі бір әлеуметтік топ деңгейінде көрініс табады. [44, 59 б.] Сондықтан да, әрбір нақты жағдайда, қоғамға жат көрініс себептеріне жататын объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлар арасындағы өзара байланысты ашып, оның кімге көбірек ықпал жасайтынын ескеру керек.

И.И.Карпецтің айтуынша, егер қоғам экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемалар мен қарама˗қайшылықтар уысында қалса, қылмыстылық кең  етек алады, ешқандай әлеуметтік˗саяси жүйе бұл заңдылықтан қашып құтыла алмайды. Демек қоғам дамуындағы үйлесімсіздік және оның алдында тұрған мәселелердің шешілмеуі қылмыстылықтың көбеюіне әкеп соғады.

Американдық В.Фокстың  айтуынша, қоғам дұрыс ұйымдастырылмаса, ол әлеуметтік және экономикалық дағдарыста болса, оны қылмыстылық пен зорлық жайлайды. Ал керісінше әлеуметтік және экономикалық проблемалар кең ауқымда шешілсе қылмыстылық азаяды, ол ахуал қоғам мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіндігін арттырады. Оның көрінісін қазіргі еліміздегі экономиканың жақсаруына байланысты кейбір қылмыс түрлері азайғанынан көруге болады.

Қалыптан қоғамдық қатынастардың  теріс ауытқуы қалайда сананы өзгертіп, құндылықтарға деген қатынасты  өзгеше қылып,  тұлғаны азғындап, мінез˗құлықты өзгертеді. Мәселен, жастар өздерін еңбекте, оқуда және қоғамдық өмірде көрсете алатындай мүмкіндіктен айырылса және де бос уақытын дұрыс пайдаланбаса бойындағы бүкіл мүмкіндіктерді қылмыстық әрекеттерге  жұмсайды. [45, 19б.]

Ал кейбір ғалымдардың пайымдауынша, қылмыстылықты әлеуметтік сырқаттың бір түрі деп қарастырып, қылмыс ˗ әлеуметтік денедегі сырқат деп, оны адам бойындағы сырқат сияқты, одан жазылу үшін оны тудырған және себепші болған барлық факторларды зерттеу қажет. [46, 132 б.]

Басқалары қылмыстылықтың себептері жайлы сөз болғанда былай пайымдайды: «біріншіден, мәселе өндірістің қысқаруында, бағаның босатылуында, сыртқы экономикалық байланыстардың бостандығында, сауданың еркіндігінде, саудагерлікке, оның ішінде валютамен саудаласуға рұқсат бергендікте, сондай˗ақ, халықтың 40%-тен астамы қазір нашар тұратындығы экономикалық жағынан алып қарағанда қылмыстылықпен де тығыз байланысты». [47, 40б.]

Осы айтылғандардан мынадай  тұжырым жасауға болады: қылмыстылық  ˗ адамзат тарихында бұрын болған және қазіргі бар қоғамдардың барлығының да ажырамас бөлігі. [48, 65б.] Оның болашақ тағдырын болжау үшін қажетті деректер әзірге жоқ, бірден бір жолы, ол ˗ болжамды сәуегейлікпен немесе аксиомамен алмастыру. Сондықтан да, қоғамның және оның зияткерлік потенциалының мақсаты қылмыстылыққа жан˗жақты әсер ете отырып оның деңгейін төмендеті, құрылымын жұмсарту. Қылмыстылыққа әлеуметтік бақылау жасау және оны жүзеге асыру.

 

3.2   Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтаратын қылмыскер тұлғасының сипаттамасы.

 

Қылмыскердің жеке тұлғасының сипаты криминологиядағы  алдыңғы  қатардағы, сонымен бірге өте  күрделі мәселелердің бірі болып  саналады. Қылмыскердің, заңға бас  имейтін барша азаматтардың жеке басын оқып˗танудағы психологиялық  және әлеуметтанулық  талдау төмендегідей шешім шығаруымызға мүмкіндік береді: қылмыскер дегеніміз ˗ асқынған алақызбалықпен және тіпті өзіне˗өзі сенбейтін кері тартпа күдікшілдік  іс˗әрекеттерімен қоғамдық орта мен адамдық қасиеттерден алшақтаған жеке тұлға. [49, 79б.]

Криминологияда тұлғаны  ең әуелі қылмысқа байланысты заңдар тұрғысынан және қылмыстың шығу себебі, сондай˗ақ оның алдын алу мәселелеріне байланысты талдау қажет.

Кейбір қылмыстардың алдын˗алу  мына жағдайларда мүмкін: егерде барлық ынта қылмыскердің жеке тұлғасына бағытталса, адамның жеке басы осы қылмыстардың жасалу себептеріне ықпал етіп, барлық қылмыстық механизмінің негізгі маңызды буыны болып шығады. Осы қылықтарды пайда қылатын ерекшеліктер алдын алу шараларының тікелей объектісі болуы керек.

Қылмыскердің тұлғасы дегеніміз - қылмыс жасаған түлғаны сипаттайтын жэне оның қылмыстық мінез-қүлқына ықпал ететін әлеуметтік-демографиялық, элеуметтік-психологиялық, адамгершілік, қүқықтық қасиеттердің, белгілердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Ол адамның әлеуметтік беті.

Осыған орай қылмыскердің түлғасының қүрылымына тоқталу лэзім. Қылмыскердің түлғасы оның анықтамасымен  тығыз байланысты. Қүрылымға байланысты мәселе тек түлғаны сипаттаушы қасиеттерді  топтастыруда ғана. Осыған қатысты  да эр автор өзінше кесте жасайды. Мысалға, Н.Ф. Кузнеңова /28/ қылмыскердің тұлғасының құрылымын былайша түзеді:

 

Қалай?

Кім?

Неліктен?

Әлеуметтік рөлдік қасиеттері

Әлеуметтік-

демографиялық

қасиеттері

Әлеуметтік-психологиялық

Қасиеттері

Қылмыскер

Жынысы

Құқықтық психология

Құқықбұзушы

Жасы

Еңбек психологиясы

Еңбеккер

Білімі

Тұрмыстық психология

Отағасы

Әлеуметтік топқа

Адамдармен қарым-қатынас

Белгілі бір

Жатуы

Психологиясы

топтардың

Материалдық

Өзін өзі бағалау

мүшесі

жагдайы   Азаматтығы

Жан саулығы

 

Яғни, элеуметтік рөлдік қасиеттері "Қалай қылмыс жасады?" - дегенге жауап берсе, элеуметтік-демографиялық қасиеттері "Кім қылмыс жасады?" - дегенге, ал әлеуметтік-психологиялық қасиеттері "Неліктен қылмыс жасады?" - деген сұраққа жауап береді.

Қылмыскер тұлгасының құрылымына байланысты өзгеден оқшаулау ойды Б.В. Волженкин білдіреді:

1)  қоғам мүшесі  ретінде жалпы белгілері;

2) барлық қылмыскерлерге  тэн, бірақ қарапайым азаматтардан  өзгеше белгілері;

3) сол қылмыскерді  ғана сипаттайтын жеке-дара белгілері . Қылмыскер тұлғасын құрайтын қасиет-белгілердің жалпы схемасын былайшы көрсетеді:

Информация о работе Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы