Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңдағы мемлекеттік билік институттарының дамуы, реформалануы бірінші кезекте елімізде расында құқықтық, демократиялық, нарықтық экономикасы дамыған мемлекет құруға бағытталған. Осыған орай айтарлықтай өзекті болып мемлекеттік құқық қорғау органдарының, соның ішінде кеден органдарының қызметінің тиімді механизмін құру көрінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтары мемлекеттік тетіктерді қарқынды және орынды пайдаланылуын талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа распечатка.doc

— 342.50 Кб (Скачать документ)

Мінездік қасиеттер  және өзге де психологиялық ерекшеліктер

Адамгершілік ерекшеліктері  мен бағдарлары, адамгершілік ұстанымдары

Кәсібилігі, іскерлігі, білімі

Өзі туралы ойы, өзіне  көзқарасы

Қоршаған орта туралы ойы, оған деген көзқарасы

Жынысының, жасының, денсаулық  жағдайының әлеуметтік аспектілері

Биологиялық фундамент (іргесі)


 

Ал А.Б. Сахаров пен  Ю.Д. Блувштейндікі бірсыдырғы болып  келеді. А.Б. Сахаров үшке бөлсе (әлеуметтік-демографиялық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-биологиялық), Ю.Д. Блувштейн тұлғаны құраушы қасиеттерді беске жіктейді: демографиялық; әлеуметтік; құқықтық; психологиялық; биологиялық (медициналық та осыған кіреді).

2. Қылмыскер тулғасының  типологиясы. Қылмыскер түлғасын, жалпы қылмыскерлерді эр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.

а) жүргізілетін статистикалъщ  есеп бойынша олар:

1) әлеметтік-демографиялъщ белгілеріне байланысты: жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі.

2) әлеуметтік жагдайы мен айналысатын ісіне царай: жұмысшылар, қызметкерлер, оқушылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б.

3) түргылъщты жері мен түратын уацытана царай: ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б.

4) цылмыстыц әрекетінің царцыныдылыгы мен сипатына царай: қайталанған, рецидив (арнайы, аса қауіпті); топта, ұйымдасқаіт топта қылмыс жасаушы.

5) қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай: мас күйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.

б) тұлғалық-мотивациялыц қасиеттеріне қарай:

1) аса қауіпті қылмыскерлер;

2) зорлықшыл қылмыскерлер;

3) пайдакүнем қылмыскерлер;

4) нәпсіқұмар қылмыскерлер;

5)  қоғамдық тэртіпке  қарсы қылмыскерлер;

6)абайсызда қылмыс  жасаушылар.

в) тұлнаның криминогендік  асқыну дәрежесіне царай:

1)  "кездейсоқ қылмыскерлер" - алғаш рет кіші-гірім ауырлықтағы қылмыс жасағандар;

2) "ситуативтік қылмыскерлер" - сыртқы жағымсыз жағдайлардың ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар;

3) "тұрақсыз қылмыскерлер" - алғаш рет қылмыс, бірақ бүған дейін өзге қүқық бүзушылық жасағандар;

4)  "кәнігі қылмыскерлер" - бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап, бүрын сотталғандар;

5) "аса қауіптіқылмыскерлер" - бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс жасағандар.

г) тұлғаныц әлеуметтік бағытына қарай:

1)  Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері: қүқықтық нигилизм, мәдениеттің төмендігі, қоғамқа қарсы бағыты және криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой қылмыскерлер, аса қауіпті рецидивистер).

2)  Әдеттегі тип - әлеумеггік-психологиялық қасиеттері түрақсыз жэне қайшылыққа толы, жақсы мен жаманның, болатын мен болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны өзі жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады.

3) Тұрақсыз тип - негативтік жэне позитивтік қасиеттері теке-тірес келетін қылмыскер.

4) Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға салақтықпен қарайды. Қауіпті емес қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасайды.

5)  Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, қүқықтық санасы тұрақты, тек қана нақты өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б.

