В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: көрнекті совет педагогы, талантты ұстаз В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді.
Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, керісінше теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.

Содержание

Кіріспе 3
1 В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық еңбек жолына шолу 5
1.1. В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен еңбек жолы 5
1.2. В.А.Сухомлинскийдің еңбектері 6
2 Оқу-тәрбие үрдісінде В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық мұрасын қолдану негіздері 8
2.1. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары, оның маңыздылығы 8
2.2. В.А.Сухомлинскийдің ұжым туралы педагогикалық көзқарасы 12
2.3. В.А.Сухомлинскийдің мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану 14
3 Айқындаушы эксперимент жұмысы 19
Қорытынды 23
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Сухомлинский.docx

— 79.34 Кб (Скачать документ)

           Педагогика тарихында балаларға  білім беру мен тәрбиелеудің  бірден – бір жолы, балалар  ұжымы екені баяғыдан дәлелденіп  келеді. Сондықтан да, қазіргі кезде  осы қағиданы ары қарай жалғастырып, бұдан да жетілдіре дамытудың  түрлі жолдары мен тәсілдерін  өзіміздің ізденісімізбен дәлелдеп, дамытуымыз керек. 

          Қоғамдағы балалар ұжымы ерекше  әлеуметтік орта мен жағдай, онда  тек жеке тұлға қалыптасып  қоймайды, сонымен қатар балалардың  қарым – қатынасы сапалы түрде  өзгеретінін білдік. Осы тұрғыда  ұжымды дұрыс ұйымдастыру және  құру негізінде, тәрбиелеудің басты  міндеттерінің бірі орындалынатынын  аңғардық.

           Бүгінгі біздің қоғамға, мемлекетімізге  мықты тәрбие құралы қажет. Сол  тәрбие құралы арқылы жас ұрпақты  тәрбиелеп дамыту, одан ары қарай  жетілдіру, өзін-өзі жетілдіру сапасына  жеткізу алғы шарт. Әрине  бүгінгі  таңда мектеп аясында республикалық  деңгейде танымдық – тәрбиелеу  бағдарламалары түр-түрімен жүргізілуде.

           Психологиялық тұрғыдан ең маңыздысы, ұжым бұл – қоғамдық ағза. Онда  балалардың қоғамдық байланыстары  туындап, сол арқылы олардың психикалық  дамуы жүреді. Кез-келген ұжымның  белгілеріне, оның әлеуметтік орта  екені тән құбылыс.

В.А.Сухомлинскийдің пікірінше ұжымда баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, оның белсенді дамуы жүреді деген. Кез-келген ұжымның орны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балалар ұжымында жеке тұлғалармен істес болады деп пайымдаған болатын.

           Оның пікірінше балалар ұжымының ерекше бейнесі – мақсаттардың бағыттылығы, яғни балалардың қарым – қатынасын туғызу арқылы, ұжымға кіру. Өсіп келе жатқан ұрпақты біріктіре отырып, балалар ұжымы тәрбиелік функциялардың құрамы мен жағдайы болып табылады. Балалар ұжымының ерекшелігі – ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарының құрған кезден көздеген мақсатарының бағыттылығында.

В.А.Сухомлинский ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.

Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты.

 Балалар ұжымы өсіп  келе жатқан адамды біріктіріп  отырып, бұл тұрғыда тәрбие функциясы  жүзеге асырудың шарты мен  құралын жұмсайды.

           Ересектердің алдына қойып отырған  басты мақсаты – балалар өзара  қарым-қатынас жасау арқылы, сол  қарым-қатынасқа деген қажеттілікті  туғызу. Балаларды қоғамдық мәселелерді  шешуге баулу арқылы жан-жақты  толық қанды қалыптасқан жеке  тұлға ретінде тәрбиелеп шығару.

 Міне, сондықтан біздің  ойымызша балалардың өзара қарым -қатынасында олардың жеке тұлғасын  қалыптастырудағы шешуші маңызы  бар. Педагог өзінің ұжым туралы еңбегінде айтқандай, кез – келген ұжымның өзіне тән дәстүрлері болады деген. Оның айтуынша: «Ұжым дегеніміз – жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплекс».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Әлімбаев Ж. Болашақ  бүгіннен басталады // Қазақстан  мектебі. – 2009. - № 10. – 16 – 18.

2. Әбиев Ж., Бабаев С.т.б. Педагогика /Алматы.-Дарын.-2004.-410бет.

3. Әбенбаев С.Ш.Тәрбие  теориясы мен әдістемесі /Алматы:Дарын. -2004.-152б.

4. Бабаев С.Б. және т.б. Педагогика: жалпы негіздері және  тәрбие теориясы /Алматы: Заң әдебиеті. – 2008.-124б.

5. Бабаева С.Б.Бастауыш  мектеп педагогикасы /Алматы. –Дарын. -2006.-350б.

6. Бегалиев Т.Б., Мұсаева  С.А. Жас ерекшеліктер педагогикасы /Астана. Фолиант. -2006.-268бет.

7. Даниярова Ж.Ш. Ұжым және  бала дамуы //Бастауыш мектеп.-2008.-№11.

8. Жұмашева Н. Балалардың  тұлғалық қасиеттерін дамыту // Бастауыш  мектеп., - 2003. № 10.- 64

9. Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы, 1974. – 5т. -490 бет.

10. Макаренко А.С Избранное  – М., 1973

11. Илина А. Педагогика / Москва. Проссвещение. – 1985. – 195.

12. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев  Р.М. Педагогика / Алматы. – 2000. – 213 б.

13. Омарова С.С. Ұжымның  оқушының жеке басын қалыптастырудағы  рөлі //Бастауыш мектеп. -2007.-№1.-22-23б.

14. Сабауова Э.Ф. Педагогикалық  шеберлікті қалыптастыру әдістері 

// Қазақстан мектебі. – 2004. - № 10. – 30.

15. Ынтықбаева А. Педагогикалық  іскерлік /Алматы: Дәуір. -1995.- 217.

16. Садықова Д. Жас ерекшеліктеріне  байланысты баланың жеке психологиясын  зерттеу // Сынып жетекші. – 2005. - № 1. – 3 - 5.

17. Совет-хан Б.Б. Педагогика  мен психология негіздері /Алматы. –Таймас. -2008. -400б.

18. Үстембаева Г.Н. Ұжымда  баланы тәрбиелеудің өзектілігі //Білім.-2008.-№11.-21-22б.

19. Шамшиева Н.Р. Балалардың  ұжымда тәрбиелеу жолдары //Бастауыш  мектеп.-2004.-№5.-13-14б.

 

 


Информация о работе В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері