Сабақ жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:25, научная работа

Краткое описание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дінтану.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

1 тақырып. Дін және дінтану.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия  ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
  2. Оқушылардың аналитикалық  ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
  3. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Дін

әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық  құбылыс;

Құдай мен адамның  арақатынасы, адамның танымынан  тыс күштердің барлығын мойындауы және соған илануы.

Дін туралы арнайы ғылымды  – дінтану дейміз.

Дінтану ғылымы – дінді ғылыми тұрғыдан тану тәсілдеріне  бағыттайды:

Теологиялық

Философиялық-әлеуметтік

Биологиялық

Психологиялық

Этнологиялық

Теология (грек сөзі teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық (грек сөзі konfessio-мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.

Қоғамдық сана мен  дүниетанымының нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі бір әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс,

діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.

Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды  және «діндарлық генінің» болуы ықтимал деген болжам жасайды.

Қандай дінді алсақ  та оның негізінде адамның сезім  дүниесі жатыр.

Дін этностардың оқшаулану  факторлары-ның бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуын-да айтулы роль атқарады.


 

Діни сана құрылымы


 

 

                    діни сенім                           діни таным                     діни идеология

 

Діни ілімді жинақтап, саралау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру

Діни қызмет:

Ілімдік

Ғұрыптық

Діни  насихат, діни оқу  орындарында білім беру.

Құлшылық  жасау, діни мерекелерді  атап өту, құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу, діни ритуалдарды  орындау.


 

 

Діни бірлестіктер

Діни мекеме (мешіт, шіркеу, синогога және діни оқу орны т.б.)

Секта ( лат. «ойлау тәсілі, ілім, бағыт»)

Деноминация (лат. denomen – «атын өзгерту»)

Орталықтандырылған (бір  ортаға бағынатын) құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар.

Әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде  пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Секталарға тән нәрсе–өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау.

Басқа діни бірлестіктерден  бөлініп шығады, не әуелі бастан дербес қалыптасады. Оған тән нәрселер: иланушылардың құдайдың қалаулы пенделері екендігіне деген сенім; оқшаулану міндетті саналмайды; қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенділік; қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі; мүшелерінің құқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы; дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеу, сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы.


Мифология–адамдардың өздерін қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткізуі

Бір ғана құбылысқа, жеке бейнеге, бір оқиғаға қатысты  болса, ол миф  деп аталады

 

Мазмұнына қарай

мифтер


 

 

  космогониялық                       теогониялық                              астрогониялық

(әлемнің жаратылысы туралы) (құдайлардың п.б.)    (планеталар мен жұлдыздар


                                                                                                              дың п.б.)


 

  антропогендік                 этногендік               эсхатологиялық          қаһармандық  

(адамның п.б.) (рулар  мен тайпалардың п.б.) (ақырзаман,  топан суы туралы)

III. Сабақты қорытындылау.

  1. Дін дегенді қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді айтып беріңдер.
  2. Діннің не екенін ғылым қалай түсіндіреді?
  3. Діннің құрылымын түсіндіріңдер.
  4. Діни бірлестіктер туралы не білесіңдер?
  5. Дін мен мифтің бірлігі және айырмашылығы неде?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма  беру § 2.

V. Үйге  тапсырма.

§ 1 оқу, талдау.

 

 

2 тақырып. Діннің қалыптасуы мен ежелгі формалары.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға ежелгі діни нанымдар  туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру.
  2. Оқушылардың аналитикалық  ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету .
  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, діни–саяси мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастыру, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

 

 

 

 

 

Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар.


 

 

            «прамонотеизм»                      адамзат тарихындағы «дінге дейінгі  кезең»

  • «Прамонотеизм» концепциясы әлемдегі халықтар мен тайпалар әуелгі баста бір құдайға иланған, көпқұдайлық кейін пайда болды деген тұжырымға негізделеді.
  • «Дінге дейінгі кезең» теориясы алғашқы қауымдық құрылыста ешқандай дін болған емес деген қағидаға сүйенеді.

Көне діндердің пайда  болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар:

  • Эволюциялық көзқарас (Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығуы» теориясы, 1859ж.)
  • Әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы: дін–адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы)
  • Анимистік теория (Э.Б. Тайлор)
  • Функционалдық көзқарас (авторы–К.Маркс дін қоғамдық қатынастар жүйесінің бөлігі ретінде пайда болды деген тұжырымға келеді)

Ғылымда діннің көне наным нысандары бар:

Фетишизм (португал сөзі «ерекше қасиеті бар зат»).

Тотемизм (солт.Америка үндістерінің сөзі «оның тегі»).

Анимизм (лат. animus-жан, рух).

Магия (сиқыр, аяр, жады).

Жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенім. Ф. пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдіреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.

Т.құбылысын зерттеген  ғалым-дін социологиясының негізін  салушы Э.Дюркгейм діннің көне наным  нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген  тұжырым жасайды. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі, рәміз әрі ең басты құндылық. Сондықтан ол (құс, аң н/е өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы. Көне заманда тотем зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-баба аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. 

А. Жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады. А.- алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқы бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер ұғым орныққан.

Жаратылыстан тыс күш  шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін  құрайтын көнедегі нанымдардың бірі –магия немесе тылсым д.а. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген Дж.Фрезер. «Алтын бұтақ» еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным деген тұжырым жасайды. Магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды;

Леви-Брюль адамның ой келбеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, 1-сі логикалық ойлау заңдылықтары бойынша, 2-сі кездейсоқ және мүмкін болатын жаратылыс, жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына негіз болады;

Б.Малиновский «Магия, ғылым және дін» (1926 ж.);

Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету  тәсіліне қарай: 1)тікелей әсер ету, 2)инициалды(қол жетпейтін объектіге  әсер ету), 3)парциалды (тамаққа т.б. нәрселер арқылы әсер ету), 4)имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету); Мақсатына қарай: 1) әскери, 2)кәсіптік, 3)емдік болып бөлінеді.


III. Сабақты қорытындылау.

1. Прамонотеизм теориясының  негізі не?

2. Қарапайым діни нанымдар  дін бе, дін емес пе?

3. Тотемизм деген не?

4. Фетишизм деген не?

5. Анимизм деген не?

6. Магия деген не?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма  беру § 3.

V. Үйге тапсырма. § 2, инсерт әдісін қолданып, талдау.

 

 

3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға діннің негізгі формаларының құрылымы, функциялары мен рөлі, таралу аймақтары  туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және олардың білімі мен біліктілігін арттыру.
  2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету .
  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси-мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Ислам.

Ислам әлемдік 3 діннің соңғысы болып  есептеледі. Милади жыл санауы бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және пайғамбарымыз  Мұхаммедке (с.а.с.) Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын түсірген Араб жарты  аралында (Джазирату-л-араб), Хиджаз аймағындағы жақын шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінен бастау алған. Қазіргі кезде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 млрд. 300 млн. астамы Ислам дінін ұстанады. Қасиетті кітабы–Құран. Бүгінгі күні Европа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлықтарында кеңінен тараған ақиқат діні–Ислам.

Римдік католиктік шіркеуі.

Католицизм (грек сөзі katholikos–жалпыға бірдей, әлемдік) көбінесе, Батыс және Шығыс Европада таралған (Италия, Португалия, Польша, Франция, Чехия). Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігі ұстанады.

1 млрд. астам дінге  сенушілер католицизмді ұстанады. Католицизмнің Ватикан–біртұтас халықаралық орталығы бар. Ватиканның Конституциясына сәйкес жоғары заң шығарушы, атқарушы және сот билігі Рим Папасына берілген. Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» деп аталатын орденінің әсері зор (900 мыңға жуық монахтар мен монах әйелдер бар).

Информация о работе Сабақ жоспары