Сабақ жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:25, научная работа

Краткое описание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дінтану.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Иудаизм.

Иудаизмнің алғашқы сабақтары  б.з.д. II мың жыл бұрын Палестина  территориясында тұратын еврейлер арасында пайда болды. Б.з.д. I мың жыл бұрын политейстік нысан ретінде пайда болып иудаизм кейіннен монотейстік ұлттық дінге айналды. Иудаизм дін ретінде–еврей мәдениетінің күрделі бөлігі. Ол осы қағидаларға негізделген: Яхве бір құдайды қабылдау, еврейлер– құдайдың таңдауы түскен халық, барлық тірілерді және өлілерді сынайтын, ал Яхве сенетіндерді қасиетті жерге әкелетін Мәсихке сену; Көне Өсиетке–«Бес кітаптік, Киелі кітаптарға» (Танаха) және Талмудқа сену. Діни ғибадатханасы–Синагога.

Буддизм.

Буддизм–әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі. Ол б.з.б. VI-V ғ.үнді мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды. Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде дүниеге келген Сиддхартха Гаутама болды. Негізінен буддизм Непалда, Шри-Ланкада, Мьянмеде, Таиландта, Лаоста, Вьетнамда, Тайванда, Моңғолияда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Брунееде, Малайзияда, Индонезияда таралған. 1990 ж. басында буддистердің 99,5 % Азияда, қалғандары Америка мен Европада өмір сүрді. Әлемде 700 млн. жуық буддистер бар. Қасиетті кітабы–Трипитака.

Протестантизм.

Протестанттық (латын сөзі protestants–қарсы келуші, келіспейтін)–XVI ғасырда қалыптасқан, Солтүстік және Батыс Европада, АҚШ, Канадада таралған христиан дініндегі 3-ші ағым. Қазіргі күнде әлемде 332 млн. протестанттар бар, олар лютерандар, адвентистер, пресвитериандар, методистер, англикандар және басқалары құрайды. Протестанттық негізінен католицизмнің маңызды ұстанымдары мен ұғымдарын терістеу барысында қалыптасты.

Орыс православие  шіркеуі.

Христиан діні–өзінің 2 мыңжылдық тарихында үш негізгі: православие, католик және протестанцизм тармақтарына бөлінген әлемдік үш діннің бірі. Бүгінгі православие–9 патриархтың (Александрлык, Антиохскилік, Болгарлық, Грузиндік, Иерусалимдік, Константинопольдік, Мәскеулік, Румыниялық, Сербтік), 3 автокефальді архиепископтың (Албандық, Кипрлік, Элладтық) және 3 митрополийдің (Американдық, Поляктік, Чехославакиялық) 150 млн. астам дінге сенушілерін біріктіретін негізгі конфессиялардың бірі. Орыс православие шіркеуі–ірі Автокефальді православтік шіркеу. Рустегі христиандықтың басталуының ресми датасы 988 жыл. ОПШ құдайға славян тілінде құлшылық етеді, уағыздарын орыс тілінде және басқа да халықтардың тілінде оқиды. ОПШ басшысы Мәскеулік Патриарх және Русь Всеясы болып табылады, резиденциясы Мәскеуде.

Атеизм (қазіргі ғылымда–позитивизм; автор Б.Тажибаев)–діни нанымдарға күдік пайда болып, құдайсыздардың көбейе түсуі, дін дүниетанымның бір нысанына айналғанда, оған қарсы дүниетаным–атеизм қалыптасты. (Ксенофон, Эпикур: «құдайға сену–қорқыныштан және адамдардың шарасыздығынан»; К.Маркс: «дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апиын»; В. Ленин осы теорияны жалғастырушы, дінмен бірге философияның идеалистік бағытына қарсы шығып, ЖОО «ғылыми атеизм» пәні оқытылып, кеңестер дүниежүзіндегі тұңғыш және соңғы атеистік мемлекетке айналды;).

Өмірде әркімнің өз көзқарасы  болуымен қатар, өзгелердің сенімдерін де құрметтей білуді үйрену керек,  сондықтан көптеген елдерде адамшылық– демократиялық құндылықтардың бірі ретінде ар-ождан бостандығы, діни ымырашылдық, толеранттық жарияланған.

Дін және саясат. Барлық дін жүйелерінің саясатпен тығыз байланысы бар. Афина тираны Критий (б.з.д 403 ж. өлген) дін адамдарды жақсы басқару үшін билік иелерінің ойлап тапқан дүниесі деп санаған. А. Македонский өзін Египет құдайы Амонның баласымын деп жариялаған. Атеизмнің позициясы біртіндеп нығайып, қоғамның секуляризациялануына (зайырлы) қолайлы жағдайлар қалыптаса бастады. Қоғамдық қатынастарды қайта құру көбіне дінге қарсы ұрандармен жүргізілді. Дін мен саясат адамзаттың барлық ғұмырында тығыз байланыста болды.

Діндегі фундментализм (латын сөзі «fundare» жерге төсеу, жер тағаны, ірге тасы) дегеніміз бірінші рет Америкада пайда болған діни-саяси ұғым. Оксфорд университеті баспасынан 1982 жылы 16 рет басылып шыққан «Оксфорд сөздігінде» фундаментализмді былай түсіндірген: христиан дінінің ғұрыптық сенім-нанымдарын үзілді-кесілді сақтау, мысалы библияда жазылған әр нәрсенің мүлтіксіз хақ екеніне сену. Фундаменталистік қозғалыстар 1960 ж. саяси қозғалстарға айналып кетті. Фундаментализм көріністері қандай дінде болмасын көрінуі әбден мүмкін, осы дінге деген тазалық ниетінен тууы ықтимал. Бірақ, бұл таза діни ниетті саясатқа айналдыру, діндер үшін емес, саясатшылар үшін керек.

Фундаментализммен мағыналас  келетін тағы бір түсінік–діни экстремизм (лат. exremus-үзілді-кесілді пікір) деген дінді саяси мүддеге қызмет еткізіп қоюға көзделген идеологиялық тәсіл. Діни экстремизм оңшыл бағыттары фашистік идеологияны насихаттайтын саяси партия және топтарға топтасуда, солшылдарға Италия, Франция, Германияда «жаңа солшылды»,  «қызыл бригадалар» және бірқатар ислам елдеріндегі діншіл экстремистер жатады.

Исламдық фундаментализм мен діни эстремизмнің қазіргі көрінісі– Уаххабизм.

III. Сабақты қорытындылау.

1. Секуляризация және  сакрализация дегеніміз не?

2. «Шіркеу»,  «секта»,  «конфессия» ұғымдарын қалай  түсінесіңдер? Олардың арасында  қандай байланыс бар, айырмасы  неде?

3. «Атеизм» деген не?

4. Діни фундаментализм, діни эстремизм, діни фанатизм  дегендерді қалай түсінесіңдер?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма  беру § 4.

V. Үйге тапсырма.§ 3 оқу, талдау.

 

 

4 тақырып. Шумер–Аккад мемлекетіндегі дін.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға Шумер-Аккад мемелекетіндегі дін, діни ғұрыптары  туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру.
  2. Оқушылардың аналитикалық  ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз ойларын тиянақты, дәл, тұжырымды етіп ортаға салуды үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Шумер–Аккад діни нанымдары.
  2. Шумер–Аккад діни ғұрыптары.

 

1. Көне шумерлер б.з.д. VI мыңжылдықтың соңында Тигр мен Ефрат өздерінің аңғарларында қоныстанып (қазіргі Ирактың территориясы), тұңғыш қала-мемлекет орнатты. Б.з.д. II мыңжылдыққа қарай шумер өркениеті құлдырады. Бірақ, шумерлердің діни нанымдары аккадтықтарға–вавилондықтар мен ассириялықтарға мұра болып қалды. Көне шумерлердің құдайлары барлық қала-мемлекеттер үшін ортақ болғанымен, олардың әрқайсысының ерекше табынатын құдайлары болды. Мәселен:

Қала

Құдай

Ниппур

Энлиль құдайы «ауа әміршісі» және «құдайлар патшасы» деп дәріптелді.

Эреду

Даналық және әлемдік  Мұхит құдайы Энка.

Нанна

Соғыс құдайы Инан-на.

Урук

Аспан құдайы Ан.

Шумер мифологиясында бала көтерген әйел түрінде кескінделген Ұлы Ана кейіпіндегі Жер ерекше құрметтелді.


Шумер мифологиясында Энлиль мен оның әйелі Нинлиль құдайдан Ай құдайы Нанна, соғыс құдайлары Нинурта мен Нингирсу, От құдайы Нуску, тамұқ құдайы Нергал, тағдыр құдайы Намтар туды деп саналады.

Даналық құдайы, жер үстіндегі  және жер астындағы сулардың иесі, бар әлемді басқаратын құдіретті  күш сақтаушы Энки құдайы дара тұр. Ол–адамды және барша адамзатты жасаушы, оларды бағбандыққа, кендір өсіруге, емшілікке үйретуші.

Күн падишасы–Уту құдайы күндіз аспан төрінде, түнге қарай жер астымен саяхат жасайды. Ол билік айтушылардың қорғаны, «әділет иесі», Урук қаласы патша әулетінің жебеушісі саналған.

Аккадтықтар осы шумер  құдайларына сиынған. Бірақ, оларға басқа есімдер берген. Мәселен, Уту  → Шамаш, Инанна → Иштар деп  аталған. Вавилондықтардың бас құдайы, Вавилон қаласының жебеушісі Мардук болса, ассириялықтар Ашшур қаласының жебеушісі–Ашшур құдайды дәріптеген. Осылардың ішінде алғашқы адамдарды жасаушы, аспанда және жер астында билік құрушы құдайлардың әмірі жүретін шекараны белгілеуші Мардук өзгесінен жоғары қойылып, әлемнің әміршісі саналған. Барлық құдіреттер пантеоны аспан және жер құдайлары болып екіге бөлінген.

Вавилондықтар әлем «жоғарғы»  және «төменгі» аталатын қатар дүниелерден  тұрады, ал жер бетіндегінің бәрі аспан  әлемінің сәулесі, Ұлы құдайлар мен  адам арасында тура байланыс жоқ. Олар адамдарға қамқор, тағдырларын белгілеп отыратын дербес жебеуші құдайлар арқылы ғана байланыс орната алады, соңғылары адамдарды, олардың болмысын қорғайды деп санаған.

  2. Шумерде болашақ дінбасыларды даярлайтын арнайы жабық мектептер болды. Оған текті тұқымдардан шыққан адамдар ғана алынды. Мектеп бітіргендер дінбасы атақтарына иеленетін. Шумер-аккад діні бойынша күн сайын екі мәрте–таңертең және кешкілік құдайларға құрбандық жасау тәртібі болған. Соғыстан түскен олжаның ең тәуірі, астықтың ең сапалысы мен еркек малдың ең күйлісі құдайларға сыйлыққа арналды.

Шумерліктер өлген адамдармен жылап қоштасқан соң, мүрдені  өртейді. Дін ілімі жер аспан  құрылымын толық қайталайды деп  үйретті. Осыдан шумер, аккад, вавилон  сенімдерінде астрология, жұлдыз жорамалы сияқтыларға ерекше маңыз беріліп, бұлармен дінбасылары шұғылданды. Аспан денелерін бақылау үшін арнайы мұнаралар–зикураттар салынды. Дін басшылары аспанды бақылап, сәтті, сәтсіз күндерді айқындап, мерекелер күнтізбесін жасап отырды. Жыл басы да осы тәсілмен анықталды. Түрлі құрбандық, құлшылық жолдарымен, қасиет дарыды деген мүліктерді құрбандық етіп, отқа тастау немесе қасиетті Тигр және Ефрат өзендері суымен жуып тазарту арқылы тылсым күштерді аластау дәстүрі кең тарады. Вавилон мемлекетін парсылар жаулап алған соң біртіндеп Заратуштра діні таралып, Мардук және Иштар құдайларының орнына Ахура-Маздаға бас ию тәртібі орнықты.

 III. Сабақты қорытындылау.

1. Көне шумерлер мен  аккадтықтардың дінінде адамның  өмірі мен тағдыры қалай айқындалады  ?

2. Шумерлер мен аккадтар құдайларының және адамдардың арақатынасы қалай түсіндіріледі?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма  беру § 5.

V. Үйге тапсырма. § 4 оқу, талдау.

 

 

5 тақырып. Көне Египет діні.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға Египет діні, діни ғұрыптары  туралы тың мәліметтер беру, «пирамида», «бальзамдау», «фараон» ұғымдарына анықтама беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және олардың білім-біліктілігін арттыру.
  2. Оқушылардың аналитикалық  ойлау, есте сақтау,  теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету .
  3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі.
    2. II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

    1. Құдайлар пантеонының маңызы.
    2. Бальзамдап сақтаудың құпиясы.
    3. О дүниеге қалтқысыз сенімі.
    4. Фараон–жердегі құдай.
    5. Пирамидалар–құлшылық ескерткіштері.

 

1. Египетте дін бүкіл мәдениеттің біртұтас негізі болды және сәулет, бейнелеу өнерлерінің және әдебиеттің қайталанбас туындыларын жасады. Бізге бұл үлгілер тұтас күйінде жеткен жоқ. Түпнұсқалардан қолда бары б.з.д. 2600-2300 жылдардағы  көне патшалық  дәуірінің «Пирамидалар мәтіні» мен б.з.д. XXI-XVIII ғ.ғ. шамасындағы орта патшалық дәуірі «Өлілер кітабы», «О дүниеде не бары туралы кітап» деген, тағы басқа бірқатар діни шығыармалардан көрініс табады.

Көне Египеттегі құдайлар пантеоны Жоғарғы және Төменгі Египет патшалықтарының құрылуы барысында  қалыптасқан:

Жоғарғы және Төменгі Египет патшалық дәуірі

Орта және Жаңа патшалық дәуірі

Көне Египетте ертерек  дәуірлерде Жер-Ана және оның күйеуі, Нил өзенінің иесі Хапиді культі басым болды. Олар баршаға тіршілік сыйлаушы деп танылды. Одан бертінде жер құдайлары Геб және Акер, олармен қатар Аспанды мадақтайтын ана құдіреті кейіпіндегі Нут құдайына сиыну орныққан уақыттың өзінде Жер-Ана мен Хапи культінің мерейі жоғары болды. Египеттіктердің көнедегі тотемдік нанымдары құдайлар мен рәміздерге енгізілген хайуанаттар культінен көрініс береді.

Египетті Орта және Жаңа патшалық дәуірінде атақты Фива қаласынан шыққан фараондар биледі. Ра–Күн құдайы Фивадағы Күн құдайы Амонмен теңестірілді, екеуі біріктіріліп, Амон-Ра Күн құдайы пайда болды.


  Көне Египеттің мифтері әлемнің жаралуын әртүрлі түсіндіреді. Бір қағида бойынша ең мәртебелі Күн құдайы Хаостан пайда болды делінсе, екінші бірінде алдымен су болып, одан керемет лотос гүлі көтеріліп шығып, осы гүлден Ра пайда болды да, осыған дейін қараңғылық қапасында жатқан жерге жарық шашады.

Информация о работе Сабақ жоспары