Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:19, лекция

Краткое описание

1-бөлiм. Жалпы ережелер
2-бөлiм. Сот жүйесі
Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
3-бөлiм. Судьялар мәртебесі
Судьялардың құқықтық жағдайы
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру
4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету
5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

29_x.doc

— 347.50 Кб (Скачать документ)

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6-1) тармақшамен толықытырылды

6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын  бекiтедi;

8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша әрбір жергілікті және басқа да сот судьяларының санын бекітеді;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықытырылды

9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін бекітеді;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-2) тармақшамен толықытырылды

9-2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

10) азаматтарды жеке қабылдауды  жүргiзедi;

11) өкiмдер шығарады.

2. Жоғарғы Соттың  Төрағасы Республиканың өзге  де мемлекеттік билiк тармақтары  органдарымен және халықаралық  ұйымдармен өзара қарым-қатынасы  кезiнде Республика сот жүйесiнiң  мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:

1) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Соттың сот  алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына енгізеді;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) облыстық соттардың жалпы отырыстарының шешімдері негізінде Жоғары Сот Кеңесіне аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде ұсынады;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде ұсынады;

4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) осы Конституциялық заңмен  көзделген негiздер туындаған жағдайда,  Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары төрағаларының,  сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының Президентiне  судьяларды және уәкілетті органның қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;

7) Республика судьяларына «Құрметтi судья» атағын бередi, осы атақты  беру тәртібі туралы ереженi бекiтедi;

8) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9) заңмен және өзге де нормативтiк  құқықтық актiлермен көзделген  басқа да өкiлеттiктердi жүзеге  асырады. 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша болмаған кезде оның мiндеттерi Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледi.

Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда Төрағаның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот судьяларының біріне жүктеледі.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан  түскен жағдайда не өкiлеттiгi  мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының (судьясының) бiрiне жүктейдi. 

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 21-баптын тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

3) Жоғарғы Соттың жалпы  отырысында қарау үшiн судьялардың  тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi;

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

5) заңда көзделген басқа  да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкiмi бойынша алқа судьяларының бiрiне жүктеледi.

Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктеледі. 

 

22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы

1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы: 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)(бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  1) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) сот практикасын зерделейдi  және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  3) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3) сот практикасы  мәселелерi бойынша түсiндiрмелер береді, нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

3-1) заңға сәйкес сот істерін қадағалау тәртібімен қарайды; 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  4) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

4) Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының хабарламасын тыңдайды;

5) Қазақстан Республикасы  Конституциясының 47-бабының 2-тармағында  көзделген жағдайда қорытынды бередi;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен  6) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды талқылайды және тиісті қорытындылар шығарады;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы  бойынша жалпы отырыс Хатшысын  және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриін сайлайды;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-1) сот төрелiгiн iске асыруының сапасы төмен немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм шығарады;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)

7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;

8) заңда көзделген басқа да  өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы  Сот судьялары жалпы санының  кем дегенде үштен екiсi қатысқан  жағдайда заңды болып табылады.

3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртібі өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi. 

 

3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI 

 

1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 

 

23-бап. Судья мәртебесi

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының  барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.

Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады.

Судьялардың құқықтық жағдайы  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

2. Судьяға заңда  көзделмеген соттан тыс функциялар  мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес,  заңдылық пен құқық тәртібін  сақтау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.  

 

24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы

1. Судьялар қызметке  Қазақстан Республикасының Конституциясына  және осы Конституциялық заңға  сәйкес сайланады немесе тағайындалады  және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Судьялардың өкiлеттіктері тек қана осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін. 

 

25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi

1. Судьяның тәуелсiздiгi  Конституциямен және заңмен қорғалады. 

Судьялар сот төрелiгiн  жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

2. Ешкiмнiң сот  төрелiгiн жүзеге асыру iсiне  араласуға және судья мен алқа  заседателiне қандай да болмасын  ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай  әрекеттер заңмен қудаланады.

3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды  материалдық және әлеуметтік  қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. 

 

26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi

1. Судьяның тәуелсiздiгi:

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының