Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:19, лекция

Краткое описание

1-бөлiм. Жалпы ережелер
2-бөлiм. Сот жүйесі
Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
3-бөлiм. Судьялар мәртебесі
Судьялардың құқықтық жағдайы
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру
4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету
5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

29_x.doc

— 347.50 Кб (Скачать документ)

3. Сот актiсiнiң күшiн жою немесе  өзгерту, егер бұл орайда заңды  өрескел бұзуға жол берiлмеген  және ол туралы жоғары тұрған сот орнының сот актiсiнде көрсетiлмеген болса, өздiгiнен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды. 

 

40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi

1. Судьяларға тәртiптiк жазаның  мына түрлерi қолданылуы мүмкiн: 

1) ескерту; 

2) сөгiс; 

3) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше  атқармағаны үшiн сот төрағасы  немесе сот алқасының төрағасы  қызметiнен босату;

5) осы Конституциялық заңда көзделген  негiздер бойынша судья қызметiнен  босату.

2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн  тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы  деректер және оның кiнәсiнiң  дәрежесi ескерiле отырып, тек  бiр тәртiптiк жаза қолданылады. 

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

41-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)  

 

42-бап. Тәртiптiк iс қозғау және қарау мерзiмдерi

1. Судьяға қатысты тәртiптiк iс  қарау, қызметтiк тексеру мен  судьяның дәлелдi себептермен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, терiс қылық анықталған күннен бастап - үш айдан кешiктiрiлмей және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қозғалуы мүмкiн.

Жоғарғы тұрған сот инстанциясының заңдылықтың бұзылу фактiсi анықталған сот актiсi заңды күшiне енгiзiлген күн судьяның сот iсiн қарау кезiнде заңдылықты бұзуына байланысты тәртiптiк терiс қылықтың анықталған күнi болып есептеледi, ал заңсыз сот актiсi шығарылған күн осындай терiс қылықтың жасалған күнi болып есептеледi.

2. Тәртiптiк iс қозғалған күнiнен бастап екi ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. 

 

2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 43-бап өзгертілді

43-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)  

 

2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 44-бап өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

44-бап. Сот жюриінің шешiмдері

1. Сот жюриі тәртiптiк iс бойынша, сондай-ақ кәсіби біліктілігіне күмән келтірілген судьяға қатысты материалдарды қарау кезінде:

1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртiптiк жаза қолдану туралы;

2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы;

3) судьяның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы;

4) судьяның кәсіби біліктілігін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау (судьяны оқуға жіберу, судьяға тәлімгерлік белгілеу, жоғары тұрған сотта тағылымдама ұйымдастыру және басқа) туралы;

5) судьяның кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.

2. Сот жюриінің шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымнан босату туралы тиісті ұсынуды Жоғары Сот Кеңесіне енгізуіне негіз болып табылады.

3. Жоғары Сот Кеңесінің төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымнан босатуға ұсыным беруден бас тартуы Сот жюриі шығарған шешімнің күшін жоюға және оны қайта қарауға негіз болып табылады.  

 

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi

1. Егер судья жаза қолданылған  күннен бастап бiр жыл бойы  жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған  деп есептеледi.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Судьяның тәртібі мiнсiз болған және ол өз мiндеттерiн адал атқарған кезде, Сот жюриі тәртіптік жазаны ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн. 

 

 

 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 46-бап өзгертілді  (бұр. ред. қара);

46-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

 

 

 

3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ  

 

47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету

1. Судьяларды материалдық қамтамасыз  ету оның мәртебесiне сай болуға  және сот төрелiгiн толық әрi тәуелсіз жүзеге асыру мүмкiндiгін қамтамасыз етуге тиiс және оны азайтуға болмайды.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеудi Конституцияның 44-бабының 9) тармақшасына сәйкес  судьяның мәртебесін, оны тағайындау және сайлау тәртібін, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функцияларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. 

 

48-бап. 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

 

49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары

Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы  төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге  жыл сайынғы демалыс берiледi. 

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  50 - бап  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

50-бап. Көшкен кездегi өтемақы

Қызметi бойынша Қазақстанның бір өңірінен екінші өңіріне судья болып тағайындалған (сайланған) судьяларға, қайта тағайындалған (қайта сайланған) судьяларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге байланысты шығыстары шыққан шығынының көлемiнде төленедi. 

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  51 - баптың тақырыбы жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз  ету республикалық бюджет есебiнен  жүргiзiледi.

2. Судьяға және оның отбасы  мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ  қызметiне кiрiскен күнiнен бастап  алты айдан кешiктiрiлмей, нақты  жер жағдайына қарай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Лауазымында он жылдан астам уақыт жұмыс iстеген судьялардың тұрақты тұруға арналған қызметтiк тұрғын үйi оның қалауы бойынша қалдық құны бойынша сатып алынуы мүмкiн.

3. Судья қызметiнен босатылғанда  оны және отбасы мүшелерiн басқа  тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк  тұрғын үйден шығаруға болмайды.  

 

52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету

Барлық соттардың судьялары  республикалық бюджет қаражаты есебiнен  судьялық мантиямен қамтамасыз етiледi.  

 

53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету

1. Судьялар және олармен бiрге  тұратын отбасы мүшелерi тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау  мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетумен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 54-бап жаңа редакцияда  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

54-бап. Судья мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы

1. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіксе (жарақаттанса, жараланса, контузия алса, кәсіби ауруға шалдықса), оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төленеді.

2. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жылдың ішінде оны алуға құқығы бар адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

3. Судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсіби ауруға шалдығуының) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген жағдайда, оған:

1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы;

2) II топтағы мүгедекке - он сегіз айлық лауазымдық айлықақы;

3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

4. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) жағдайда оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, жеңіл мертіккен жағдайда - жарты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

5. Біржолғы өтемақы төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

6. Егер судьяның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес жағдайларда мертіккені (жарақаттанғаны, жараланғаны, контузия алғаны, кәсіби ауруға шалдыққаны) немесе қаза тапқаны (қайтыс болғаны) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді. 

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  55-бап толықтырылды  (бұр. ред. қара)

55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы

Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметiнен  зейнеткерлiкке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн судья қайтыс болған сәттегi тиiстi лауазымы бойынша судьяның үш айлық жалақысы мөлшерiнде  бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.

Біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.  

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-баппен толықтырылды  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiктерінен айыру

Судьяның өкілеттіктері оның қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты Сот жюриінің шешiмi бойынша, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығы туралы шешім бойынша тоқтатылған кезде, ол:

1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдігінен;

2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады. 

 

 

 

4-бөлiм. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен   (бұр. ред. қара) 56-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

56-бап. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсынуды Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган және уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері құрайды.

3. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.

4. Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.

5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.  

 

57-бап. Соттарды қаржыландыру

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Сотын , жергілікті және басқа соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың бюджетi соттардың конституциялық өкiлеттiктерiн орындауын толық қамтамасыз етуге тиiс. 

 

5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР 

 

58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актілері

Мыналардың күшi жойылды деп  танылсын:

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының