Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:19, лекция

Краткое описание

1-бөлiм. Жалпы ережелер
2-бөлiм. Сот жүйесі
Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
3-бөлiм. Судьялар мәртебесі
Судьялардың құқықтық жағдайы
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру
4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету
5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

29_x.doc

— 347.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы

Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы

 

(2012.16.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 

 

1-бөлiм. Жалпы ережелер                             (1 - 5 баптар)

2-бөлiм. Сот жүйесі                                 (6 - 22 баптар)

1-тарау. Аудандық және оларға теңестірілген соттар  (6 - 9 баптар)

2-тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттар  (10 - 16 баптар)

3-тарау. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты     (17 - 22 баптар)

3-бөлiм. Судьялар мәртебесі                         (23 - 55 баптар)

1-тарау. Судьялардың құқықтық жағдайы               (23 - 38 баптар)

2-тарау. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі       (39 - 46 баптар)

3-тарау. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 - 55 баптар)

4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету          (56 - 57 баптар)

5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер             (58 - 59 баптар) 

 

1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

1-бап. Сот билiгi

1. Қазақстан Республикасында сот  билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ  заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

Қазақстан Республикасында сот  төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа  органдарға берудi көздейтiн заң актілерін шығаруға тыйым салады.

Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың  судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Сот iсiн қарау тәртібімен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

2. Сот билiгi Қазақстан  Республикасының атынан жүзеге  асырылады және азаматтар мен  ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

Әркiмге мемлекеттік  органдардың, ұйымдардың, лауазымды  және өзге де адамдардың Республиканың  Конституциясында және заңдарында көзделген  құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.

Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.

Сот билiгi азаматтық, қылмыстық  және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)

3. Судьялар сот төрелiгiн iске  асыру кезiнде тәуелсiз және  тек Конституция мен заңға  ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.

Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді.

Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сот актілері мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады. 

 

2-бап. Мемлекеттік билiктiң нышандары

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Соттар ғимараттарына және  сот отырысы залдарына Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Туы  орнатылады және Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Судьялар сот төрелiгiн судья  мантиясын киiп жүзеге асырады,  оның нысаны мен сипаттамасын Жоғарғы Соттың жалпы отырысы  бекiтедi. 

 

3-бап. Сот жүйесi

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының сот  жүйесiн Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды.

Қандай да болмасын атаумен  арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.

2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді 

1) облыстық және оларға теңестiрiлген  соттар (Республика астанасының  қалалық соты, республикалық маңызы  бар қалалардың қалалық соттары);

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара) (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.17.11  № 80-ІV  ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде  мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

2008.17.11  № 80-ІV  ҚР Конституциялық Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды 

3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады. 

 2008.17.11  № 80-ІV  ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы   Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады. 

 

4-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi

Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң  бiрлiгi:

1) Конституцияда, осы Конституциялық  заңда, iс жүргiзу және өзге  де заңдарда белгiленген, барлық  соттар мен судьялар үшiн ортақ  және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен;

2) сот билiгiн барлық соттар  үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда  белгiленген бiрыңғай нысандары  арқылы жүзеге асырумен;

3) Қазақстан Республикасының барлық  соттарының қолданыстағы құқықты  қолдануымен; 

4) заңдарда судьялардың бiрыңғай  мәртебесiн баянды етумен;

5) заңды күшiне енген сот актілерін  Қазақстан Республикасының бүкiл  аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен; 

6) барлық соттарды тек қана  Республикалық бюджет есебiнен  қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.  

 

5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртібін және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар

Қазақстан Республикасындағы сот  құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртібі  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа  да заң актілерімен белгiленедi. 

 

2-бөлiм. СОТ ЖҮЙЕСI 

 

1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР 

 

 

 

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру

1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.

Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.

2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынуы негiзiнде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi. 

 

7-бап. Аудандық соттың құрамы

1. Аудандық сот Конституцияда  және осы Конституциялық заңда  белгiленген тәртiппен тағайындалатын  төрағадан және судьялардан тұрады.

Егер аудандық сотта  штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.

2. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)  

 

8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi

1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы  сот болып табылады.

2. Аудандық сот: 

1) өзiнiң қарауына жатқызылған  сот iстерiн және материалдарын  қарайды; 

2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

 

9-бап. Аудандық соттың төрағасы

1. Аудандық соттың төрағасы судья  болып табылады және судья  мiндеттерiн атқарумен қатар: 

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) аудандық соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;

2008.17.11  № 80-ІV  ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ 3-1) тармақшамен  толықтырылды 

3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

4) судья лауазымына кандидаттардың  тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады; 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен  5) тармақша  жаңа редакцияда  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

6) өкiмдер шығарады;

7) заңда көзделген басқа  да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

2008.17.11  № 80-ІV  ҚР Конституциялық Заңымен  2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Аудандық соттың төрағасы уақытша  орнында болмаған жағдайда осы  сот төрағасының өкімі бойынша  төраға мiндеттерiн атқару осы  сот судьяларының бiрiне жүктеледi.

Аудандық сотта төраға, сондай-ақ судьялар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқару облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.

Аудандық сот төрағасының өкілеттігі  мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.  

 

2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР 

 

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру

1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.

2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Әрбір облыстық сот үшiн судьялардың санын уәкiлеттi органның ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы белгiлейдi. 

 

2008.17.11  № 80-ІV  ҚР Конституциялық Заңымен  11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының