В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: көрнекті совет педагогы, талантты ұстаз В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді.
Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, керісінше теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.

Содержание

Кіріспе 3
1 В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық еңбек жолына шолу 5
1.1. В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен еңбек жолы 5
1.2. В.А.Сухомлинскийдің еңбектері 6
2 Оқу-тәрбие үрдісінде В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық мұрасын қолдану негіздері 8
2.1. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары, оның маңыздылығы 8
2.2. В.А.Сухомлинскийдің ұжым туралы педагогикалық көзқарасы 12
2.3. В.А.Сухомлинскийдің мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану 14
3 Айқындаушы эксперимент жұмысы 19
Қорытынды 23
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Сухомлинский.docx

— 79.34 Кб (Скачать документ)

          Оқу іс-әрекеті біріккен іс-әрекеттерге  қатаң талаптар жүйесімен, саналы  тәртіппен, ырықты зейінмен және  ерікті есте сақтаумен байланысты. Мұның бәрі баланың эмоциялық  дүниесіне әсер етеді.

           Бастауыш сынып шағына әсерленген  кезде ұстамдылық пен түсінгіштік, қуаныш пен реніш жағдайларындағы  табандылықтың артуы байқалады. Бұл оқушылар өз көңіл-күйлерін  басқара алады, ал кейде әуелі  оны жасыра да алады (жасқа  тән белгі – психологиялық  процестердің еркіндігі осыдан  байқалады).

Бастауыш сынып оқушылары мектепке дейінгі балаларға, жеткіншектерге қарағанда неғұрлым байсалды. 8-10 жасар балаларға ұзақ, әрқашан қуанышты және сергек көңіл-күй тән.

          Сонымен қатар, кейбір балаларда  жаман ашуланғыштық, долданғыштық  жағдайлар да кездеседі. Олардың  негізгі себебі – талап қою  деңгейі, олардың қанағаттандырылу  мүмкіндіктерінің алшақтығы.

 Егер бұл алшақтық  ұзаққа созылса және оларды  жеңу не жеңілдету құралдарын  таба алмаса, онда теріс толғаныстар  мейірімсіз де ашу-ызалы сөздер, теріс әрекеттерге әкеледі.

          Мұндай эмоциялық бұзылуларды  болдырмауда мұғалім тәрбиеленушілердің  дара ерекшеліктерін білуі тиіс. Оқу қызметінің өзін іске асыру  кезінде қанағаттану білуге құмарлық  және масаттану сияқты сезімдер  қалыптасады.

           4. Ұжымда балалардың жеке басын  қалыптастыру. Ұжымшылдық – баланың  өзінің нақтылы іс - әрекетіне  көзқарасының бірден-бір маңыздысы  – қоғамдық іске шығармашылық  көзқарас, бірақ жеке өз тобының  ғана емес, жалпы топтық шығармашылық  көзқарас қажет.

           Ұжымшылдыққа тәрбиелеудің қандай  жолын таңдап алсақ та, ең бастысы  іс-әрекетке қоғамдық бағыт –  бағдар беру арқылы жалпы іске  шығармашылық көзқарас қалыптастыру.

  Балалардың бірі –  бірімен қарым – қатынас жасайтын, оқитын ұжымы, екіншісімен -  бірге  еңбек ететін, үшіншісімен – спорттық  клубтар немесе ұйымдар арқылы, төртіншісімен – сурет салатын, ән айтатын т.б, уақытша және  тұрақты ұжымдар болады. Мұндай  бірлестіктердің көп қатарлы  жүйесі әр бала өзі қанағаттанатын орнын табуға мүмкіндік алады.

  Сонымен қатар, В.А.Сухомлинский қол өнер туындыларын үйрету арқылы тәрбиелеудің мәні – ежелден мал шаруашылығымен айналысатын халықтың еңбегімен таныстыру деді. Сонда оқушылар еңбек процесінің мәнін, мазмұнын көз алдарына елестете отырып түсінеді. Халқымыздың ұлттық өнерімен тәлім-тәрбие жүйесінен бастау алған оқушылардың ұлттық тәрбиесі, оқудан тыс кезеңдерінде де жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан тыс кезеңдерде және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын жатқызуға болады.

Қорыта келгенде, В.А.Сухомлинский ұлы педагог А.С.Макаренконың мол педагогикалық мұрасын жалғастыра келе мынандай пікірге келген: «Ұжымшылдыққа тәрбиелеудің қандай жолын алып қарасақ та, ең бастысы іс-әрекетке қоғамдық бағыт-бағдар берудің жалпы іске шығармашылық көзқарасты қалыптастыру болып табылады» [8;59].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Айқындаушы эксперимент  жұмысы

 

          Мемлекеттік іс-тәжірибе барысында сабақта және сабақтан тыс балаларды ұжымда тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдерін көптеп қолданып, өзіміздің алатын мамандығымыз бойынша кәсіптік біліктілігімізді жетілдірдік.

             Курстық жұмысымның тақырыбына байланысты зерттеу жұмысымыз Семей қаласының №15 мектебінде өтті. Осы мектепте іс-тәжірибеден өту барысында эксперимент жұмысы өткен сынып 2М, ал бақылау сыныбы 2 Е сыныбын алдық.

 В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық  мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде  басшылыққа ала отырып, ұжымда балаларды тәрбиелеу жұмысын жоспарлаудық.

Ұжымда тәрбиелеудің басты  мақсатымыз – ұжымшылдық, тәрбие бағыттары негізінде балалардың өзін қоршаған адамдармен үйде, мектепте, қоғамдық ортада қарым – қатынас жасауға үйрету болып табылады.

 Ал, міндеттері:

1) Оқушының жеке тұлға  ретінде жетілу жолында өз  міндеттерінің күшті де, әлсіз  жақтарын тануға бағыт беру;

2) Шығармашылық қабілеттерін  дамытуға және өзара қарым  – қатынастық пен сыйластық, достықтың, бірліктің жағдайын жасау.

Тәрбиелік деңгейді жетілдіру барысындағы бағыттар.

  1. Ақыл-ой тәрбиесі - бар ғылыми пәндер, төл оқулық арқылы оқыту.
  2. Адамгершілік тәрбиесі.
  3. Ұлтаралық қарым-қатынас, сыйластық мәдениетіне тәрбиелеу.
  4. Еңбекке тәрбиелеу.
  5. Әсемдік тәрбиесі. Көркемдік қабілетті дамыту.
  6. Дене тәрбиесі. Гигиеналық тәрбие.
  7. Діни- рухтық тәрбие.
  8. Экономикалық тәрбие.
  9. Құқықтық тәрбие.
  10. Отбасылық тәрбие.
  11. Экологиялық тәрбие.
  12. Азаматтық  тәрбие.

  Эксперимент барысындағы ұжымдық шығармашылық істер:

         Ақпан – спорт айлығы.

         Наурыз – мерекелі, берекелі ай.

         Сәуір – «нарық еліне» сяхат ойыны.

Эксперимент жұмысының барысында оқушылардың ұжымдағы тәрбиелік деңгейін анықтауды жүргіздік. Оны мына таблицадан көруге болады. Алынған нәтижелер бойынша ұжымда тәрбиелеуді жүзеге асырдық.

Кесте 1. Балалардың ұжымдағы тәрбиелік деңгейі.

 

Критерийлері

Бағалау

39-45%-төмен, 45-55%-орта,

55-65%-жоғары

Жоғары

Орта

Төмен

1.

Білім алуға ынтасы (орташа бағасы)

     

2.

Қоғамдық жұмыстарға қатысы

     

3.

Тәртібі

     

4.

Ұжымшылдығы, жолдастығы

     

5.

Еңбекке қатысы

     

6.

Үлкенді, мұғалімдерді сыйлауы

     

7.

Эстетикалық мәдени деңгейі

     

8.

Спорттық мәдени дамуы

     

  9.

Шыншылдығы

 

       

 
 

10.

Адамгершілік қасиеттері

     

11.

Елжандылығы

     

12.

Белсенділігі

     

Кесте 3. Ұжымда жүргізілген тәрбиелік іс-шаралар.

Мақсат-міндеттері

Мерзімі

Ұжым бойынша тәрбиелік іс атаулары, жұмыс формалары мен әдістері

І

ІІ

ІІІ

ІУ

Мектеп өміріне бейімдеу, оқушы деген атқа лайық болуыға тәрбиелеу, білімнің адамның бақытты өмірі үшін мәнділігін көрсету.

І тоқсан

«Оқушы-

ның оқу еңбегіне қатынасы» танымдық әңгіме

«Білімді адам мыңды жығды» интеллектуал-

дық ойын

«Оқу инемен құдық қазғандай» операция

сы

«Менің сүйікті кейіпкерерім» көрініс

Жолдастық, достық ұғымының мәнін ашу, жолдастық және достық өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

ІІ тоқсан

«Оқушы-

ның жол

дастары-мен қарым-қатынасы» танымдық әңгіме

«Достық пен жолдастық» этикалық әңгіме

«Достар үшін» акциясы

«Жолдас

тық заңдары» ашық әңгіме сағаты

Адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.

ІІІ тоқсан

«Мейірімділік» танымдық әңгіме

«Ана мейірімі» әңгіме сағаты

«Қайырымдылық» көмек акциясы

«Инабат

тылық және батыл

дық» рухни ашық журнал

Оқу ұжымында өзара сыйлы қатынасқа үйрету, адамгершілік сезімдері мен тәжірибемен таныстыру.

ІУ тоқсан

«Ұжымдық қарым-қатынас» танымдық әңгіме

«Күш бірлікте» еңбек операциясы

«Сыйға-сый» құрмет көрсету сағаты

«Жақсы

ның жақсылығын айт, нұры тасысын» байқау орталығы


Ұстаздардың ұжымда балаларды тәрбиелеу жолдарының басты тәсілдерін іс-тәжірибе жүзінде  пайдалану жолдары әр түрлі болып келеді. Өйткені, тәрбиелеу мен оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отырғаны мәлім.

         Эксперимент жұмысының барысында  эксперимент сыныбы мен бақылау  сыныптарының арасында балалар  ұжымы бойынша мынандай тақырыпта  қосымша іс-шараларды өткіздік.

         Қаңтар – спорт айлығы:

1. «Көңілді эстафета»  жарысы.

2. «Ал, қанеки ұлдар!» сайысы.

         Ақпан – мерекелі, берекелі ай.

1. «Еркеайым» сайысы.

2. Наурыз мерекесі.

         Наурыз – «Нарық еліне» сяхат  ойыны.

Математикалық – КВН.

Кесте 4. Сыныптар арасында өткен сайыстардың нәтижесі.

Сыныптар арасында өткен сайыстар

Алған орындар

Эксперимент сыныбы

Бақылау сыныбы

1

«Көңілді эстафета» жарысы.

2 орын

1 орын

2

«Ал, қанеки ұлдар!» сайысы.

1 орын

2 орын

3

«Еркеайым» сайысы.

1 орын

2 орын

4

Сәуір – «нарық еліне» сяхат ойыны.

1 орын

2 орын


  Табиғатпен мәдени қарым – қатынасты қалыптастыру үшін, экологиялық мәдениетті дамытуға тырыстық. Сол үшін сабақтарда бір тума ақын, композитор туындыларындағы табиғат тақырыптарына арналған шығармаларымен тереңірек таныстырдық.

Қазақ поэзиясының алыбы Абайды табиғат бақылаушысы, суретшісі ғана емес, оны қорғаушының нағыз хас жауынгері болған деп білуіміз керек және ұрпақтар санасына жеткізу азаматтық парызымыз.

Оқушылардың табиғатқа деген  сүйіспеншілігін дамытуда:

          1) серуен және саяхатқа шығару;

          2) кітап оқу, сурет салу;

          3) серуен не экскурсиядағы көрген  білгені, бақылағаны туралы әңгімелеу;

          4) мұғалімнің түсіндіруі мен айтып  беруі, мұғалімнің балалардың берген сұрауына жауап беруін тәрбие құралы ретінде пайдалану.

Оқушыларды ауладағы ағаштар мен гүлдерді, бөлме гүлдерін суғаруға баптап күтуге үйрету арқылы өсімдіктер әлемінің қыр-сырын ұғындыра түсумен қатар, еңбекке баулуға тырыстық. Соған байланысты басқа елдердегі көгалдандыру мәселесі қалай жүргізілетіні туралы айтып өттік.

Мысалы: көптеген дамыған елдерге, Венгрияда арнайы гүл маманы тіптен жоқ екен. Себебі ол елдің заңына сәйкес әрбір азамат гүл өсіріп, көгалдандыруды өзінің міндеті деп есептейді. Ал, Жапонияда бірінші сыныптан бастап гүл өсіру мен көгалдандыру пәндік сабақ ретінде өткізіледі. Филиппинде әр азамат жылына аз дегенде алты ағаш егіп, көгалдандыруға ат салыспаса, азаматтығынан айырылады.

Міне, осындай мысалдардан-ақ біз көгалдандырудың әлемдік деңгейде қандай орны бар екенін көрсеттік.

Зерттеу жұмысымызда Василий Александровичтің эстетикалық тәрбие туралы көзқарастарын басшылыққа ала отырып, жалпы тәрбие жұмысының құрылымына эстетикалық тәрбие көздерін енгіздік. Оны мына сызбадан анық көруге болады.

 




 

 

 

 

 

 

  Осындай ұжымда  балалардың тәрбиелеуге бағытталған  жұмыстарды жүргізіп және оның  әдіс-тәсілдерін қолданып, олардың  бойында ұжымшылық, достық, жолдастық  қарым-қатынас, адамгершілік және  эстетикалық тәрбие мәселелері  дұрыс жолға қойылды.

 Соған байланысты, эксперимент  жұмысының барысында өткен барлық  іс-шаралар мен әдіс-тәсілдердің  нәтижесінде бақылау сыныбына  қарағанда эксперимент сыныбының  ұжымдағы тәрбиесі үлкен жетістіктерге  жетіп, жоғары көрсеткіштерді көрсетті. Оны төменде берілген диаграммадан  байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Сонымен курстық жұмысымыз қорытындылай келе, балалардың жеке басын қалыптастырудағы және тәрбиелеудегі ұжым рөлінің алғы шарттары мен маңызын В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде қарастыра отырып, сол бағыттағы педагогтың еңбектерін терең зерделеп, зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

          Жұмысымыздың бірінші бөлімінде  танымал совет педагогы В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен еңбек жолына шолу жасасақ, ал екініші бөлімде педагогтың педагогикалық идеялары мен педагогикалық мұрасын зерттей отырып, балалар ұжымын қалыптастырудың жолдары мен тәсілдерін қарастырдық.

          Жұмысымызда совет педагогының педагогикалық мұрасы мен еңбектеріне сүйене отырып, ұжымның балалар үшін бірден – бір тәрбие құралы екенін мойындаймыз.

Информация о работе В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері