Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

 

8.3.2. Автобетонтасыгыштар. Оларды (8.8 –сурет) дайындалған сапалы өнімді 5... 10 шм дейінгі аралыққа тасымалдауға қолданады. Автобетонтасығыштардың жұмыс мәрімі - пайдалы сыйымдылығы 1,6...4 м3 болатын ернеуі биіктелген, тамшы пішінді төңкерілмелі шанақ (8.8-сурет). Шанақ қоспаны түсіргенде базалы шассидің гидравликалық жүйесінен жұмыс атқаратын екі суырмалы гидроцилиндрлер 1 мен тіреуіш қаңқаға қарағанда 90° бұрышқа артқа карай еңкейтіледі. Шанақ түсіргіш тесікке қарай сүйірленген және тасымалдаушы қоспа деңгейінен жоғары жасалған, бұл іс жүзінде тасымалдау барысында шығынды жоққа шығарады. Қоспаны толық түсіру үшін шанақ, оны сілкілейтін гидравликалық қоздырғышпен жабдықталған. Тасымалдаушы қоспаны жауыннан, желден және жоғары температурадан қорғау үшін шанақтың үстіңгі жағы қақпакпен жабылады, ал суықтан сақтау үшін шанақтың қабырғалары косарланған, олардың арасындағы кеңістікпен автомобильдің пайдаланылған газы өтеді.

8.8 -сурет. Автобетонтасығыш: 1-автомобиль КамАЗ; 2-қақпақ; 3-шанак; 4-гидравликалық жүйе; 5-қаңқа

8.3.3. Бетонсоргылар. Бетонсорғылар келемді бетон жүмысы бар қүрылыс объектілерінде бетон қоспаларын металлы қүбырмен үздіксіз тасымалдауға қолданылады. Бетонсорғыларының негізгі параметрлері: бере алатын максимал жұмысшы қысымы (МПа), өнімділігі (м3/сағ), горизонталь және вертикаль бойынша тасымалдау қашықтығы (м).

Сорғы бөлігінің эсер етуіне қарай оларды піспекті және піспексіз сорғылар дейді. Сорғы бөлігі механикалық және гидравликалық (ең көп тарағаны) болады. Піспекті сорғылар бір цилиндрлі механикалық жетекті және қосцилиндрлі гидравликалық жетекті болып ажыратылады.

Клапандары тығын типті механикалык жетекті піспекті сорғының сұлбасы 8.9 -суретте берілген. Қабылдағыш шанаққа Г тиелген бетонды қоспа ірімес үшін қалақты араластырғышпен 2 араластырылады да, қалақты қоздырғышпен (жаңғыртқышпен) 3 бетонтасымалдағыш цилиндрдің 7 сору клапанына 4 үздіксіз беріледі. Піспек 8 солға жылжығанда (8.9, а-сурет) copy клапаны ашылады да (сықаушы клапан 6 жабық), бетон қоспасы цилиндрдің жұмыс қуысына сорылады. Піспек оңға қарай жылжығанда сықаушы клапан 6 ашылады да (сору клапаны 4 лсабық), бетон піспекпен бетонарнаға 5 итеріп шығарылады. Піспектің қайтымды-ілгерілемелі қозғалысы клапанның жұмыс ретімен қатаң үйлесу себебі оларға қозғалыс бір иінді біліктен 10 мәжбүрлі түрде беріледі: піспекке - бұлғақ 9 арқылы, ал клапандарға - кулисалы механизм 11 мен басқарушы тартым 12 арқылы. Иінді білік бір айналғанда піспектің екі ырғағы да (copy лсәне сықау) орындалады. Клапандар немесе жетек тетіктері қирамас үшін тартымдар 12 серіппелі сақтандырғышпен жабдыкталады, олар клапандарды қиыршықтас тіреп қалғанда іске косылады. Клапанның жиектерін жедел тозудан сақтау мақсатында олар өз ұяларын толық жаппайтындай болып реттеледі. Ондағы саңылау мөлшері бетон қоспасын құраушылардың ірілігіне байланысты қойылады. Ал құрылыс ерітінділерін тасымалдағанда клапандар толық жабылатындай болып реттеледі. Механикалык лсетекті бетонсорғылардың құрылымы біркелкі, өнімділігі 10...40 м3/сағ аралығында. Оларды толтырғыштарының ірілігі 40... 120 мм қоспаны горизонталь бойынша 250 м немесе вертикаль бойынша 40 м дейін қашықтыққа тасымалдауға қолданады.


Қосцилиндрлі гидравликалық піспекті сорғылар басқаларға қарағанда көп тараған. Оларда бетон коспасының ағымын жүмысшы цилиндрлерге тарататын піспектер мен жапкыштар косәсерлі (екіжақ әсерлі) гидроцилиндрлерден козғалыс алады. Қосцилиндрлі бетонсорғысының принципті сұлбасы    8.10- суретте берілген. Екі бетонтасымалдағыш цилиндрдің 7 піс-пектері 6 меншікті гидравликалық цилиндрлерден 5 қарама-

8.10-сурет.    Гидравликалық    жетекті    қосцилиндрлі піспекті сорғы

Қарсы бағытта синхронды қозғалыс алады. Олар қоспаны қабылдағыш шанақтан copy ырғағын және бетон арнасына 1 қоспаны сықау ырғағын кезекпен өткізеді. Піспектердің қозғалысы вертикаль 8 және горизонталь 4 клапанды-таратқыш қораптың жапқыштарының күилершен үилестірілген, олар піспектердің шет күйлеріне сәйкес бетонтасымалдағыш цилиндрлердің 7 сықау және copy тесіктерін жабады. Жапқыштар бүйірдегі кіші гидроцилиндрлерден 3 қозғалыс алады. Гидравликалық жетектің арқасында бетонарнасында бірқалыпты жылжиды, сорғы түйіндері артьщ жүктемеден сақталынады және жұмысшы қысым мен машина өнімділігі үлкен ауқымда реттелінеді. Қазіргі кездегі қоспіспекті бетонсорғыларынын көлемдік берілісі 5-тен 63 м3/сағ дейінгі аралықта реттелінед: максималды беріліс қашықтығы горизонталь бағытта 400 м жә-не вертикаль бағытта 80 м дейін.

Піспекті  бетонсорғьшарының техникалық өнімділігі, м3/сағ:

 

Пт =3600 S×ℓ×n×Kн

мұндағы S - піспектің көлденең қима ауданы, м2; ℓ - піспек жүрісінің ұзындығы, м; n - піспектің қосжүріс саны, с-1; Кн - бетонтасымалдаушы цилиндрдің қоспамен толу еселігі.

Гидравликалық жетекті (8.11-сурет) піспексіз   ротор шлангілі бетонсорғыда сорғының жартылай сақиналы

 

бөлімінде 2 орналасқан созымтал шлангінің 1 бөлігінде ротордың 4 екі резеңкеленген аунақшалары 3 дөңгелейді де, одан бетонарнасымен косылысқан арынды жеңге бетон қоспасы сығымдап шығарылады. Сорғыш жеңде 9 серпімділік әсерінен шлангі пішіні калпына келіп, ауа сиретіледі де, қалақты араластырғышпен 8 үздіксіз араласқан қоспа қабылдаушы шанақтан 7 сорылады. Қазіргі кездегі ротор-шлангілі бетонсорғыларының өнімділігі 30...70 м3/сағ лсәне бетон қоспасын горизонталь бағытта 300 м дейін, вертикаль бағытта 70 м дейін бере алады.

Бетонсорғыдан төсеу орнына бетонарнашығы арқылы бетон қоспасы беріледі. Бетонарнашығының ұзындығы 3 м болаттан жасалған, жіксіз кұбыр элементтеріден жинақтайды.

Соңғы кезде автомобиль шассиі негізінде таратқыш жебе түрінде жасалған бетонарнашықтар кең таралуда. Екі-үш буыннан тұратын жебе бетонарнашығының тірек қызмегін атқарады. Жебенің жалпы ұзындығы 12...30 м дейін барады. Мүндай машинаның пайдалану мүмкіндігінің варианттары 8.12-суретте берілген.

8.3.4. Ерітінді соргылары. Құрылыс объектілерінде резеңкелі шлангілермен және металлы кұбырлармен құрылыс ерітінділерін тасымалдау үшін, сонымен қатар сылақ кабаттарын әрлеу және оқшаулағыш материалдарды құрылыс беткейлеріне қондыру үшін ерітінді соргылары қолданылады. Құрылыс жұмыстарында жылжымалы диафрагмалы, піспекті және бұрамалы ерітінді сорғылары кеңінен пайдаланылады.

Диафрагмалы ерітінді сорғыларында (8.13-сурет) материал жылжымалы жазық резеңкелі диафрагманың 10 әсерімен қүйылады (қотарылады), оған қысымды аралык сұйық (су) арқылы қайтымды-ілгерілемелі қозғалатын піспек береді.

8.13 -сурет. Диафрагмалы ерітінді сорғылары

 

Піспекке 8 кайтымды-ілгерілемелі қозғалыс электрлі қозғалтқыштан бәсеңдеткіш және айналшақты-бұлғақты механизм арқылы беріледі. Піспек оңға қарай жылжығанда, аралық сүйық диафрагманы тартып, жұмысшы бөлікте 2 ауа сиретіледі де, сорушы шар тәрізді клапан 1 аркылы жұмысшы бөлікке ерітінді сорылады. Піспек солға қарай жылжығанда, ерітінді аралық сұйық арқылы диафрагманы жұмысшы бөліктің ішіне қарай бүгеді де, ашық шар тәрізді сықау клапаны 3 арқылы ерітінді ағымымен 5 қосылысқан ауалы қалпаққа 4 итеріліп шығарылады. Ол сәтте сору клапаны 1 өз салмақ күшімен және ерітінді қысымымен жабық күйінде болады. Клапандардың көтерілуі қапсырмамен шектелінеді. Ауа қалпағыныңауа жастығы сорғының жұмысы барысында ерітіндіге түсетін қысымның лүпілдеуін кемітіп, теңестіріп отырады. Жұмысшы қысым мөлшері максималды рауалы жұмыс қалпынан асқанда, сақтық клапаны 7 су цилиндрінің 9 кеңістігін құю құрылғысымен 9 өзара қатынастырады.

Типтік өлшемдері әртүрлі, құрылымы біркелкі диафрагмалық сорғылар жұмысшы қысымды 1,5 МПа дейін жеткізеді, ерітінді беру қашықтығы горизонталь бойынша 10...200 м, ал вертикаль бойынша - 20...40 м дейін, олардың өнімділігі 2...6 м3/сағ. Қазіргі кездегі диафрагмалық сорғылар қарапайым. Олар жетілдірілген піспекті және бұрамалы сорғылармен ығыстырылуда.

Піспекті сорғылар бір және екі піспекті (дифференциалды) болып бөлінеді, піспектің ерітіндімен тікелей әсерлілігімен сипатталады, қарсыағымды болып орындалады. Бірцилиндрлі сорғыда ерітінді жұмысшы камераға сорылады да, кайтымды-ілгерілемелі қозғалатын піспекпен орнына итеріп шығарылады. Олардың өнімділігі 2...6 м3/сағ, жүмысшы қысымы 2 МПа дейін. Мұндай сорғылардың құрылымы күрделі емес, жұмыста сенімді және пайдалануы қарапайым. Алайда бұл машиналардьщ шыға берісіндегі ерітінді лүпілі айтарлықтай жоғары.

Екіцилиндрлі дифференциалды піспекті сорғыларда (8.14-сурет) ерітінділер піспектердің кезектесіп беруінің арқасында лүпілсіз бірқалыпты беріледі. Оның негізгі жұмысшы мәрімдері - піспектер 4 және 11, параллель орналасқан негізгі 5 және компенсациалды 10 цилиндрлер. Негізгі піспектің жүріс ұзындығы компенсациалдынікінен екі есе артық. Піспектердің соташықтары 3 және 12 аунақшалар 1 және 14 арқылы ортақ білікте 13 орналасқан шетжақ типті жұдырықшалармен 2 және 15 кинематкалық байланысты. Жұдырықшалар

мен білікке айналыс электрқозғалтқыштан бәсендеткіш, оның шығаберіс білігіне қойылған шектелу


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8.14-сурет. Екіцилиндрлі дифференцмалды піспекті ерітінді сорғысы

моментті жалғастырғыш және қосатын жалғастырғыш 16 арқылы беріледі. Жұдырықша 2 айналғанда негізгі цилиндрдің 5 піспегі 4 copy және сықау жүрісін жасайды. Піспектің copy жүрісінде ерітінді келтекұбыр 6 арқылы негізгі цилиндрге түседі, ол кезде сору клапаны 7 ашық, ал сықау клапаны 8 жабық. Негізгі цилиндрдің піспегі сықау   жүрісінде   ерітіндінің   жарты   үлесін   ығыстырып-сықалушы келтеқұбырға шығарады, ал екінші жартысын - компенсациялау цилиндріне 10 шығарады. Негізгі піспек 4 copy жүрісіне қозғалғанда, компенсация цилиндрінің піспегі 11 ерітінді үлесін келтеқұбырға 9 ығыстырып шығарады. Дифференциалды ерітінді сорғыларының өнімділігі 2-ден 6 м3/сағ дейін және максималды жұмысшы қысымы 4 МПа болғанда, ерітіндіні оризонталь бойынша 300 м, вертикаль бойынша 100 м дейін қотара (құя) алады. Піспекті қарсы ағымды ерітінді сорғысының техникалық өнімділігі, м3/сағ:

Пт =900p d 2×ℓ×п×Кн,

мұндағы d - піспектің диаметрі, м; ℓ - піспектің жүрісі, м; п –бір секундтағы піспектің жүріс саны; Кн - көлем толығуының еселігі (Кн =0,7...О,85).

Бұрамалы сорғылардың піспектілерге қарағанда клапандары болмайды, оларды құрылыс ерітінділерін және әртүрлі тұтқырлы өңдеу құрамаларын - гипсті бітеуіштерді, тығыздағыштарды, әртүрлі пасталарды т.с.с. тасымалдауға қолданады. Бұрамалы сорғылар ерітіндіні беруі бірқалыпты жоғарылығымен кұрылымы мен пайдалануы қарапайымдылығымен, ыңғайлылығымен және массасы төменділігімен сипатталады.

Дарабұрамалы сорғының негізгі түйіндеріне (8.15 –сурет) шойынды немесе болатган жасалған дара кірмелі бұрама тәрізді ротор 5 және жұмысшы беткейі созымтал, радиальды бағытта икемді статор 6 жатады. Ротордың көлденең қимасы - центрі ротордың осінен эксцентриситеттің мөлшеріне ℓ тең қашықтыққа ығысқан диаметрі d шеңбер. Статордың жұмысшы беткейі қадамы ротор бүрамасының қадамынан екі есе үлкен екі кірмелі бүрама тәрізді. Статор мен ротордың осьтері де өзара ℓ мөлшеріне ығыскан. Ротор айналғанда оның геометриялық осі статор осі айналасындағы радиусы t шеңберімен айналады. Статор мен ротордың жүмысшы беткейлерінің аралығы көлденең қимасы сақина тәрізді қуыс. Қуыс тасымалдаушы материалмен тұйықталады да, ротор айналғанда статор осін бойлай, сорғының copy бөлімінен сықау бөліміне дейін үздіксіз жылжытылады, соның арқасында материалды беру бірқалыпты жоғары болады. Сорғының статоры созымтал болуының арқасында толтырғыштары қатты ерітінділерді (қотаруға) тасымалдауға мүмкіншілік туады және ротор сыналанбайды. Қабылдағыш шанақтан 7 бұрама қоректендіргішпен сорғыға материал 3 беріле-ді. Ротор мен қоректендіргіш жалғастырғышпен қосылысады да, олар электрқозғалтқыштан 1 бәсеңдеткіш 2 арқылы айналады. Сорғының жұмысшы қысымы мен өнімділігі ротор мен статордьщ жанасу беткейлерінің қынауын өзгертетін тартпа қамытпен 4 реттелінеді. Бұрамалы сорғылардың жұмысшы қысымы 2 МПа дейін, ал ерітіндіні тасымалдау (беру) қашыктығы горизонталь бойымен 100 м, вертикаль бойымен 60 м дейін барады.

Бұрамалы сорғылардың техникалық өнімділігі, м3/сағ:

Пт = 14,4 -102edtn ,

мұндағы е - ротор осінің эксцентриситеті, м; d - ротор кимасының диаметрі, м; t - ротордың қадамы, м; п - ротордың айналу жиілігі, с-1.

 

8.3.5. Пневматикалық ерітінді сықагыштары. Мұндай машиналарда ерітіндіні құбырмен тасымалдауға сығымдалған ауаның энергиясы пайдаланылады. Оларды еден төсемдері және шатыр салуға қолданатын қатты ерітінді қоспаларын горизонталь бойымен 150 м дейін, ал вертикаль бойымен 40 м дейін тасымалдауға қолданады.

Пневматикалық ерітінді сықағыштың құрам бөліктеріне (8.16-сурет) мәжбүрлі әсерлі қалақты араластырғыш 2 орнатылған шанақ 1, copy 5, 8, қорғағыш 7, откізбелі клапандардан 9, сықау келтеқүбырынан 12, шүмектен 11 және ерітінді ағымынан 10 түратын сығымдалған ауа беретін жүйе жатады. Қоспа құрамдары, сықағыш жұмыс істегенде қақпақпен 3 қымтап жабылатын тиегіш жүктесік 4 арқылы шанаққа тиеледі. Бәсеңдеткіш арқылы электрқозғалтқыштан жетек алатын қалақты араластырғыш қоспа құрамдарын араластырумен қатар дәлмөлшерлегіштің функциясын атқарады. Араластыру басталысымен крандары 5 және 8 арқылы шан мен ерітінді ағымына сығымдағыштан 0,2...0,6 МПа қысыммен сығымдалған ауа беріледі, ал ашылған кран 11 арқылы дайындалған қоспаны ерітінді ағыңмен тосеу орнына ығыстырып шығарады. Жұмысшы қысым рауалы мөлшерден асқанда, өтпелі клапан 9 ерітінді ағымына қосьшша ауа береді, қорытындысында ерітінді ағымында материал мөлшері кемиді. Жұмысшы қысымды манометрмен 6 бақылайды. Қоспаны ауаның артық қысымымен араластыру және тасымалдау оның сапасын жақсартады. Ерітінді сықағыштардың техникалық өнімділігі 2...3 м3/сағ. Мұндай машиналардың құрылымы мен пайдалануы қарапайым. Олардың негізгі кемшілігі - сығымдағышсыз жұмыс істей алмауында.

8.4. Бетон қоспаларын төсеу және нығыздау машиналары

 

Бетон қоспаларын төсегенде қоспа арасындағы ауаны аластатып, кұрамалары ықшамдалып орналасуы мақсатында олар нығыздалынады. Бетон қоспаларын, оның бөлшектеріке механикалық тербеліс беріп, дірілдету арқылы нығыздайды. Бетон қоспасы дірілдету кезінде жоғары жылжымалылық күйіндг болады да, ішіндегі ауаны ығыстырып, арматура мен қорамақалып аралығындағы куыстар қоспа түйіршіктерімен толтырылады. Имараттың немесе бұйымның беріктігі мен шыдаммерзімі нығыздау сапасына тікелей байланысты.

Дірілдеткіштерде тербеліс екі әдіспен іске асады: білікке бекітілген теңгерілмеген массаны (бейтеңдестікті) айналдыру және массаны қайтымды-ілгерілемелі бағытта жылжыту арқылы. Теңғерілмеген масса әртүрлі:

8.16 -сурет. Пневматикалық ерітінді сыкағыш

 

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары