Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

Көтергіштерді тізбесандықшамен жерден, кабина ішінен немесе ғимарат қабаттарынан басқарады. Жүктік құрылыс діңгекті көтергіштердің жүккөтергіштігі 500 кг-ға, көтеру биіктігі 70 м-ге дейін және көтеру жыддамдығы секундына 0,3..0,5 м.

Ғимараттар 14 қабаттыдан жоғары болғанда жүккөтергіштігі 800...1200 кг, жүк котеру биіктігі 150 м, жылдамдығы секундына 0,5...0,6-дан 1,2 метрге дейін жүкжолаушы котергіштерді қолданады. Көтергіштерді автомобильді немесе пневмо-доңғалақты крандардың көмегімен негізінен өзінің механизмдерімен жинақтайды.

Діңгекті көтергіштерде оларды қауіпсіз пайдалану мақсатында және платформа мен кабинаның түсу жылдамдығы қалыпты мөлшерден асып кеткен жағдайда, оларды тоқтатып және ұстап тұратын автоматты әсерлі сыналы және эксцентрикті ұстағьшгтар, сонымен қатар апаттық ажыратқыштар мен дыбысты және жарықты белгілер пайдаланылады.

Құрылыс котергіштерінің пайдалану өнімділігі, т/сағ :

Пэ = n • Q• Кг • Кв,

мұндағы Q - номиналды жүккотергіштік, т; Кг – котергіштің жүккөтергіштігін пайдалану еселігі (0,6...0,8); Кв - көтергіштің уақытты пайдалану еселігі  (0,5...0,9); n - бір сағатқа келетін 3600 цикл саны; n=3600/tu ,  tu - бір циклдщ ұзақтығы, с;

 

tu = tм + tр,

мұндағы tм - жүк тасушы мәрімнің вертикаль және горизонталь бағытта жүкті тасымалдау уақыты, с; tp- тиеу, түсіру сияқты қол жұмыстарына келетін уақыт мөлшері, с.

Автомобильдерге, тракторларға және пневмодоңғалақты арнаулы шассиге орналастырылған көтергіштер мен суырмалы мұнаралар мобильді болғандықтан, аз мөлшерлі жинақтау, әрлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарында кең қолданылады. Құрылымдық орындалуына қарай мұндай жүккөтергіштер суырма мұнаралы және гидравликалық көтергіштер болып ажыратылады.



Суырмалы (4.9, а-сурет) немесе иінтіректі (4.9, б-сурет) көтергіштердің мұнарасының жоғарғы жағына орналасқан бесікшелер немесе алаңшалар тек вертикаль бағытта жылжиды, ал иінтіректі-топсалы (4.9, в-сурет), суырмалы топсалы (4.9, г-су-рет) және суырмалы иінтіректі-топсалы (4.9, д-сурет) автогидрокөтергіштерде олар вертикаль және горизонталь бағыттарда, сонымен қатар машинаның тұру деңгейінен төмен жақта да жылжып, едәуір қызмет ету аумағын қамтиды.

 

4.9 - сурет. Суырмалы мұнараның және гидравликальщ көтергіштердің принципті сұлбалары

 

Автомобильді көтергіш (4.10, а-сурет) базалы автомобильден 1, иінді жебеден 3, топсалы орналасқан бір немесе екі бесікшеден 4, орын ауыстырғанда жебені ұстайтын тіреуден 2. басқару сандықшасынан 5, бұрылмалы платформадан 6, жебені көтеретін гидроцилиндрден 7 және гидравликалык шығыңқы тіректен 8 тұрады. Мұнараның суырма бөліктері мен көтергіш жебенің бөліктері арқан-блокты жүйені (полиспаст) және құрастырылған тәсідді пайдаланьш, гадроцилиндрлер көмегімен жылжиды.

Автогидрокөтергіштердің жебелері өзара топсалы қосылысқан екі-үш басқарылатын бөліктерден тұрады. Жебенің планда бұрылуы бұру құрылғысы арқылы іске асады. Көтергіштің басқарылуы бұрылмалы қаңқада орналасқан басқару пульті бесікшедегімен қосарланған. Биіктіктегі және жердегі жұмысшылар өзара байланысу үшін екі жақты байланыстырушы кұрылғы орналастырылған.

Суырмалы мұнаралардың көтеру биіктігі 12...26 м, бесікшенің жүккөтергіштігі 0,15...35 т, ал автомобильді көтергіштердің көтеру биіктігі 37 м-ге дейін, жүккөтергіштігі 0,4 т-ға дейін. Кейбір көтергіштерді жебелі кран орнына қолдануға болады, себебі жебенің соңғы иінінде жүккөтергіштігі 1 т ілгек орналастыру қарастырылған.

