Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

 

                       3.13 - сурет. Дірілді конвейер

 

Заттарды пневмотасымалдау қондыргылары. Пневмотасымалдау қондырғыларымен сусымалы заттарды құбырлармен сығымдалған немесе сиретілген ауа арқылы жылжытады. Цемент, құм, әктас, ағаш үгіндісі сияқты қүрылыс заттарын пневмотасымалдау қондырғыларымен тиеу, тасу, түсіру еңбек өнімділігін едәуір арттырады, қоршаған ортаны ластамайды, шаңдатпайды. Тасымалдау, тиеу, түсіру жүмыстарын толық механикаландырып, автоматтандыруға мүмкіншілік туғызады. Қондырғыларда қозғалатын бөлшектері болмайды, диаметрі кішкентай қүбырларды пайдаланып, кеңістіктің кез-келген жерімен едәуір қашықтыққа жоғары өнімділікпен тасымалдайды.

Пневмотасымалдаудың кемшіліктері: меншікті ауа шығыны үлкен және жұмыстың энергия сыйымдылығы зор (1...5 кВт-сағ/т), сонымен қатар. қажақ заттарды тасымалдағанда қондырғылардың элементтері өте тез тозады, Жұмыс атқару принципіне қарай мұндай қондырғыларды сорғыш және сықағыш деп бөледі (3.14-сурет).

Соргышәсерлі цондыргыларда (3.14, а-сурет) вакуум -сорғы 8 тасымалдаушы құбырда 2 ауаны сирету нәтижесінде тасымалданушы зат сопло 1 арқылы сорылып, қүбыр бұйымен жылжиды. Мұнда заттар әр жерден тиеліп бір орынға тасымалдануы мүмкін. Тасымалдаушы қүбырдан материал тұнба камерасына 3 түседі, шығу қимасының кеңеюінен ауаның жылдамдығы күрт кемиді де, заттардың түйірлері онда шөгеді, одан шлюз бекітпесі 4 арқылы шанаққа 5 құйылады (төгіледі). Ауа одан ары сүзгіде 6 тазартылып, вакуумсорғыдан 8 кейін құбыр 7 арқылы атмосфераға өтеді. Құбырда заттардың жылжу бағытында ауаның сиреуі кемиді. Соған сәйкес ауаның жылдамдығы да өзгереді. Сорғышәсерлі қондырғыларда ол соплода минималды да, вакуум-сорғы тұсында максималды. Сорғышәсерлі қондырғыларда қысым айырымы 0,03...0,04 МПа, сондықтан тасымалдау жақын аралықта болады.

 

3.14 - сурет. Пневмотасымаддау қондырғыларының принципті сүлбасы

 

Сыцауәсерлі қондыргыларда (3.14, б-сурет) заттар сығымдағыш 10 жасайтын артық қысымның әсерінен жылжиды. Материал шанақтан 13 бекітпе 12 арқылы сығымдалған ауаның қысымымен тасымалдаушы құбырлармен 14 түнба камерасына, 15 одан шлюз бекітпесі 16 арқылы шанақта 17 шөгеді. Ауа сүзгіден 18 өтіп тазартылып, атмосфераға етеді. Ауаны қысымдап сьщау үшін қысымы 0,8 МПа-ға және өнімділігі минутына 100 м3-ге дейінгі сығымдағыштар пайдаланылады. Атмосферадан іығымдағыш сорған ауа ауақабылдағышта 9 шаңнан тазартылып, ауажинағышқа 11 жиналады. Онда материалды қүбырлармен бірқалыпты жылжыту үшін белгілі бір мөлшерде сығымхілған ауаның қоры жасалады. Мұндай қондырғыларда құбырлардан шығатын ауаның жылдамдығы бастапқыдан артық. Жоғарысықаушы қондырғыларда қысым айырымы 0,4...0,6 МПа, ол жағдай тасымалдау өнімділігін 200...300 Мг/сағ. дейін, ал қашықтығын едәуір (2 шм-ға дейін) үзартады:

 

3.4. Тиеуші-түсіруші машиналар

Қүрылыста қолданылатын тиегіштер - әртүрлі жүктерді (сымалы, кесек, дара, пакеттелген, ұзын өлшемді т.с.с.) тиеп -түсіруге, оларды жақын аралыққа жылжытуға, жинақтау және қосалқы жұмыстарды орындауға арналған өздігінен жүретін «әмбебап машиналар. Тиегіштердің әмбебаптығы - жедел ажыратылатын алмастырмалы атау тізімі жоғары жұмыс мәрімегімен; сыйымдылығы мен типі әртүрлі шөміштермен; ашалы, жакты және жинақтағыш қармауыштармен; аспалы қопсытқыштармен, бұрғылармен т.е. қамтамасыздануында.

Біршөмішті, ашалы тиегіштерді периодты әсерлі, ал көпшөміштілерді үздіксіз әсерлі тиегіштер дейді. Біршөмішті және ашалы тиегіштер жұмыс мәрімін тиеу, тасымалдау және түсіру (босату) жұмыстарын циклді түрде әрқайсысын жеке және бірінен кейін бірін тізбектеп орындайды. Ал көпшөмішті тиегіштерде жұмыс мәрімін толтыру, жүктен арылу жұмыстары бір уақытта, қатарлас және үздіксіз өтеді.

 

3.4.1. Біршөмішті тиегіш. Біршөмішті тиегіштерді нггізінен үйілген, майда кесек, дара жүктерді тиеп-түсіру, жылжыту және қоймалау үшін, сонымен қатар жатып қалмаған I, II және III категориялы табиғи топырақтарды экскавациялау мен өзітүсіргіштерге тиеу (немесе үйіндіге төгу) үшін пайдаланады. Мұндай тиегіштердің негізгі жұмыс мәрімі - шөміш. Біршөмішті тиегіштерді жүру құрылғысына қарай шынжыр табанды тракторлар негізінде), пневмодоңғалақты (арнаулы шасси мен тартқыштар негізінде) және жартылай шынжыр табанды; жұмыс мәрімін жүктен босату тәсіліне қарай жартылай бұрылысты, алғышепті, аспалы және құрама тиеу жабдықтарымен қамтылған деп айырады.

Алгышепті тиегіштер шынжыр табанды, доңғалақты шассиде және тракторларда негізделеді де, шөмішті машинанын алдыңғы жағынан кез келген нүктеде берілген биіктікте төгілуін қамтамасыз етеді. Доңғалақты тиегіштердің қозғау жабдығы, әдетте, барлық төрт доңғалағы жетекші, ал тірек қаңқасы қатаң немесе топсалы қосылысқан болады.

Қаңқасы топсалы қосылысқан тиегіштер (3.15-сурет)

 

                       3.15 - сурет. Алғышепті тиегіш

 

жоғары мобильді, маневрлі, сондықтан қысылшаң, тар жерде ұтымды қолданылады. Тиегіштің жұмысшы жабдықтарының үлгілік жинағына - порталды қаңқаға 7 топсалы қосылысқан «П» пішінді жебе 4, оны көтеруші (машинаның әр жағына бірден) қосарланған екі гидроцилиндр 6, шөміш 1, оны басқару-ға арналған екі күйентеден 3, бүру тартқыштарынан 2 және шө-мішті бүратын екі гидроцилиндрден 5 түратын топсалы-иінтіректі механизм жатады. Топсалы-иінтіректі механизм топыраққа (тиелінуші затқа) енген шөмішті толтыруды, босатуды және бұруды (артқа лақтыруды), сонымен қатар жебені көтеріп-түсірген қалпында ілгерілемелі жылжуын қамтамасыз етеді. Асылған жабдықтар гидроцилиндрлері базалы трактордың гидравликалық жүйесінен жетек алады.

Жартылай бурылмалы тиегіш (3.16-сурет) шөмішті және басқа да жүмысшы мәрімдерді алға және машина ось бойынан екі жаққа (әр жағына 90° -тан аса) жүктен арылуды қамтамасыз етеді. Мүндай тиегіш арнаулы пневмодоңғалақты екі белдігі де жетекші шассиден, бүрылмалы платформаға жинақталған тиегіш жабдықтан түрады. Жартылай бұрылмалы тиегіштің қуат көзі ретінде, артқы басқару белдігінің үстіне орналасқан

3.16 - сурет. Жартылай бұрылмалы біршөмішті тиегіш

 

дизель 2 (3.16, а-сурет) қолданылады. Бұрылмалы платформа 9 шарикті (немесе аунақшалы) тіреуіш-бұрылу дөңгелегі 10 арқы-лы жүру механизмінің қаңқасына 1 сүйенеді де, тиегіштің қаңқа бүйірлеріне бекітілген екі гидроцилиндрдің әсерімен вертикаль ось маңайывда 180°-қа бұрылады. Гидроцилиндрлердің соташықтары өзара, бұрылмалы платформаның жүлдызшасын орап өтетін аунақшалы шынжыр арқыльі байланысқан (3.16, б-сурет).

Бұрылмалы платформада ауысымды жұмысшы мәрімімен 7 жебе 5 және теңсалмақ 3 орналасқан. Жебенің көтерілуі мен түсуі гидроцилиндрмен 8 орындалады. Ауысымды жұмысшы мәрім жебенің және топсалы- иінтіректі механизмнің 6 алдыңғы басына орналасқан. Шөміш толтырылғанда және босағандағы оның жебеге қарағанда бұрылуы (вертикаль жазықтықта) гидроцилиндрдің 4 әсерімен қозғалатын топсалы-иінтіректі механизм 6 арқылы жасалады. Жебені көтеріп түсірген сәтте сол механизм арқылы шөміш ілгерілемелі қозғалады. Жебені және ауысымды жұмысшы мәрімді басқаратын гидравликалық жүйе қуат алу білігімен қосылған сорғыдан жүмыс атқарады. Жартылай бүрылмалы тиегіштің жүмысшы циклі алғы шепті тиегіштікінен айырмашылығы - шөмішті босатып жүкті түсіру үшін машинаның қозғалуының қажеті жоқ. Жүкті машинаның қай жағына болмасын түсіруге болады. Жартылай бұрылмалы тиегіштің бұл ерекшелігі жұмыс циклінің үзақтығын алғышепті тиегішке қарағанда 30...40 % кемітуге және тиеу жұмыстарын таршылық алаңда атқаруға мүмкіндік береді.

Біршөмішті тйегіштердің ауысымды жүмысшы мәрімдері мен аспалы жабдықтары 3.17-суретте берілген.

Біршөмішті тиегіштердің пайдалану өнімділігі, м3/сағ: сусымалы және кесек жүктер үшін

             П= (3600×q×Kн×Kв)/ tц

мұңдағы q - шөміштің сьійымдыльіғы, м3; Kн - шөмішгің толу еселігі (Kн =0,5... 1,25); tц - толық циклдің ұзақтығы, с; Кв-уақыт пайдалану еселігі.

дана жүктер үшін

     Пэ= 3,6(m ×Kг×Kв/ tц)

мұндағы m - көтеретін жүктің массасы, кг; Кг - көтергіштің жүк көтерімдік еселігі (Кг=0,6...0,8).

Қазіргі кездегі отандық біршөмішті тиегіштердің орташа цикл ұзақтығы 30...60 с болғандағы өнімділігі 90...235 м3/сағ., жүк көтерімділігі 1,25...5 т, шөміш сыйымдылығы 0,4...3 м3

3.17-сурет. Біршөмішті тиегіштердің ауысымды жүмыс-шы және аспалы жабдықтары: 1-қалыпты шөміш; 2 - ұлғайтылған шөміш; 3 - кішірейтілген шөміш; 4 - екіжақты шөміш; 5 -қаңқалы шөміш; 6 - жанымен түсіретін шөміш; 7 - түсірім биіктігі арттырылған шөміш; 8 - мәжбүрлі түсіретін шөміш; 9 -бульдозер күрегі (қайырмасы); 10 - экскаватор; 11 - грейфер; 12 - жүкті аша; 13 - кран; 14 - жақты қармауыш; 15 - баған жәнс қадақармауыш; 16 - соқалы қартазалағыш; 17 - роторль қартазалағыш; 18 - бүтакескіш; 19 - түбіржүлғыш; 20 - асфальт-қиратқыш

Сусымалы және кесек жүктер үшін біршөміпгп тиегіштердің пайдалаңу өнімділігі, м3/сағ.

 

3.4.2. Әмбебап ашалы тиегіштер (автотиегіштер) тиеу-түсіру жұмыстарында, дара және пакеттелген жүктерді жақын аралыққа тасымалдауға және оларды ашық алаңдарда, қатты жамылғылы жолдарда қатқабаттауға пайдаланады. Олар сериалы автомобильдердің түйіндерінен жиналады, қүрылма сұлбасы автомобильдермен ортақ, унификацияланған және ауысымды жүмысшы мәрімдерімен үлгілік жинақталған: әртүрл: дара, ыдыстағы және үзын өлшемді (қүбыр, берене, контейнерлер, құрылыстық блоктар т.с.с.) жүктерді тиеу-түсіру, тасымалдау және қоймалау үшін ашалармен және арнаулы қарпығыштармен; үйілген және кесек жүктер үшін шөміштермен; жүктерді аздаған биіктікке көтеру және әртүрлі қүрылыс құрылмалары мен жабдықтарын жинақтау үшін жүк жебелерімен қамтамасызданады. Ауысымды жұмысшы мәрімдері вертикальды (тік) гидравликалық жүк көтергішке асылады, ол машинаның алдына немесе бүйіріне орналасуы мүмкін.

Автотиегіш (3.18-сурет) алдыңғы қосарланған жетекші дөңгелектерден 2 және артқы дараланған басқару дөңгелектерден 6 қүралған пневмодоңғалақты лсүру құрылғысынан, ауысымды жұмысшы мәрімі мен 1 алғы шепті гидравликалық жүккөтергіштен 3, тең салмақтан 5, іштен жанатын қозғалтқыштан көтергіштің гидравликалық жүйесінен және басқару жүйесінен тұрады.  Теңсалмақ жүріп келе жатқан тиетіштің меншікті және жүктік орнықтылығын қамтамасыз етеді. Автотиегіштердің негізгі жұмысшы мәрімі-екі-үш тікбұрышты болып иілген болаттан жасалған білеуден түратын төсемеде орналасқан көтеруші, тасымалдаушы жүктің астына енгізілетін ашалы қапсырғыш. Ол жүккөтергіштің көтергіш арбашығына 13 топсалы асылады (3.18, б-сурет).    Жүккетергіштің негізгі қаңқасы 9 машинаның қаңкасына топсалы бекітілген. Негізгі қаңқаның ішінде катоктарға орналасқан суырмалы қаңқа 12 жылжиды, оның бағыттаушысының бойымен аунақшаға сүйенген жүк тасушы арбашық 13 және оған бекітілген жұмысшы мәрімі 1 жылжиды. Суырмалы қаңқа гидроцилиндрдің 11 әсерімен жылжиды. Арбашық екі жүк шынжырға 7 асылған, олар суырмалы қаңқаның 12 шетіне орналасқан жұлдызшаны 8 орап, негізгі қаңқаға бекітіледі де, жылдамдық ұтатын екі еселікті полиспаст қүрайды. Гидроцилиндр суырмалы қаңқаны жоғары қарай жылжытқанда, арбашық пен жүк гидроцилиндрдің соташығынан екі есе артық жылдамдықпен көтеріледі. Жүккөтергіштің негізгі қаңқасы қос екі бағытты гидроцилиндрлердің 10 әсерімен вертикаль ауытқи ала-ды: «езіңнен» жүкті қармауды және түсіруді жеңілдету үшін З...5°шамасында алға және жүкті тасымалдағанда орнықты болу үшін кері қарай «өзіңе».

3.18. - сурет. Автотиегіш: а - жалпы көрінісі; б - жүккө-тергіштің сүлбасы

 

Көтергіші алдыңғы жақта орналасқан автотиегіштердің жүк көтерілімділігі 2...10 т, олар ашамен және шөмішпен жаб-дықталғанда жүкті минутына 8...15 м жылдамдықпен, 4...6 м-ге, ал блоктанбаған жебемен - 5,1..7,2 м биіктікке дейін көтереді. Автотиегіштердің жүкпен жүру жылдамдығы 6....15 шм/сағ., ал жүксіз - 45 шм/сағ. дейін.

 

3.4.3. Көпшөмішті тиегіштерді сусымалы және майда кесекті жүктерді (құмды, малта тасты, қиыршық тасты, қожды) кәлік жабдықтарына тиеуге, сонымен қатар оларды іргетас ойықтарын т.с.с. көмуге қолданады. Жүру мәрімдері пневмодоңғалақты немесе шынжыр табанды болады, заттарды роторымен, тырмалаушы дискісімен немесе табанымен, көпшөмішті конвейердің шнектерімен өндіреді. Құрылыста шөмішті конве-йерлі және тырмалаушы шнекпен жабдықталған пневмодоңғалақты тиегіштер көп тараған (3.19 - сурет). Оның көлбеу орналасқая шынжыр-шөмішті конвейерден 4, тырмалаушы бұрамалы (пгаекті) қоректендіргіштен 3, таспалы конвейерден 5

3.19 - сурет. Көпшөмішті тиегіш

 

тұратын тиегіш жабдықтары арнаулы өзі жүретін пневмодоңғалақты шассиге жинакталған. Материалды қоректендіргішке жақсы жеткізу үшін иірліктің арты қайырмамен 2 көмкерілген. Тиелуші зат қайырма күрекпен қармалып, бүрама қоректендіргішпен үздіксіз жүретін шөміштерге беріледі, олар жүкті жоғары көтеріп таспалы конвейердің қабылдаушы құрылғысына түсіреді де, конвейер заттарды одан ары тиеу орнына жеткізеді. Шөмішті конвейерді жұмыс орындау күйіне және керісінше, тасымалдау жағдайына, таспалы конвейерді көтеріп-түсіру және машинаның екі жағына бүру тартқыш гидравликалық жүйе-сінен істейтін екі бағытты гидроцилиндрлермен атқарылады. Көпшөмішті тиегіштердің өнімділігі сағатына 80...250 м3, тиеу биіктігі 2,4...4,2 м.

 

 

4. ЖҮК КӨТЕРГІШ МАШИНАЛАР

 

4.1. Домкраттар, тальдер және жүкшығырлар

4.1.1. Домкраттар - өлшемі мен салмағы шамалы тасымалды жүк көтергіш механизм. Оларды жүкті 200.....500 мм-ге көтеруге, горизонталь бойымен жылжытуға және құрылмаларды орналастырғанда дәлдеп жайластыруға пайдаланады. Домкраттарды құрылыста жинақтау және жөндеу жұмыстарында, коммуникацияны орсыз орналастыратын қондырғыларда, ҚЖМ-да (крандардың, көтергіштердің шығарылған тіректері ретінде) т.с.с. қолданады. Құрылымына қарай қолдан немесе электрлі, гидравликалық немесе пневматикалық жетекті домкраттар төрткілдешті, бұрамалы және гидравликалық болып бөлінеді.

Бұрамалы домкраттың (4.1, а-сурет) тұрқына 7 шойыннан немесе қоладан жасалған сомын 4 баспаланған, ол болаттан

4.1 - сурет. Домкраттар: а - бұрамалы; б - төрткілдешті; в - гидравликалық

 

жасалған бұрамамен 3 бұрамалық жүп құрайды. Бұраманың үстіңгі шет жағына беті бұдырланған бастиек 1 орналасқан, ол бұрамамен бірге айналмайды, себебі оған көтерілуші жүк тіреледі. Жүк қолсаптың 2 қайтымды-ілгерілемелі қозғалысынан бұраманың бұрылуынан көтеріледі. Қолсап қозғалғанда, оған орналасқан екі жақты ілмекшаппаның 6 тісі бұрамаға бекітілген қырылдақ дөңгелекпен 5 ілініседі де, оны бұрамамен бірге бұрады. Ілмекшаппаны көтеруге немесе түсіруге байланысты қолсаптың қуысына орналасқан серіппелі тоқтатқыш оны бір шеткүйіне орналастырады. Бұрандамалары трапециялы немесе тік бұрышты домкраттардьщ бұрама жүптарынын, өздігінен тежелу қасиеті бар, себебі бұранданың орам бұрышы ондағы үйкеліс бұрышынан р кем болып қабылданады. Бұл жағдай жүктеме әсерінен бұраманың жылжу мүмкіншілігін жояды есесіне домкраттың ПӘЕ ықпалы едәуір (η= 0,3...0,4) .

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары