Қиял арқылы образ жасау әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 18:01, курсовая работа

Краткое описание

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

1. ҚИЯЛДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
1.1 Қиял және оның түрлері................................................................................4
1.2 Қиялдың балалық шақта дамуы.......................................................................5

2. ҚИЯЛ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ОБРАЗ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял арқылы танымын қалыптастыру әдістемесі................................................................................................................21
2.2 Қиял арқылы баланың образ жасау әдістері.................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Киял-курс.docx

— 74.83 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

 

1. ҚИЯЛДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

1.1 Қиял және оның түрлері................................................................................4

1.2 Қиялдың балалық шақта дамуы.......................................................................5

 

2. ҚИЯЛ АРҚЫЛЫ  ЖАҢА ОБРАЗ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял арқылы танымын қалыптастыру әдістемесі................................................................................................................21

2.2 Қиял арқылы баланың  образ жасау әдістері.................................................28

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың жалпы сипаты. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен  тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың  балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің  басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі  шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің  балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде  жұмыс істеу де өте маңызды. 

Үшіншіден, балабақшада еңбек  етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу  мен білім берудің технологияларын  сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық  әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен  игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға  шығармашылықпен үлес қосып отырса. 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қиял — қабылдау, ойлау және есте сақтау аралығындағы жағдайлардағы адам психикасының ерекше формасы. Бұл психикалық процесс формасының ерекшелігі адам ағзасына қызметіне де байланысты. Қиялды түсінуге және түсіндіруге ерте заманның өзінде психикалық көңіл аударған деп пайымдасақ оны қазіргі күнде де қолданылуда және жалғастырылуда. Бұл феноменнің жұмбақ жақтарына келетін болсақ қиялдың механизмі оның ішінде анатомды-физиологиялық негізі туралы бүгінгі күнге дейін ештеңе белгісіз болып отыр. Адам өз қиялының арқасында өз қызметін жоспарлай және басқара алады. Барлық адамға тән материалдық және рухани мәденит шығармашылық қиялының және шығармашылықтың өнімі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Баланың қиялын дамытуда әдістемелік-теориялық білімді негізге ала отырып, оқыту процесінде баланың қиялын психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы дамыту. Қиял арқылы жаңа образ жасау әдістемесін зерттеу. Баланың жас дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, түрлі тапсырмаларды дербес орындатып отырғызу, оқыту процесінде кездескен қиыншылықтарды жеңе білуге үйрету.

Міндеттері:

- Баланың репродуктивтік қайта жасау қиялын дамыту.

- Эксперимент жүргізу барысында мұғалімнің айтқан әңгімесі әсерлі нақтылы факторлерге бай болуы қажет, бұған қоса суреттер, диопозитивтер, көрнекі құралдар т.б. әдіс-тәсілдер пайдалану керек.

Курстық жұмыстың құрамы. Курстық жұмыс кіріспе 2 бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ҚИЯЛДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

 

1.1 Қиял және  оның түрлері

 

Қиял — адамның өткенін еске түсіріп, болашағына жол ашады. Керемет бай қиялдың арқасында адам әр кезеңде өмір сүруі мүмкін. Адамның ойлау қабілетінің негізінде адамдар әр түрлі жағдайдан жол тауып шыға алады. Қиялдың ерекшелігі ол үнемі нақты өмірмен сәйкес келе бермейді, өйткені онда фантазия ойдан шығару элементтері бар. Адам санасындағы бейнелер мен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұны ешқашан тікелей қабылданбаған. Бейнелер арасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады.

Күнделікті тұрмыста біз  шындыққа сай келмейтін,практикалық  маңыз-мағынаға ие болмайтынның барлығын қиял немесе фантазия деп атай саламыз. Ал,шындығында қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекетінің негізі ретінде көркем-өнер,ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Алайда қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы немесе ұжымдық қиял) өзіндік ерекшелігін жоймайды әрі тек қана өзіне тән ерекше мазмұнға ие болады.

Сонымен бірге, қиял арқасында  адам өз ісін бастамай тұрып–ақ,болашақ  еңбегінің нәтижесін күні бұрын  болжай алады. Қиялдың жәрдемімен болашақ  нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің  жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжауға мүмкіндік  ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына,мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.

Кейде фантазия кері ықпал  да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен  бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға  сай келмейтін, шектен тыс,орынсыз  қимыл-әрекетке келтіреді.

Қиялдың зияны халықта  «Қорыққанға қос көрінеді»деген мәтелінде дәл айтылған. Айтылуының бірден-бір себебі,кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп  тұрған көмекті шыдаммен күтудің  орнына көп қабат үйлердің жоғарғы  қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны.

Қиялдың бүгінгі өмірден  арқан бойы алда болып, болашақта күтілген кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын көрсетеді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туындайды.

Мысалы, егер ежелгі дүние  адамдары арасында жаратылыстың пайда  болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде  бұл үшін космостық келгенділерден фантастикалық көріністері қолданылады.

Бірақ, қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұны негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзелетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады.Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады.

Қиялға тән және ерекше белгі — оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте көмескі жағдайларды болжастыруда қолдануы. Мұндайда белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану керек. Бұл тұрғыдан,қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар» ретінде көмек атқарады.

Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д.Ушинский: «Мықты, кемелденген қиял—ақылдылықтың  нышаны»,-деген.

Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен,сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың  құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол,өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық  бейнелер жасауға бейім келеді. Қиял маңызы өте зор. Ол тек жазушыларға  кейіпкерлер бейнесін жасауға не суретшіге болашақ картинасының сюжетін іздестіруге қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс себептері жөнінде  болжам жасай алмайды, мұғалім дәріс  барысын, шәкірттердің оқуға деген  ынтасын күні бұрын қиялмен талдамай, ертеңгі сабаққа дайындығын әзірлей  алмайды. Жалпы оқу процестеріндегі  барлық пәндер қиял қанатында жүреді.

Қиял — сыртқы дүние заттары мен ққбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

- әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

- қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

- қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

- қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

- адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.

Айдаһардың бейнесін Италияның  атақты суретшісі Леонардо да Винчи  қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал  аңшы иттің не жай иттің басын  аламы , оған басқа мысықтың көзін  саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін  тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас  образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы  әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық  образдардың өзі де оның танымын  кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның  өзі баланың психологиясына қатты  әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов  «Үйде» деген әңгімесінде осы  жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым  шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде  әкесі оның қиялына әсер етуді  ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ... Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

Қиял түрлері

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жұмысына бір жайсыздық түссе, бұл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман.

Информация о работе Қиял арқылы образ жасау әдістемесі