Биіктігі 16 қабаттан аса көп қабатты ғимараттарды салғанда (4.11-сурет), сонымен қатар ғимараттарды пайдалану барысында қабырғалардағы жіктерді, жарықшаларды тығындау, қымтау, шыныларды тазалау, бояу т.с.с. жұмыстарды орындау қажет болады. Осындай жұмыстарды орындауға өздігінен көтерілетін арқандарға асылған, қоршалған алаңшалардан, онда орналасқан қол немесе кері қимылды жүкшығырлардан тұратын бесікшелерді қолданады. Арқандар бір немесе екі синхронды жұмыс атқаратын атанақтарға оралады, ал олар бесікшелерді ғимараттың шатырына бекітілген иінтіректің блоктарының көмегімен көтереді. Ұзындығы 3,5 м-ге дейін доңғалақты бесікшелер платформасы ғимараттың фасадын бойлап, келесі бөлімге жеңіл көшіріледі. Биіктігі жоғары ғимараттарда жылжымалы көтергіштерді орналастырады, Оның тірек қаңқасында жебе 1, жүктік және жебекетергіш жүкшығыр орналасқан екі кісіге арналған бесікше 2 жебеге ілінген. Тегіс шатырда жүкшығырдың жылжу механизмі рельсті бойлап немесе пневмодоңғалақ арқылы жылжиды.

 

4.10-сурет. Автомобиль көтергіш

 

4.11- сурет. Жылжымалы көтергіш

 

 

4.3. Құрылыс мұнаралы крандар

 

Мұнаралы крандарды көтеріп-тасымалдау және жинактау жұмыстарында пайдаланады.

Мұнаралы кран вертикаль жайғасқан мұнарадан 6, оның жоғарғы жағына көтергіш (4.12, а-сурет) немесе арқалықты (4.12, б-сурет) орнатылған жебеден 5 тұрады. Жебенің қарсы жағына кернегіш 4 бекітілген немесе теңсалмақ 3 орнатылған, теңсалмақты консоль 8 және жүк пен жебені көтеру шығырларының механизмдері орналастырылған. Кранның мұнаралы (немесе бұрылмалы бастиек 9) теңсалмақ блоктары 3 қойылған платформа 2 арқылы тіректі-бұрылу қүрылғысына 1 сүйенеді. Тіректі-бұрылу күрылғысы сақиналы қаңқа немесе кранның тіректі бөлімі арқылы жүру құрылғысымен 7 қосылысқан. Арқалықты жебелі және теңсалмағы жоғары орналаскан крандардың жебесі бойымен жүктік арбашық 10 жылжиды. Жүру қаңқасында 13 теңсалмақ тақтасы 12 жатыр, ал мұнараның бүйір жағында жинақтау тірегі 11 орналасқан.

 

4.12-сурет.    Мұнаралы    крандардың   типтері    мен параметрлері

Негізгі параметрлері. Рельсте жылжитын және тақап қоятын крандардың базалы үлгілерінің негізгі параметрлері МССТ ережеленген. Негізгі параметрлеріне жататындар (4.12 -сурет):

  1. L - шығым (кранның бұрылу бөлімінің айналу осінен ілгек аспасының вертикаль осінің аралығы);
  2. Q - жүккөтергіштік (сәйкес шығымдағы жүктің ең үлкен массасы);
  3. М - жүк моменті (жүккөтергіштіктің оған сәйкес шығымдылыққа көбейтіндісі, көбінесе кранның басты жалпылама параметрі ретінде қолданылады);
  4. Н - көтеру биіктігі (рельстің бетінен ілгектің жоғарғы күйінің аралығы).
  5. һ - түсіру тереңдігі (рельстің бетінен ілгектің төменгі күйіне дейінгі аралық);
  6. К - жолтабан (рельс осьтерінің аралығы);
  7. В - база (бір рельстегі дөңгелектердің вертикаль осьтерінің аралығы);
  8. I - артқы габарит (кранның бүрылу бөлімінің ең үлкен радиусы);

9)vn - жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы;

  1. vM - жүкті жерден ажырату және жерге отырғызу жылдамдығы;
  2. vT - шығымды өзгерту жылдамдығы (жүк арбашығының жылжуы);
  3. vr - горизонталь бағытта жүкті жылжыту жылдамдығы;
  4. п - кранның бүрылу бөлімінің айналым жиілігі;
  5. vy- кранның жылжу жылдамдығы;
  6. Ny - орнатылған куат (кранның барлық электрқозғалтқыштарының қуаты);
  7. m - кранның жалпы массасы;
  8. өнімділік және т.б.

4.3.1. Индекстеу жуйесі. КСРО-ның заводтарында жасалған мұнаралы крандарды индекстеу жүйесі 4.13-суретте бе рілген. КБ (кран башенный) әріптерінен басқа кранның таңбасына үш негізгі цифрлар кіреді, олар жүк моменті бойынша өлшем тобының нөмірін және базалы үлгінің кезекті нөмірін көрсетеді. Нүктеден кейін кранның жасалу кезегі көрсетіледі. Келесі жасалу кезегінде үлгіден жебе үзындығы, көтеру биіктігі, жүккөтергіштігі өзгеше болуы

 

мүмкін. Индекстегі цифрлардан кейінгі әріптер кранның кезекті жаңғыртылуын (негізгі параметрлерін қозғамай, құрылымына өзгеріс енгізу) және кранның климаттык орындалуын (ХЛ - суық, Т - тропикалық, ТВ -тропикалық ылғалды климатқа арналған, орташа климатқа әріп қойылмайды) белгілейді. Мысалы, кран таңбасы КБ-674.3А, жазбаның мағынасы мынадай: кран мұнаралы, жүк моменті 300-ден 550 тм дейін, мұнарасы бұрылмайтын, үшінші орын алуы, бірінші жаңғыртылған, орташа климатқа арналған.

4.13-сурет. Мұнаралы крандарды индекстеу жүйесі

4.3.2. Жіктеу. Мұнаралы крандарды бірқатар белгілеріне қарай жіктейді. Салынып жатқан ғимаратқа қарай орналасуына байланысты олар ғимарат іргесінде немесе ғимарат үстінде жұмыс атқарушы болып бөлінеді. Біріншіге жылжымалы және іргетасқа еркінше орнатылған тұрақты крандар жатады. Ғимараттың үстіне қойылатын крандар өзі көтерілетін, жылжымалы және ауыстырылмалы болып бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыста негізінен ғимарат іргесінде жылжымалы (4.14, в-сурет), ғимаратқа тақап қойылатын (4.14, б-сурет) және өзі көтерілетін (4.14, а-сурет) крандар қолданылады. Жылжымалы мұнаралы крандар қүрылыста кең қолданылады, алайда қүрылымына карай көтеру биіктігі шектеулі. Өзін көтеретін крандар салынатын ғимараттың қаңқасы металды немесе темірбетонды қуатты болғанда пайдаланылады. Өздігінен көтерілетін және ғимаратқа тақап қойылатын крандар негізінен биіктігі 150 м және одан жоғары ғимараттар салуға пайдаланылады.

Жүру құрылғысына қарай мұнаралы крандарды рельсті, автомобильді, пневмодоңғалақты, арнаулы шассилі автомобиль типті, шынжыр табанды және адымдаушы деп ажыратады. Мұнаралы крандардың негізгі типтерінен басқа әртүрлі қүрастырылған крандар да бар. Оларға жататындар қосымша жебелі (негізгіден темен немесе жоғары, сонымен қатар теңсалмақ консолінің орнына орнықтырылған) немесе қосымша діңгекті (қысқа, ғимарат үстіне орналасатын оларға жебені тіреу үшін) және т.с.с.

Жебе шығымын өзгерту тәсіліне қарай шығымы теракты (жебе тек бір жағдайлы), белгіленген шамаға өзгертетін және маневрлі өзгертетін болып ажыратылады.

4.3.3. Жебе кранның негізгі жүмысшы мәрімі, құрылымына қарай көтерілмелі, маневрлі (4.15, а-сурет), ілгектің шығымы жебенің рауалы бұрышқа бұрылуына байланысты өзгеретін немесе бойымен жүктік арбашық жылжитын горизонталь арқалықты (4.15, б-сурет), жүктік полиспаст орналастырылған болып жасалады. Көтерілмелі аспалы жебелердің полистпасы жебенің басына бекітіліп, жебені тек үстап тұрмай, жұмыс барысында оның шығымын өзгертеді. 


 

 

Арқалықты жебелер мұнараға негізінен қатаң бекітіледі де, жұмыс күйінде оларды үлкен диаметрлі арқаннан немесе металдан жасалған тартқыштан тұратын жебенің бір немесе бірнеше жоғарғы жақтағы нүктесімен қосылысқан бір немесе бірнеше аспа ұстап түрады. Негізгі параметрлері (жебе шығымы, көтеру биіктігі, жүккөтергіштігі) бірдей, көтерілмелі жебелі крандардың арқалықты жебелі крандарға қарағанда салмағы 15...20%-ға жеңіл, сонымен қатар жүккөтергіштігі жоғары, жебе шығымын азайтқанда көтеру биіктігін арттыру мүмкіншілігі бар, тар қүрылыс алаңында жақсы маневрлі, жасау технологиясы жоғары, жинақтау мен тасымалдауға ыңғайлы. Арқалықты крандарға қарағанда көтерілмелі жебелі крандардың кемшіліктері: жүкті горизонталь бағытта тасымалдауы дәлме-дәл емес; жебе щығымын өзгерту мен жүк көтеруді қабаттастырғанда қуат шьныны көп; жүкті шайқалтатын қозғалу үдеуі едәуір;кранға жүкті тым жақын жинақтауға болмайтындықтан, оның бір орындағы қызмет ауқымы шамалы.

Мұнарасы бүрылмалы мобильді крандарда көтерілмелі жебелер көп тараған. Арқалықты жебелердің биіктігі айтарлықтай және олар мұнарасы бұрылмайтын крандарда көп қолданылады.

Жүкті көтеру биіктігін өсіру мақсатында сынық пішінді, әртүрлі құрастырылған жебелер пайдаланылады (4.15, в-сурет).

4.3.4. Мұнаралар тірек-бұрылу қүрылғысының орналасу орнына қарай бұрылмалы және бұрылмайтын болып ажыратылады. Мұнараның екі түрі де металл қаңылтырынан тұтас қабырғалы және бұрыштықтардан, кіші диаметрлі түтіктерден тор тәрізді және әртүрлі металл профильдерінен қүрастырылмалы болып жасалады. Көлденең қимасы шеңбер, үш-төртбұрышты болып орындалады. Ең көп тарағаны квадрат қималы түтіктерден тор тәрізділер.

Бекітілуіне қарай мұнаралар кранның тірек бөліміне қатаң және топсалы орналастырылады.

болып бөлінеді. Қазіргі кездегі көпшілік крандардың мүнара-



Бұрылатын да, бұрылмайтын да мұнаралардың тұрақты биіктігін өзгертуге болады. Мұнара биіктігі тұрақты крандар оның бірден толық биіктігіне арнаулы діңгек және тартқыш полиспасты мен меншікті жүкшығыры арқылы жинақталады (4.16, а-сурет). Биіктігі өзгерілмелі крандар мұнарасы «өзіне» салынатын (4.16, б-сурет) және бір-бірінен суырылатын (4.16, в-сурет) сының биіктігі астынан (4.16, г-сурет) немесе үстінен (4.16, д-сурет) тұтастыру арқылы арттырылады. Мұндайда мұнараның биіктігі әртүрлі крандарда әртүрлі, 2,5 м-ден 7,5 м-ге дейінгі бөлікті қосу арқылы жасалады. Мұнараны астынан тұтастырғанда қосылатын бөлік оның астыңғы жағына бекітіледі, одан кейін мұнара жебесімен, теңсалмақ консолімен және кернегіштерімен қоса тірек бөлімінен итеріліп шығаралады да, оған бекітіледі. Мұнараны итеру әртүрлі крандарда әрқалай: арқанды полиспастар жүйесі, бұрамалы, гидравликалық, төрткілдешті және шынлсырлы механизмдердің көмегімен жасалады.Мұнараны үстінен тұтастыру жоғары биіктікті (80... 150 м) және мұнарасы бұрылмайтын крандарда қолданылады. Мұнда кранның тек жоғарғы бөлігі жебесімен лсәне теңсалмақ консолімен қоса итеріп шығарылады, ал мұнараның алдында құрылған бөліктері орнынан қозғалмайды. Пайда болған қуысқа жекеленген бөліктер енгізіліп, бекітіледі. Кейбір крандарда қосымша бөліктерді мұнараның үстіңгі жағына өзінің жебесінің көмегімен орналастырады. Беліктен мұнараны мезгіл-мезгіл биіктетіп отыру ыңғайлы, себебі ғимаратты немесе имаратты сала келе, кранның да биіктігі өседі және машинистің кабинасы жинақталатын жерге жақын орналасады.

 

4.3.5. Тірек бөлігі. Мұнаралы кранның тірек бөлігі мұнара типіне (бұрылмалы немесе бұрылмайтын). жүру құрылғысына қарай (рельс бойымен немесе басқаша), салынып жатқан ғимарат маңында жылжу мүмкіншілігіне қарай (тұрақты және өзі көтерілетін) әртүрлі құрылымдық шешіммен жасалады. Рельсті жүрісті мұнаралы кранның тірек бөлігі кранға әсер етуші барлық жүктемені қабылдап, жүріс доңғалақтары арқылы кран астындағы жолға береді. Рельске тірелу нүктелерінің санына қарай тірек бөлігі үш және төрт тіректі болады. Құрылымына қарай олар әртүрлі пішінді: жазық қаңқа, итарқа немесе тік-бұрышты пішінді портал тәрізді. Құрылымын өзгерту мүмкін-шілігіне қарай тірек бөлігі үстінең қарағанда (планында) өзгер-тілмейтін және суырмалы немесе кронштейндер арқылы бұрылмалы болып бөлінеді.

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары