Сабақ жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:25, научная работа

Краткое описание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дінтану.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

2. Еврейлер құлшылықты  өз үйлерінде де, синагогаға жиналып  та жасай береді. Құлшылық жасайтын  үйдің Иерусалимге қараған қабырғасына Көне Өсиеттерде айтылатын кеме бейнесі орнатылып, оған иленген былғарыға қауырсынмен жазылған Тора мәтіндері қойылады. Ескі ғұрыпта әйелдер ерлерден бөлек жиналады, бірақ бұл тәртіп қазір қатаң сақтала бермейді.

Иудаизмде негізінен  музыка аспаптарын пайдалануға болмайды. Бірақ, қазір олар енгізіліп жүр. Діннің тілі көне еврей тілі–иврит болып саналады.

Иудейлер бір түсті  және біртекті матадан тігілген шұбалаңқы  киім киеді, бастарынан кипа аталатын дөңгелек тақияларын ұйқыға жатқанда да тастамауы тиіс. Әрбір діншіл үйінің есігінің жақтауына Торадан үзінді жазылған дорбаша немесе қобдиша іліп қояды. Бұл мезуза деп аталады.

Құдай әлемді жеті күнде жаратып, сенбі күні дем алған. Осыған қарай еврейлер сенбі күні жұмыс істемейді, ешқайда асығыс жиналмайды, ұрыс-керіс шығармайды, от жақпайды, жанып тұрған ошақты сөндірмейді, ас дайындамайды, қонаққа бармайды және ақшаға жуыспайды. Сенбінің қарсаңында жуынып, тазаланады.

Еврейлер шошқаны бойына жын қонған хайуан деп есептеп, етін қорек етпейді. Малды союдың өзіндік рәсімдері сақталуы керек. Ол әркімнің қолынан келмейді. Ресейде мұндай мамандарды «резник», деп атаған. Еврейлер ортасында осындай фамилияның көп тарауы осы қасапшылық кәсібімен байланысты. Барлық тәртібімен даярланған тағам «кошерня», харам ас «трефня» деп аталады.

III. Сабақты қорытындылау.

1. Иудаизм ілімінің  ерекшеліктері қандай?

2. Иудаизмнің қандай  қасиетті кітаптарын білесіндер?

3. Иудаизмнің қандай  дәстүрлері мен мерекелері бар?

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 15.

V. Үйге тапсырма. § 14, 72-74 б.б.

 

 

16 тақырып. Израильдегі және Қазақстандағы иудейлік.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға Израильдегі және Қазақстандағы иудаизмнің дамуы туралы терең білім беру.

2. Оқушыларды қазақстандағы иудаизмнің дамуы туралы талдау жасатып, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Холокост»–«жаппай өртеу» ұғымы.

«Реформистік  иудаизм»–діни танымның либералдық нысаны, Таураттың қағидалары мен салт-дәстүрлеріне көп мән бере бермейді.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

 

Мұғалім «миыға шабуыл» стратегиясын қолданады.

ХІХ ғасырдың аяғындағы Европалық қоғамдық санада сионизм елеулі ықпалға ие бола бастады. Иерусалимның ортасындағы қасиетті саналатын Сион тауының атымен аталған бұл қозғалыстын басты идеясы жер жүзінде шашырап кеткен еврейлердің Өсиетті жерұйыққа жиналып, бір мемлекет болу еді. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары еврейлердің басына ауыр сын түсті. Оны израиль ұлдары «холокост» немесе «жаппай өртеу» деп атайды. Неміс фашизмі өзінің алдына еврей халқын жер бетінен жою міндетін қойғаны мәлім.

Соғыс фашизмге қарсы  күштердің жеңісімен аяқталған соң, 1947 жылы Азия, Африка және Балкан түбегінен шыққан сефаридтер мен Европадан және Америкадан шыққан ашкеназдар қауымдарының негізінде Қасиетті жерде Израиль мемлекеті жарияланды.  Саясаткерлер жаңа мемлекетті құра отырып, еврей халқының соғыс жылдарында тартқан азаптарын сәл болсын жеңілдету тәрізді игі мақсатты басшылыққа алды. Бірақ, бұл осы регионда қауіпті жағдайдың орнығуына алып келді: Израиль мемлекеті арабтар тығыз қоныстанған және ерте заманнан палестиндіктер қатар өмір сүріп келе жатқан территорияда құрылды.

Діни істерді үйлестіруші және басқарушы орган–Жоғарғы раввинат діни мекемелермен қатар бірқатар азаматтық мекемелерді де, соның ішінде білім беру саласын басқарады. Израиль мектептеріндегі сабақтардың төрттен бірі дін оқуына бөлінген. Шын мәнінде дін мемлекет бюджетінен қаржыландырылады. Иудаизм тілі–иврит мемлекеттік тіл болып есептеледі.

Еврейлер Ресейге Киев Русі заманында-ақ қоныстана бастады. Олар көбіне саудамен, өсімқорлықпен  шұғылданды, наубайшы, дәріханашы болып істеді. Ресей жерінде Х–ХІІ ғасырларда еврей қауымдары болды. ХV ғасырда олар Новгород пен Москваға орналаса бастады. ХVІІІ ғасырда Литваның, Польшаның бірқатар территориясы, Батыс Белоруссия Ресейдің құрамына енуімен байланысты еврей қоныстаушылары көбейе түсті. Оларға Қырым, Кавказ, Бессарабия еврейлері келіп қосылды. Бұл патша үкіметін еврейлердің қоныстану аймағын белгілеуге және олардың хұқықтарын айқындауға мәжбүр етті. Олардың кейбір қызмет түрлерімен шұғылдануына, жоғары білім алып, мемлекеттік қызметке түсуіне шектеу қойылды. Бірақ, бұл шектеулер негізінен иудаизм жолындағы еврейлерге қатысты болды. Еврейлердің кейбірі христиандықты қабылдай бастады. Дүние жүзінде он төрт миллион шамасында еврей бар. Қазір олардың ортасында діни тұрмыс айтулы жанданып келеді.

Қазақстандағы иудаизмнің хал-ахуалы. Иудаизм Қазақстан территориясына Хазар қағанаты арқылы енді. Оны хазар ақсүйектері қабылдады. Қағанаттың ресми іс қағаздары көне еврей жазуларымен жазылды. ХІV ғасырда еврейлердің бір тобы Ираннан Түркістанға қоныс аударды. Патша үкіметінің көші-қон саясатына орай ХІХ ғасырдың соңы–ХХ ғасырдың басында республика жеріне қолөнерші еврейлердің көп отбасы келді. Кеңестер дәуірінде олар қоныстанушылардың жаңа толқынымен толықты. Қазір республикада бүгінгі заманғы иудаизмнің барлық бағыттары бар. Төрт синагога–екеуі Алматыда, бірі–Шымкентте, бірі–Қызылордада жұмыс істейді. 1998 жылы Алматыда еврей мәдени орталығы салтанатпен ашылды. Ондағы синагогаға 1939 жылы Қазақстанға жер аударылған ребе Леви Ицхактың есімі берілген.

Еврейлер үшін маңызды  іс-шаралардың бірі–2004 жылы Астана қаласында Орта Азиядағы ең ірі–«Бейт Рахель–Хабад Любавич» синагогасының ашылуы болды. Иудей күнтізбесіне сәйкес жыл сайын көне еврей мерекелері аталып өтілді, олардың ішінде ең маңыздылары пурим, Песах, Лаг Баомер және Ханука болып табылады.

2002 жылынан бастап  Қазақстанда ай сайын шығатын  «Шалом» газеті таратылады (құрылтайшысы–Қазақстан Еврей конгресі).

III. Сабақты қорытындылау.

1. Неміс фашизмі не  себептен еврейлерге қатысты   «жаппай өртеу» саясатын жүзеге асырды?

2. Қазақстандағы иудаизмнің  дамуына сипаттама беріңдер.

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 15.

V. Үйге тапсырма. § 14,  74-76 б.б.

 

 

17 тақырып. Будда діні.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға будда діні, діни ғұрыптары  туралы тың мәліметтер беру, «хинаяна», «махаяна», «ламаизм», «дацан» ұғымдарына анықтама беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру  және білімі мен біліктіліктерін қалыптастырып, арттыру.
  2. Оқушылардың аналитикалық  ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Будда дінінің пайда болуы.
  2. Будда дінінің негізгі бағыттары.

 

1. Тұңғыш әлемдік дін–будда діні б.з.д. VI ғ. көне Үндістанда пайда болды. Негізін салушы Сиддхартха Гаутама 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Бала 4 белгіні: қарт адамды, науқасты, өлікті, тақуаны көрген соң қазіргі өмірден безетіндігін сәуегейлікпен болжайды.

«Ыстық бар жерде  кәміл суық та бар. Қасіретке жазған жандардың рахат көру мүмкіндігі де болуы керек».

Будда діни ілімінің 4 ақиқаты:

1.Өмір деген–қасірет        (адамның туу, есею, қартаю, өлуі).

2.Адамдар бұл дүниеде  рахат көрсем, бай болсам дейді. Адамның қасірет көру себептері қанағатсыз тілектерінен.

3.Барлық дүниелік тілектерден   толық бас тартып, нирванаға жеткенде  ғана қасіреттен арылуға болады.

4. Нирванаға және құдіретті  ақиқатқа 8 түрлі жолмен жетуге  болады: 1) қасіреттің себептерін  дұрыс түсіне білу; 2) дұрыс ойлай  білу; 3) сөзді дұрыс құру; 4) дұрыс  әрекеттер жасау; 5) салауатты өмір  сүру (кісі өлтірмеу, ұрлық жасамау,  ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және басқа адамшылық қасиеттерді сақтау); 6) адал еңбек ету; 7) ізгі нәрселерді ойға сақтау; 8) дене күші мен психиканы дұрыс арнаға сала білу.


Өмір өзінің бастауын белгісіздік тұңғиығынан алады. Бірінші адамның  тағдыры–кармасы бар бастапқы тіршілік нышаны пайда болып, одан сана, адамның дене пішіні, мен мінез-құлқы, сезімі қалыптасады. Адам есейіп, өмірді тани бастаған сайын оған құмарлығы артып, әртүрлі тілектер пайда бола береді. Бұл тілектері көбейген сайын оның мінез-құлқындағы жаман қасиеттері көбейе береді. Ақыр-соңында өмірге бейкүнә келген адамды оның осы тілектері қасіретке, өлімге жетелеп алып барады.

Будда дүниеден өткен  соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда бола бастады. Қауым мүшелері сары киім киіп, шаштарын тақырлап алғызатын болды. Оларға Буддада болған заттарды–садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалануға рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынды. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады.

2. Тарихи деректерге  қарағанда, Будда өлген соң  1 ғасырдан соң монахтар буддизмнің  тапжылмас негіздері, принциптері  мен дін ережелері жасалды.  Будда ізбасаралары арасында  осы мәселелерде пікір қайшылығы туып, будда дінінің 2 бағыты пайда болды:

Хинаяна

Махаяна

Хинаяна Шри-Ланкада, Таиландта, Бирмада, Лаоста, Камбоджада кең тарған.Үндістанда, Бангладеште, Вьетнамда, Малайзада  және Непалда ықпалы солғындау болды. Ол өзінің таралу аймағына қарай «оңтүстік будда діні» деп аталды. Хинаяның беделі Шри-Ланкада өте жоғары болды.

Махаяна немесе «солтүстік будда діні» негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертініректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте, Бурятия мен Жоңғарияда орнықты. Махаянаның хинаянадан негізгі айырмасы: махаяна Будданы ұстаздан гөрі құдай бейнесінде мойындады; махаяна жұмақ және  тамұқ туралы ілімді одан әрі дамытады.


 

Махаяна 2 бөлінеді:

Ламизм

Дзен-буддизм

Құдайлар пантеоны тән. VIII ғ. буддизмнің жаңа ағымдары–тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Соңғысының ерекшелігі–құпия мантралардың арқасында бір ғана өмірдің ішінде Будда дәрежесіне дейін көтерілуге болады деп үйретті. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибетттің қара діні бір ғана арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері «жол» немесе «заң» деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталған буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты. Ламаизм негізіндегі лама яғни «аса мәртебелі» деген дін басыларына, діни ұстаздарға қатысты қолданылған. XV ғ. бастап Тибетті далай-лама мен панчен-ламалар басқарып келген. Олар «мұхиттай шексіз ұстаз» және «аса білімді ұстаз» дегендерді білдіреді. Олар кез-келген адамның құдай болу мүмкіндігі бар деп санады. Бұған жетудің 3 жолы: қайырымдылық пен мейрбандық, білім мен даналық, медитация және шабыттану немесе аян болу жолдары бар деп есептелді. Ламалар мен монахтар адам психикасына және тәніне әсер етудің құпияларын терең меңгерген тамаша емшілер болып танылады. Тибетің соңғы, XIV далай-ламасы өз елінен шетте-Үндістанда тұрды. Ол өзінің қоғамдық қызметі үшін Нобель сыйлығына ие болған.

Құдай жоқ. Будда діні Қытайда б.з. І-ІІІ ғ.ғ. тарала бастады. Махаянаның жергілікті нанымдары синтезі  нәтижесінде VI ғ. чань-буддизм (чань- медитация, қиялмен шолу) ілімі пайда болды. Оның уағыздаушысы үнділік Бодхидхарма деген адам еді. Кейіннен ол дзен-буддизм атауымен («чань» және «дзен» сөздері бір ұғымды береді) Жапонияда таралды. Будда дінінің бұл мектебінде жекпе-жек сайысына, ауыр дене күшін қажет ететін арнайы жаттығуларға ерекше мән берілді.

Информация о работе Сабақ жоспары