Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:19, лекция

Краткое описание

1-бөлiм. Жалпы ережелер
2-бөлiм. Сот жүйесі
Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
3-бөлiм. Судьялар мәртебесі
Судьялардың құқықтық жағдайы
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру
4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету
5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

29_x.doc

— 347.50 Кб (Скачать документ)

1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.

2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

3-тармаққа өзгерістерді қара - 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңы (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Облыстық соттың органдары:

1) жалпы отырыс;

2) апелляциялық сот алқасы;

3) кассациялық сот алқасы болып табылады.

Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады.

4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.

5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.  

 

12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi

Облыстық сот:

1) өзiнiң қарауына жатқызылған  сот iстерiн және материалдарын  қарайды;

2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен  алып тасталды  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

3) сот тәжiрибесiн зерделейдi  және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;

5) заңда көзделген басқа  да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.  

 

13-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 

 

2008.17.11  № 80-ІV  ҚР Конституциялық Заңымен  14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

14-бап. Облыстық соттың төрағасы

1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2) тармақша 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2) кассациялық сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;

3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;

8) өкімдер шығарады;

9) облыстық соттың, Астана және Алматы қалалары соттарының кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасы төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың апелляциялық сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді. Бұл ретте кассациялық сот алқасы отырыстарында төрағалық ету облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледі.

Апелляциялық сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасы төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктейді.

3-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда міндеттердің атқарылуын облыстық соттың төрағасы облыстық соттың апелляциялық сот алқалары төрағаларының біріне жүктеуді жүзеге асырады. Апелляциялық сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық соттың төрағасы төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктейді. 

 

2006.11.12.  № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара); 2008.17.11  № 80-ІV  ҚР Конституциялық Заңымен  (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы

1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi;

3) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

4) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпаратты ұсынады;

5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Апелляциялық сот алқасының төрағасы облыстық сот төрағасына апелляциялық сот алқасында мамандандырылған құрамдарды жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді.

3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi.

Облыстық соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда облыстық соттың төрағасы оның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктейді. 

 

16-бап. Облыстық соттың жалпы отырысы

1. Облыстық сот қажетiне  қарай, бiрақ жылына кемiнде  екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

4) сот практикасын талқылайды  және оны жинақтаудың қорытындылары  бойынша облыс соттарының сот  төрелiгiн iске асыруы кезіндегі  заңдылықтың сақталу мәселелерiн  қарайды; 

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) облыстық соттың судьясы, аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды;

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi;

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

9) судья қызметiне кандидаттардың  тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-1) сот төрелiгiн iске асыруының сапасы төмен немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм шығарады;

10) заңда көзделген басқа да  өкiлеттiктердi жүзеге асырады; 

2. Жалпы отырыс  облыстық сот судьялары жалпы  санының кем дегенде үштен  екiсi қатысқан жағдайда заңды  болады.

3. Облыстық соттың  жалпы отырысының жұмыс тәртібі  ол бекiткен регламентпен анықталады.  

 

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ 

 

17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Жоғарғы Сот:

1) өзiнiң қарауына жатқызылған  сот iстерi мен материалдарын қарайды;

2) сот практикасын зерделейдi  және оны жинақтаудың қорытындылары  бойынша Республика соттарының  сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі  заңдылықтың сақталу мәселелерiн  қарайды; 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) жасақтайды;

4) заңда көзделген басқа  да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Кадр резервін жасақтау және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін Жоғарғы Соттың Төрағасы бекітеді. 

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы

1. Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

2. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

3. Жоғарғы Соттың органдары:

1) жалпы отырыс;

2) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы;

3) қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы болып табылады.

Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады.

4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді.

5. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды.

6. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы құрылады.»; 

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен  19-бап  жаңа редакцияда  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

19-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 

 

20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы

1. Жоғарғы Соттың Төрағасы  судья болып табылады және  судья мiндетiн атқарумен қатар: 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) сот алқалары мен мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

3) Жоғарғы Соттың жалпы  отырыстарын шақырады және оларда  төрағалық етедi;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының  қарауына сот практикасы және заңда көзделген негіздемелер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс жасау мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;

5) Жоғарғы Соттың жалпы  отырысының бекiтуiне Жоғарғы  Соттың жалпы отырысы Хатшысының  және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi;

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының