Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:19, лекция

Краткое описание

1-бөлiм. Жалпы ережелер
2-бөлiм. Сот жүйесі
Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
3-бөлiм. Судьялар мәртебесі
Судьялардың құқықтық жағдайы
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру
4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету
5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

29_x.doc

— 347.50 Кб (Скачать документ)

 

32-бап. Судьяның ант беруi

1. Судья лауазымына алғаш рет  сайланған немесе тағайындалған  адам мынадай мазмұнда ант  бередi:

«Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан  Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн».  

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)  

2. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен  судьялары Қазақстан Республикасы  Парламентi Сенатының отырысында  ант бередi.

3. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)   

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)   

4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық соттың төрағасы мен судьясы қызметіне алғаш рет тағайындалған адамдар облыстық соттың жалпы отырысында ант береді.

Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді. 

 

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру

1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:

1) судья Қазақстан Республикасының  Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы  Парламентiнiң немесе мәслихатының  депутаттығына кандидат болып  тiркелсе;

2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;

3) судьяны қылмыстық жауапқа  тартуға келісім берiлсе; 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот жюриінің шешiмi болса;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла  тұрады.

2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата  тұруды:

Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;

Республиканың қалған барлық судьяларына  қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылы

2-1. Судьяның өкілеттігі тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымындағы өкілеттігі тоқтатыла тұрады.

3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата  тұру туралы шешiм қабылдауға  негiз болған мән-жай жойылса,  судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.  

 

 

 

2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-бап. Төрағаны, сот алқасы төрағасын және судьяны лауазымынан босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату

1. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiктерін тоқтату негiздері:

1) судьяның орнынан түсуі;

2) судьяның өз тілегі бойынша лауазымынан босауы;

3) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы;

4) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмiнің заңды күшiне енуі;

5) осы судьяға қатысты айыптау үкімінің заңды күшiне енуі;

6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;

7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі;

8) судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;

9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермесе;

10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермесе;

11) судьяның кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы, судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі;

12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы.

2. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша, не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған кезде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

3. Судья лауазымынан босату туралы шешiм:

1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;

2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

4. Судья лауазымынан босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеледі.

Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан олардың өз тілегі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуына байланысты босату оларды осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды.

5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5) және 11) тармақшаларында көзделген негіздері теріс себептер болып танылады. 

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  34-1-баппен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-1-бап. Судья лауазымында болудың шекті жасы

1. Судья Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде оның шекті жасқа толғанға дейін судья лауазымында одан әрі болуына Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы рұқсат етеді.

2. Судья лауазымында болуға оның шекті жасқа - 65 жасқа толуына дейін жол беріледі, бұл айрықша жағдайларда осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. 

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

35-бап. Судьяның орнынан түсуi 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  1 тармақ  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мінсіз беделі, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығында болуын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, өкілеттіктерін тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп танылады.

Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.

2. Судья орнынан түскен кезде судьялық жұмыс стажы жиырма және одан да көп жыл болса, жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, судьялық жұмыс стажы он бестен жиырма жылға дейін болса, он сегіз айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде оның соңғы лауазымы бойынша біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Судьяның орнынан түсуі:

ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған;

өз тiлегi бойынша;

Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.

Судья кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiрген, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметке тұрған жағдайларда оның орнынан түсуі тоқтатыла тұрады.

Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.

Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Судья орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктерден айырылады.

Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Орнынан түсуді тоқтату судьяны орнынан түсуіне байланысты лауазымнан босатудың сол тәртібімен жүзеге асырылады. 

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен  35-1-баппен  толықтырылды  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 

35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру

1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2. Судья үшін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша міндетті зейнетақы жарналары белгіленеді.

Судья теріс себептер бойынша қызметінен босатылған кезде аталған жарналар республикалық бюджетке алынады. 

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  36-бап  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

36-бап. Жоғары Сот Кеңесі

1. Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан, хатшыдан және басқа да мүшелерден тұрады.

2. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және оның жұмысын ұйымдастыру заңмен айқындалады.  

 

37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары

1. Судьялар қоғамдастығының ортақ  мүдделерiн iске асыру мен қорғау  мақсатында судьялардың қоғамдық  бiрлестiктер құруға құқығы бар. 

2. Судьялық бiрлестiктер қажет  болған жағдайларда заңдарда  белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс. 

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді

38-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)  

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 38-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 38-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38-1-бап. Сот жюриі

1. Жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау, судьяның орнынан түсу және оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін Сот жюриi құрылады.

Сот жюриі он бір мүшеден - аудандық соттардың үш судьясынан, облыстық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың бес судьясынан тұрады.

2. Облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi немесе облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы Сот жюриiнде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшiн негiз болып табылады.

Сот жюриiн қалыптастыру тәртібі және оның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінде материалдарды, тәртіптік істерді қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін Ережемен айқындалады.  

 

2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI 

 

39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi

1. Судья: 

1) сот iстерiн қарау кезiнде  заңдылықты бұзғаны үшiн; 

2) судья әдебiне қайшы келетiн  терiс қылық жасағаны үшiн; 

3) еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  2-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2. Сот төрағалары және соттардың  сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының