Қиял арқылы образ жасау әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 18:01, курсовая работа

Краткое описание

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

1. ҚИЯЛДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
1.1 Қиял және оның түрлері................................................................................4
1.2 Қиялдың балалық шақта дамуы.......................................................................5

2. ҚИЯЛ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ОБРАЗ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял арқылы танымын қалыптастыру әдістемесі................................................................................................................21
2.2 Қиял арқылы баланың образ жасау әдістері.................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Киял-курс.docx

— 74.83 Кб (Скачать документ)

Педагогтың  бірінші міндеті – мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, айқын елестетуі  үшін, оқушының репродуктивтік қайта  жасау қиялын дамыту болып табылады. Ол үшін педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақтылы фактілерге бай болуы  қажет, бұған қоса суреттер диапозитивтер, көрнекі құралдар т.б. пайдалану  керек. Алайда бұл құралдар қиялды дамытуда көмекші қызмет қана атқаруы тиіс. Бұл құралдарды, әсіресе, бала сөз  болып отырған нәрсені ойша елестете алмайтын жағдайда, пайдаланған тиімді. Көрнекі құралдар, шамадан тыс  пайдаланылса, ол қиялды дамытуды жеделдетпей, қайта тежей түседі. Нақтылы затарды  қабылдау мен ойша елестетуді ұштастыра  білген пайдалы. Мысалы, суретті көрсетіп, содан соң балаларға ештеңеге сүйенбей онша әңгімелеп беруді ұсынған  жөн, немесе алдымен әңгіме жүргізіп, соңынан көрнекі құралды көрсеткен  дұрыс. Мұның бәрі дәл қазір көрмесе  де ойша қабылдауға болмайтын заттармен  елестете дамуына септігін тигізеді.

Бастауыш  сынып мұғалімінің міндеті –  балалардың қиялы мен елестерінің  мол қорын жасау болып табылады. Ешбір ретсіз, көбіне мәнсіз қиялдаудың орнына, балаларда айналадағы болмысты дұрыс бейнелейтін, кейіннен ғылыми ұғым негізіне айналатын елестерді  қалыптастыру қажет. Көркем әдебиеттерді оқу, оқығандарын жазбаша және ауызша айтып беруінің баланың қиялын дамытуда көмегі зор. Оқытудың алғашқы жылынан  бастап, оқушыларды әдебиеттен, сурет  салудан, қол еңбегінен т.б. әр қилы творчестволық еңбекке ынталандыру  қажет. Жақсы жолға қойылған эстетикалық  тәрбие жұмысы мектеп оқушыларының қиялын дамытуға жәрдемдеседі.

Мектеп  жасына дейінгі баланың негізгі  әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық  талабына кең жол ашылады. Бала ылға да бір нәрсені жасау, құрастыруға  әрекет жсайды. Ойын баланың ойлау  белсенділігін, күш-қуатын барынша  жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын  көзімен қарап аңғара алмайды  да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен  рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың  мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мысалы, табиғатты суреттейтін немесе оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы  тәсілдер арқылы балалардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы бейнелерді көз  алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен еститіндей күйге түседі.

Бала  қиялын тәрбиелеуде олардың дүниетанымын, қызығуы мен мүдделерін, мақсат-тілектерін армандарын ескеріп отыру маңызды. Бала дәл қазір өзінің арманын  іс жүзіне асыра алмаса да, келешекте  оны іс жүзінде асыратынына сенімі болғаны абзал. Бала әр кез өз қиялының жемісті болуына сын көзбен қарап  қиял біткеннің бәріне сене берместен, оны ой тезінен өткізіп отыруға  дағдылануы тиіс. Бала тұрмысына үйлеспейтін, тіршілікке пайдасыз, күш-қуат бірмейтін, еркін ширатпайтын, құрғақ қиялдардың болмау жағын мұғалімдер үнемі ескеруі  тиіс.

Баланың білімі болса, оның ақыл-ойы мен қиялы  жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу – ата-ана  мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Мектептегі, үйдегі көркемдік эстетикалық  тәрбие қиялдың дамуына үлкен  әсер етеді. Мысалы, музыка түрлі өнер салаларына дағдылану – олардың  көркемдігін сезіне алу балада қиялдың  шарықтауына қажетті шарттардың бірі.

Шәкірт  қиялын сабақ үстінде тәрбиелеуге  көп мүмкіншіліктер бар. Мәселен, қай  пән болса да (тарих, география, математика, т.б.) оқушыға ғылыми мағлұматтарды  көбірек берумен бірге олардың  өмірімен бай танысатын жақтарына  ерекше көңіл бөлген дұрыс. Бала қиялын тәрбиелеуде кластан және сектептен  тыс жұмыстар үлкен орын алу керек. Бұл үшін түрлі үйірмелер жұмыстарын жақсы жолға қою қажет (әдеби, ғылыми-техника үйірмелері т.б.). Келе жатқан мейрамдарға дайындалған  уақытта, дайындық жұмыстарына балаларды  қатыстырып, мейрамды қалай өткізу жайында олармен бірге жоспар жасап, оларды қатыстырып отырған жөн. Қиял дамытуда театр мен киноның да орны айрықша. Бала театрдан, кинодан көрген үлгілі адамдарға ұқсап, келешекте солардан өмір сүргісі келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі уақытта халқымыз өркениятқа ұмтылып ұлттық сана-сезімді, тәрбиемізді тұлғамызды дұрыс қалыптастырудың  көмескі беттері ашылуы тиіс.

«Қиял арқылы жаңа образ әдістемесі» тақырыбын алудағы мақсат бала қиялын психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы дамыту болып табылады.

Баланың қиялына қанат  бітіріп, олардың армандай білуіне  жетелеу. Әл-Фарабидің айтуынша, барлық жан қуаттарын тек қиял ғана өзіндік  сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады. Бала қиялының дамуына ойын маңызды рөл атқарады. Ойын үстінде оның шығармашылық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Балабақша – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады.

Балабақшадағы ұйымдастыру  іс-әрекеттерінің, оқылатын ертегілердің мәнін түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде тәрбиеші арнаулы тәсілдер арқылы бала қиялын оятады. Сондықтан бала қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Іс-әрекеттерді аталған мақсаттармен байланыстыра жүргізсек, бала қиялын дамыта аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Возрастная и педагогическая  психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992. 
2. Вопросы нравственного воспитания школьников. /Сборник статей: Изд-во Ленинградского Университета, 1960.

3. Выготский Л.С. Педагогическая  психология. – М., 1991. 

4. Выготский Л.С. Проблема  возраста./ Собрание сочинений. –  М.,1984.

5. Грэйс Крайг. Психология  развития. - СПб., 2000.

6. Давыдов В.В. Теория  развивающего обучения. - М., 1996.

7. Кисловская В.Р. Школьники  в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975.

8. Кулагина И.А. Возрастная  психология: Развитие ребенка от  рождения до 17 лет. – М., 1998. 

9. Леонтьев А.Н. Проблемы  развитие психики - М., 1981.

10. Мухина В.С. Возрастная  психология. - М., 1998.

11. Обухова Л.Ф. Детская  психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.

12. Оклендер В. Окна  в мир ребенка. / Руководства по  детской психотерапии. – М., 1997.

13. Слободчиков В.И. Психологические  проблемы становления внутреннего  мира человека. // Вопросы психологии. - 1986 № 6.

14. Смирнова Е.О. Психология  ребенка. - М., 1997.

15. Фельдштейн Д.И. Проблемы  возрастной и педагогической  психологии. – М., 1995

16. Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері». Алматы, 2002

17. Қ. Жарықбаев «Психология»Алматы, «Мектеп» 1980

18. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы 2004

19. Л. С.Выготский «Психология» Москва, 2000

20. Р. С. Немов І-том «Психология»Москва, 2003

21. Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 19937.

22. С. Л. Рубинштейн «Основы общей психологии»

23. А. Темрбеков, С. Балаубаев «Психология» Алматы, 1996

24. Ә. Алдамұратов «Қызықты психология» Алматы 1992

25. Л. Д. Столерянко «Основы психологии»

 


Информация о работе Қиял арқылы образ жасау әдістемесі