В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: көрнекті совет педагогы, талантты ұстаз В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді.
Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, керісінше теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.

Содержание

Кіріспе 3
1 В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық еңбек жолына шолу 5
1.1. В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен еңбек жолы 5
1.2. В.А.Сухомлинскийдің еңбектері 6
2 Оқу-тәрбие үрдісінде В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық мұрасын қолдану негіздері 8
2.1. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары, оның маңыздылығы 8
2.2. В.А.Сухомлинскийдің ұжым туралы педагогикалық көзқарасы 12
2.3. В.А.Сухомлинскийдің мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану 14
3 Айқындаушы эксперимент жұмысы 19
Қорытынды 23
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Сухомлинский.docx

— 79.34 Кб (Скачать документ)

5-кезеңде ұжымдық шығармашылық  іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: «Қандай жұмыстар жақсы  атқарылды? Себебі неде?» «Не істелмеді? Неліктен?» «Келешекке нені ұсынамыз?»- деген сұрақтарға жауап алады.

6-кезеңде ұжымдық іске қорытынды  жасалғаннан кейінгі жиында айтылған  ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі  іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын  және бағыттарын белгілеу.

В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.

В.А.Сухомлинскийдің айтуынша: «Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардық өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек[17;64].

Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.

Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.

Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті - жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату.

Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады.

Негізгі белгілері:

•  сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.

•  балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.

•  басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.

Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудың  құралы.

Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді» - деген.

«Жоқ, ол кабинеттен шықпайтын ғалым болған емес. Ол жалынды да жігерлі, өзіне-өзі қайшы кенлгенше беріліп кететін жауынгер адам еді. Сухомлинский өз ойының жетегіне ергенде ештеңеден қаймықпайтын, шешілгенге дейін, өз пікірі қабылданған жалпы пікірге кереғар келер-ау деп қорықпайтын.

Әлі ешкім де ұжымды дәл В.А. Сухомлинскийдей жоғары бағаламаған, солай қарамаған болар. Бірақ ұжымшыл үшін кінәлі болып қалған оқушыға, дөрекілеу айтсақ, ешқашан тәртіп жағынан ықпал ету құралы болған емес, қайта кісінің жан-жақты дамуы мен рухани баюының қажетті шарты болды.

Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады.

Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

В.А.Сухомлинский ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.

Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты.

Шетелдік жүйе тәрбиесінен өткен кеңестік жүйе өзгешелігі — тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметі жетекші болып белгіленуінде. Кеңес мектебі әлемде бірінші болып, жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізіне ұжымды қалады.

Сөйтіп, тәрбие тәжірибесі мен теориясының дамуына деген көз-қараста үлкен қадам жасады.

Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды. Жаңа қойылған мақсаттар кіші және үлкен мәселелерді теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етті. Оларды шешуге В.А.Сухомлинский т.б. атақты педагогтар күш жұмсады.

Бірақ, кең көлемде көзделген тәрбие жұмыстары жақсы нәтиже бере қоймады, жақсы ойлар іске аспады. Көптеген жылдар бойы үстемдік еткен ұжымдық тәрбие біздің мектептерде адамды жаңаша тәрбиелеуге өзінің елеулі үлесін қоса алмады. Бұл нені көрсетті — идеяның нашарлығын ба, әлде оның өмір қажеттігіне сай келмегенін бе? өткенді ойлай келе, бүгінде адамның жеке табиғатын жасау идеясы нақты да қарапайым болып шықты. Бұдан мынадай қорытынды шығады: жекелей дамуды кемсіте не ұжымдауды әсірелеп, тәрбие ісін біржақты қателікке апаруға болмайды. Ұжымдық және тұлғалық үйлесім көп жағдайда тәрбие туралы дұрыс көзқарастар негізіне алынуы шарт[1;22].

 

 

 

2.3. В.А.Сухомлинскийдің мұрасын  оқу-тәрбие үрдісінде қолдану

 

В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану бұрында да және қазіргі таңда да өз мәнін және өзектілігін жойған емес. Педагогтың пайымдауынша оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет дей отырып, балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері мыналар деп көрсетті:

- қоғамдық  құндылық пен жеке тұлғаның  маңызды мақсатына бағытталған  бірлескен іс-әрекеті;

- ұжым  мүшелерінің еркін қарым-катынас  жасауы;

- ұжым  мүшелерінің бір-бірімен өзара  жауапкершілігі және тәуелділігі;

- өзін-өзі  сайлау органдарының болуы.

 Зерттеушілер  балалар ұжымдарының басқада  ерекшеліктеріне тоқталған, олардың  қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықтық, өзі басқару органдарының болуы, ұйымшылдық, адамгершілік, психологиялық ықыластық, тәртіп т.б.

В.А.Сухомлинкий: «Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды. Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет» - деген.

Ұстаз еңбегіне сүйенетін болсақ, жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау – ұстаздарды көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі.

Олай болса, әрбір мұғалім, соның ішінде сынып жетекшісі орта немесе жоғарғы дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс.

Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелілігі, оның даму заңдылығын қарай қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.

Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін, ұжымға тікелей әсер ететін тәрбиешілік шаралардың бір жүйеге бірігуі.

         Ал, мұндай интерацияға келесі  жолдар арқылы қол жеткізуге  болады:

1. Ұжымға тиісті болар  педагогикалық әсерлерді бірлікті  түрде (комплексті) пайдалану.

2. Күнделікті өмірде ұжым  мүшелерінің бір-біріне үнемі  және жан-жақты көмегінің болуы.

3. Ұжым өміріне және  оның жеке мүшелеріне жағымды  әсер ететін жағдайларды туғызу.

4. Оқушылардың өзін-өзі  басқару ісін кеңейту.

5. Ұжыммен жұмыс істейтін  барша ұйымның талпыныстарын  біріктіру.

Балалар ұжымын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруға болады. Егер де ондай жағдай жасалмаса балалар өздігінше топтасуы да мүмкін. Педагогикалық тұрғыда балалар ұжымын құруда педагогикалық басшылық немесе ықпал еткен абзал.

Бірінші тәрбиелік функция. Балалар ұжымының негізгі тәрбиелік функциясы – оқушыларды қоғамдық жүйенің қатынасына араластыру, тәжірибе жинақтау. 

Екінші тәрбиелік функция. Балалар қызметінің негізгі ұйымдастырушы түрі. Оқудағы, еңбектегі, қоғамдық, ойын қызметтері арқылы бала өседі, дамиды, білімге, еңбекке, қоғамдық қарым-қатынасқа ойын арқылы қарым-қатынас қалыптасып, машықтанады.

Үшінші тәрбиелік функция. Балалар ұжымында түрлі қарым-қатынас арқылы оқушылар өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауы қалыптасады.

Төртінші тәрбиелік функция. Балалар ұжымында кейбір нашар мінезді, қылықты, қоғамға жат істерді жеке оқушылар мен топтарға педагогикалық ықпал етеді, дұрыс жолға түсуіне көмектеседі.

В.А.Сухомлинский атап өткендей ұжымның өмірінде салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні бар. Ұйымдасып, дамып келе жатқан ұжымда балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтатын әртүрлі ынтымақтастықтың жолдары: салт-дәстүрлерді пайдаланып қолдану. 

Дәстүр, салт мектеп ұжымында да болады. Ол ұжымның тәрбиелік маңызы мен ықпалын күшейтеді. Мектеп ұжымының өмірінде дәстүрдің, салттың көптеген түрлерін байқауға болады. Мысалы: Наурыз мерекесін тойлау, ұлттық мерекелерді атап өту, бұлардың барлығы да ұжымда тәрбиелеудің бірден-бір құралы.

Оқу-тәрбие үрдісінде В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық қарым-қатынас теориясын басшылыққа ала отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру барысында мектепте оқушыларын жан-жақты дамыту болып табылады.Бұл жаста өсіп келе жатқан адам көп нәрсені түсініп алуы қажет, ал бұл үшін оның әрбір күнін барынша тиімді пайдалану керекті. Бұл жастағы негізгі міндет – қоршаған дүниені, яғни табиғатты, адамаралық қатынастарды – түсіну. Мектеп кезеңінде барша ақыл-парасаттылық, әлеуметтік және адамгершілік қасиеттер қарқынды дамып, олардың көбі бұдан былайғы өмір бойында өзгеріссіз бекиді.

