Экономикалық теория пәнінен өздік жұмыс тапсырмалары
Контрольная работа, 27 Декабря 2012, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қоғамдық шаруашылықта сапалы әр түрлі кезеңдерінде өндірісті дамытудың өндіру күшінің жағдайын көрсететін және оның кооперациясы мен еңбектің қоғамдық бөлінуі көзқарасы тұрғысына, бөліну дәрежесі немесе меншік қатынастары мен өндірушінің бірігу, экономикалық үдерістерін ынталандыру ерекшеліктері мен мәніндегі өндірістік қатынастар мен экономиканың жалпы нысаны тән.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Экономикалық теория пәні бойынша ӨЖ.doc
— 133.50 Кб (Скачать документ)Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Экономикалық
теория пәнінен өздік жұмыс
ӨЖ №1.
Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен дамуының негізгі факторлары
- Шаруашылықтың натуралды және тауарлық нысандары.
- Тауарлық шаруашылықтың пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктері
- Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- Ақшаның пайда болуы және оның мәні.
1.Шаруашылықтың натуралды және тауарлық нысандары
Натуралды
шаруашылықтың ерекшеліктері;
Шаруашылық нысандарын айыру критерийлері:
а) өндіріс
пен тұтыну арасындағы
ә) жеке
еңбекті қоғамның жиынтық
б) экономикалық қызметті үйлестіру тәсілі; (С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов, «Экономикалық теория» )
Қоғамдық
шаруашылықта сапалы әр түрлі
кезеңдерінде өндірісті
Қазіргі
заманғы экономикалық теория
өндірісті ұйымдастыруды үш
Еңбек өнімдері өндірушінің өз тұтынуын қанағаттандыру үшін, ішкі шаруашылық қажеті үшін шығарылатын материалдық игіліктерді өндіру, шаруашылықтың осындай нысаны болып табылады. Натуралды шаруашылықтың материалдық негізі әлсіз, қоғамдық еңбекті бөлінуінің дамуы төмен болады.
Табиғи өндірістің ерекшеліктері:
- жинақы жұмыс күшінің жоқтығы;
- жергілікті бірлік шегіндегі экономикалық үдерістердің тығырыққа тірелуі;
- өндірістің шектелген мақсаты – жеке тұтынушылықты қанағаттандыру.
Тарихта шаруашылықтың
натуралды нысанының көп
Натуралды шаруашылық өндіріс пен тұтыну тікелей қосылған, ал қызметті үйлестіру патриархалды дәстүр мен еңбек экономикадан тыс мәжбүр ету негізінде іске асырылды.
Авторлары
С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин,
Натуралды шаруашылық – бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру - экономикалық қатынастардың жүйесі.
Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар:
- ұйымдастыру - экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы.
- ерекшеленген түрге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі.
- өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байланыстар. Ол мынадай формула бойынша дамиды: «өндіріс - бөлу - тұтыну». Яғни жасалған өнім айырбасқа түспестен өндіріске қатысушылар арасында бөлініп, тұтынуға түседі.
Ж.Х.Ғабиттің
«Экономикалық теориясында» натуралды
шаруашылықты сонымен қоса, дәстүрлі
экономика деп атаған. Және онда
натуралды шаруашылықтың мынада
Енді
осы шаруашылықтан тауар –
ақша шаруашылығына өтудің
Натуралды
шаруашылықтың тауар
Ал енді
Ө.Қ.Шеденовтың «Экономикалық
Өндірісті
ұйымдастырудың натуралды түрі
қазіргі жағдайда да орын
2. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.
Шаруашылықтың ең кең тараған нысаны тауарлы шаруашылық болып табылады. Онда өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс, экономикалық қызметті үйлестіру бәсеке жағдайында рынокта тауарларды сатып алу – сату жолы арқылы іске асырылады.
Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру – экономикалық қатынастар жүйесі.
Қазіргі қоғамдық өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлісі өндірістің өсуімен барынша көп түрленеді және ішкі сапалық мамандандыруды айтуға болады. Машина жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кең ауқымды: энергетикалық машина жасау, көліктік машина жасау, тракторлы машина жасау және т.б.Жеңіл өнеркәсіпте: текстиль, тоқыма, тігін өнеркәсібі және т.б. Тамақ өнеркәсібінде: нан жабу, қант, кондитерлік тағамдар, шай, шарап, ет және сүт өнеркәсібі және т.б.
Тарихи тағлымның көрсеткендей, тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:
- бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
- алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы;
- тауар өндірушілердің оқшаулануы(отбасының қауымдастықтан экономикалық оқшаулануы).
Тауарлы шаруашылыққа тән :
А) Ұйымдастыру – экономикалық қатынастардың анықтығы;
ә) еңбекті бөлу және оның әсерінен тауар айырбасы жүреді;
б) өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама, делдалдық байланыстар.
Ол «өндіріс – айырбас - тұтыну»формасы бойынша дамиды.
Тауарлық қатынастардың пайда болуындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайлар:
- Еңбекті қоғамдық бөлу мен тауар өндірушілердің мамндануы.
- Бір – бірінен экономикалық ерекшеленуі.
- Өнімді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланысы.
- Тауарларды сату және сатып алу.
Тауарлық өндіріс алғашқы қауымдастық құрылыстың құрылуы жағдайында пайда болды, сөйтіп, алғашқы еңбекті қоғамдыққа бөлу кезінде, жеке меншіктің тууына әкелді. Әуелі әр түрлі қауымдастықтар, содан кейін, қауымдастықтың бөлек мүшелері сол уақыттағы елеулі еңбек өнімділігінің өсуіне әкелген, түрлі өндірістік қызмет түрлерімен айналыса бастады, яғни, айырбастың дамуына келтірген, өндірушілерде артық өнімнің пайда болуына себеп болды. Өндіріс құралдарын жетілдіру жеке меншіктің пайда болуына әкеліп, жеке шаруашылыққа көшуге мүмкіндік берді. Жеке өндірушілермен өндірілген еңбек өнімдері тауарға айналып, өз араларында айырбасқа жүреді және еңбек қоғамдық сипат алады. Тауар – бұл сатып алу – сату жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі болып табылады.
Тауар
өндірісін жай және
- еңбекті қоғамдық бөлу;
- өндіріс құралдарына жеке меншік;
- рынокта өткізу үшін арнаулы өнім жасау.
Айырмашылықтары:
- жай тауар өндірісі тауар өндірушінің жеке еңбегіне негізделеді. Ал,капиталистік жалдамалы еңбекті пайдалануды болжайды;
- жай тауар өндірісінде еңбек өнімі шығару кезеңінен бастап, рынокта өткізілуге дейін тауар өндірушіге тиісті. Капиталистік тауар өндірісінде шығарылатын еңбек өнімі тікелей тауар өндірушіден – жұмысшылардан иесіздендіріледі – және ол капиталиске тиесілі.
Капиталистік тауар өндірісі 17 – 19 ғасырларда еркін бәсекелестік жағдайы болған және 20 ғасырда ұйымдастырылған рынок жағдайы болды. Осыны төменде келтірілген кесте бейнелейді.
Капиталистік тауарлы өндірістің ерекшеліктері
18-19 ғғ. капитализм |
20ғ. екінші жартысындағы капитализм |
Фабрика шеңберіндегі өндірістің қоғамдастырылуы |
Ұлттық және көп ұлттық көлемде шаруашылықтардың елеулі бөлігінің қоғамдастыруы және мемлекеттендірілуі |
Мемлекет араласпайтын, еркін рынок негізінде жеке капиталдардың өзін - өзі реттеуі |
Жұмыссыздық пен
дағдарыстың алдын алу үшін тұтынушының
сұранысымен ұсыныстарын |
Жеке тұлғалы кәсіпкер - капиталистердің экономикалық қызметі |
Жеке, кооперативтік акционерлік және мемлекеттік кәсіпорындардан алынған «аралас экономика» |
Жұмыссыздық, ауырып қалу және кәрілік жағдайында еңбекшілердің толық әлеуметтік қорғалмауы |
Әлеуметтік
қамтамасыздандыру мен |
3. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
Тауар – бұл нарықта басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық. Тауардың негізгі 2 қасиеті болады: пайдалылық және құн. Осыған байланысты экономикада К. «Құн теориясы» мен Карл Менгер негізін қалаған «Шекті пайдалылық теориясы» бар. Осыларға тоқталып өтейік.
Құнның еңбек теориясы
Құнның еңбек теориясының негізгі мазмұны (Уильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Карл Маркс) келесідей қағидалардан көрінеді:
1.Рыноктық айырбастың түрлі өнімдері ішкі мазмұнға – құнға ие. Сондықтан болар белгілі бір айырбас пропорциясында бір – біріне теңестіріле алады.
2. Барлық
тауарлардың құны тауар
Құн – тауарға енгізілген қоғамдық еңбек.
3.Құнды құрайтын
еңбектің өзі оның күрделілігі
немесе сапасы бойынша
- Еңбектің ішкі өлшемі бар, ол – жұмыс уақыты.
- Жеке жұмыс уақытын (қызметкер, кәсіпорын) және қоғамдық қажет жұмыс уақытын (рыноктық) бөліп көрсетеді. Тауар құны жұмыс уақытының қоғамдық қажеттігімен анықталады.
- Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – бұл төменде көрсетілген кезеңдерде өнімдерді дайындауға жұмсалатын уақыт.