Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

Бетон мен оның қоспаларын дайындау технологиясының барысы 8.1-суретте берілген. Бетон

 

толықтырғыштары қоректендіргіштерден 1 тасымалдағыштармен 2 шанақтарға 3 беріледі, одан дәлмөлшерлегіштер  4 арқылы тасымалдағыштаг мен 5 таратқыштарға 15 түсіріледі. Цемент тарату шанағынан 1 өз ағымымен цемент дәлмөлшерлегішіне 6, одан ары тараткышқа 15 түсіріледі.

Құрғақ қоспаны беру үшін бетонның барлық құраушылары баламалаушы мөлшерлегішке 13, одан кейін автобетонарь ластырғышқа 14 тиеледі. Дайындалған қоспаны беру үшін кұраушылар таратқыштан 15 үздіксіз әсерлі араластырғышка 12 беріледі. Сол уақытта қатарлас араластырғышқа суқоймасынаі: 8 сорғы-мөлшерлегіш 9 арқылы үшжүрісті шүмектен 10 су ағылады. Дайын қоспа араластырғыштан автокөлікке 11 тиеледі.

 

8.2. Бетон және ерітінді қоспаларын дайындау машиналары

Бетон және ерітінді қоспалары оның құраушыларын механикалық араластыру арқылы жасалады. Қоспаның сапасы оның құраушылары мөлшерінің дәлдігімен және олардың өзара бірқалыпты араласуымен сипатталады (анықталады). Қоспаларды дайындау технологиясы тізбекпен орындалатын төмендегі операциялардан тұрады: араластырғыш машинаға дәлмөлшерленген құраушыларды (тұтқырландырғыш, толтырғыш және су) тиеу, құраушыларды араластыру және дайын қоспаны түсіру. Араластыру сипатына қарай машиналарды еркінше құлаған  материалды (гравитациялық) араластырғыштар және мәжбүрлі араластырғыштар деп ажыратады.

Травитациялық араластырғыпі (8.2, а-сурет) - горизонталь немесе көлбеу осьте (еңкіштік бұрышы 15° дейін) айналатын, ішкі беткейіне қалақ орналасқан атанак. Қалақтар қоспа құраушыларын үздіксіз іліп алып, белгілі бір биіктікке кетереді сол биіктіктен құраушылар ағыны салмақ күшінің әсерінен еркінше құлайды, құлаушы қүраушылар ағынының соқтығысуынан олар араласады. Қоспаның атанақ ішінде еркінше айналуына кедергі болатын центрден тепкіш күшті болдырмау мақсатында атанақтың айналу жиілігі 0,3...0,4 с-1 артпайды. Мәжбүрлі араластырғыштарда қоспа қүраушылары қозғалмайтын атанақта горизонталь немесе вертикаль қалақты біліктермен (8.2, б, д-су-рет) немесе қалақты ротормен (8.2, в, г - сурет) араластырылады.

8.2 - сурет. Араластырғыш машиналарда материалдарды араластыру сұлбалары

Жұмысты орындау сипатына қарай араластырғыш машиналар мезгілді (циклді) және үздіксіз әсерлі болады. Біріншісінде - құраушыларды боліктеп араластырып, дайындалған өнімді де бөліктеп береді, ал екіншісінде - құраушыларды араластыруы мен өнімді беруі бір уақытта және үздіксіз өткізіледі. Мезгілді әсерлі араластырғыштың бас параметрі - бір циклде жасалған қоспаның көлемі (литрмен); үздіксіз әсерлі араластырғыштың бас параметрі - машинаның бір сағатта жасаған өнімі (м3). Араластырғыш машиналар тұрақты және жылжымалы болып жасалады. Жоғары өнімді түрақты араластырғыштармен автоматтандырылған заводтар мен түйіндер жабдықталады, ал жыллсымалы араластырғыштар - тікелей құрылыс басында қолдануға арналады.

 

8.2.1. Бетонараластыргыштар. Гравитациялық циклді бетонараластырғыштарды илемді бетон қоспаларын дайындауға пайдаланады. 65; 165 және 300 л қоспа көлемін дайындайтын машиналарды жылжымалы, ал 500...3000 л қоспа көлемін дайындайтындарды тұрақты етіп жасайды.

Жылжымалы гравитациялық бетон араластырғыш-құраушыларының кесектігі 70 мм-ге дейін шағын көлемді жұмыстарға пайдаланады. Төңкерілгіш атанақпен және су дәлмөлшерлегішімен қамтылған жылжымалы бетонараластырғыштың кинематикалық сұлбасы 8.3 -суретте берілген.

Электрқозғалтқыштан 1 көпқатарлы сына-қайысты беріліс 2, білік 3 және тістегерішті беріліс 4 арқылы білік 5 айналады. Ол білік конусты тістегеріш және тәж 6 арқылы араластырғыш атанақты 7 вертикаль ось 10 бойымен айналдырады. Қозғалыс шынжырлы беріліс арқылы 12 шөмішті 19 көтеу механизмінің атанағына 15 беріледі. Иінтірек 14 арқылы конфеты фрикционды 16 іске қосқанда арқан 17 атанаққа 15 оралып, шөмішті көтереді. Шөміш 19 жоғары көтерілгенде төңкеріліп ішіндегілері араластырғыш атанаққа 7 түседі. Сол сәтте шөміштің тірегі қосқышқа 13 түйісіп, фрикционды ажыратады да, атанақты 15 түсіру күйінде үстап түратын таспалы тежеуіш 18 іске қосылады. Шөміш тежеу күйінен басқарушы иінтірек 14 арқылы босайды. Араластырғыш атанакты тиегенде еңкейту, босатқанда төңкеру тістегеріші тісті сектормен 8 іштей ілініскен штурвалды 9 бұру арқылы жасалады. Штурвалды бүрғанда сектор траверсаны 11 еңкейтеді де, араластырғыш атанақ төңкеріледі. Атанақ еңкейген күйінде тежегішпен немесе қырылдақпен ұсталынады. Тұрақты бетонараластырғыштардың қосконусты атанағы екі қиылған конустан тұрады: қысқа (тиегіш) және ұзартылған (түсіруші). Олар өзара цилиндрлі үстемемен косылған. Оның атанағы, шетмойынтірегі қаңқаның тіректеріне сүйенген бүрылмалы траверсаға жинақталады. Араластырғыштың жұмыс барысында атанақ өзінің бойлау осінде үздіксіз айналады да, дайын қоспаны түсіру үшін көлденең осіне еңкейтіледі. Атанақтың конусты бөліктерінің іш жағына болаттан жасалған, қырлары тозуға аса төзімді кронштейндер арқылы қалақтар бекітілді. Араластыру барысында айналыста тұрған атанақтың орта елінде, қалақтардың әсерімен қоспа құраушылары, көтеріліп-құлап, ерсілі-қарсылы қозғалған атанақтың осін бойлай жылжиды. Ол қоспаның біртектілігін жақсартумен қатар, араластыру әсерлілігі мен араластырғыштың өнімділігін  арттырарады. Араластырғыштардың атанақтары механикалық гидравликалық және пневматикалық жетектер арқылы еңкейтіледі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8.3-сурет. Бетонараластырғыштьвд кинематикалық сұлбасы

 

Мәжбурлі әсерлі циклді бетонараластыргыштар (8.4-сурет) қатаң және жылжымалы бетон қоспаларын, сонымен қатар бетон заводтары мен қондырмаларында керамзитбетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін дайындауға арналған. Мемлекеттік сала стандарты бойынша мұндай араластырғыштардың дайындайтын қоспа көлемдері 65, 165, 33 0, 500, 800. 1000, 2000, 3000 л. Олардың типтік өлшемдері сегіз түрлі болып жасалуы көзделеді. Араластырғыштың жетегі электрқозғалтқыш пен бәсеңдеткіштен 1 түрады. Оның шығым білігі төлкесаусақты жалғастырғыш арқылы екі аунақшалы мойынтіректерде айналатын роторға айналыс береді. Қоспа құрамалары маши наның қозғалмайтын бөлігі 1 және 0,5...0,6 с 1 жиілікпен айналатын ротордың 3 екі арасындағы сақиналы куыста қалақтарымен 2 араластырылады. Араластырғыш қалақтар роторға серіппелі амортизаторлар 4 арқылы айналу осінен әртүрлі қашықтықта бекітілген, ал олардың жұмыс беткейлері өздерінін жылжу траекториясына әртүрлі бұрышпен орналасқан. Қалақтардың бұлайша орналасуынан көлденең және айналыс бағытандағы коюлығы қандай да болмасын қоспа әртүрлі әсерлі және сапалы араластырылады.

Ротордың түбі мен қалақ арасына кесек зат түсе қалса, амортизаторлардың көмегімен қалақтар бұрылып кете алады. Қондырғыда араластырғыштан басқа рогорға қатаң бекітілген сыртқы және ішкі тазалағыш калақтар қарастырылған. Тостағанның ішкі беткейі тозуға төзімді болатпен қапталған. Тостағанның түп жағында иінтіректі немесе пневмолсетекті бекітпемен жабылатын түсіргіш жүктесік орналасқан.

 

 

 

 

 

 

8.4-сурет. Мәжбүрлі әсерлі циклді бетонараластырғыш-тың кинематикалық сүлбасы

 

Үздіксіз әсерлі мәжбурлі бетонараластыргыштарды катаң лсәне жылжығыш, толықтырғыштарының максимал ірі-лігі 40 мм қоспаларды және кұрылыс ерітінділерін дайындауға пайдаланады. Олардың құрылымы бір типті, өзара өнімділігімен, жұмыс мәрімдерінің өлшемі және пішінімен ажырасады да, қосбілікті болып орындалады. Екі горизонталь қалақты біліктер (8.5 -сурет) қимасы астау тәрізді түрқының 8 ішінде   ор наласады

8.5 - сурет.   Қосбілікті   үздіксіз эсерлі   бетонаралас-тырғыш: а - жалпы көрінісі; б - кинематикалық сүлбасы

да, сына-қайысты беріліс 2 екісатылы цилиндрлі бәсеңдеткіш 3 және ашық қостістегеріштер 4 арқылы электрқозғалтқыштан жиілігі 0,6... 1,0 с"' қарама-қарсы бағытта айналыс алады. Болаттан құйылған қалақтар 7 білікте бұрама сызық бойымен орналасқан, ол араластырылушы қоспа құраушыларьна араластырғыш осін бойлай жылжып, өзара бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді. Мөлшерленген құрғақ және  сүйық бастапқы  қүраушылар  тиегіш  арнашық  5 арқылы үздіксіз ағыммен араластырғышқа түсіріледі. Дайын қоспа түсіргіш б г кітпе 9 арқылы тиеледі. Қоспаны үздіксіз бергенде бекітпе 9 үнемі ашық, ал циклді бергенде - тиеу мезгілінде ғана ашық Өнімділігі сағатына 5 м3 бетонараластырғыштар жылжымалы араластырғыш қондырмалардьщ атаутізіміне кіреді, оларды мен маркалы бетондар мен құрылыс ерітінділерін дайьи үшін бытыраңқы орналасқан, жұмыс көлемі шамалы объект лерде пайдаланады. Өнімділігі сағатына 30 және 60 м3 араластырғыштарды түрақты қондырмаларда қолданады.

 

8.2.2. Ерітінді араластырғыштар. Тас, қож, оқшаулау, сылақ, шатырлау мен жинақтау жұмыстарына қажетті цемент, әк, балшық, гипс, қож және күрделі кұрылыс ерітінділерін дайындауға әртүрлі араластырғыштарды пайдаланады. Олар ерітінді құраушыларын мәжбүрлі араластыратын машиналар тобына жатады. Жұмысшы мәрімі қызметін вертикаль немесе горизонталь қалақты біліктер (қалақты ерітінді араластырғыштар) немесе жедел айналатын қалақты роторлар (турбуленттік араластырғыштар) қолданылады. Жылжымалы араластырғыштарда дайындалған илем көлемі 30, 65, 125 және 250 л, ал тұрақтыларда - 400, 800, 1200 л. Автоматтандырылған ерітінді түйіндері мен  заводтар түрақты  араластырғыштармен  жинақталады. Дайындалған илем көлемі 30 және 65 л ерітінді араластырғыш тары тікелей жүмыс атқару орнында орналастырылады, оларда тиегіш және мөлшерлегіш құрылғылар болмайды. Олармен кұрғақ қоспа жасау айтарлықтай әсерлі. Горизонталь білікті мерзімді әсерлі ерітінді араластырғыштар (8.6-сурет) арбашыктан 1, атанақтан 5, бәсеңдеткіштен 8 және электрқозғалтқыштан 9 тұрады. Атанақ (шанақ) екі тірекке 2 сүйенген, ол еркінше к саппен 7 айналады. Шанақтың тиегіш тесігі қоршаумен 6 жабдықталған. Иінтіректерге қойылған мойынтіректерде 3 айналатын қалақты білік 4 шанақтың осін бойлай орналасқан және ол бәсеңдеткіштің шыға беріс білігі қызметін атқарады.

Мерзімді әсерлі араластырғыш машинаның техникалық өнімділігі, м3/сағ:

 

Пт=V3×n/1000

Мұндағы V3 - дайындалған бір илемнің көлемі, л; V3= Vб ×К, Vб -шанақтың пайдалы көлемі, л; К - дайындалған қоспаның шығу еселігі (бетон қоспасы үшін К= 0,65...0,7; ерітінділер үшін К= 0,75...0,85); п - араластырғыштың 1 сағатта беретін илем саны;   n=3600/( t1 +t2+t3+t4) ,

 мұндағы    t1, t2, t3, t4 - тиеу, араластыру, түсіру және атанақтың орнына қайтарылу уақыттары, с.

8.6 -сурет. Горизонталь  білікті мерзімді әсерлі ерітінді араластырғыш

Үздіксіз әсерлі мәжбүрлі араластырғыш машинаның техникалық өнімділігі, м3/сағ:      ПT=3600S×v,

мұндағы  S =Кн ×pd2 /4    - араластырғыш тұрқындағы коспа ағымының орташа қима ауданы, м2; d - араластырғыш қалақтарының диаметрі, м; Кн - араластырғыш тұрқы қимасының толу еселігі (Кн= 0,28...0,34); v = t×n араластырғыш тұрқы осін бойлау бағытындағы қоспаның жылжу жылдамдығы, м/с; t - қалақтар қадамы, м; p - қалақты біліктін айналу жиілігі, с-1.

 

8.3. Бетон және ерітінді коспаларын тасымалдайтын машиналар

Араластырғыш қондырғылар мен заводтардан құрылыс объектілеріне дайындалған бетон және ерітінді қоспаларын алысқа (10 шм дейін немесе одан да ары) тасымалдау үшін жүк автомобильдерінің шассиі негізінде жасалған мамандандырылған автобетонараластырғыштар, автобетонтасығыштар және автоерітіндітасығыштар сияқты жол бойы шығындандырмайтын және қоспа сапасын сақтауға арналған технологиялық қондырғылармен жабдықталған автокөлік құралдары қолданыла-ы. Қоспаларды жақын аралыкка, құрылыс объектісінің ішінде тасымалдауға бетон-ерітінді сорғылары және бетон-ерітінді сықағыштары сияқты құбырлыкелік құралдарын қолдану ыңғайлы деп саналады. Құбырмен тасымалдағанда қоспаның горизонталь және вертикаль бағыттарда үздіксіз жылжу тұтастығы, қоспаның сапасы сақталады және шығын жоққа тән болады. Құбырлы көлік қоспаны өтуге киын орындарға жеткізуге және қысылшаң жағдайда оларды төсеу жүмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

8.3.1. Автобетонараластыргыштар. Оларды қоспа құраушыларын дәл мөлшерлеп, құрғақтай дайындайтын қондырғылардан пайдалану орны аралығында жол-жөнекей араластыруға, тікелей құрылыс объектісінде бетон коспасын дайындауға, сонымен қатар дайын сапалы қоспаларды тасымалдау барысында жандандыруға қолданады. Автобетонараластырғыштардың бас параметрі - дайындалған илемнің көлемі (м3). Автобетонараластырғыштардың жұмыс жабдықтары КамАЗ жүк автомобилінің (8.7, а-еурет) шассиіне жинақталады да, оларға араластырғыш атангқ 4, тиеп-түсіру қүрылғысы 7, 8 атанақты ай-налдыру механизмі 3, дәлмөлшерлегіш-жуу шанағы 2, центрден тепкіш сорғы және басқару жүйесінің жабдықтары жатады.

Араластырғыш атанақ 15°-қа еңістелген. Атанақтың ішкі беткейіне екі шиыршықталған қалақтар І1 бекітілген (8.7, б-с рет), олар бір бағытта айналғанда қоспа құраушылары атз нақтың төменгі жағына жіберіледі, онда құраушылар гравіг циялық әсермен араласады, ал қалақтар қарсы бағытта айналғанда дайындалған қоспа қабылдағыш арнашық арқылы түсіргіш науашыққа беріледі. Шиыршықты қалақтардың мұндай ерекшелігі олардың еңістігін тандау арқылы қабылданады. Атанак, айналысты менвдікті дизельді қозғалтқыштан 3 кері қимг ды бәсендеткіш 5 және жетектегі жұлдызшасы 8 атанақтың сфералы түбіне қатаң бекітілген шынжырлы беріліс 6 арқылы алады. Атанақтың аддыңғы жағы орталық шетмойынымен 7. Шиыршықты қалақтардың мұндай ерекшелігі олардың еңістігін тандау арқылы қабылданады. Атанак, айналысты менвдікті дизельді қозғалтқыштан 3 кері қимылды бәсендеткіш 5 және жетектегі жұлдызшасы 8 атанақтың сфералы түбіне қатаң бекітілген шынжырлы беріліс 6 арқылы ады. Атанақтың аддыңғы жағы орталық шетмойынымен 7 шассидің қаңқасына, ал арт жағы - тегіс құрсауымен 10 тіреуші нақшаларға сүйенеді. Жетектен атанаққа тиеу, араластыру жәәе түсіру барысында екі


8.7 -сурет. Автобетонараластырғыш

 

-үш түрлі жиілікпен (0,1...0,25 -1) екі бғытта айналыс беріледі. Тиеу барысында айналу жиілігі ректендіруші қондырғының өнімділігіне баиланысты алынал:.Қоспаны жолжөнекей тасымалдау аралығы 10... 15 шм болғанда араластырып, дайындайды және қоспаның құраушылары онла. бір уақытта тиелуге тиісті. Тасымалдау аралығы одан ары болғанда атанаққа құрғақ құраушылар (цемент пен толтырғышгаг тиеледі, ал суды қосу мен араластыру тікелей объектіде жасалынады. Көзделген су үлесі тиегіш шұғынақтағы шүмек арқылы дәлмөлшерлегіш-жуғыш шанақтан центрден тепкіш сорғымеі құйьілады. Қоспаны түсіргеннен кейін сол шүмек арқылы шъ-нақ сумен жуылады. Дайындалған бетон өнімін тасымалдағакл; қоспа іріп кетпес үшін оны сирек араластырады. Жасалатын as-тобетонараластьірғыштардьщ дайын илем көлемі 2,5 м3 және 4С Олардың технологиялық жабдықтарының құрылымы біркелкі және  барынша унификацияланған.  Мұндай  машиналардьш негізгі даму бағыты - атанақтың пайдалы сыйымдылығын, машинаның қуатын арттыру және атанақтың механикалық жетеги гидравликалыққа ауыстыру.

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары