Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңдағы мемлекеттік билік институттарының дамуы, реформалануы бірінші кезекте елімізде расында құқықтық, демократиялық, нарықтық экономикасы дамыған мемлекет құруға бағытталған. Осыған орай айтарлықтай өзекті болып мемлекеттік құқық қорғау органдарының, соның ішінде кеден органдарының қызметінің тиімді механизмін құру көрінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтары мемлекеттік тетіктерді қарқынды және орынды пайдаланылуын талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа распечатка.doc

— 342.50 Кб (Скачать документ)

Кедендік салықтарды төлеуден жалтару қылмысы туралы істер құқыққорғау органдарына  қиындықтар туғызуда.

 АҚШ қылмыстық   құқықығындағы салық төлеуден оның ішінде кеден төлемдері мен алымдарына төлеуден жалтару қылмыстық іс әрекеті әдейі салық төлеушіге белгілі федералдық салықты толық және бір бөлігін алдау, алаяқтыққа бұрмалаудан көрінетін қасақана төлемеу әрекеттерінен көрінеді. Ол елдегі кеден салықтық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көрсетілген санкциялардың қатаңдығын түрмеге қамау сияқты жаза түрін қолданудан ғана емес, сондай ақ ірі мөлшердегі айыппұл салу арқылы жүзеге асырылатын жазадан да көруге болады.

 Ал ЕЭО мемлекеттеріндегі заңнамаларында салық төлеуден бас тарту, оның ішінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін  жауаптылық қарастырылған. Германия елінде ол Aussensteuezdesetz заңымен (1972 ж.) яғни, салықтық алаяқтық S 392 F Abdabenozdnund  ережесіне сәйкес 5 млн. неміс  маркасы немесе бес жыл бас бостандығынан айыру жаза түрлерімен жазаланады.

Ұлыбританияда салықтар мен кеден төлемдерін төлеуден жалтару 1976ж. қабылданған TAXCS Tanadetent Akt (салықтарды басқару ережесі) нормаларымен реттеледі. 1972 жылы қабылданған Британия қаржылық статусының 38-бабында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 1000 фунт стерлингке дейін айыппұл түріндегі жазаны көздейтін салық˗кеден төлемдерін төлемеу әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты бекітуші норма көзделген.

Аталған мемлекеттердің қылмыстық заңдарында салық, кеден  қылмыс құрамдары үшін белгіленген  санкциялардың баламалы екендігін (бас бостандығынан айыру немесе айыппұл) жазаларын қарастырғаннан байқауға болады.

Ал кейбір алыс шетел  мемлекеттерінде  кеден˗салық төлемдерін төлеуден жалтару әрекетіне бас бостандығынан айыру мен ірі мөлшердегі айыппұл жазалары бірге тағайындалады.

Мысалы, Испания Қылмыстық  кодексімен жарналарды біріккен алымдарды  төлеуден жалтару, оларды негізсіз қайтарып алу және жұмсалған шығындар бойынша шегеру мақсатында әлеуметтік қауіпсіздікке зиян келтіру әрекеттері үшін жауаптылық қарастырылған (Испания Қылмыстық кодексінің 307˗б.1˗бөл.) қылмыстық жауаптылықтың туындау негізі болып төленбеген жарналар, негізсіз қайтарып  алынған сома, шегерілген сома мөлшері 15 млн. песеттен асуы керек. Бұған төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру және көзделген соманың алты еселенген сомасы мөлшеріндегі айыппұл жазасы бірге тағайындауға жатады. [16, 12 б.]

КСРО таралғаннан кейін  Одақ құрамындағы мемлекеттердің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына (ТМД)  бірігу қажеттілігі туындады. ТМД құрудың мақсаттарыныңт бірі бірыңғай құқықтық кеңістік құру болып табылады. Тараптардың қарым қатынастары ТМД мемлекеттерінің арасындағы  көпжақты және екіжақты мәмілелерге қол қоюмен ресімделді. Бұл кедендік заңнамаға да қатысты болды. ТМД елдерінің кедендік˗салықтық заңнамаларына талдаудың өзектілігі бірыңғай нарық құру мақсатында қаржы мен инвестицияға қатысты ТМД елдерінің жалпы құқықтық режимімен қатар, ТМД елдерінің нормативтік және заңнамалық актілеріндегі қайшылықтарды жою, жетілдіру.

Ресей, Белорусь және Қазақстанның кедендік және салықтық заңнамаларының көпшілігі жаңа сыртқы және ішкі экономикалық

Қазіргі таңда тек  Ресей мен Қазақстан өз қылмыстық заңдарын қалыптасқан нарықтық экономика жағдайына сәйкестендіріп өзгертулер енгізді.

Кедендік төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтару үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын нормалардың талдауынан Қазақстан  Республикасының  1998 жылы 1 қаңтарда қабылданған Қылмыстық кодексі  алдыңғы қатарда екенін көруге болады. Қазақстан Республикасы мен Ресейдің кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын нормалардың салыстырмасынан  Қазақстан Республикасының ҚК қылмыстың бірнеше рет жасауынан басқа келесідей саралау белгілері көрсетілген: 

— кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден өзінің қызметтік бабын пайдалану арқылы жалтару;

— кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық ұйымның жалтаруы.

 Бұл норманың  Ресей ҚК ұқсас нормасынан айтарлықтай  айырмашылығын көрсетеді. Менің ойымша Қазақстан Республикасының ҚК 214 бабының кемшілігі заңсыз кірісті тәркілеудің жоқтығы.  Қазақстан Республикасының ҚК 214 бабында көрсетілген кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару үшін  заңсыз кірісті тәркілеуді қосымша жаза ретінде қосуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ТАРАУ    КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР  МЕН АЛЫМДАРДЫ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ˗ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ.

 

2.1    Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарудың объективтік белгілері

 

Әр уақытта кез келген қылмысты саралау жүрісі, нақты қоғамға қауіпті және қүқыққа қайшы әрекеттің мән-жайларының нақты қылмыс қүрамының белгілерімен ұқсастығын анықтау болып табылатынын білеміз. Қылмысты саралау, қылмыстық әрекеттің объектісі мен затын анализ жасаудан басталады. Содан кейін зерттеліп отырған қылмыстық объективтік жағының белгілерін, оның субъектісін, субъективтік жағын анықтаймыз.

Қылмыс қашан да бір  құндылықтарға қол сұғып, зардап әкеледі немесе әкелу қаупін туғызады. Не нәрсеге қол сұғылса, не қол сұғылмақ болса, сол қылмыс объектісі болып табылмақ.  Қылмыс объектісінің проблемасы кінә, зиян келтіру проблемаларынан кем түспейтін маңызды да философиялық терең мәселе болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады.

 Кеден саласындағы  құқық бұзушылық үшін қылмыстық  жауаптылықты белгілейтін қылмыстық˗құқықтық  нормаларды дұрыс қолдану жасалған  әрекетті заңға сәйкес саралау  қылмыстық қол сұғатын қоғамдық қатынастардың шеңберін және мазмұнын нақты анықтауға және қылмыстың объектісін нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты объектілерін қалай түсінетіндігі жайлы мәселе туады.

Жалпы қылмыстың объектісі˗қылмыстық  құқық теориясында күрделі де даулы мәселелердің бірі. Қылмыстың объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас екендігі баршамызға белгілі. Дегенмен, бұл жалпы түсінік ғалымдардың объектінің құрылысы мен мазмұнына әртүрлі сипаттама беруіне кедергі болмайды.

Қылмыстың объектісін белгілеу әрбір қылмыстың мәнін анықтауда қажетті  шарттардың бірі бола отырып, құқық бұзушылықтың табиғатын, оның әлеуметтік˗саяси мазмұнын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтайды. Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі ұқсас нормалардың орнын анықтауға, сондай˗ақ іс˗әрекеттерді дұрыс саралау және оларға жаза тағайындау үшін қажет.

Егер де іс˗әрекет  қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі  бір объектіге қатысты жасалса, онда адамның қоғамдық қауіпті іс˗әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. «Әр қылмыс әрекетпен немесе әрекетсіздікпен жасалса да, ол қашан да белгілі бір объектіге  қол сұғады. Ешқандай қоғамдық қатынастарға зиян келтірмейтін қылмыс табиғатта жоқ»,˗ деп жазады профессор А.Н.Трайнин. [19, 34 б.] Тұлға қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге, яғни қоғамдық қатынасқа зиян келтіреді. Дегенмен, барлық қоғамдық қатынас заңмен қорғала бермейді. Демек, қылмыстық заңмен қорғалмайтын қоғамдық қатынас қылмыстың объектісі болып табылмайды. [20, 65 б.]

Жалпы қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызды теориялық  және практикалық мәні бар. Себебі қылмыстың  объектісі қоғамдық қауіпті әрекеттің  немесе әрекетсіздіктің әлеуметтік саяси мәнін едәуір толық ашуға, оның қоғамдық қауіпті сипатын және дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Объектісінің құрылысына, түрлеріне, қылмыстың затына және осы  қажетті құрамның белгісі туралы қылмыстық құқық теориясында  тұрақты бір пікірдің болмауы, Қазақстан  Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын, соның ішінде кедендік қылмыстарды талдауға да әсерін тигізеді. сондай˗ақ, қаралып отырған құрамның белгісінің мәні туралы қалыптасқан пікірдің болмауы, бұл қылмыстардың топтық және тікелей объектілерін реттеудегі маңызды мәселелерді шешуге кедергі келтіріп отыр.

Бүгінгі күні қылмыстық  заңмен қорғалатын қоғамдық қатынасты  объекті деп тану жалпы танылған және қылмыстық құқық теориясында  жеткілікті зерттелген мәселе.

Дегенмен біздің елде Ресей мемлекетіндегі Қылмыстық құқығына қарағанда қылмыстың объектісі жалпы, топтық және тікелей объектілерге деп бөлінеді. Топтық және тікелей объектілер ˗ жалпы объектінің құрамдас бөліктері. Топтық объект басқа белгілермен салыстыра отырып қандай да бір қылмыстар тобының қоғамдық қауіпті дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді, ол неғұрлым маңызды болса, келетін зиян соғұрлым қауіпті болады. Қылмыстық құқық теориясында жалпы танылған, қылмыстық топтың объектісі бойынша қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жүйесі құралады, бұл қылмыстық іс әрекет (әрекетсіздік) заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін болады немесе зиян келтіруге қауіп туғызады. Олай болса, барлық қылмыстық іс әрекеттің жалпы объектісі ˗ қоғамдық қатынас болып есептеледі. [21, 9 б.]

Топтық (арнайы) объект ˗  бұл жалпы объектінің бөлігі. Ол өздеріне бір˗біріне ұқсас қылмыстар жасайтын бір топ жиынтығын алға тартады. Топтық объектінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің жүйесін қарастырудағы мәні айтарлықтай.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс құрамдарының ерекше түрі ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы. Бұл қылмыс құрамы қалыпты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда құқықтық қатынастарға қол сұға отырып, ішкі экономикалық қауіпсіздікке де қауіп тудырады. Сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстанның ішкі нарығын мемлекеттік реттеудегі маңызды құрал ретінде кедендік шекарадан өтетін тауарлар мен көлік құралдарынан кеден төлемдері мен алымдары алу тәртібін қалыптастыру болып табылады. Демек кеден төлемдері мен алымдарын төлеудің тәртібін және механизмін бұзу мемлекеттік қаржылық қорды құрау саласындағы еліміздің экономикасына елеулі шығын келтіреді, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға қарсы бағыттала отырып, экономикалық тұрақтылыққа қол сұғады. Бұл көзқараспен ресейлік көптеген ғалымдардың пікірлері де сәйкес келеді, олар бұл қылмыс құрамын ішкі экономикалық қауіптердің қатарына жатқызады. Ал, В.Д.Ларичев, Н.С.Гильмутдинова  оны экономикалық қауіпсіздікке қол сұғушылық ретінде қарастырады.[22, 54 б.] А.Н.Козырин салықтарды, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың жағымсыз салдары ретінде келесі жағдайларды қарастырған:

  • бюджетке міндетті төлемдердің тиісті деңгейде түспеуі, оның нәтижесінде бюджеттің кіріс бөлігінің қысқаруы;
  • бюджет тапшылығының пайда болуы;
  • әлеуметтік әділеттілік принципінің бұзылуы, яғни кінәлі тұлғалардың салық және кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруы нәтижесінде оларды төлеу ауыртпалығының басқа тұлғаларға ауысатындығы. [23, 93 б.]

Аталған ғалымдардың  пікірлерінен кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың қоғамдық қауіптілігін, оның сыртқы экономикалық қызметтің қалыпты жүзеге асырылуына кедергі келтіретіндігінен ғана емес, бұл қылмыс салдарынан мемлекеттің ішкі экономикалық қауіпсіздігіне де қол сұғылатындығынан көруге болады.

Қарастырылып отырған  қылмыс құрамы күрделі құрам болып  табылады, сондықтан түрлі сипаттағы  объектілерге қол сұғады. Олардың  қатарына сыртқы экономикалық қызметтің  жүзеге асырылуын, кедендік бақылау  мен кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі, кеден органдарының қызметін, мемлекеттік бюджетке салықтар мен өзге де төлемдердің түсінуі нысанындағы бюджетті қалыптастыруға байланысты құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың бірнеше құқық салаларына, дәлірек айтқанда, әртүрлі нормативтік˗құқықтық актілерге қол сұғатындығына, жанасатындығына байланысты қылмыстық құқық теориясында оның объектісін анықтауда қиындықтар туады. Яғни қылмыстық құқық теориясында оның объектісіне қатысты қарама˗қайшылықты пікірлер кездеседі, дәлме˗дәл бекітілген бір тұжырым жоқ.

Белгілі бір қылмыс құрамын  қылмыстық құқықтық сипаттауды, саралауда, оның объектісін анықтап алу қажеттілігі  туындайды. Ал, ҚР ҚК 214-бабында көзделген  қылмыс құрамы объектісінің дәлме˗дәл анықталмауы оның экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жіктелуіндегі белгілі˗бір қылмыстар тобының қатарына жатқызуға мүмкіндік бермейді. Кейбір ғалымдар бұл қылмыс құрамының объектісін оның жасалу аясына байланыстыра отырып, кедендік қылмыстар қатарына жатқызса, кейбір ғалымдар салықтық қылмыстар қатарына жатқызады.

Менің ойымша, кеден төлемдері  мен алымдарын төлеуден жалтару  құрамы салықтық және өзге де кедендік қылмыстармен тығыз байланысты. Кеден  төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы объектісінің өзге де кедендік қылмыстар объектілерімен тығыз байланысуымен қатар, салықтық қылмыс құрамдарымен жанасатындығы жоғарыда көрсетіліп кетті.

Аталмыш қылмыс құрамының  объектісін анықтауға қатысты заң  әдебиеттерінде ғалымдардың әртүрлі  пікірлері қалыптасқан. Мәселен, В.Д.Ларичев пен Н.С.Гильмутдинова кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық, тікелей және қосымша объектісін анықтай отырып, бұл қылмыс құрамын салықтық қылмыстардың қатарына жатқызады. [22, 18 б.]

Олардың пікірлерінше, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық объектісі ретінде сыртқы экономикалық қызметтің қалыпты жүзеге асырылуына және бюджетке заңмен белгіленген салықтар мен өзге де төлемдердің түсімінде туындайтын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады. Ал, тікелей объектісі ретінде қаржы саласында бюджетті қалыптастыру барысындағы мемлекет мүддесін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Аталған қылмыс құрамының қосымша объектісі ретінде кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын алып келу, алып кету және кеден аумағынан алып өтумен (транзит) байланысты экономикалық қызметтің ерекше аясын таниды. Ал басқа И.Н.Голованов, В.Е.Перекислов және В.А.Фадеев осы жоғарыда айтылған пікірлермен келісе отырып, салықтық қылмыстардың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында валюталық және кедендік заңнамаларды бұза отырып жасалатындығын алға тартады. Мұндай сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында кең таралған салықтық қылмыстардың қатарына олар:

  1. шетел валютасындағы қаражатты көрінеу жалған мәмілелер нысанында шетелге аудару;
  2. жалған кедендік құжаттарды пайдалана отырып, экспорт фактілерін бұрмалау;
  3. валюталық түсілімді шетелден қайтармау;
  4. кеден шекарадан өткізілетін тауарлардың кедендік құнын түсіру арқылы кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару сияқты іс˗әрекеттерді жатқызады.

Информация о работе Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы