Мүлік түсінігі мен оның түрлері
Реферат, 17 Ноября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады. Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің, соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу және мүліктік реттеулер қажеттілігінің әлдеқашан пісіп жетілгенін байқатты. Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1,2 тармақтары), сонымен қатар т.б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз. Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.
Содержание
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Мүлік түрлері мен олардың қолданылуы
Мұрагерлік мүлік пен құқық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Прикрепленные файлы: 1 файл
Мүлік түсінігі мен оның түрлері.docx
— 33.59 Кб (Скачать документ)Мүлік түсінігі мен оның түрлері
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Мүлік түрлері мен олардың қолданылуы
- Мұрагерлік мүлік пен құқық
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады. Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің, соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу және мүліктік реттеулер қажеттілігінің әлдеқашан пісіп жетілгенін байқатты. Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1,2 тармақтары), сонымен қатар т.б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз. Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.
Мүлік түсінігі мынадай мағыналарда қолданылады:
- заңды немесе жеке тұлғаның меншігіндегі, иелігіндегі немесе басқаруындағы заттардың, материалдық құндылықтардың жиынтығы; азаматтық құқықтардың (ең алдымен меншік құқығының) материалдық нысаны;
- заттардың және басқа тұлғалардан заттарды алуға мүліктік құқықтардың жиынтығы (актив);
- иесінің мүліктік жағдайын сипаттайтын заттардың және мүліктік құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығы (актив пен пассив).
- Қазіргі түсінігімізде — ірілі-уақты дүние, бұйым, жиһаз деп ұғынамыз.
Түркі тілдеріне, қала берді қазақ тіліне араб, парсы тілдерінен ауысып, мағынасы бізде — мал, дүиие қалпына айналған. Ал аталған тілдердеғі мағынасы өзгеше.
Арабтарда мүлэк — меншік, иелік, парсы тілінде мэлки — жеке меншік. Осы сөзден, әсіресе, араб тілінде «иеленуші, билеуші, жеке меншік иесі» деген мағыналарды беретін «мәлік» сөзі пайда болған. Бұл сөз қазақ тілінде адамға есім болып қойылады.
Мүліктің ұғымы Римдік құқықтың классикалық уақытты мүліктің ұғымы кең түрде шығарылды. Бұл кең мағынада сыртқы материалды заты ғана емес, сонымен қатар қатынас пен құқықты қамтиды. Денелік және денелік емес зат мүліктер. Гай мүліктерді денелікке бөлді, оларды осязать етуге болады және денелік емеске бөлді, оларды осязать етуге болмайды. Мысал ретінде гай мұрагерлік атайды, узуфрукт, мондет. Гай мысал ішінде жеке меншік құқығын атамайды: римдік заңгерлер мүлікке және мүліктің өзіне жеке меншік құқығын бөлмейді.