         1. Моральдық нормалар мен мінез-құлық  ережелерін игеру. Баланы моральдық  жағынан тәрбиелеу мектептен  бұрын басталады. Алайда ол мектепке  ғана орындалуы үнемі де мақсатқа  бағытталып отыратын моральдық  талптардың айқын да кең жүйесіне  кездеседі. Осы жас оқушыларына  мінез-құлық нормалары, ережелерінің  аса кең жиынтығы үйретіледі, оларды олар мұғалім және үлкендермен  өзара қарым-қатынас жасаудың  түрлі жағдайында, сабақта, үзілісте, жолдастарымен араласқанда, қоғамдық  орындарда, көшеде болғанда басшылыққа  алуы тиіс.

          7-8 жастағылар бұл нормалар мен  ережелердің мәнін айқын түсінуге  бірақ оны күнделікті орындауға  психологиялық жағынан даяр. Бірақ  мұғалім, басқа үлкендер бұл даярлықты  дер кезінде пайдаланбайды. Балаға  талап қою, оны ұзақ «миына  құя отырып» мұғалімдер өздерінің  тапсырмларының шын мәнінде орындалуымен  барлық уақытта бірдей жүйелі  түрде және қатал тексеріп  отырмайды.

          Балаларда мінез-құлық нормалары  ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің  көңіл-күйіне, қалыптасқан жағдайға, өз қалауларына байланысты деген  сезім пайда болады. Баланың моральдық  өрісінің дұрыс қалыптасуының  ең қауіпті жауы – мінез-құлық  нормалары, ішкі қажеттер үшін  емес, қандай да бір сыртқы  жағдайлардың әсірімен, соның ішінде  жазаланамын деп қорыққандықтан  орындалуы керек ұғымы пайда  болады.

         2. Бастауыш сынып оқушыларының  өзара және мұғаліммен арақатынасы. Біріккен оқу процесінде балалардың  жаңа өзара қарым-қатынастары  қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше  аптадан соң 1 сынып оқушыларының  көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы  жойылады. Балалар бір партада  отыратын көршілерінің мінез-құлқына  байыппен қарай бастайды, өзі  ұнататын не мүдделері сәйкес  келетін бір сыныптас балалармен  қарым-қатынас жасайды.

          Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде  балалардың бір бөлігінде оларға  тән емес белгілер көріне бастайды (біреулері шамадан тыс тұйықтық, екіншісі – әдепсіз). Бірақ балармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді.

         Бастауыш мектеп оқушыларының  өзара қарым-қатынасына тән белгі  олардың достығы, әдетте өмірдің  сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ  мүдделер ортақтастығына (бір партада  отырады, бір үйде тұрады, шытырман  оқиғалы әдебиеттерге қызығады  т.б.) негізделеді.

 Оқушысының санасы  әзірше құрдастарының пікірі  өзін-өзі шын бағалаудың критерийі  болатындай деңгейге жетпейді. Бұл  жастағы оқушылар үнемі мұғалімнің  пікірі мейлінше елеулі және  үзілді-кесілді болып табылады.

          Оқушылар мұғалімнің беделін  сөзсіз мойындайды. Олар мұғаліммен  әртүрлі: кездейсоқта қарапайымнан  бастап өте маңызды да дара  себептермен сөйлемейді. Балалар  өздерінің қам-қарекетін, қиыншылыстарын, үйдегі оқиғаларын мұғаліммен  ашық бөліседі.

 Ренжіген жағдайда  кіші мектеп оқушысы мұғалімге  айтады, өйткені мұғалім барлығының  адамгершілік төрешісі ретінде  көрінеді.   

           3. Бастауыш сынып оқушыларының  эмоциялары, олардың жетілуі. Жаңа  мінез-құлық нормалары мен ережелерін  игеру кіші мектеп оқушылары  эмоцияларының ерекшеліктерін елеулі  түрде өзгертеді.

Әдетте бұл балалардың көпшілігінде теріс тебіреністерсіз өтеді және балалардың өздері оны жақсы қабылдайды. Мысалы, олар бір сыныптас балалармен жаңа достыққа қуанады, тапсырмаларға мақтанады, оларға бұл тапсырмаларды үлкен топтар береді, мектептегі мінез-құлық нормаларына жауапкершілікпен қарай бастайды.

Информация о работе В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері