Сабақ жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:25, научная работа

Краткое описание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дінтану.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

3. Көне Римде мемлекет пен дін біртұтас идеология түрінде көрінді. Мемлекеттің астанасы «қасиетті қала» деп жарияланды. Заң бәрінен жоғары қойылды. Барлық діни және азаматтық ахуал (неке, жерлеу, бала асырау т.б.) заң жолымен понтификтерде тіркелді. Бас понтифик–бас абыз міндетін атқарды.

Бұлар діни және мемлекет билігінің тұтастығын білдіретін міндетті құдіретті ғұрыптарды–қателік жасаған жағыдайларда құдайлардан кешірім өтініп, садақа үлестіруді, соғыс немесе індет жағдайында берген уәдесіне қарай тарту жасауды, мемлекет тарапынан храмдарға сыйлық үлестіру түріндегі құдайларға таралғы жасауды ұйымдастырып өткізуге жауапты болды.

Құдай дағуасында бекітілген императорларға құрмет көрсету ғұрыпатарын орындайтын жаңа абыздар коллегиясы құрылды. Абыз– фециалдар деген орнықты. Олар соғыс жариялау, одақтық шарт жасау ғұрыптарын атқарды, соғыс ашпас бұрын ультиматум жариялады, 33 күн өткен соң, ультиматум қабылданбаған жағдайда, соғыс қимылдарын бастауға рұқсат берген.

Римнің  діни күнтізбесінде мейрамдар–фериялар болды:

Фериялар атауы

Атқарылатын іс-шаралар

Паренталий

Ақпанда ата-баба аруақтарына арналып өткізілетін мейрам.

Сатурналий

Желтоқсанда Сатурн құрметіне өткізіледі.

Марс

Наурыз айында Марс күні мерекеленеді.

Юпитер

Әр айдың ортасында  Юпитер құрметіне құрбандық шалу.

Плебей

Қарашада Плебей ойындарын  өткізу.

Юнона мен Минерва

Қыркүйектегі мерекелер, Рим ойындары–спорт жарыстары мен  театрланғандырылған көріністер.

Флоралий

Сәуір айы мен мамыр  аралығында гүл құдайы Флораның құрметіне  ұйымдастырылатын мереке.


Жаңа дәуірдің II-III ғ.ғ. Рим императорлары синкреттік культті  енгізе бастады. Рим діні жалған сипат  алуға көшті. Көне римдіктер IV ғ. аяғында  христиан-император Ұлы Феодосийдің вердиктімен ескі құдайларға табынудан бас тартты.

III. Сабақты қорытындылау.

1.    Көне Рим құдайлар пантеонының ерекшеліктерін анықтаңдар.

2. Көне Римде діни мейрамдар не себепті жалпыға бірдей болды? Қандай мейрамдарды білесіңдер?

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 8.

V. Үйге тапсырма. § 7 оқу, талдау.

 

 

8 тақырып. Брахман діні.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға брахман діні, құдайлар пантеоны, «веда» жазулары, үнділердің діни ғұрыптары туралы терең білім беру және олардың білім-біліктілігін қалыптастыру.

2.  Оқушыларды брахман дініне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие  беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Ведалар»–көнедегі үнділіктердің рухани және діни ойының тұңғыш ескерткіші.

Варналар–адамдардың топқа жіктелуі.

Гаста–брахмандыққа өтудің екінші кезеңі.

Брахман–бірнеше мағынасы бар: дін қызметшісі; әлемді жаратушыны мадақтау дұғалары; Брахма жаратушы құдай.

Атман–әлемдегі бар болмыстың күллісінің негізі немесе қасиетті дем.

Сансара–жанның көшуі.

Карма–өмірде жасағандардың қайтып оралу өлшемі болуы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Үнділердің «Веда» қасиетті жазулары.
  2. Үнділердің құдайлар пантеоны.
  3. Брахман діні.

 

Мұғалім сабаққа  кіріспе сөзінде Үнділердің «Веда» қасиетті жазуларынан бастағаны  жөн.

1. «Ведалар»–көнедегі үнділіктердің рухани және діни ойының тұңғыш ескерткіші. Ол санскриттен сөзбе-сөз аударғанда «білім», «білу» деген ұғымдарды береді. «Ведалар» б.з.д. II-I мыңжылдықтар аралығында пайда болды. Бұл жазбалардан көнедегі үнділердің діни дүниетанымын көреміз, олардың әлем туралы, адамзат туралы философиялық түсініктерімен танысамыз.

Осы кіріспеден кейін оқушыларға төмендегі кесте  ұсынылады:

Ведалар 4 бөлімнен тұрады

Мазмұны

1. Ең көнесі  «Ригведа», «Яджурведа», «Самаведа», «Ахтарваведа» деген төрт кітапты құрайды.

Діни гимндер мен  өлеңдер, дұғалар, арбау мәтіндері, діни заңдар мен ғұрыптарға қосымша «сутралар» жинақталған. Ведаларда әлемдік құбылыстар мен әлемнің жаратылуы туралы егжей-тегжейлі сөз болады. Мәселен, «Ригведадағы» Пурушаға арналған гимнде әлемнің пайда болуы туралы былай делінеді: «Пурушаның мың басы, мың көзі, мың аяғы болды... Пуруша барлық пайда болғанның және барлық жаратылатынның бастауы... Оның жамбасы, аяғы, аузы не болды? Оның аузы брахман болды, қолдары кшатрий, жамбасы вайшья, аяғынан шудра пайда болды... Демі желге айналды, кіндігінен ауа шықты, басынан аспан, аяғынан жер, есту қабілетімен құрлықтар пайда болды. Әлем осылай орнықты.»

2. «Брахмандар»

Буддизм пайда болғанға дейін басым болған брахманизмнің  негізі болып табылатын ғұрыптар мәтінінің жинағы.

3. «Араньяки»

Ол «орман кітабы» аталып, тақуалардың өмір сүру ережелеріне арналған.

4. «Упанишадтар»

 Б.з.д. І мыңж. Шамасында  дүниеге келген философиялық  толғаулар. «Упанишадтың» басты идеясы–адам мен табиғаттың рухани болмысының ұқсастығы. Өткен өмірде жасағандардың қайтып оралуы–карма концепциясы «упанишадтарда» жасалды. Карма туралы ілім–барлығы болашақта жаман я жақсы болып дүниеге оралуы адамның өз қолындағы іс деп үйретеді. Егер адам дүниеге құл болып келсе, ол осыдан бұрынғы өмірінде жаман адам болды, енді соның азабын тартып, бұдан кейінгі оралуында жақсы болуы үшін жақсы карма жинауы керек деп саналды.


2. Көне үнділердің құдайлар пантеоны:

Құдайлардың аты

Қызметі

Деус-Питар

Аспан құдайы.

Притхиви

Жер құдайы.

Митра

Адамдардың достығы  мен бірлігінің кепілі, оларды ауру-сырқаудан сақтаушы, күннің шығыуы мен батуын қадағалаушы, аспан мен жерді ұстап тұрушы–ең жоғарғы құдай.

Индра

Жауынгер-құдай, перілермен соғысып, оларды жеңуші құдайы, жауынгерлерге  батылдық пен қуат беруші.

Рудра

Маруттарды (ағайынды жел  мен жауын құдайлары) тудырушы, ашу мен ыза құдайы, солтүстікті мекендеген, адамзатқа түрлі аурулар жіберіп отырған, сонымен бірге қандай науқастан болмасын айықтырушы керемет емші.

Агни

Құдіретті оттың символы, дін уағыздаушы құдай, адамдар мен  құдайлар арасындағы байланыстырушы. Ерекшелігі–оның үштік табиғаты: үш басы, үш тілі, үш нұры бар және үш жерді мекен етеді.

Сома

Өзі де құдай дағуасында бола отырып, мәңгілік ғұмыр, қуат, бақыт  пен қуаныш беретін «сома» құдіретті  шырынының символы.


3. Брахман діні б.з.д. X-VII ғ.ғ. дін түрінде қалыптасқан. Оған көне үнділер қоғамының Харапп өркениеті кезінен (б.з.д. ІІ мыңж.) төрт түрлі каста мен варналарға (адамдардың тобына) жіктелуі негіз болды. Олар: брахмандар– дін басшылары кастасы; кшатрий–әскери ақсүйектер кастасы; вайшья–диқандар, майдагерлер мен бақалшылар  варнасы; шудра–қоғамдық меншіктен аластатылған, өзінен ілгерілерге қызмет етуші ең төменгі варна.

Брахманизмнің бас құдайлары–жаратушы-құдай Вишвакарман және самұрық-құдай Праджапати. Вишвакарман–барлығының жаратушысы, ең бірінші пайда болған құдай, аспан мен жерді жаратушы, өзі бастапқы судан пайда болып, баршаға болмыс сипатын берген.

Брахмадан жан иелері туады, туған соң өмір сүреді, соңында  өліп, соған қайта оралады (исламмен ұқсастығы – автор Б.Х. Тажибаев). Ол–тіршілік, ақыл, білім, қуаныш. Брахма туралы ойлауға ақыл дәрменсіз, ақылдың өзі сол Брахма арқылы ойлай алады. Брахма баршаның әміршісі, уақыт дөңгелегі соның табаны астында айналады. Ол әлемдегі барлық өзгерістің себебі. Барлық көп атаулының бәрі осы бір ғана Брахмаға сиынып тұр. Брахма бір уақытта барлық заттардың ішінде де, олардан тыста бола алады.    Ол жалғыз, ол–бәрін басқарып тұрушы. Осы әлем бастапқыда су түрінде болды. Бардың бәрін жаратқан осы су. Ол–Брахма. Брахма қасиеті жоқ нәрсенің ақылмен немесе ғылым жолымен танылуы мүмкін емес. Бұл қабылдауға деген айрықша қабілетке ие болғанда ғана мүмкін нәрсе. Бұл қабілет–йога білімі. Ақиқатты танудың ең жоғарғы түрі, яғни рухани абсолютті тану–болмысты толығымен және тұтастай қабылдау деген сөз. Ол тек мистикалық сезім (интуиция) арқылы ғана келеді. Ал соңғысы негізінен йога жаттығулары арқылы қалыптасатын нәрсе. Тек ең жоғары білім әлем билігін қолға ұстата алады. Осы дүниеде әділдік жолымен жүрген адал және шын білім қазынасын жинаған адамдар ғана мәңгілікке жетеді, қайта туып, тіршілікке қайтып оралмайды.

III. Сабақты қорытындылау.

1.  «Веданың» діни  ғұрыптарының мәні неде?

2. Брахманизмнің ерекшелігі қандай?

3.  «Атман», «сансара»,  «карма» ұғымдарына түсінік беріңдер.

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 9.

V. Үйге тапсырма. § 8, инсерт әдісімен талдау.

 

 

9 тақырып. Индуизм.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға индуизм, сикхизм діні туралы терең білім беру және олардың білім-біліктілігін қалыптастыру.

2.  Оқушыларды индуизм дініне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие  беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Адживака»–тақуалық жолын тұтынатын, индуизмнің тұңғыш қауымы.

«Пурана»–индуизмнің діни мистикалық поэмалары.

«Гуру»–индуизмдегі білім таратушы абыздар.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру. 

Жоспар

  1. Индуизмнің пайда болуы мен мазмұны.
  2. Индуизмнің діни ғұрыптары.
  3. Сикхтардың діни ілімі.

 

1. Индуизм б.з.д. І  мыңж. пайда болды. Ол адамды  құтқарудың үш жолын ұсынды.


 

 

 

       қасиетті істер жолы                  таным жолы                                адалдық жолы

(басты шарты-құрбандық  атау)  (медитация және құдіретті   (құдайға және оның

                                                         болмыс туралы ойлар)              рахымына сену)

 

Индуизмнің тұңғыш қауымы–«адживака» тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғ. брахмандар жарты құдай–Рамаға ерекше тұғыр орнатты.

2. XV ғ. діни ғұрыптар  қара халықтың тілі болып саналатын  хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижсінде Вишнудың көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.

Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары–Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктеме беретін «Бхагават-Гита» («Жаратушы өлеңі») философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді.

«Бхагавад-Гитаның» негізгі  мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген  орынды. Үнді мифологиясы бойынша  Вишнудың 8-ші аватарасы (осы кейіпте көрінуі) болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік қызметі мен міндеттерін орындауға, тұрмыс тіршілігі жемістеріне бейтарап болуға, өзінің бар ойын құдайларға арнауға үйретеді. Кітап адамның дүниеге келуі мен өлуінің құпиялары, материя мен адам табиғатының арақатынасы, адамның тіршіліктегі өмірін анықтаушы табиғат тудырған үш материалдық бастау– тамас (әрекетсіз), раджас (құмаршыл, іскер, жігерлендіруші), саттва (рухтандырушы, ой сарайын ашатын, саналы) ,  йога жолы (өзінің өмірін йога арқылы санасын жетілдіруге арнаған адам жолы), ақиқат және ақиқат емес білімдер туралы көне үнді философиясынан мол мәліметтр береді.

Индуизмнің тағы бір  арнасы–«пурана» діни-мистикалық поэмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар генеологиясы топтастырылған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайлардың ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса, бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып, «тримурти» немесе үштік ұғымы орнығады.

Вишнудың аватарасы, яғни адамның, хайуанның, болмаса басқа құдайлардың кейпіне енуі туралы ілім–индуизмнің діни ғұрыптарының негізі. Вишну аватарасының негізгі он түрі бар. Олар–балық, тасбақа, аю, арыстан, қортық, әмірлерді, өркөкіректер мен құдайды сайқымазақ етушілерді жазалаушы брахман Парасурама, Рама, Кришна, Будда және Калка батыр. Болашақта, әлемнің ақырында Вишну Калка батыр бейнесінде келіп, дінсіздерді тегіс жойып, мейірімділік мен бақыт қоғамын орнықтырады.

Индуизмдегі  абыздардың басты міндеті–шәкірттердің діни білім алуын ұйымдастыру. Мұндай білім таратушыларды «гуру» дап атайды.

Құлшылық рәсімдері  жергілікті және барша құдайлар пантеонына арнап тұрғызылған храмдарда  атқарылады. Храмдарда құдайлардың  көркем етіп жасалған мүсіндері қойылып, соның алдында құдіретті өлең (суттор) айтылады. Барлық тіршілік иесі Вишнуден тараған. Сондықтан Вишнудың құдіретті болмысы ретінде қасиетті деп саналатын хайуандар мен жануарлар, мәселен, жылан, сиыр, маймыл, Вишну есімімен байланысты жерлер–көлдер, Ганг өзені айрақша құрметтеледі. Брахманизм мен индуизмнің қасиетті қалалары– Бенарес, Аллахабад қалалары саналады.

Информация о работе Сабақ жоспары