Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:19, лекция

Краткое описание

1-бөлiм. Жалпы ережелер
2-бөлiм. Сот жүйесі
Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
3-бөлiм. Судьялар мәртебесі
Судьялардың құқықтық жағдайы
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру
4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету
5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

29_x.doc

— 347.50 Кб (Скачать документ)

1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың  заңда көзделген рәсiмiмен; 

2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;

3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен; 

4) Конституцияда және осы Конституциялық  заңда белгiленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

5) судьяларға мемлекет  есебiнен олардың мәртебесiне  сәйкес материалдық жағдай жасау  және әлеуметтiк қамсыздандыру,  сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

2. Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.

Егер судьядан тиісті өтініш түссе, ішкі істер органдары судья мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қабылдауға міндетті.

Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi. 

 

27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

1. Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған  немесе ауыр қылмыс жасаған  жағдайларды қоспағанда, тұтқынға  алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келісімiнсiз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, багажына және өзге де мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

2. Судьяға қатысты қылмыстық  iстi Қазақстан Республикасының Бас  Прокуроры ғана қозғай алады.   Судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.

3. Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi. 

 

28-бап. Судьяға қойылатын талаптар

1. Судья: 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен  1) тармақша  өзгертілді   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын  және заңдарын бұлжытпай сақтауға , судьяның антына адал болуға;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен  2) тармақша  өзгертілді   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

2) сот төрелiгiн iске асыру  жөніндегі өзiнiң конституциялық  мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылығына  күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен  3) тармақша  өзгертілді   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;

4) судьялар кеңесiнiң құпиясын  сақтауға мiндеттi.

2. Судьяның лауазымы депутаттық  мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе  өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

Судьялар партияларға, кәсiптiк  одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр  саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды. 

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 - бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)(бұр. ред. қара)

29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Аудандық соттың судьясы болып:

жиырма бес жасқа толған;

жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар;

біліктілік емтиханын тапсырған. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бітірген адамдар оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады;

медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растаған;

сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бiтiрген адамдардың оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы тағылымдамадан өтуі талап етiлмейдi.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс стажы немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.

Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді.

Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін.

Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының қорытындысын кандидат Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді  

3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде  жиырма жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен   4 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

4. Судьялыққа кандидаттар тұрақты негізде сотта тағылымдамадан өтеді.Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.  

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 -1- баппен толықтырылды  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  

29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру

1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен    (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді  

2. Судьяның кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.  

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 30-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

30-бап. Соттың судьясы, төрағасы, сот алқасының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу

1. Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.

2. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.

Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нәтижелері бойынша жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

3. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатураны тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.

Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.

Аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар адамдардың арасынан ұсынылады.

Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.

Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа соттардың төрағаларының, сот алқаларының төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды. 

 

31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының судьяларын Қазақстан  Республикасы Президентінің Жоғары  Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен   2 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2. Жергілікті және басқа  соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Жергілікті және басқа соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.

6. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн, егер олар тиісінше басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған немесе сайланбаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

Тиiстi сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осындай лауазымға тағайындалмаған Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы соттың судьялары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылуы мүмкiн.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының