Қамырды пішіндейтін машина

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 11:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі қоғамда нан пісіру саласында дайын қамырды тез және оңай белгілі-бір пішінге келтіру үшін қамыр пішіндейтін машинаның көмегіне жүгінеді. Қамырды пішіндеу үшін екі тәсілді пайдалануға болады. Біріншісі, дайын қамырды тыңбай айналдыру арқылы арнайы пішінге салу, екіншісі арнайы пішінді құралға қысым түсіру арқылы керек нәтижеге жету яғни штамптау тәсілі. Қазіргі таңда осы тәсілдердің ішінен көп қолданысқа ие болып жүргені – бірінші тәсіл. Ол тәсілдің өзі үш деңгейден тұрады: қамырды дөңгелектеу, орналастыру және пішіндеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Марина нан.docx

— 37.04 Кб (Скачать документ)

Қамырды пішіндейтін машина

 

Қазіргі қоғамда нан пісіру саласында дайын қамырды тез және оңай белгілі-бір пішінге келтіру үшін қамыр пішіндейтін машинаның көмегіне жүгінеді. Қамырды пішіндеу үшін екі тәсілді пайдалануға болады. Біріншісі, дайын қамырды тыңбай айналдыру арқылы арнайы пішінге салу, екіншісі арнайы пішінді құралға қысым түсіру арқылы керек нәтижеге жету яғни штамптау тәсілі. Қазіргі таңда осы тәсілдердің ішінен көп қолданысқа ие болып жүргені – бірінші тәсіл. Ол тәсілдің өзі үш деңгейден тұрады: қамырды дөңгелектеу, орналастыру және пішіндеу.

Қамырды домалақтаған кезде қамырдың  сырты тегістеледі, керек пішінге оңай келеді. Сонымен қатар домалақтаған кезде қамырдың сыртында пайда болған қабат оның ішіндегі газдарды сыртқа шығармайды, сол қабат қамырды орналастырған кезде өз сапасын өзінде ұстап қалауына жағдай туғызады. Бұл өте ыңғайлы әрі пайдалы. Бұл қабат қамырдың бір қалыпты пісуін қамтамасыз етеді. Барлық қамырды пішіндейтін машиналар, пішін беру түріне қарай екі түрге бөлінеді: илеу арқылы пішін беру және штамптау арқылы пішін беру.

 

Қамырды дөңгелектеу  машинасы

 

Пішін беру түріне қарай  қамырды дөңгелектейтін машиналар  үш топқа бөлінеді:  Біріншісі, үстіңгі қабаты тегіс цилиндр пішінді машина. Бұл машинаның ішінде арнайы спираль тұрады. Айналдырған кезде қамыр ішкі тегіс қабына соғылып тез иленіп, керек пішінге ие болады. 

Екіншісі, цилиндр тәрізді ыдыстың ішінде арнайы қарама-қарсы барабандар орнатылған. Олар айналған кезде ішіне салынған қамырға пішін береді.

Үшіншісі, домалақтау үш транспортердін жалпақ ленталарының қозғалысы негізінде пайда болады. Екі лента горизонталь бағытында жатыр, ол транспортердің бұрышына қарай орналасқан. Сол екі  лента әртүрлі жылдамдықта бір-біріне қарама-қарсы қозғалады. 

Т1-ХТС қамырды  домалақтайтын машина 0,05-0,2 кг салмағындағы нан өнімдерін әсіресе тоқаштар сияқты нан өнімдерін дайындау үшін арналған. Машина кіші пішінді ыдыс пен ішінде спираль тәрізді науадан тұрады. Науа шойыннан жасалған және ол ыдыстың табанына қатты бекітілген. Конус пішінді ыдыс фланцаның ступиницасына қыстырылған. Ступиницаның төменгі жағында арнайы дөңгелек бар. Машина электроқозғауыш арқасында жұмыс істейді.

Қамыр арнайы шұңғымаға салынады да ыдыстың түбіне жеткізіледі. Онда қамыр спираль тәрізді науаның ішінде айналып, дөңгелек пішінге келеді. Дөңгелектенген қамырды қабылдағыш ленталы транспортерге жіберіледі. Жылдамдығының жоғарлығы арқасында нан өнімдері лентаға шыққан кезде бір-біренен алшақ түсіп, жабыспайды. Бірақ машинаның төменгі жағына нан түскен кезде жылдамдық азая түскенде, қамыр сәл жабысуы мүмкін. Ондай жағдайлардан аулық болу үшін бір қалыпты қозғалуын қамтамасыз ету керек. Бұл машина дөңгелектейтін ХЛС-9 автоматына жалғанған. Сонымен қатар машинаның конус ыдысының айналу жылдамдығының екі баспалдағы бар. Ол Т1-ХТН машинасына ұқсас жасалынған.. Машина минутына 100-ден астам өнімін шығарады. Ыдыс 62,5 және 71 көлем/мин айналады.

 

Қамырды дөңгелектейтін Т1-ХТН машинасы бидай дәнінен өндірілген ұнынан жасалынған 0,2-1,1 кг салмағындағы нан өнімдерін жасауға арналған. Бұл машина Т1-ХТС машинасына ұқсастырылып құрастырылған. Қазір ХТО машинасының орнына пайдаланады.  Ол машинаға қарағанда оның артықшылықтары: тасымалдау жүйесі жақсартылған, екі баспалдақты шкивтың арқасында конус ыдысының екі баспалдақты жылдамдықта қозғалуын қамтамасыз етуінде және сонымен қатар ішіндегі ауаны ыңғайластыру процессі қарастырлған.  Айналған кезде электр қозғауышы негізінде жұмыс істейді. Дөңгелек арқылы  электр қозғауышына келіп конус тәрізді ыдыс қимылдайды. (N=1.1 кВт, n=1400 көлем/мин)

Нан илеу машинасы

 

Нан илеу машинасы үш операциядан тұрады: қамырды дөңгеленген шелпек тәрізіді жаю, оны орам пішініне орау және керек пішінді ыдысқа салу.

Нан жаю процесі бір-біріне оқтау тәрізді валка арқылы жасалады. Орам пішінге орау төрт тәсілмен жасалады: траспортер лентасының үстінде ілінген жүгі бар байлауыш арқылы; транспортер лентасына қарама-қарсы ілінген темір байлама арқылы, қарама-қарсы орналасқан лента арқылы, келе жатқан барабанға   рифлен білекше көмегімен.  Процесс бір ленталы екі ленталы барабанға  жіберу арқылы аяқталады.

Барбанды нан  илеу машинасы

Бұл топқа МЗЛ-50 машинасы жатады. Ол І-ІІ сұрыпты бидай дәнінен жасалған 0,055-0,55 кг салмағындағы нан өнімдерін дайындайды.  Нан илейтін МЗЛ-50 машинасы қабылдағыш шұңғымадан, орам пішінді кылып аудару үшін екі дөңгеленіп айналатын валиктен, соңғы пішіндейдін қабылдағыш транспортерден тұрады. Барлық машина элементтері екі шойын стойкасына бекітілген. Олар қабылдағыш транспортермен бірге дөңгелеткіштің үстіне орналасқан қозғалмалы үстелге бекітілген. Қамыр бөлгіштін ішінен бір-біріне қарама-қарсы қозғалып жатқан білекшелерге қарай барады. Шелпек тәрізді жайылып, білекшелермен орам пішініне айналдырылады. Одан кейін саңылау мен барабан арасынан өткізіледі. Қамыр өнімі ленталы транспортерға түсіп, қимылсыз жатқан қалқан арасынан өтіп, өзіне керек пішінге ие болады.

Шұңғыманың алдында арнайы ұн сепкіш бар. Иленетін қамырдың көлемін бір қалыпты ұстау мақсатында арнайы қатты жоталар орналастырылған, ал қамыр сырғып кетпеу үшін ыдыс іші кедір-бүдір жасалынған.

Машинанын құрамына үш түрлі пішінді қалқа бар. Жасалатын нан өнімінің түріне қарай таңдалады. Сонымен қатар машинада темірден жасалған ауыспалы қаптама бар, ол қозғалмалы тік қойылған дөңбек кесіндісі арасына қойылады. Дайын болған нан өнімін бөлу үшін траспортердің үстіне арнайы пышақ қойылған. Нан өнімін түрін, пішінін, салмағын өзгерту мақсатында бұл машинанада арнайы реттегіш орнатылған.  Машина электркозғауыш арқылы қозғалады.

Ленталы нан илегіш машинасы

Бұл топқа Т1-ХТ2-3-1, Т1-ХТ2-3С-5000М  машинсы жатады.

Т1-ХТ2-3-1 нан илегіш машинасы

Т1-ХТ2-3-1 нан илегіш машинасы цилиндр тәрізді немесе ұзындығы 360 мм дейін жететін ұзынша келген нан өнімдерін дайындауға арналған. Машина жіберуші транспортер екі жайғыш білекшеден, бүгілмелі тордан және пішін беретін транспортерден тұрады.

Қамыр машинаның ортасымен өтіп, жайғыш білекшелерге жетеді. Ол қамырды қалыңдығы 5-12 мм, ал ені 3-9 мм  көлемінде жаяды да бүгілмелі торға жібереді. Ол жерде ол орам тәрізді оратылып, ленталар арасынан өткізіледі, соңында пішіндейтін траспортерге барады.  Егер  нан салмағын өзгерткен жағдайда оны келесі реттегіш процесінен өткізу керек. Машина тұтқасын ұстап ішіндегі білдемше, ленталардың арасын арашалау қажет.  Машина электроқозғауыш негізіде жұмыс істейді.

Нан илегіш Т1-ХТ2-3 машинасы салмағы 0,055-0,22 кг нан өнімдерін дайындау үшін арналаған. Өзінің құрылысы жағынан ол Т1-ХТ2-3-1 ұқсас. Оның ерекшелігі тек қана көлемінде. Ал Нан илегіш С-500М І сұрыпты бидай ұнынан жасалынған салмағы 0,02-0,15 кг  нан өнімдерін дайындау үшін арналған.    


Информация о работе Қамырды пішіндейтін машина