Өз бетінше жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 14:50, дипломная работа

Краткое описание

Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1-4
І Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері.
1.1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-20
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориялық және әдістемелік жағдайы...20-29
ІІ Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары.
2.1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . 29-44
2.2. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .44-54
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері . . . . . . . . . . . . .54-60
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60-61
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 61-67
Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 67-70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазм-НЫ.doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

Алынған мультфильмдер, диафильмдер өтілетін тақырыпқа дәл сәйкес келетін болуы керек және олардың мәтінді оқу алдында көрсетілгені дұрыс.

Бастауыш сынып оқушыларына диафильм мен мультфильмдерді көрсетудің мәні зор. Бұларды тіл дамыту үшін көрсетілген материалды көрнекті түрде жеке ұғындыру мақсаттарында жиі қолдануға болады. Диафильм мен мультфильмдерді қолданғанда ғана оқушылардың көру есту түйсіктері қатар қатысады. Қорытындысында оқу материалының мазмұнын жақсы түсініп, есінде берік сақтауға септігін тигізеді. “Егін жинауға”, “Мереке алдында”, “Сиқырлы сөз”, “Ақсақ құлын” т.б. диафильмдерімен мультфильмдерді пайдалануға болады. Бұл арада оқушыларға сұраулар қоþ олардың қойылғын сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруін, онда да бір сөзді бірнеше рет қайталамауын қадағалау керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін

жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері.

Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының түрлері көп. Ол оқушының өздігінше істейтін жұмысы, оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету деген сияқты сан құбылтып айтылып та, жазылып та жүр. Мұның бәрін сөз болып отырған жұмыс түрінің мәніне, өзіндік ерекшелігіне мән бермеуден, оны сырттай жалпылама түсінуден туған жағдай деуге болады.

Ал атау, әрине, өзі атағалы отырған нәрсенің мазмұнына, ерекшелігне , анықтамасына сәйкес болу керек. Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары дегенімізарнайы бөлінген уақыт ішнде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш-жігерін жұмылдыра отырып шешуі және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған өздігінен істейтін жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой күш- жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. Олай болса, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары, өздіктерінен орындайтын жұмыстары т.б. деп түрліше құбылтып қолдану дұрыс болмайды. Сондықтан анықтамаға сәйкес көбірек келетін бір ғана атауды таңдап алып орнықтыру керек.

Енді қолданылып жүрген балама сөздерді саралап көрейік. Мысалы, “оқушылардың өздері істейтін жұмыс” дегенді алайық. Бұл атаудан жұмыстардың түрлері де, сипаты да, оған оқушылардың қатысы да айқын танылмайды. Ал  “өз бетімен істейтін жұмыс” десек, онда бұл жұмыс түріне ешкімнің басшылығынсыз, тапсыруынсыз оқушылардың ойларына келген, кез келген уақыттағы өз еркімен істеген жұмыстарының барлығы жатады екен деген ұғым тууы мүмкін . Бұл, әрине, бір жақты түсінік. Сондай-ақ өздіктерінен орындайтын жұмыстар дегшенді алсақ, онда өздігінен шешуге оқушының алдына міндет қойылатыны және оны шешу үшін оқушы саналы түрде өзінің ақыл-ойын жұмсап, қимыл-әрекет жасайтыны ескерілмей қалуы ықтимал.

Сондықтан оқушыларға өздігінен жұмыс істеу әдісінің анықтамасы мен шартты ескере отырып, оны оқыту процесіндегі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары деп атаған жөн деп білеміз.

Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары

педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты ұйымдастыру формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады.

Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың

оқыту процесіндегі өздігінен істейтін жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан  талдай келе әрбір оқу пәнінің мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның төрт типін анықтайды. Бұл типтер жоғары кластарда қазақ әдебиеті пәнін оқыту методикасына толық жауап береді. Олар:   

Бірінші, үлгі бойынша өздігінен істейтін жұмыстар . Бұл жұмыстар – мазмұны әр-түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырлатын жаттығулар.

Екінші, өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интелектілік жұмыстар.

үшінші, өздігінен істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады. Проблемалық мазмұнды болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.

Төртінші, өздігінен істейтін твор÷естволық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өздігінен жұмыс істеудің ең жоғары сатысы болып табылады.

Бұл аталған өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу, твор÷естволық жұмыстар деп топтастыруға болады.

 

          Тіл дамытудағы ойынның ролі

Ойын арқылы да оқушылардың тілін дамытуға болады. Тіл дамытуда ойынның алар орны ерекше. Ойын балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігімен шығармашылдық және имандылық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Мұның бала тәрбиесімен айналысып жүргендердің барлығының естерінде болуы керектігін көптеген ғалым-педагогтар, әдіскер ұстаздар өз еңбектерінде талай рет атап көрсеткен болатын. Бастауыш мұғалімдері оқыту процесінде оқушылардың өз беттерінше орындалатын жаттығуларға оқушыларды қызықтырып, әр-түрлі ойындарды пайдалану арқылы тартымды элементтерді енгізудің қаншалықты тиімді екенін біледі.  Дегенмен, ойындардың тиімділігі мұғалімнің оларды сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауына, оны пайдаланудың теориясы мен тәжірибесін жетік игеруіне, шеберлік танытуына, қажетті материалдардың жиынтығын күні бұрын дайындап алуына , оқушыларды сабаққа қатыстыруына байланысты екендігі үнемі есте болған абзал.

Дидактикалық ойындардың шартын орындау процесінде балалар көптеген мағлұмат алады, әр түрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгереді. Кейбір ойындарды оқушылардың орындау іс-әрекеті басым болады, себебеі олар мұғалімнің нұсқауын басшылыққа ала отырып әрекет етеді.

Шығармашылдық, сþжетті-рольдік, тұрмыстық, спорттық қимылды сөздік ойындардың ішінен қажеттісін іріктеп ала білу ұстаз шеберлігіне байланысты. Алайда, ойынның қайсысын болмасын, әр оқушының белгілі бір деңгейде қатысуына ерекше көңіл бөлу керек. Ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындайтын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай да ойындарды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мол жолдары да жан- жақты ойластырылуы қажет. Сонымен бірге, ойын кезіндегі көрнекілік түрлерін де, оларды сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп отыруды да ескеру керек.

Ойынды сабақ процесіне енгізе отырып, мұғалім “ойна, бірақ ойла” деген халқытық қағиданы үнемі есте сақтауға тиіс. Мұндай ойындарда мынадай қасиеттер: мазмұнының тәрбиелік-тианымдық құндылығы; ойын барысының дұрыс түсіндірілуі; таңдалып алынған ойын түрінің оқушыларға үйретері молдығы және шығармашылық сипаты; жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білу; ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану; балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл-күйлері ескеріледі. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды және олардың қазақы үрдісте қалыптасуына көп әсер етеді. Ойынды негізінен, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ой, адамгершілігін, имандылығын арттыру мақсаттары үшін пайдаланады.

Ойын үстінде қайсыбір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Баланың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге, пікірін жатық та анық, дәл бере білуге көмектесуі керек. Ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймай, олардың өзінше белсенді танымдық іс-әрекет формасы да болып табылады. Мысалы, “Кім қандай мамандықты қалайды?” ойынын алайық. Сиқырлы қалтаның ішіне мамандық иелері бейнеленген кесте суреттер салынады. Тақтаға шығарылған оқушы бірнеше суреттің ішінен өзіне ұнайтын мамандықты бейнеленген суретті таңдап алады.Қалтада ұшқыштың,  жүргізушінуң, шахтердің, шопанның, дәрігердің, мұғалімнің, шаштараздың, азпаздың т.б. суреттері бар. Ойынға қатысушы оқушылар “Бұл кім? Не істейді?” – деген сұраққа жауап береді. Ойын жарыс түрінде өткізіледі. Соңында мамандық туралы тақпақтар оқылады.

Ойынның мақсаты: үлкендердің еңбегін құрметтеуге, еңбек сүйгіштікке баулу. Мамандықтың бәрі жақсы, оқу, білім алу еңбекпен келеді, еңбекті сүй деген ұғымды меңгерту.

Тағы бір ойын түрі “Сөйлем ойла” деп аталады. Бұл ойынға арнаулы орын іздеудің қажеті жоқ. Себебі бұны барлық бастауыш сыныпта өткізуге болады.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, жүйелі, мәнерлі сөйлей білуге дағдыландыру, яғни сөз таңдап, орынды қолдану, ойды дәл жеткізуге жаттықтыру.

Ойын ережесін мұғалім былай түсіндіреді. “Мен бір сөз айтып, қасымдағы балаға доп беремін”. Ол бала мен айтқан сөзді қосып бір сөйлем айтуы керек. Мысалы: “қызыл” деген сын есім оқулықта жиі кездеседі.Сол сөзді айтамын. Ол “Апам қызыл көйлек сатып әкелді”,– дейді де “көйлек” деп допты өз көршісіне береді. Көршісі: – Қызыл көйлек маған ұнады, - дейді де, кез келген бір сөз айтып, допты көршісіне ұсынады. Ойын әрі қарай жалғасады. Бұл ойын алғашқы кезде мұғалімнің басшылығымен өткізіледі де, балалар ойын шартын дұрыс түсініп, ойнауға жаттыққан соң ойынды әрі қарай өз беттерімен жүргізеді.

Сþжетті ойындар: “Қай ертегі қонақта?” ойыны. Ойын бастауыш сыныптардың “Ана тілі” сабағында жүргізіледі.

Ойын тәртібі: Қатысушы оқушыларға ертегі кейіпкерлеріне жасалған сурет не ойыншықтар үлестіріп беріледі.

Мақсаты: “Түлкі мен бөдене”, “Қарға мен түлкі”, “Балықшы мен балық”, “Аңқау арыстан”, “Қызыл телпек” және т.б. ертегілердің суреттерін балаларға үйлестіріп беріп, қай ертегінің кейіпкері екенін тапқызу, әр кейіпкердің іс-әрекеті жөнінде үзінділер, әңгімелер айтқызу.

Қай оқушы өзіне тиісті кейіпкерді іс-әрекетіне қарай дұрыс сипаттап, жүйелі әңгімелесе,сол оқушы жеңген болып есептеледі.

Тағы бір ойынның түрі – грамматикалық ойындар. Грамматикалық ойындар арқылы бастауыш сыныптардағы “Қазақ тілі” сабағының қайсысына болса да аз-кем өзгеріс енгізуге болады. Осы ойын элементтерін сабақта орынды пайдалану 1-4 сынып оқушыларының материалды терең де жан-жақты игеруіне көп себін тигізеді.

“Қазақ тілі” сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа сабақты түсіндіру, өткенді қайталау кезінде 2-5 минуттың көлемінде жүргізіледі. Алғашқы кезде ойынды мұғалім өзі өткізеді. Кейін оқушылар ойынға жаттыққан соң ойынды өздері жүргізетін болады. Грамматикалық ойынға қажетті кесте, тілше, суреттерді қол еңбегі, бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың өздеріне жасатқан жөн.

 

Сөздік жұмыстары арқылы тіл дамыту

Сөздік жұмыс сөйлем құрауға материал береді. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.

Сөз – тілдің негізгі өлшемі. Сөзбен нақты нәрселер аталады. Адамның сезімі мен мақсаттары беріледі.

Бастауыш сыныптарда “Ана тілі” мен “Қазақ тілі” сабақтарында оқушылар күн сайын дерлік мағынасы таныс емес жаңа сөздерге кездесіп отырады. Мұндай сөздерді түсіндіру мақсатымен сөздік жұмыстары жүргізіледі. Мектептегі  сөздік жұмысының ерекшелігі тіл дамытудың тағы басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Оқушылар сөздік лексикалық мағынасын ұғынады. Сөздік жұмысының мәнісі – оқушыларға таныс емес сөздерді арнайы дәптерге жаздырып, ол сөздің жанына түсініктемесін жаздыру. Мысалы:

Бөле – анамның әпкесінің не сіңілісінің баласы.

Автовакзал – автобус тоқтайтын жер.

Жиен – әпкемнің баласы.

Беймәлім – белгісіз т.б.

Сөздік дәптерлерін бұл сөздерді әліпби (альфавит) ретімен жазғызып үйреткен жөн. Әр әріпке дәптердің бір-екі парағын арнап, жаңа сөзді сол әріп тұсына жазып отыру керек.

Балалар жасына қарай әр кезеңде әр-түрлі сөздер біледі. 3-7 жасқа дейін – үш жарым төрт мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген соң оқушылар 7-12 мыңға дейін сөз білетін болады (қараңыз: молдабеков, 1985). Күніне орта есеппен алғанда 5-8 жаңа сөз үйренеді. Бастауыш сыныптың балаларының өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразелогиялық сөз тіркестерін білу арқылы тілі дамиды.

Қазақ тілінде де жазылуы қиын сөздер аз емес. Жазды гүні немесе жаздыгүні деп жазатын оқушылар жиі кездеседі. Міне, осындай сөздердің дұрыс жазылуын сөздік дәптерге тігіп отыру керек. Мысалы: түзу, (дүзу емес), жүзік (дүзік емес), аяз (айаз емес) т.б.

 Оқу сабақтарында сөздік жұмыстарына уақыт бөлінбейді, дегенмен ол үшін сабақтың өн бойынан орын бергені мақұл, немесе үйде өз бетінше орындайды. Оқушылардың мәтінді дұрыс қабылдауы үшін, сөздік жзұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалыға, 1-сыныптың “Әліппе”, “Қазақ тілі” оқулықтарында кездесетін автовокзал, перрон, метро, вокзал, эксковатор, фонтан тағы сол сияқты сөздерді түсіндірмесе біраз оқушылар осы сөздері бар мақалаларды, жаттығуларды дұрыс қабылдай алмайды.

Сөздік жұмыста сөз мағынасын түсіндіріп қана қоймай, балаларға сол сөздерді өмірден мысалдар келтіре отырып, байланыстыра сөйлеуді үйрету басты мақсат.

 Міне, сондықтан да бастауыш сыныптарда мәтінді кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі.

    1. Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде.
    2. Шығарманы оқу барысында.
    3. Оқып б<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_0435_043a_0441_0442__Char" style=" f

Информация о работе Өз бетінше жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларын қалыптастыру