Зертханадағы қауіпсіздік ережесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:09, реферат

Краткое описание

Лабораториялық жұмыстар студенттің болашақта тәжірибелі маман болып шығуына үлкен септігін тигізетін негізгі оқу базасы болып табылады, сондықтан да бұл жұмыстардың орындалуын жетік меңгеру керек. Лабораториялық жұмыс жасамас бұрын ең алғаш техника қауіпсіздігімен танысу керек және келеңсіз жағдай бола қалса алғашқы көрсете білу.Осы сіздердің алдарыңызға ұсынылып отырған жұмысымда сол келеңсіз оқиғалардың алдын алу және зардаптарымен қалай күресу керектігі жазылған.

Содержание

І. Кіріспе бөлім.........................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім...................................................................................................4-10
2.1. Зертханадағы жұмыс тәртібі...........................................................................4
2.1.1.Зертханада орындайтын сақтық шаралар.................................................4-5
2.2.Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі.....................................5
2.2.1 Таразыда өлшеу ережелері……………………………….........................5-6
2.2.2. Қыздыру аспаптары.......................................................................................6
2.3. Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.....................................6-7
2.3.1. Химиялық күйіктер....................................................................................7-8
2.3.2.Зертханада алғашқы жәрдем көрсету.....................................................9
2.3.3.Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі көмек…...….9-10 ІІІ. Қорытынды бөлім............................................................................................11 ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................12

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф охсар.docx

— 91.84 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

І. Кіріспе бөлім.........................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім...................................................................................................4-10

2.1. Зертханадағы жұмыс тәртібі...........................................................................4

2.1.1.Зертханада орындайтын сақтық шаралар.................................................4-5

2.2.Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі.....................................5

2.2.1 Таразыда өлшеу ережелері……………………………….........................5-6

2.2.2. Қыздыру аспаптары.......................................................................................6

2.3. Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.....................................6-7

2.3.1. Химиялық күйіктер....................................................................................7-8

2.3.2.Зертханада алғашқы жәрдем көрсету.....................................................9

2.3.3.Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі көмек…...….9-10                                  ІІІ. Қорытынды бөлім............................................................................................11                                                                                                                ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   Лабораториялық жұмыстар  студенттің болашақта тәжірибелі  маман болып шығуына үлкен  септігін тигізетін негізгі оқу  базасы болып табылады, сондықтан  да бұл жұмыстардың  орындалуын  жетік меңгеру керек. Лабораториялық жұмыс жасамас бұрын ең алғаш техника қауіпсіздігімен танысу керек және келеңсіз жағдай бола қалса алғашқы көрсете білу.Осы сіздердің алдарыңызға ұсынылып отырған жұмысымда сол келеңсіз оқиғалардың алдын алу және зардаптарымен қалай күресу керектігі жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

2.1. Зертханадағы жұмыс тәртібі

 

  • Химиялық зертханада жұмыс істегенде мына төмендегі ережелерді

қолдану керек:

  • Жұмысты тәжірибеге қажетті заттарды (ыдыстар, құрал-жабдықтар,

реактивтер) дайындап алғаннан кейін  ғана бастау.

  • Нұсқауда көрсетілген жұмыс ретін және барысын бұлжытпай орындау.
  • Қауіпсіздік техникасында және нұсқауда көрсетілген барлық сақтық

шараларын жүзеге асыру.

  • Тәжірибе барысында барлық өзгерістерді мұқият бақылау, жасап біткен соң жұмыс орнын жинап тәртіпке келтіру.
  • Тәжірибе реакция теңдеулерін , байқалған құбылыстарды зертханалық

дәптерге жазу.

 

2.1.1. Зертханада орындайтын сақтық шаралар

 

  • Химиялық реакцияға қажет ерітінділерді және заттарды нұсқауда көрсетілген

мөлшерде алу.

  • Түсініксіз жерлері болса жұмысты тоқтатып, оқытушыдан сұрау.
  • Ыстық сұйығы бор стаканды тасымалдағанда екі қолмен, астына орамал

қойып ұстау керек.

  • Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы т.б. ұшқыш заттар бөліне жүретін жұмыстарды және ерітіндіні қайнату, буландыру тәжірибелерін тартпа шкафтарда жүргізу керек.
  • Оқытушының рұхсатынсыз заттың қаситтерін зерттеуге және химиялық

ыдыстан су ішуге болмайды.

  • Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанған болса, жанарғы спирт шамы тез өшіріледі, электр қондырғылар суырылып тасталады, оталғыш заттар басқа жерге әкетіледі, содан кейін өрт сөндіру тәсілдері қолданылады:

а) жанған сұйықты – асбестпен, қалың матамен жабу немесе құм себу;

б) жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіру.

  • Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, ешуақытта қашуға болмайды.
  • Оталдыратынын ыдыстарды 1м қашықтықта ұстау керек.
  • Пробирканы қыздырғанда аузын өзіне немесе қасыңдағы жолдастарына

қаратуға болмайды.

  • Егер бетке немесе қолға қышқыл тамса, тез сумен немесе калий

перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуу керек .

  • Күкірт қышқылының ерітінділерін дайындағанда қышқылды сыздықтатып

суға құю керек.

  • Құрғақ сілтілерді көлемі алдын ала есептелген суға біртіндеп қосып ерітеді.
  • Сілтілік металдар ( литий, калий, натрий) өте активті заттар екенін есте

ұстау керек. Бұл заттармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.

  • Пайдаланылған қышқылдың немесе сілтінің қоспасы бар сұйықтықты

құбырға құюға болмайды, ол үшін зертханада арнайы ыдыс болуы қажет.

 

 

2.2 Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі

 

    Химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін жұқа шыныдан жасалған ыдыстар

қолданылады, мұндай шыны температураның өзгерісіне төзімді. Көбірек

қолданылатын ыдыстарға шыны пробиркалар, стакандар, колбалар, конус

тәрізді және Вюрц колбасы жатады. Шыны ыдыстарға кристаллизатор, түрлі

сүзгілер, сағат шынысы, аллонж жатады. Фарфор ыдыстан табақшалар,

тигельдер қолданылады. Жұмыс кезінде ыдыстарды бекіту үшін сақиналары және ұстатқышы бар штативтер қолданылады. Шыны ыдыстарды қыздырғанда, оларды асбест жабылған металл торларға қояды. Шыны ыдыстардың алдымен бойын қыздырып алу керек, пробирканың

қыздыруы ұзаққа созылмаса, ұстатқышты қолданады. Фарфор тигелде затты

күшті қыздыру үшін сымнан жасалған фарфор түтікшелері бар үш бұрыш

қолданылады. Қатты заттарды ұсату үшін қалың қабырғалы фарфор ыдыс, келі қолданылады. Сұйықтық көлемін өлшеу үшін өлшеуіш ыдыстар: колба,

цилиндр және мензуркалар пайдаланылады. Өлшеуіш колбалардың мойнында белгісі бар, олардың көлемі әр түрлі 2л., 1л., 500мл.,250мл., 200мл., 100мл., 50мл., 25мл. болуы мүмкін. Сұйықтықтың белгілі көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады.

 

2.2.1. Таразыда өлшеу ережелері

 

    Зертханада жиі қолданылатын таразымен жұмыс істеу тәртібін білу

қажет.  Әдетте, жуықтап өлшеуге арналған таразы, технохимиялық және

аналитикалық таразылар қолданады. Жуықтап өлшеуде 1-2г айырмашылық

болады, ал техникалық таразыда массаны 0,01г дәлдікпен, аналитикалық таразы 0,0001г-ға дейін жоғары дәлдікпен өлшейді. Өлшегенде мына ережелерді сақтау керек:

 

  1. Егер техникалық таразы бұзылған болса оқытушыға, зертхана қызметкеріне айту керек.
  2. Таразы табақшаларына ыстық, сулы және кір ыдыстарды қоюға болмайды.
  3. Өлшенетін затты табақшаның өзіне қоюға болмайды.
  4. Жұмыс біткен соң таразыны тексеріп, оны арретирлеп, тоқ көзінен ажырату қажет.

 

 

2.2.3. Қыздыру аспаптары

 

    Қыздыру үшін зертханада әр түрлі аспаптар қолданылады: спирт шамы,

газ жанарғы, электрплиталары және т.б. Спирт шамы әдетте шыныдан

жасалған қақпағы бар ыдыс. Оларға денатурат-спирт құйылады және білтесі

болады. Шамның жалыны онша ыстық емес, спирт ұшпас үшін жұмыс

біткеннен соң спирт шамын қақпағымен жабу керек.

Егер ұзақ қыздыру керек болса шамамен 100-3000С аралығында «монша» деп аталатын жылытқыш құралдар қолданылады: су және құм жылытқышы т.б. Су жылытқышы металдан жасалған ыдыс (темірден немесе мыстан) бірнеше дөңгелек қақпақтары бар, оларды бірінің үстіне бірін жабады. Су жылытқышын пайдаланғанда оны 2/3 бөлігіне дейін сумен толтырады да қыздырады, қайнатады, судың таусылмауын қадағалау керек. Құм жылытқышында табақ тәрізді ыдысқа тазартылған құм салынып, қыздырылады. 600-10000С температураға дейін қыздыру үшін муфель пештерін қолданады.

 

 

2.3. Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері

 

1) Улы,  өткір иісті заттар мен қышқылдарды  және қышқыл ерітінділерін суалтумен  байланысты жұмыстардың барлығы  тартпа шкафта жүргізіледі.

2) Оңай  от алатын заттармен істелетін  тәжірибелер оттан аулақ жүргізіледі.

3)  Металл  натриймен және басқа сілтілік  металдармен жұмыс істегенде  судан сақ болу керек. Сілтілік  металдың қалдықтарын лаборантқа  өткізу керек, қалдық салуға  арналған ыдысқа салуға болмайды.

4) Пробиркадағы  ерітіндіні қыздырған кезде пробирканың  аузын көрші столдағылардан аулақ  ешкім жоқ жаққа қаратып ұстаған  дұрыс. Әсіресе концентрлі қышқылдар  мен сілті ерітіндісін қыздырғанда  осы ережені сақтау керек. Мұндай  тәжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.

5) Қыздырылып  жатқан ерітінді мен балқындының  үстіне еңкеуге болмайды. Ыстық  ерітінді бетке шашырауы мүмкін.

6) Өткір  иісті заттарды, бөлініп жатқан  газдарды ыдысқа еңкейіп иіскеуге  болмайды. Қолмен ақырын өзіне  қарай желпіп иіскеу керек.

 

 

 

Сурет 1. Газдың иісін анықтау. Газдарды немесе өткір иісті заттарды иіскегенде өзіңе қарай желпіп иіскеу керек

 

7) Қатты  сілтілермен жұмыс істегенде  (ірі кесектерді ұнтақтау, кептіргіш  колонкаларды сілтімен толтыру,  балқыту үшін қоспалар дайындау  т.б.) шыны көзілдірік кию керек.  Құрғақ сілтіні шпательмен, пинцетпен,  қысқышпен алу керек. Жұмыс  орнынан сілтінің қалдықтарын  толық алу керек. Осындай қауіпсіздік  шараларын фосфор ангидридімен  жұмыс істегенде де сақтаған  дұрыс.

 

  1. Концентрлі қышқылдарды сұйылтылған қышқылды суға құю керек, керісінше істеуге болмайды.
  2. Сынаппен жұмыс істегенде шеті биік арнайы ыдыстар қолданылады.
  3. Сынап, мышьяк, металл цианидтерін, сирек және бағалы металл қосылыстарының қалдықтарын арнайы лаборанттан алынған ыдысқа құяды.
  4. Ақ және қызыл фосфор қалдығы бар шыны приборларды алдымен мыс сульфаты құйылған ваннаға салу керек.

 

2.3.1. Химиялық күйіктер

 

  • Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайтады. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр шек арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі суық көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады.
  • Егер қышқыл немесе сілті киім арқылы теріге түссе, оны алдымен сумен киімнің сыртынан жуып, содан кейін абайлап оны кесу және зардап шеккеннен ылғал киімді шешіп, бұдан соң теріні жуады.
  • Адамның денесіне күкірт қышқылы немесе қатты зат күйінде сілті тисе, оны құрғақ мақтамен немесе матаның бөлігімен алып тастау керек. Содан кейін зақымдалған жерді жақсылап сумен жуады.
  • Химиялық күйік алу кезінде химиялық заттарды толығымен сумен жууға болмайды. Сондықтан жуғаннан кейін зақымданған жер оған басатын таңғыш ретінде пайдаланатын тиісті залалсыздандыратын ерітіндімен тазаланады.
  • Химиялық күйік алу кезінде одан әрі көрсетілетін көмек термиялық күйік кезіндегідей.
  • Тері қышқылмен күйген кезде ішетін (бір стакан суға бір шай қасық ұнтақ) ұнтақ қосылған ерітіндіге салынған баса (таңғыш) қойылады.
  • Қышқыл сұйық, бу немесе газ түрінде көзге немесе ауыз қуысына түскен кезде көп мөлшердегі сумен, содан кейін ішетін (бір стакан суға бір шай қасықтың жартысынан) ұнтақ ерітіндісімен шаю керек.
  • Сілтінің әсерінен күйік алу кезінде бор қышқылының (бір стакан суға бір шай қасық қышқыл) ерітіндісі немесе сірке қышқылының (бір стакан суға бір шай қасық ас сірке суы) сұйық ерітіндісі қосылған таңғыш жасалынады.
  • Сілтінің тамшылары немесе булары көзге және ауыз қуысына түскен кезде зақымданған жерді көп мөлшердегі сумен, бұдан кейін бор қышқылының (бір стакан суға бір жарым шай қасық қышқыл) ерітіндісімен жуылады.
  • Егер көзге химиялық заттардың қатты бөлшектері түссе, олар алдымен сулы тампонмен алынады. Себебі, сумен жуу кезінде олар шырышты қабығын зақымдауы және қосымша жарақат жасауы мүмкін.
  • Қышқыл немесе сілті асқазанға түскен кезде дереу дәрігер шақыру керек. Ол келгенге дейін зардап шеккеннің аузынан түкірік пен шырышты шығару, жатқызып оның үстін жылығып жабу және ішіне сырқырап ауырғанды азайту үшін «суық» нәрсе қойылады. Егер зардап шегуші тұншығып жатса, оған «ауыздан мұрынға» қолмен дем алдыру жасалынады, себебі ауыздың шырышты қабығы күйіп қалған.
  • Құсу арқылы асқазанды сумен шаюға немесе асқазанға түскен қышқылды немесе сілтіні залалсыздандыруға рұқсат етілмейді. Егер зардап шегушінің құсқысы келсе оған үш стаканнан артық емес суды ішуге беруге болады. Осылайша асқазанға түскен қышқылды немесе сілтіні араластыра отырып, оның күйдіру әсерін азайтады. Сүт, жұмыртқа белогын, өсімдік майын, ерітілген крахмалды ішкен жақсы септігін тигізеді.
  • Тері айтарлықтай күйген, сондай-ақ қышқыл немесе сілті көзге түскен кезде алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегушіні дереу емдік мекемеге жібереді.

 

 

 

 

 

 

2.3.2. Зертханада алғашқы жәрдем көрсету

 

1)Теріге (қол, бет т.б.) концентрлі қышқыл (күкірт, азот, сірке қышқылдары т.б.) тисе, сол жерді жыдам ағынды  сумен 3-5 минуттай жуып, сол орынға  танниннің спирттегі ерітіндісіне  немесе 3%-тік калий перманганаты  ерітіндісіне батырылған мақта  басып орайды. Қатты күйік алған  жағдайда дәрігерге көрінген  дұрыс.

2) Сілті  ерітіндісі денеге тиген жағдайда  дененің сол бөлігін терінің  жылтылдағаны басылғанша сумен  жуып, таннинің спирттегі ерітіндісіне  немесе 3%-тік калий перманганатының  ерітіндісіне батырылған мақтаны  дәкемен орайды.

3) Сілті  мен қышқыл ерітіндісі көзге  шашыраса, зақымданған көзді бөлме  температурасындағы сумен көп  шайып, дереу дәрігерге көріну  керек.

4) Тері  ыстық заттарға күйгенде (шыны, металл  т.б.) алдымен танниннің спирттегі  ерітіндісіне немесе калий перманганаты  ерітіндісіне батырылған мақта  басып, соңынан күйікке арналған  майы бар дәкемен орау керек.

5) Фосфорға  күйген жағдайда мыс сульфатының  екі проценттік ерітіндісіне  батырылған дәкемен орайды.

6) Хлор, бром, күкіртті сутек, көміртек  оксидімен уланғанда, зардап шеккен  адамды таза ауаға алып  шығып,  дәрігер шақыртады.

7) Мышьяк, сынап және цианды тұздармен  уланғанда бірден дәрігерге көріну  қажет. Басқа улы заттармен  жұмыс істеу кездегі қауіпсіздік  ережелері мен алғашқы жәрдем  көрсету нұсқаудың сәйкес тарауларында  беріледі.

 

 

 2.3.3. Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек

 

  • Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы - 246° С. Тығыздығы 1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын ауаға қатысты – 1, 19. Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.
  • Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.
  • Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 – 2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады. Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.
  • 200-260 мг/м3 қосылымдарда көзді ашытады, көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі, шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.
  • 750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.
  • 1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.
  • Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің шекті рұқсат қосылымы (бұдан әрі - ШРҚ) – 10 мг/ м3, көміртегімен қоспасында – 3 мг/м3.
  • Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің ШРҚ – 0, 008 мг/м3. Тұтану шегі 4,3-тен 45,5 % дейін (көлемдік).
  • Күкірт сутегімен улану ауыр зардапқа әкелуі мүмкін, ол үшін шұғыл шаралар қолданылады.
  • Уланудың негізгі белгілері –түйсіктің, тыныс алудың, жүрек және ас қорыту қызметінің бұзылуы. Уланған кезде оттегін алмастыру бұзылып, бас миының оттегі тапшылығына әкеледі.
  • Күкірт қышқылымен уланудың алғашқы белгілері: сүлесоқ күйде болу, көз қарығу, көздің ашуы, көз алмасы мен қастың қызаруы, жастың ағуы, тамақтың қабынуы, ауызда металл дәмінің сезілуі, жүрек айнуы болып табылады.
  • Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет болған жағдайда – реанимациялық қызметті шақыртады.
  • Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу), ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды. Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару (алып шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.
  • Күкірт сутегімен жеңіл уланғанда және жоғарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде сода немесе минералды сілті суы қосылған жылы сүтті береді.
  • Көз ауырып тітіркенгенде (конъюктивит) көзді таза сумен немесе       2-3 пайыздық тағамдық сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған және суытылған вазелин және зәйтүн майынан 2-3 тамшы тамызады. Көздің айналасы қатты ауырғанда көзге салқын дәке басу немесе 0,5 пайыздық 1:100 адреналин қосылған  қалыпты дикаин ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады. Күкірт сутегінің судағы ерітіндісі теріге түскен кезде дененің зақымданған аумағын ағынды сумен жуады.
  • Күкірт газымен уланған жағдайда көзді, мұрынды тағамдық соданың 2 пайыздық ерітіндісімен шаю қажет, мойынның айналасын жылы ұстайды. Жөтелгенде кодейн қолданып, тағамдық соданың 2-3 пайыздық ерітіндісімен жылы ылғалды ингаляция жасайды (күніне 10 минут сайын 2-3 рет).
  • Егер зардап шегушінің тыныс алуы тоқтаса, жасанды тыныс алу жасау керек. Жүрек соғысы сезілмесе, жасанды тыныс алуға қосымша жүректің сыртынан массаж жасалады. Әрқашанда жасанды тыныс алудан басталады.

Информация о работе Зертханадағы қауіпсіздік ережесі