д) қогамга кауіятілік деңгейіне карай:

1) абсолютті қауіпті - серриялық кісі өлтіруші, соның ішінде, жалданып немесе жыныстық, не бірнеше адамды қатар өлтіруші.

2) аса қауіпті - конфликтілік жағдайларда кісі өлтіруші, көп уақыт пайдакүнемдікпен қылмыс жасаушы. Бұған қылмыстық ұйымдардың басшылары да кіреді.

3) қауіпті - жеке адамға не қоғамдық тэртіпті бұза отырып, меншікке қарсы қылмыстар жасаушы, бірақ адам өміріне қарсы қылмыстарды емес.

4) қауіптілігі болымсыз - басқа қылмыскерлер.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабында  қарастырылған қылмыс құрамын көбінесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушы адамдар жасайтыны белгілі. Ал сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ˗ Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы кодексіне сәйкес, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы тұлға болып табылады. Демек , сыртқы экономикалық қызмет дегеніміз ˗ сауда, біріккен  кәсіпкерлік, әртүрлі бағыттағы қызмет көрсетулермен басқа халықаралық қауымдастық түрлерін қосатын сыртқы экономикалық байланысты жүзеге асыратын әдістердің жиынтығы. Бұл тұлғалардың аталған қылмыс түрін жасауға итермелейтін себеп˗ қомақты түрде пайдакүнемдік.

Криминология ғылымы жалпы қылмыс туралы және оны жасайтын тұлғалар жайлы ілім екенін біле тұра, тұлғаны ең әуелі қылмысқа байланысты заңдар тұрғысынан және қылмыстың болу себеп˗салдары, сондай˗ақ оның алдын алу және болдырмау мәселелеріне байланысты талдайды. Демек зерттеудің объектісі:

  • бірінші, қылмыс жасаушы арнайы жеке тұлғаларды монографиялық тұрғыда;
  • екінші, қылмыстың арнайы түрін осы күнге дейін жасайтын, яғни кедендік қылмыстарды жасайтын адамдар табылады.

Дегенмен, криминологияның  зерттеуіне аталған тұлғалар түрінен басқа, өзін˗өзі дұрыс ұстап жүрген, қылмыс жасамайтын адамдар да жатады. Бұл әдісті пайдалану бақылау тобы мен қылмыскерлердің мінез˗құлқының ерекшелігін ашу немесе орташа деңгейін анықтау кезінде қажет болып табылады. Қылмыскерді криминологиялық оқу немесе тану адамның барлық кешенді мәселелерін және оның шаруасын толық зерттей қою мүмкін емес.  Өйткені, бізге өмірдегі ең аз зерттелген  объект адам екені, оны зерттеу әлі күнге дейін жүргізіліп жатқанын білеміз. Криминология қылмыстылық пен қылмыскерді зерттеген сәтте, оны толық емес детерминизм  шеңберінде ғана қарастырады. Сонымен, адамды криминологиялық тұрпатынан зерттегенде адамның қылмысты неліктен жасайтынын, оған адамның қандай себепті байланысы болатындығын, қандай мәселелер қарастырылуы керектігін ойландыратын міндеттерді шешу керек. Криминология осы сұрақтарға жауап беру мақсатында басқа ғылым салаларына көз жүгіртеді. Алайда, криминология ғылымы тұрғысында осы мәселелерді қарастыру үшін көбінесе төмендегідей алты түрлі белгілер де қолданылады:

  • әлеуметтік˗демографиялық белгілер;
  • қылмыстық˗құқықтық белгілер;
  • адамның еңбегінің әртүрлі саласындағы әлеуметтік енуі немесе әлеуметтік байланысы;
  • психологиялық белгілер;
  • физиологиялық (биологиялық) ерекшеліктер;
  • моральдық құрамдар.

Қылмыскердің, яғни жалпы адамның не тұлғаның аталған белгілерін айқындау жұмысын заңгерлер немесе құқық қорғау  органдарының қызметкерлері орындай алмауы мүмкін. Сол үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері басқа ғылым саласындағы мамандарға жүгінеді. [51, 280 б.] Сондықтан қылмыскердің жеке тұлғасын зерттеу барысында қосымша басқа ғылым саласындағы ілімдер де ескерілуі қажет.

Адам туғаннан қылмыскер  болып туылмайтыны анық. Ол әлеуметтік жеке тұлғаның өмір жолындағы жағдайларға, өскен ортасына, сол ортадағы қарым˗қатынастарына, психологиялық немесе тағы басқа да өмірлік ерекшеліктеріне байланысты. Сол секілді қылмыскер де кездейсоқ пайда болып «аспаннан түспейді». Ондай қылмыскерді сол ортадағы қоғамдық қатынастардан, өмір жағдайынан бөліп қарауға болмайды. Дегенмен, әрбәр адам қандай жағымды немесе жағымсыз жағынан көрінгенмен, ол барлық уақытта да жеке тұлға болып қала береді. Бұл тұста әрбір қылмыскердің тұлғасын зерттегенде әуелі сол адамның жеке басының адамгершілік, демографиялық, психилогиялық және сол сияқты тағы басқа да ерекшеліктеріне назар аудару қажет.

Кедендік қылмыстарды  жасағаны үшін  сотталған адамдарды  сипаттай отырып, көпшілікке айқын  құрылымдарды бетке ұстаймыз. Олар үш тұрғыдан бағалайтын сипаттамалар; әлеуметтік˗демографиялық,  әлеуметтік˗  психологиялық және әлеуметтік˗ құқықтық.

В.Д.Ларичев пен Н.С.Гильмутдинованың пікірлерінше, пайда болған жағдайдың  себебі, көрсетілген қылмыстың тұлғасы  болып тану үшін адам  материалды жауапты қызметте болуы қажет. Материалды жауапкершілігі бар қызметкерлер, яғни, коммерциялық құрылымының басшысы, бас бухгалтері және тағы сол сияқты, бұларға қойылатын жоғары білімділік пен интеллектуалдылық дәрежелі талаптар болады.

Кеден төлемдері мен  алымдарынан жалтарудың 82% бастамашы  мекеменің басшысы, басқаша айтқанда, иесі болып табылады. Осы жағдайда мекеме басшысы бухгалтерін шаруашылық˗қаржылық операцияларды жүргізгені туралы хабардар етпейді. Бухгалтер еңбек шарты немесе қоса атқарушылық негізінде жұмыс істейді, ол мекеменің табысын бөлісуге қатыспай кедендік салық салу объектісін жасыруға аз қызығушылық білдіреді.

 

3.3   Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарудың алдын алу шаралары

 

Бүгінгі таңда құқықбұзушылықтың  алдын алу мен қылмысқа қарсы  күрес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамның тұрақты өмір сүруінің және үдемелі дамуының, қазақстандық азаматтардың өмір сүру деңгейіне лайықты жағдайлар жасаудың конституциялық шарты болып табылады.

Адамзаттың алғашқы  өмір сүру кезеңдерінен бастап˗ақ, қылмысты тек жазаның көмегімен тоқтату  мүмкін еместігіне көз жетіп отыр. Белгілі италияндық криминолог Ч.Беккариа былай деген екен «....қылмысты жазалағаннан көрі, оның алдын алу керек». [52, 19б.] Ұлы Абайдың пікірінше, «қылмыстың алдын алу, сәбидің бесіктен белі шықпай жатқан кезден бастап ата˗анасының, ортаның, мемлекеттің тікелей міндеті болуға тиіс». [53, 57б.]

Жалпы қылмыстардың алдын  алу адамдарды, қоғамды, мемлекетті қылмыс зардабынан сақтау болып табылады. Бұл әлеуметтік тәжірибенің түрі сонау ғасырлардан бері қолданылып келеді. Мәселен, Платон заң шығарушыға қылмыскерге қылмыс жасаудан бас тартатындай етіп заң шығаруды ұсынған. Ал, Аристотель болса қылмысты болдырмау ˗ бұл бәрінен  бұрын санаға қарсылық ететін, бүлінген әдеттермен күресу. Мәселен, XVIII ғасырдағы «Заң жаны (Духы закона)» атты трактатта Ш.Монтескье: «жақсы заң шығарушы қылмысқа жаза тағайындауды емес, ол қылмысты болдырмауды ойлайды» деген. [54, 96 б.] Сонымен, заңдық ой мен әлеуметтік тәжірибенің ұзақ қиын даму мерзімі қылмыскерді жазалаудан, қылмысты болдырмау ең тиімді деген тоқтамға келді. Сондай˗ақ, ұзақ жылдар бойы қылмысты  болдырмауға байланысты көптеген жұмыстар, еңбектер жазылса және оны жүзеге асырып келетін болса, қалайша қылмысты жасау бірден тоқталып қалмайды? Өйткені, өмірдегі ең аз зерттелген адам болғаннан кейін, қылмысты жасайтын да адам. Сондықтан да қылмысты жасауға біріншіден, бір сөзбен айтқанда, адамның жеке байлықтары себеп болатын болса, яғни кейбір категориядағы адамдарға қатысты, екіншіден, адамның әлеуметтік, экономикалық және отбасы жағдайлары себеп болады десек қате болмайды.

Қылмыстардың алдын  алу шараларына байланысты көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Орыс ғалымы Г.А.Аванасьев «қылмыстылықты ескерту» және «қылмысты болдырмау» деген ұғымдарды ажыратып, қылмысты болдырмаудың екі нысанын ˗ ертерек және тікелей, сонымен қатар, оның төрт түрін ˗ жалпы, арнайы жалпы, арнайы және жеке деп көрсеткен. Ал, К.Е.Игошев қоғамға қарсы құбылыстардың әлеуметтік профилактикасы деген дефинициялар берген. А.Э.Жалинский қылмыстың жалпы әлеуметтік және арнайы ескерту түрлерін айтады. А.М.Яковлев жеке профилактика, әлеуметтік топтар мен ұжымдардағы профилактика, жалпы әлеуметтік  профилактика, яғни жалпы қоғамдағы жүзеге асырылатын ескерту жұмысын ажыратады. Ал, Ю.Д.Блувштейн болса, бұл жіктеуге аумақтық және салалық профилактика деп қосады. [55, 35б.]

Осы аталған ғалымдардың  ұйғарымына тоқтала отырып, профессор  Д.С.Чукмаитов қылмыстың алдын  алу шараларын былай жіктейді:

Мазмұны бойынша:

  • экономикалық шаралар;
  • демографиялық шаралар;
  • саяси шаралар;
  • ұйымдастырушылық шаралар;
  • техникалық шарала;
  • құқықтық шаралар.

Көлемі бойынша:

  • жалпы шаралар (республика,аймақ бойынша);
  • ерекше шаралар (қылмыстың топтарына);
  • жеке шаралар (нақты қылмыс түріне).

Ауқымы бойынша:

  • республикалық;
  • аумақтық;
  • жергілікті;
  • шектелген объектіге.

Ықпал ету объектісі бойынша:

  • салаға қатысты;
  • қылмыспен күресі негізгі бағытына қатысты.

Әрекет ету тетігі бойынша:

  • қылмыстың жағдайы мен себебін жоятын;
  • жағдайлар мен себептердің әрекетін бейтараптандыратын;
  • әрекетті шектейтін және әлсірететін;
  • қылмыстың ниеттерінің іске асырылуына кедергі жасаушы шаралар. [54, 96 б.]

Ал елімізде қылмыстың  алдын алу мәселелерінің зерттелуіне  елеулі үлесін қосқан ғалымдардың бірі профессор Н.М.Әбдіровтің  пайымдауынша, «Қоғамға қарсы мүмкін болатын жөнсіздіктердің  тізбектерін, яғни, моральдық нормаларды бұзушылық, қылмыс болып табылмайтын құқық бұзушылықтар мен қылмысты қысқартуға, үзуге  ерте жеке алдын алу тиімді болады, сонымен бірге ол арқылы құқық бұзушылықтардан болуы мүмкін жағымсыз зардаптар ескертіледі». [57, 29б.]

Информация о работе Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы