Өз бетінше жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 14:50, дипломная работа

Краткое описание

Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1-4
І Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері.
1.1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-20
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориялық және әдістемелік жағдайы...20-29
ІІ Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары.
2.1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . 29-44
2.2. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .44-54
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері . . . . . . . . . . . . .54-60
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60-61
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 61-67
Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 67-70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазм-НЫ.doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

 

Өз бетінше дұрыс оқу

Балалар өз бетінше сыныптың екінші жартысында және үшінші сыныпта бірнеше сөз тіркестерін тұтас сөз тіркестерін, фразалық тіркестерді оқи алатын болады. Бірақ оқу үстінде интонациялық қате жіберу немесе мағынасына сүйеніп сөз тіркестерін қысқартып, жобалап оқу көп кездеседі. Бұның себебі, үшінші сыныпта қойылатын міндет пен талап сөзді тұтас оқу болғандықтан, тұтас оқуға тырысу әрекетінің күшті болуынан, яғни оқуға деген ынта бар да машықтың әлі қалыптаспағандығынан  белгілі бір фразаны, тіркестерді оқи білу машығы әлі жетілмегендігінен. Осы себептер әлі жетіле қоймаған оқушының оқуды дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді.

Бір буынды не бір сөзді оқушының неліктен қайталап оқитынын ілгеріде айттық. Сондықтан оқушының қайталауын мұғалім қадағалап ескерту жасап отыру керек. Мұғалімнен үнемі, үздіксіз ескерту естіген оқушы енді оны қайталмайды.

 

ӨЗ БЕТІНШЕ САНАЛЫ ТҮРДЕ ОҚЫП ТҮСІНУ

Оқушы оқыған материалдардың мазмұнын саналы түрде меңгерген болса, онда соның нәтижесінде оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс, адам, оның іс-әрекеті жөнінде көзқарасы пайда болды. Оқушы оқиғаны мәтіннің мазмұнын түгел меңгеріп, ондағы негізгі ой тірегін анықтап, оқылған әңгімедегі болған жағдайды, оның себебі мен салдарын суреттелген адамдардың іс-әрекеттерін, оның болу себебін, және қарым-қатынасын анықтай алады. Тұтас мәтіннің жеке бір бөлігіндегі ойды, автордың не айтқалы отырғанын түсіне алады. Сонымен қатар жазбаша тілдің ерекшелігін, тыныс белгілерін, түрлі көркемдігін, сөздердің қолдануын, дауыс ырғағын келтіруін анықтай алатын болады.

Оқылған мәтінді  өз бетінше саналы түрде меңгерудің бір жолы балалардың өз өмірінде көрген, білгенін, байқағанын, естігенін, оқығанмен ұштастыра білу.

Кіріспе әңгіменің барысында сабақ мерзімін үнемдеп, мәтін мәселесіне жете көңіл бөлу керек. Оқушының оқылатын мәтінді дұрыс қабылдап, оның мазмұнын саналы түрде меңгерту  мақсатына қажетте жұмыс түрінде саяхатта пайдалануға болады. Саяхатқа күні ілгері дайындалу керек ол сонда ғана нәтижелі болады. Ана тілі оқулығында берілген тақырыптарды оқушылардың түсініп оқуына бірден-бір мүмкіндік беретін нәрсе өз бетінше оқуды байланыстыру, өйткені бұл пәндердің арасында үлкен мазмұндық ұқсастық бар. Сонымен бірге, ана тілін Қазақ тілі пәнімен байланыстырып оқудың да пайдасы мол.

Оқушының оқу әдістерін жан-жақты жетілдіріп, қалыптастыру үшін мәтінді өз бетінше бірнеше қайтара оқу негізгі шарт. Осыған сүйене отырып, 3-сыныпта өз бетімен жоспар құрудың тиімді әдістерін меңгертуге болады. Мысалы: 3-сыныпта .Мұстафиннің “Көктемгі егіс атты” әңгімесін өткен кезде, оны бөлімге бөлдіріп, әр бөлімге оқушылардың өздеріне ат қойғызу керек. Ол үшін ең әуелі мәтінді түгел оқып, онда не туралы айтылғаны жөнінде сұрақ-жауап арқылы талданған соң, мұғалім мәтіннің бөлімдерін өзі көрсетеді де, оқушыларға тақырып қоþ керектігін ескертеді. Әрбір бөлімнің тақырыптарын тақтаға жазып қойып, соның ішінде ең дұрысы,бөлім мазмұнына сай келетіні қайсы дегенді талқыға салып, бірнеше бөліп, оларды тақтаға жазады. Оқу сабақтарында мәтіннің білімдік және тәрбиелік мәнін арттыру үшін мұғалімдер оқушыларды жұмысты дұрыс ұйымдастырып, олардың ой өрісін дамытуға іскерлігін арттыруға мүмкіндік беруге тиіс. Оқушыларды оқуға машықтандыру мақсатында үлкен тақырыптар бойынша өтілетін қорытынды сабақтардың мәні зор. Мұғалім әрбір оқу сабағын өткізуге арналған әзірлік кезінде осы жұмыстардың қай түрі оқылғалы отырған мәтіннің мазмұнына, жанрлық түріне лайық қлдануға болады дегенді күн ілгері ойланып алғанда ғана оқушыны саналы түрде түсініп оқуға қалыптастырады.

 

Өз бетінше мәнерлеп оқу

Бастауыш сырып оқушыларының дұрыс өз бетінше оқуын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады.

Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстарды анық етіп оқу.

Көркемшығарманың негізгі ой тірегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес.

Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз-сөйлеудегі,жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, болып табылады. Осыларды үйрету негізгі бастауыш мектептен басталады және қаланады.

Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап-ақ оқыған сөзінің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Мұғалім жеке сөзді, сөйлемдерді оқу кезінде оқушылардың тек оқып шықаннына қанағаттанбай, оның мағынасын ашуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма, соны анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осыдан кейін мұғалім оқушының берілген сөзді не мәтінді үстірт оқымай дауыс ырғағымен оқуын қадағалап отырады. Қазақ алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анық аталуына оқушыны жатықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды орындауға және артикуляциялық, жаттығулырды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға болады:

 

І кесте

әл,ал,ол,он,күл.

ел,іл,ет,ес,от.

 

ІІ кесте

ұйыр, үйір, жиыр, сүйір.

Тас, тос, төс, бас, бос.

ІІІ кесте

үшкір, тұмсық, сұр, шымшық.

Сордан, ұшты құрт шымшық т.б.

Бұл таблица бойынша оқығанда әуелі баяу, сонан соң жылдамырақ оқуды талап ету нәтижелі болады. Оқушылыр мұндай жаттығуларды бар ықыласымен беріле орындайды, әрі мәнерлеп оқуға жаттығады. Нәтижеде тіл дамыту жұмысы іске асып отырады.

 

Шапшаң оқу

Шапшаң оқуға үйретудегі мақсат – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзді дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді, демек шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініпақ тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да  ештеңе түсінбейді.

Бастауыш мектеп мұғалімі шапшаң оқуды барлық сабақтарда жүзеге асырып отырады. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында ол ең әуелі дауыстан әрі ырғағына келтіре оқуға баса назар  аударуға тиіс.  Содан соң балалардың денсаулығын сақтау мақсатында көзбен кітаптың ара қашықтығын белгілі мөлшерде ұстауға көңіл бөледі және қандай ырғақпен, қай жылдамдықта оқу керектігін өзі мәтінді оқып көрсетеді. Шапшаң оқуға оқушыларды күнбе-күн өз бетінше оқыту арқылы ғана дағдыландырамыз дедік. Ал мұның өзі оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуімен де тығыз байланысты. Сөйлеу мүшелерінің жетілуін, дами түсуін арттыру үшін айтылуы қиындау және қиын жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқытудың және оларды ойын түрінде қайта-қайта айтқызудың пайдасы аса зор. Бастауыш мектепте шапшаң оқу өз нәтижесін дауыстап оқу жылдамдығын минутына 58-72 сөз, түсініп оқу жылдамдығы минутына 90-95 сөз болғанда, әрі оқу кітабынан 8-10 өлең және шығарма үлгілерін жаттатқанда берері сөзсіз.

 

Сыныптан тыс оқу

Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы-сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай-қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әректіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныпиан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезінде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп, дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі.

Сондай ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. “Әліппе” және “Ана тілі” оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем шығармалардың идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кейіпкерлер іс-әректіне өзінше баға беруге жетелейді.

Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап-екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, олардың сан алуан қиялымен және армандарымен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыруға міндетті.

Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басыт да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара жымдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы әр қилы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады.

Қашанда ізденгіш балаларды жанымен жақсы көретін өзінің ұстаздық парызына адал оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті білімді болады.

Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргіз, олай жүргізбе деп айтудың, нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарыда айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуі, соны кеңейте түсуі ескерілген жөн. Мысалы, табиғатқа ондағы жан-жануарларға байланысты сабақ өтілгенде сыныптан тыс оқу үшін А.Сейдімбектегінің “Тауға біткен жалбыз” кітабынан бірнеше үзінділер ұсынуға болады.Атап айтқанда “Айқас” әңгімесіндегі жыландар мен құрбақалардың жан беріп, жан алысқан айқасын оқуға ұсынса бала дүниетанымының кеңи түсетіні даусыз. Осы арада айта кететін бір нәрсе “ойбай ол ересектерге арналған шығарма ғой, бала түсінігіне ауыр болады” деген жаттанды қағидадан аулақ болу керек. Себебі, психолог-лингвист ғалымдар дәлелдегендей мектеп жасына келген бала тілдің бүкіл фаналогиялық  жүйесін түсінеді.  Бағдарламалық материалға сай  белгілі бір жазушының не ақынның шығармасын өткенде сол жазушы немесе ақын туралы балалардың білгісі келетіні даусыз. Сондықтан оқытушы олар туралы (өмірбаяны, мекен жайы, қайда еңбек етеді, қандай шығармалар бар, олардан қайсысын оқуға ұсыну керек) өзі алдын-ала дайындалып келуге міндетті. Осымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің үнемі есте сақтайтын нәрсесі – сыныптан тыс жұмыстың тіл дмытумен байланысты екендігі. Себебі, оқу барысында балаларға түсініксіз сөздер, сөз тіркестер кездесуі мүмкін. Оларды түсіну үшін бала:

    1. Ата-анасынан не аға-әпкелерінен көмек сұрасын;
    2. Өзі түсінуге тырыссын. Ол үшін:

а) берілген үзіндіні қайта-қайта оқысын;

ә) мәтінді толық оқып шығып, ой қорытсын;

 

    1. сыныптан тыс оқуға берілетін мәтіндегі қиын

сөздерді, сөз тіркестерін мұғалім алдын-ала түсіндіріп жіберсін.

Міне сонда ғана оқушы дүниетанымы кеңейеді, тілі мен ойы, ойлау қабілеті қатар дамиды.  Ал бұл балалардың ынтамен жұмыс істеуі дағдысын қалыптастыруда аса зор қызмет етеді.

 

Кітаппен жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыру

 

Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:

а. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;

ә. Көрнекті құралдары, сþжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;

б. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;

в. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.

Балалардың оқу дағдысын қалыптастыруда оларға арналған “Балдырған” журналы мен  “ұлан” газетінің үлкен роль атқаратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды оқуға қызықтыру үшін мұғалім оларда жарияланған мақалалардан үзінділер оқып беріп, әңгіме-кеңес ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Егер оқу тарапынан не себепті газет не журнал, болмаса  кітап деп атаймыз деген сұрақ  туа қалса (ондай сұрақтың қойылуы әбден мүмкін), мұғалім бұлардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаларына кітапты қалай ұстау, қадірлеу, оқу керектігін үнемі ескертіп отырудың да артықшылығы жоқ.

 

Сыныптан тыс оқудың түрлері

Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың бірнеше жолдары бар. Атап айтқанда:

    1. Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап оқуы.

Балаларды өз бетінше оқуға үйрету, жаттықтыру

барысында мұғалім өзі дауыстап, мәнерлеп кітап оқып беріп, дұрыс оқудың үлгісін көрсетеді. Басым көпшілік жағдайда бастауыш сыныптарда көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, мазмұны қызықты болады. Мұғалімнің әсерлі дауысы оқушыны өзіне баурап алатындай немесе әңгіменің оқиға желісін балалардың көз алдына елестеейтіндей болуы тиіс. Мұғалімнің сыныптан тыс уақытта даустап кітап оқып беруі бастауыш сыныптың барлық сатысында, әсіресе, шағын комплекті мектептерде өте маңызды. Себебі ондай сыныптарда сабақ үстінде оқушыларды дауыстап,мәнерлеп оқытуға үйрету жұмысын ойдағыдай жүргізуге уақыт жетпейді.

    1. ұйымдасқан түрде кітап оқу.

Бұл жұмысты түрлі жолмен жүргізуге болады:

а) Бірлесіп дауыстап үйде оқу тапсырылады;

ә) Кітапты қай уақытқа дейін қанша бет оқу керектігі белгіленеді;

б) Сынып оқушылары түгел оқып шыққаннан соң, оқылған шығарманы талдау, ол туралы пікір алысу уақыты тағайындалады. Себебі,кейбір оқушылар ұйымдасып оқуға қатысқанмен, ойы басқа жақта отырады. Міне, сондықтан мұғалім жеке оқушылардың кітапта оқиғасын қандай қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін, кітаптың мазмұнына орай сұрақ қоþ арқылы бақылау жасайды.

“Сен нағыз қызық жерін тыңдамапсың, мына жерін қайтадан тағы оқып шықшы” деп тапсырма беру арқылы, оқушы өз кемшілігін өзі түсінетіндей бағыт беріп отыру қажет. Мұнда зеку, жеку еш нәтиже бермейді.

 

 

Көрнекті құралдар пайдалану арқылы

өз бетінше тіл дамыту

Бастауыш сынып оқушыларына ана тілін үйретуде, оны тереңдете меңгертуде және тілін дамытуда көрнекті құралдардың алатын орны ерекше. Себебі көрнекілік ойлауды және балалардың ойлағандары мен бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып жеткізе білуге, одан белгілі-бір логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады. Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану аясы өте кең: айнала қоршаған дүниені, яки тірі табиғатты тікелей бақылау, саяхат кезіндегі бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке колекциятүріндегі гербарийлер, жан-жануарлардың, құстардың тұлыбы, млдельдері, макеттері мен пано-рамалар (оқушылардың өздері пайдаланады), кинофильмдер, диафильмдер, мультфильмдер, картиналар, портреттер, оқулықтағы, газет-журналдардағы суреттер т.б.

Кинофильм, диафильм, мультфильм және т.б. көрнекіліктердің  өмір тәжірибесі аз, көп нәрселер мен құбылыстар жөнінде түсініктері кемелденбеген төменгі сынып балалары үшін орны бөлек. Мұндай көрнекті құралдар оқушылардың шығармашылдық ойлау қабілетін, білім-танымын дамытуға, тіл-байлығын арттыруға, жаңа білімді тез меңгеруіне зор ықпал жасайды. Міне, сондықтан да көптеген зор ойлы ұстаздарымыз сабақтың көрнекілікпен жүтгізілуіне ерекше мән беруде. Олар балаға таныс емес бес сөз үйретсең, ол оны үйрену үшін ұзақ уақыт босқа қиналатынын, ал сондай жиырма сөзді суретпен байланыстырсақ, оны оп-оңай тез меңгеріп біліп алатынын өз тәжірибелері арқылы дәлелдеп жүр.

Көрнекті құралдарды былайша пайдалануға болады:

Мысалы, оқушыларға теледидардан көрген фильмнен өз бетінше сурет салып келуді тапсыруға болады. Мұндай тапсырманы   2-ші, 3-ші сыныптың оқушылары зор ынтамен орындайды, мұғалімнің көмегімен көрген фильмнің мазмұнын эпизодтарға бөліп, оларға тақырып қояды. Тапсырма орындалып болған соң, ол тексеріліп, сәтті қойылған тақырыптар тақтаға жазылады, оны оқушылар дәптеріне көшіреді.

Информация о работе Өз бетінше жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларын қалыптастыру