Сабақ жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:25, научная работа

Краткое описание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дінтану.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Жапондардың ең сүйікті  құдайы–барлық жасампаздық игі істердің бастауы, көркем Аматэрасу. Синтоизм пантеонында бұдан өзге мыңға жуық құдай бар.Тіптен оларды құдай дегеннен гөрі рух немесе ие деген орынды.

Синтоистер табиғат  күштерінің бәрінен, тау-тастан, орман-тоғайлардан  құдай сипатын көреді, олардың  әрқайсысының өз камиі, яғни рухы немесе құдайы бар деп сенеді. Кейбір ағаш түрлері мен өсімдіктерді, жәндіктер мен құстарды қасиетті деп ерекше құрметтейді. Мәселен, қораз Аматэрасу құдайының құсы саналса, егеуқұйрық молшылық символы есептеледі. Фудзияма тауын құдайлар мекенінің бірінен санайды.

Синтоизмнің басты элементі–императорларды құдай дәрежесіне дейін көтеріп, қастерлеу. Жапонияның тұнғыш императоры Дзимму Нинигидің шөбересі саналады. Аңыз бойынша ол біздің жыл санауымызға дейінгі 660 жылы 11 ақпанда таққа отырған. 1868 жылы Дзимму императордың билікке келген күнінен басталатын жапон жыл санау жүйесі енгізілді.

Жапондықтар өздерінің ұлттығы мен мемлекеттігінің іргетасы болып саналатын діни нанымдарын бүгінге дейін берік ұстанады. Олардың өзге халықтардан ерекшелігі–көнедегі діни нанымдарына негізделетін дәстүрлі мәдениеті мен қазіргі заманғы өркениет үлгілерінің керемет үйлесімін білгендігі.

Синтоизм храмдары сыртқы дарбазадан соң үш қатар қоршалған  үлкен алаң түрінде болып келеді. Оның ішіне жуынып, тазалану үшін хауз жабдықталады, садақа үлестіру салтына  нұсқайтын өрім-өрім қағаздар байланған  бамбук таяқшалар шаншылады. Құлшылық рәсімін атқаратын басты орын–үшінші қоршаудың ішінде. Онда Аматэрасу құдайдың белгілері ретінде қылыш, айна және яшмадан жасалған әшекей сақталады. Олар даналық, адалдық және қайырымдылық символдары болып саналады. Елде осы тәрізді ондаған мың храмдар тұрғызылған. Олар қатарынан бірнеше камиге (құдайларға) немесе сол жерде ерекше құрметтелетін біреуіне арналады. Синтоистік храмдарды жиі қайтадан салып, жөндеп отыру салты орныққан. Бас храм Исэ қаласында. Ол VII ғасырда тұрғызылған.

Синто дін қызметшілері сегіз сатыға бөлінеді. Олар әдетте діни орынға мұрагерлік жолымен ие болады, үйленуге, діни қызметті өздері қалаған уақытта тастап жүре беруге хұқылы.

2. Синто дініндегілер  мерекелер қарсаңында ұзақ ораза  тұтады. Бұл уақытта олар мүрдеге  жоламайды, науқастардан айналып жүреді және өздері де ауырмауға ұмтылады, зиратқа бармайды, музыка аспаптарында ойнамайды және кейбір тағамдардан тартынады. Осылай тән және рух тазалығын сақтайды. Мейрамдарда храмға ас және ішімдік (күріштен жасалған сакэ арағы) әкеледі. Оны көбіне жерге көміп кетеді.

Синтоизмнің басты мейрамдары–желтоқсанның соңғы екі күніндегі «арылу» мейрамдары. Жаңа жыл салтанатпен қарсы алынады. Көктемде және қараша айында күріш мейрамдары тойланады.

Синтоизмнің догматикасы  мейлінше қарапайым және көбіне буддизмнен келген. Күнә, жаза, о дүние туралы ілімдер солғын. Барлығы осы дүниедегі үйлесімділік пен жарастыққа негізделеді.

Синтоизмнің тағы бір ерекшелігі–онда этикалық ілім дамытылмаған. Адамшылық нормалары көбіне конфуцийлік қағидаларымен реттеледі және ғасырлар бойына салт болып қалыптасқан көнбістік, үлкенді сыйлау, борышты сезіну мен қатаң тәртіп сияқтыларға негізделеді.

III. Сабақты қорытындылау.

1. Жапонияда синтоизм діні қалай пайда болды?

2. Синтоизм ілімінің ерекшелігі қандай?

3. Синтоизмнің қандай діни рәсімдерін білесіндер?

4.  Синтоизмнің басты  мейрамдары қандай ?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма  беру § 14.

V. Үйге тапсырма. § 13 оқу.

 

 

14 тақырып. Иудейлік діні. Иудейлік ілімнің негіздері мен ерекшеліктері.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға иудейлік діні туралы терең білім беру және білімі мен біліктілігін арттыру.

2.  Иудейлік іліміне  талдау жасап, теологиялық тұрғыдан  саралай білу.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие  беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырып, дамыту.

Негізгі ұғымдар:

«Еврей–«өзеннің арғы бетінен келгендер», «кезбелер» деген мағына береді.

«Иерусалим»–Израильдің қазіргі астанасы.

«Апологеттер»–жақтаушылар (иудаизмді).

«Інжіл (Библия)»–христиандардың қасиетті кітабы.

«Тора (Таурат)»– иудаизмнің қасиетті кітабы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

1. Иудайзмнің пайда болуы мен мазмұны.

2. Иудайзмнің  негіздері мен ерекшеліктері.

 

1. Көне еврейлердің діні көп жағынан өзге діндерге қарағанда ерекше. Бұл дін әрі еврей халқының тарихы. Ал еврейлер тарихы, бейнелеп айтқанда, адамдар мен құдайдың қарым-қатынасының тарихы. Сондықтан да ол жай ғана тарих емес, Қасиетті тарих деп аталады.

Бұл діннің ерекшелігі сол, оны жасаушы еврей халқының өздерін құдайдың ықыласы ауған ерекше халықпыз деп санауында.

Еврей халқының өмірінен, оның рухани дүниесі мен мұраларынан Інжілдің (Библия) ең көнедегі үлгісі–Көне өсиеттер көптеген қызғылықты мәліметтер береді.

Көне өсиеттерді христиандар өздерінің діни кітабы санайды. Сонымен бірге ол еврейлердің қазіргі діні–иудаизм діні Қасиетті жазуларының да негізі болып табылады. Христостың өзі де еврей халқының ортасынан шыққан пайғамбар, христиан діні мен иуда дінінің арғы тамыры бір жерден барып қосылады.

«Еврей» деген сөз, ғалымдардың  пайымдауынша, «өзеннің арғы бетінен келгендер» немесе «кезбелер» дегеннен шыққан. Еврейлер мен арабтар негізі бір тамырдан тарайтын нәсілдес халықтар. Көне замандарда еврейлер де Арабия түбегінде тұрып, мал бағумен күн көрген.

Көшпенді тайпалар Ханаан жеріндегі өздеріне туыстас, бірақ  отырықшы өмір сүретін тайпалармен  қосылып, жаңа ұлтты құраған.

Израильдің қазіргі  астанасы–Иерусалимді үш діннің қаласы деп атайды. Мұнда христиандық, ислам және иудаизм тоғысады. Христиандар оны Христостың (Ғайса пайғамбар) табыты қойылған қасиетті жер деп құрметтесе, еврейлер үшін бұл көнедегі дін орталығы ғана емес, еврей халқының қайтадан Жаратушы мейріміне бөленіп, жаңғыруының кепілі: еврейлердің тұңғыш сәулетті ғибадатханасы осында орнатылған болатын. Оны римдіктер тас-талқан етіп, еврейлердің өздерін бүкіл жер жүзіне шашырап кетуге мәжбүр етті.

Еврейлер бұл біздің құдай алдында жасаған күнәміздің зауалы дейді. Олар осы ғибадатхананың аман қалған бір қабырғасына бас қойып, Жаратушыдан кешірім сұрап зарлайды. Осыдан, бұл қабырға «Жоқтау қабырғасы» деп аталады және әлемдегі бүкіл еврейлердің тәуәп ететін орталығы болып саналады. Сондай-ақ ислам үшін де Иерусалим қасиетті жерлердің бірі: ислам діні Ғайсаның пайғамбарлығын мойындайды, тек христиандарды Ғайсаның ақ жолын бұрмалаушылар деп санайды. Сонымен бірге, Мұхаммед пайғамбардың миғражға шығуы да осы жерлермен байланысты. Осында VII ғасырдың соңын ала Омар халифтің әмірімен бұрынғы қирап қалған еврей ғибадатханасының орнына Куббат-ас-Сахра (Шың күмбезі) мешіті салынған.

Иудейлік ілімінің негіздері. Иудаизм деген түсінік ертеде пайда болған. Бірақ, ол еврейлер дініне қатысты біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында ғана қолданыла бастады. Әдетте иудаизмді жер бетіне тарап кеткен еврейлердің жаңа дінінің атауы деп қабылдайды. Иудаизм апологеттері (жақтаушылары) бұл пікірмен келіспейді. Олар еврейлердің көне уақыттардағы діні мен иудаизм бір нәрсе деп санайды.

Еврейлердің көне діні мен  жаңа дінін жалғастырғандар фарисейлер болды. Олар пайғамбарлықтың уақыты озды, ендігі жерде құдіретті шындықты адамзатқа заң жолымен жүретін ұстаздар мен Жазуларды ұғындырушылар жеткізуі тиіс деген тұжырымға тоқтады.

Иудаизм–монотеистік дін. Құдай жалғыз, ол мәңгі жасайды, ол барлық жерде, бәрін көреді, бәрін біледі, заттық сипаты, айқын кескіні жоқ. Сондықтан христиан дініндегідей оның суретін салу мүмкін емес. Тіптен оның есімін тура атауға болмайды. Құдайдан өзгеге (періштелерге, әулиелерге, жұлдыздарға т.б.) құлшылық жасау–күнә.

Құдай заттық әлемді жеті күн ішінде өзінің сөзімен жаратты. Бұл жағынан иудаизм исламмен үндес келеді. Құдайдың ең сүйіп жаратқан мақұлығы–адам. Ол адамды дене мен рухтан жаратты.

Еврей халқы құдайдың әмірімен Авраамнан (Ибраһим пайғамбар) тарайды. Құдай әуелі Авраамға, соңынан оның халқына өсиет етеді. Осының күәлігі ретінде сүндеттеу рәсімі енгізіледі. Кейінірек құдай Моисей арқылы өзінің қалауы түскен халқына діни және азаматтық тұрмыс заңдарын жібереді. Сонымен бірге, Моисейге аян арқылы Моисейлік бес кітап деген қасиетті жазулар жіберілді. Еврейлер оны Тора (заң немесе ілім деген мағынада) деп атайды.  

Ал еврейлер Моисейге табысталған 613 өсиетті орындауға  міндетті.

Адамзат, соның ішінде еврейлер, құдай берген ерікті орынсыз  пайдаланып, күнәға белшесінен батты. Құдай осы үшін қатаң жазаға бұйырды: еврей халқы бытырап кетті, жалғыз ғибадатханасынан айырылды.

Иудаизмнің негізінде еврей халқының шын тарихы жатыр. Осыдан оның тағы бір ерекшелігі шығады: иудаизм түгелдей дерлік жер бетіндегі шындық болмысын сөз етеді, керісінше о дүние туралы солғын баяндалады. Еврейлер жанның мәңгілігіне сенеді. Бұл туралы Торада айқын айтылған. Бірақ, мәңгілік ғұмыр мәселесі әртүрлі түсіндіріледі.

Еврейлер үшін еврей  болу мен иудей дінінде болу деген  сөздердің мәні бар. Еврейлер өз дінін еврей еместер арасында таратуға ешқашан ұмтылмайды, миссионерлікпен шұғылданбайды. Демек, иудаизмді ұлттық дін деуге әбден болады.

III. Сабақты қорытындылау.

  1. Иудаизмнің пайда болуының теориялық негізін анықтап, талдаңдар.
  2. Иудаизм ілімінің ерекшеліктері қандай ?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма  беру § 15.

V. Үйге тапсырма. § 14, 69-72 беттер.

 

 

15 тақырып. Иудаизм тарихындағы Талмуд кезеңі. Иудейлердің дәстүрлері, салттары мен мейрамдары.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға иудаизмнің талмуд кезеңі туралы терең білім беру және білімі   мен біліктілігін арттыру.

2. Иудейлердің дәстүрлері мен салттарына талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білу.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие  беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Синагога»–(грек тілінде–жиын, бас қосу) иудейлердің жиналатын орны, толық мәніндегі храм емес.

«Раввин»–еврейлер қауымдарын басқаратын ұстаздар.

«Иврит»–діннің тілі, көне еврей тілі.

«Кошерня», «харам ас», «трефня»– барлық тәртібімен даярланған тағамдар.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

1. Талмуд кезеңінің ерекшеліктері.

2. Иудейлер дәстүрлерінің маңызы.

 

1. Құдайдың қалауы түскен халық деген қағида иудейлердің болашақта бүкіл дүниеге әмір жүргізетін артық нәсілдері туралы идеяға ұласуы көрініс бере бастады. Еврейлер еврей еместермен араласып кетуден бойын мейлінше аулақ салуға ұмтылды. Сөйтіп, діни қайшылық сенім ауқымынан шығып, «еврейлер мәселесі» деген атпен ұлтаралық қатынастар ауқымына ойысты. Еврейлердің басым көбінің өсімқорлықпен, финанс мәселелерімен шұғылдануы олардың жағдайын одан әрі қиындата түсті: түрлі бүліктер мен көтерілістер тұсында халықтың наразылығы көбіне еврейлерге бағытталып отырды.

Иерусалим ғибадатханасы  қиратылған соң, ол бүкіл еврейлер Өсиеттер жерұйығына қайтып жиналғанда ғана қалпына  келтіріледі деген лақап таратылды. Оған дейін иудейлер синагогаларда (грек тілінде–жиын, бас қосу) жиналатын болды. Синагога–толық мәніндегі храм емес. Онда құрбандық шалуға, садақа үлестіруге рұқсат етілмейді. Яғни, қасиетті орын ретінде құрметтелмейді. Оның өз қазынасы, мүлкі бар. Мұнда иудаизмде ерекше маңызды саналатын «Шма, Израэль» (Тында, Израиль) дұғасы оқылады.

Еврейлер қауымдарын раввиндер (ұстаздар) басқарады. Раввинді беделді, білімді адамдар ішінен қауымның өзі сайлайды.

Біздің дәуіріміздің ІІІ ғасыры шамасында Талмуд аталған  жаңа қасиетті кітаптар пайда болды. Ол жүздеген жылдар бойы орныққан діни, заң, тұрмыстық, тағы басқа ережелерден тұрады. Бұл кітаптың иудаизм үшін маңыздылығы сондайлық, ол пайда болған уақытты Талмуд тарихы кезеңі деп бөліп айтады. Талмуд пен Тора пайда болған уақыты жағынан да, мазмұны мен құрылымы жағынан да бір-біріне ұқсамайды. Талмудтың тұнғыш үлгісі Палестинада, екіншісі Вавилонда жасалды. Осыдан, олар иерусалимдік және вавилондық деп бөлінеді.

Информация о работе Сабақ жоспары