Сабақ жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:25, научная работа

Краткое описание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дінтану.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

2. Тәңір дініне сай ғұрыптар болған. Бірақ, түркілер Тәңірге арнап ғибадатханалар салмаған. Олар үшін тәңір–барлық жерде. Оны көруге, танып білуге, мекенін айқындауға, сипаттауға болмайды. Барлық, батырлық, адамшылық, жақсылық - бәрі Тәңір, бәрі тәңірдің қалауындағы нәрселер.

Тәңірді діни сенім деп  қарастырған жағдайда біз ол сөзсіз монотеистік дін болған деген тұжырымға тоқтаймыз. «Тәңір бір» дейді Күлтегін ескерткішінде. Көне түркілердің мифологиясында Тәңірден басқа Ұмай, деген қатар аталады, ал өздерінің ата-тегін көк бөріге апарып тірейді,  тұрмыста індет атаулыны от-анамен аластау ғұрпын қолданады.

 Осыларға қарап,  кейбір зерттеулерде түркілер  политеистік (көпқұдайлық) дінінде  болған, табиғат күштеріне табынған, яғни сенімдері анимистік сипатта  болған деген тұжырым жасалады. Бұл негізінен жаңсақ пікір.

Түркілер әлемді үш қабат  деп түсінген. Біріншісі–Көк, екіншісі–жердің үсті және үшіншісі–жер асты әлемі. Тәңір көктің иесі ғана емес, барша әлемге пәрмен жүргізуші, бірақ, жоғарыда атағанымыздай, жаратушы емес, тағдырды анықтаушы. Бәрі соның әмірімен болады. Ал Ұмай жер бетіндегі тіршіліктің бастауы әрі жебеушісі.

Қазақ халқының мифологиясында аруақ түсінігі бар. Қазақ халқы және көнедегі түркі тайпаларының басымы адамның жаны мәңгілік, тек тәні ғана өледі деп білген. Осы жерде хакім Абайдың «Мені мен менікінің айрылғанын, Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес», - деп, рухының мәңгі жасайтындығын айтады.

Түркілердің (соның ішінде қазақтардың) діни нанымында адамның  жаны мәңгі жасайды, олар аруақ бейнесінде тірілердің әрекетіне араласып отырады, заманақырда адам кейіпінде қайта оралады. Түркіліктің ислам қағидаларынан айырмасы, мұсылман діні тыйым салатын, өлген адамдардың рухына бас ию.

Түркілердің дүниетанымдық  түсінігі бойынша әлем төрт элементтен тұрады: су, от, ауа, топырақ. Бөрі көне замандарда тотем болып, бертін келе түркілердің түз тағысындай қайсарлығының рәмізіне айналған тәрізді. («Бөрілі менің байрағым, бөрілі байрақ көргенде, қозады қай-қайдағым», Сүйінбай).

Түркілерде бұлардың сыртында синтоизм, тағы басқа діндердегі заттар мен құбылыстардың құдайлары орнына «ие» түсінігі орныққан. Бұл қазақ халқының төрт түлікке байланысты Ойсыл қара (түйе иесі), Қамбар–Ата (жылқы иесі), Зеңгі–Баба (сиыр иесі), Шопан–Ата (қой иесі), Шекшек–Ата (ешкі иесі) түсініктерінен жақсы көрінеді.

XI ғасырда түркі тілдес  тайпалар араб-парсы мәдениетін  жатсынбай қабылдай бастады. Исламның  қазақ жерінде қантөгіссіз таралуының  басты себептерінің бірі, Тәңір  мен Алла дүниетанымдық мәселелердегі  ұқсастығы, түркілер нанымдары  мен исламның монотеистік сипаты, олардың мәдени тамырларының рухани сабақтастығы да үлкен әсер етті. Тәңір ұғымы мен ислам үлгісіндегі дүниетанымның синтезі қазақ топырағында Иассауи ілімінен айқын көрініс берді.

III. Сабақты қорытындылау.

1. «Тәңір» деген ұғымды  қалай түсінесіңдер?

2.  Көнедегі түркілердің  дүниетанымы туралы не білесіңдер?

3.  Тәңірді діни  сенім түсінігінде ұғыну дегеніміз  не?

4.  Аруақтың түркі  әлеміндегі орны қандай?

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 12.

V. Үйге тапсырма. § 11 оқу.

 

 

12 тақырып. Көне Қытайдағы діндер.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Оқушыларға көне қытайдағы діндер, көне қытайдағы діни ғұрыптар туралы терең білім беру.

2.Конфуций, дао діндері  туралы тың мәліметтер бере  отырып білімдерін тереңдету.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Да-Сюэ»–ұлы ілім.

«Чжун-юн»–тепе-теңдік туралы.

«Лун-юй»–әңгімелер мен ойлар.

«Дао»–жол.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

      1. Конфуций  ілімінің пайда болуы.

      2. Діни  ғұрыптары мен рәсімдері.

      3. Дао  дінінің пайда болуы.

      4. Дао  дінінің ерекшелігі.

1. Конфуций ілімінің пайда болуы.

 

Біздің жыл санауымызға  дейінгі VI ғасырды Қытайда жаңа философиялық-дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы немесе Кун-ұстаз (европалық транскрипцияда–Конфуций) болды. Конфуций б.э. дейінгі 551 жылы туып, 407 жылы дүниеден қайтты.

Конфуцийлік тоғыз кітап  аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан  туған шығармалардан құралған деп  саналады:

  1. –«Өзгерістер кітабы». Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.
  2. –«Көне тарих кітабы». Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді.
  3. –«Діни өлеңдер кітабы». Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген.
  4. –«Салтанатты рәсімдер кітабы».
  5. –«Көктем мен күз кітабы». Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылытын бұл кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады.
  6. –«Да-Сюэ» (Ұлы ілім).
  7. –«Чжун-юн» (Тепе-теңдік туралы).
  8. –«Лун-юй» (Әңгімелер мен ойлар).
  9. –Кун-Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн-Цзының атымен аталған еңбек–екінші серияны құрайтың төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун-Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.

Конфуций ілімі–тұтасымен  дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда  құдай турасында бір ауыз сөз  жоқ. Құдайды танып білуге адамның  ақылы жетпейді.

Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе–әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәптіштеп жазып шыққан.

Діни ғұрыптар мен  рәсімдер адам мен құдірет иесін  байланыстыру жолдары емес, адамдардың тұрмысын белгілі бір ізге салудың, оны мазмұнмен толтырудың жолы ретінде қарастырылған. Конфуцийдің түсінігінде ғұрыптар мен салттарды сақтамайтын адам–өзінің басындағы шашына күтім жасамайтын адам сияқты барып тұрған надан, адам емес, мақұлық. Яғни, конфуцийліктегі құлшылық объектісі–көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Аспан құдіреті–Тяннің құрметіне өткізілетін діни қызметтерге, құрбандық ғұрыптарына үнемі қатынасып отырған.

Кун-Цзы тұрмыста мейлінше талғампаз, кінамшыл болған. Ол, мәселен, уақыты келмей ешқашан асқа отырмаған, дұрыс дайындалмаған, тіптен дұрыс туралмаған тамақты ешқашан татпаған. Үлкендермен, өзінен жасы кішімен амандасу, дұрыс отырып-тұру, төсекке дұрыс жату, үйге табалдырықтан дұрыс ену, дұрыс киініп, тарану, дастарқан басында өзін өзі ұстай білу сияқтылардың бәрі айырықша маңызды саналды.

2. Конфуцийлік қытайлықтарды сыпайыгершілікке, сезімталдыққа тәрбиеледі. Адамның ішкі тереңге жасыра білуге үйретті. Кун-Цзы осындай жоғары адамшылыты насихаттай отырып, бұл жолмен жүрмегендерді мүлдем адам қатарлы санаған жоқ. Оның ойынша, қоғамның толық мүшесі болуы үшін әр адам ескіден келе жатқан ғұрыптарды сақтауға және сыйлауға міндетті.

  Кун-Цзы ізгіліктің бес түрлі жолын уағыздады, олар: 1) даналық жолы, 2) қайырымдылық жолы,3)адалдық,4)үлкендерді құрметтеу,5)қайраттылық жолдары. Осы жолдармен жүрген жағдайда ғана тұрмыс ретті әрі үйлесімді болмақ. Соның ішінде борышқа адалдық (и), ел билеушісіне берілгендік (чжун), баланың ата-ананы сыйлауы (сяо) және үлкенді сыйлау (ли) ерекше талап етілді.

Конфуций ілімі ата-бабаларды, олардың өмір жолын қастерлеуді  уағыздайды.

Қытайлық үшін ең ауыры–өмірден ұрпақсыз өту қаупі болған. Өйткені ұрпақсыз өткен адамның соңынан оны еске алып, есімін қошеметтейтін ешкім болмайды деп саналған. Осыдан дүниеден ұрпақсыз өткендерге қауым болып жиылып құрбандық айту рәсімі орныққан.

Қытайлардың отбасындағы ең сыйлы адам–қарттар болып саналған. Әрбір қытайлық қызметке тұрудан бастап, үйленуге дейін ата-аналарының рұқсатын алуды парыз санаған. Олардың түсінігінде–аруақтар отбасымен әрдәйім бірге, тірі кезіндегідей қошемет-құрметті талап етеді. Осыдан әр үйде, отбасының тұрмыс ахуалына қарай, аруақтарға құрмет көрсететін арнаулы орындар болған.

  Кун-Цзы алғашқы императорлар кезінде тамаша тәртіп болған, соны толық қалпына келтірген жөн, деп үйретті. Бұл ілімді ғалымдар «алтын ғасыр туралы ілім» деп атайды.

Бертін келе конфуцийлік ілім Қытайдың ресми діни-философиялық жүйесі болып  орнықты. Ол даосизммен қатар қытай  халқының бет-бейнесін, тұрмыс салты мен мемлекеттік құрылымын айқындаушы ілімге айналды.

 

3. Дао дінінің пайда болуы.

.

Бұл діни-философиялық бағыттың негізін салушы–Лао-Цзы. Оның еңбегі даналық сөздерден тұратын «Дао-дэ-цзин» (Дао туралы кітап) деген философиялық трактат.

Бұл кітапта насихатталатын ілімнің негізінде дао түсінігі жатыр. Дао– сөзбе–сөз жол дегенді білдіреді. Яғни ол әрі жол, әрі құдай, әрі ақыл, әрі сөз. Оның не түрі, не түсі, не аты жоқ. Өзі мәңгілік тұрақты, солай бола тұра барлық өзгеретін нәрселердің себебі.

Лао-Цзы даоны жол, қозғалыс, өзгерістердің себебі тұрғысынан қарастыра отырып, қоғамдық және саяси  тұрмыс мәселелеріне келгенде мейлінше консерватор болды. Бұл жағынан  ол конфуцийлікпен үйлесім тапты.

Қандай ниетпен бастамаса  да, адамның кез-келген әрекеті зұлымдыққа себепші болады, «кімде-кім әрекет етсе–қателікке ұрынады, кімде-кімнің қолында бір нәрсесі болса, ол жоғалады, сондықтан құдіретті данышпан еш әрекет жасамайды, ол ештемесін жоғалтпайды да; ол дүниенің ырқына бағынады, өз бетінше бірдемені жасаудан бой салады», «данышпанның жүрегі әрнемеге бейтарап, салқын болуы керек, сонда барлық заттар өздігінен өзгереді», «кімде-кім түрлі шаруадан халас болса, соның дені сау болады»–дао ілімінің табиғатын осы қағидалардан байқауға болады.

Адамның міндеті–айналадағының бәрін құлақ түріп, бәрінің мәнін ұғынып, табиғат ғажаптарын тамашалау, онымен үйлесім іздеу, табиғатты өз үйіңнің терезесінен көріп танып білуден артығы жоқ, алыс сапарға шықсаң, солғұрлым аз білесің, деп үйретті философ.

4. Дао ілімі зорлық пен қысастықтың кез-келген түріне қарсы. «Өзінің атын жеңіспен шығару–адамдардың өліміне шаттану» деген сөз.

Орта ғасырда даосизм  екіге бөлінді:

  1. Философиялық мектеп;
  2. Діни ілім.

Ұстаздың дүниеге келуі, жасаған кереметтері туралы түрлі аңыздар пайда болды. Ол құдай дағуасына көтерілді. Дао дінінің ортодоксалды кітаптары пайда болды. Солардың бірі–«Әрекеттер мен жазалар туралы» кітап. Ол екі жүз он екі нұсқау мен өсиеттен тұрады.

Дао дінінде тылсым мен сиқыр басым. Бес элемент–металл, ағаш, су, от, және топырақ киелі саналады. Жыланға, айдаһарға, кей ағаштарға құлшылық ұрылады. Дао ғұламалары ортағасырлық Европа сиқыршылары тәрізді алхимиямен шұғылданды, адамға мәңгілік ғұмыр беретін «сиқырлы элексир» іздеумен айналысты. Осы ізденістері барысында  олар химия, металдар мен минералдардың қасиеттері туралы бірқатар жаңалық ашты, бағалы дәрі-дәрмектер жасады. Әсіресе, дәстүрлі қытай медицинасының басты элементіне айналған инемен емдеуде үлкен табыстарға жетті. Олар тамақты тоя жеуден сақтандырды, ауық-ауық ашығуды насихаттады, ет тағамдарынан бас тартты. Көптеген тыныс және дене жаттығулары, жекпе-жек өнері (мәселен, у-шу күресі) осы даосизмнен бастау алды.

1927 жылы Қызыл Армия  дао тянь-шиінің ордасын талқандап, дінбасы шет елді паналады. «Мәдени революция» тұсында даосизм екінші рет қуғынға ұшырады. Қазір ол өз отанында қайтадан жанданып келеді.

III Сабақты қорытындылау.

  1. Конфуций туралы айтып беріңдер.
  2. Конфуций дінінің мәні қандай?
  3. Конфуцийлік не себепті дінге айналды?
  4. Дао туралы түсініктің мәні неде?  

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 13.

V. Үйге тапсырма.§ 12 оқу, талдау.

 

 

13 тақырып. Синтоизм.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.  Оқушыларға синтоизм  діні, діни ғұрыптары туралы терең білім беру.

2.  Синтоизм діні  туралы тың мәліметтер бере  отырып білімдерін тереңдету.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие  беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар: 

«Каминомити»–құдайлар жолы.

«Идзанаки»  мен «Идзанами»–тұңғыш антропоморфтық (адам бейнесіндегі) құдайлар.

«Аматэрасу–жапондықтардың ең сүйікті құдайы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар 

      1. Синтоизм  дінінің пайда болуы.

      2. Синтоизмнің   діни ғұрыптары мен рәсімдері.   

 

1. Жапонияда орныққан  дін жүйесін европалық ғылым синтоизм деп атайды. Бірақ, бұл дәл атау емес. Синто–жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы. Жапондықтардың өздері оны каминомити («құдайлар жолы») деп атайды.

Жапондықтардың діни сенімдері VIII ғасырда Кодзики және Никонги деген жинақтарға біріктіріліп, біздің заманымызға өзінің бастапқы үлгісінде жеткен мифологияға негізделеді. Оларда барша әлемді жаратушы құдайлар түсінігі жоқ. Көне мифтердегі нами құдайларын әлем жаратылғаннан кейін келіп, жер-дүниені тәртіпке келтіруші жалпылама сипаттағы бейнелер десе болды.

Жапон мифологиясындағы тұнғыш антропоморфтық (адам бейнесіндегі) құдайлар–Идзанаки мен Идзанами. Кейде оларды Адам-Ата және Хауа-Анамен салыстырып, Жапонияда пайда болған бірінші адамдар ретінде де қарастырады.

Информация о работе Сабақ жоспары