Қиял арқылы образ жасау әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 18:01, курсовая работа

Краткое описание

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

1. ҚИЯЛДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
1.1 Қиял және оның түрлері................................................................................4
1.2 Қиялдың балалық шақта дамуы.......................................................................5

2. ҚИЯЛ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ОБРАЗ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял арқылы танымын қалыптастыру әдістемесі................................................................................................................21
2.2 Қиял арқылы баланың образ жасау әдістері.................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Киял-курс.docx

— 74.83 Кб (Скачать документ)

Пиаже өзінің тәжірибелерін  онан әрі қарай жалғастырып бөбектің қылығын зерттеуді өзге бір автордын зерттеу әдісін қолдану арылы  байқап көреді. Баланың жасы неғұрлым болса, онын өзімшілдігі (эгоцентрлігі) соғұрлым күшті болтынтындығы аныкталады. 7 жасар баланың дербестігі 10 жастағы  балаға қарағанда әлдеқайда басым. Осы ретте біздер баланың бастапкы даму кезеңінде кылығындағы эгоцентрлігі барынша асым болып отырады деп  санаймыз

Эгоценгризм деген не? Пиаже  бұл сұраққа былай жауап береді. Бұл ұғым сананың жалған түрі, сананың бұл түрінің болмысқа қатысы жоқ, дүниеде тек өзіндік сана құрылымымен ғана тіршілік ету. Баланың дербестік санасы өсе келе ересек адамдардың шындықпен байланысты түрде дамитын санасы сияқты сипат алып, оның болмысты пайыадауында жүйелі ойы қалыптасады.

Бұл мәселеден қиял жөніндегі  ілімге көшу үшін сәби анасының дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Осы орайда Пиаже, өзге зерттеушілер сияқты, Фрейдтің іліміндегі біраз  жайттарға арқа сүйейді. Бұл көзқарасқа сәйкес қиялдың бастапқы түрін пайымсыздық  сипатта болады деп санауға болады. Мұндай қиял адамның саналы әрекеті  мен ойлауынан өзгеше. Бұл ерекшеліктің мәнін қиялды зерттеуші авторлар ойлауды жүзеге асыруда белгілі  ниеттегі мақсат-міндетгер болатындығын атап көрсетеді. Ал қиялға негізделетін ойлауда белгілі мақсат-мүлде  болмайды, ондай ойлау парықсыз болып  қала бермек. Демек, бірінші айырмашьшық  ойлаудың шындыққа сай саналы сипатта  болуы, ал қияли ойлау парықсыз түрінде  тірексіз болып қала береді. Екінші айырмашылық адамның саналы әрекетіңін мақсатты түрде жұзеге асырылуы. Қиял, бұл орайда іс-әрекет түрі ретінде, өзінің мақсатгы мүлдесінен нәтиже күтіп, одан рахат табады. Қиял бұл орайда өзгеше қызмет атқарады.

Үшінші айырмашылық шындыққа сәйкес ойдың сөз арқылы өзгелерге  жеткізілуі әлеуметгік сипатта болып, дауыстап айтылады. Мұңдай ой әлеуметгік сипатта сыртқы болмысты бейлейді. Осы сипаттағы саналы әрекетгердің әр алуан түрлерінің ара ұқсас  болуының негізгі себебі ойдың сөздік атаулармен айтылып, өзге адамдарға  хабар ретінде таратылуы. Хабарласып тілдесудің негізгі құралы – сөз. Сондықтан да шыңдык болмысты бейнелейтін ой бір мезгілде әрі әлеуметтік, әрі дауыстап сөйлеу сипатында дамып отыратындығын көрсетеді. Ал керісінше елікпе да әлеуметтік сипат жоқ, ол өзіңдік (эгоцентрлік) сипатта болады. Ондай ой жалаң, бейне түрінде, шартты белгі сипатында болғандықтан ондай ойды сөз арқылы өзгелерге жеткізу мүмкін есмес.

Бұлардан да өзгеше бірсыпыра  айырмашылықтарды атауға болар еді. Алайда осы баяндалған жайттардан-ақ қиялдың балаларда алғаш пайда  болуын көптеген авторлар пайымсыз болғандықтан, әрекет шьшдықты танып білуден гөрі оның дербес қалауын ғана қанағаттандырып, одан рахат алуына бағытталған дейді.

Қиял жөніндегі мұңдай түсініктер биологиялық негіздер сүйенген психологтар тарапынан айтарлықтай  қарсылықтар тудырды. Өйткені мұндай бағдар ұстаған психологтар адам дамуын бастапқы кезде әлеуметтен тыс  тіршілік етеді десе, ал оның әлеуметгік іс-әрекетіне сыртқы жағдай оған өсе  келе әсер етет екінші реттегі жайттар  деп санады.

Биологиялық бағдардағы психологтар  мынадай екі түрлі өзекті мәселенің  мәнін анықтады. Бірінші мәселе хайунаттардың  ойлауы мен қиялына қатысты. Голландия  зерттеуші К.Бойтендейк жүргізген тәжірибелер мен өзге де нәтижелі хайуанаттарда не елікпе ойлаудың көріністері, не қиял сияқты ерекшеліктер болмайтындығын анықтады. Биологиялық тұрғыдан адам организмнің өсіп жетілуінде алғаш рет ойлау он мұқтаждығын қанағаттандырып рахаттану қызметін атқарады ал оның дүниені танып білудегі қызметін қуаттамайды. Бойтендейк хайуанаттар тіршілік еткен ортасына бейімделіп псикасының даму деңгейіне орай айналадағы жағдайға икемделе алмаса, онда олар тіршілік ете алмаған болар еді дейді. Сондықтан теориялық тұрғыдан да, Бойтендейк зерттеулері нәтижелеріне сүйеніп те мәселенің шындығын филогенетикалық даму заңдылықтарына орай қиял мен ойлау баланың рахаттануына бағытталған, ал елес пен арман ойлаудан бұрын пайда болған процестер деп санау дұрыс болмас еді.

Екінші топтағы фактілер балаларға бақылау жүргізіп солардан шығатын нәтижелерді талдауға арналған. Зерттеушілер бала дамуының бастапқы кездерінде өз қажеттілігін қанағат-тандыруы табиғи талап. Оны бұрмаланған (галлюцинация) санау дұрыс емес. Бұл орайда Блейлер  баланын тамаққа деген құлқы кәдімгі қажеттілік туралы қиялын қанағаттандыру, нақты тамақ түрінен ләззат алуы екендігі анық байқалады деп түйеді. Баланың өз қажеттілігін қанағаттандыруы табиғи процесс және оның санасының ояна бастауынан анық аңғартады.

Қажеттілікті қанағаттандыру тірі организмнін тіршілік әрекетінің негізгі түрі ретінде балада өте ерте оянады. Соған орай ойлау да сол қажеттілікті қанағаттандырып, одан ләззат табуға бағытталады. Блейлердің айтуынша қажеттілікті қанағатандыру балада өте ерте басталып, одан барынша шапшаң рахат табуға ұмтыдды. Бала дамуындағы мұндай ерекшеліктер оның әрекетіндегі басты мәселе және бұл онын өзге әрекеттер бәрінен басым тұрады.

Шындық болмысты зерттеу  арқылы айқындалған мәселенің бірі балалар ойының арманшылдығы туралы түсініктің. Баланың ойлауы мен қиялының арақатынасын маңызды жайт – оның сөйлеуі мен қиялының дамуы.

Фрейд пен Пиаженің пікірінше  бала қиялының сөйлеу әрекетімен ұштаспай, оның өзге адамдарға жетпей қалуы. Бұл  орайда бала ойының сөздерге тіректелмей  жалаң болуы мен ше ойының арасында қайшылық тудыратынын атап көрсетуді  қажет етеді.

Ал шындығында тиісті зертгеулер арқылы анықталған нәрсе бала қиялының қарқынды дамуы оның дыбысты сөздерді игеріп, сөйлеу әрекетімен тікелей байланысты болып отыратындығын көрсетеді. Тілі кеш шығып, сөйлеуінің дамуы мешеулеп қалған баалардың қиялы да жұтаң, әрі сүренсіз болатындығы тәжірибелік зертгеулермен анықталған. Табиғи кемтарлыққа ұшырап, саңырау болып қалған балалардың сөйлеуі де дамымай қалғандықтан олардың қиялы да мардымсыз әрі сүрең болатындығын көрсетеді. Солай болғанмен де Фрейд пен өзге де зертгеушілердің пікіріне сенетін болсақ, онда сөйлеуі дамымай қалған балада оның есесіне өзгелермен қарым-қатынас жасау үшін айлы жағдай жасалып, олар дыбыссыз сөйлеу арқылы, мысалы, саусақтары мен ауыз-ернінің қимыл-қозғалыстары арқылы өзгелерге ойын жеткізерлік қиялдың өзіндік формасы жасалады.

Сонымен бакылау нәтижелері бала қиялының дамуы, оның сөйлсуіне тәуелді екендігін көрсетеді. Сөйлеуі өрістеп дамымаған баланын қиялы мардымсыз болып қалатыны анықталған.

Бала қиялының дамымай  тоқырап қалуы әрқилы жүйке ауруларына ұшырау себептеріне байланысты болатындығын Германия-дағы құрылым психологиясының өкілдері жүргізген зерттеулер арқылы анықталды. Әсіресе, сондай жайттар мидың түрі ауруларға ұшырап, не мидың зақымдалу салдарынан сөйлеу қабілетінен айырылғанда қиялдың немесе қиялға байланысты армандау сияхты ерекщелікгерінің тіптен дамымай қалғандығы белгілі болған. Ондай ауруға душар болғандар өздері тікелей көріп білген нәрселері мен құбылыстары жайындағы әсерлері туралы бірдемені құрастырып айту не ондай әсерлердің бейнесін жасуға да қабілетсіз болып қалатындығы анықталған.

Сол сияқты жайт Франкфурт  институтындағы денесінің сол жағы сал болып қалған адамға жүргізілген  тәжірибелер оған айтылған сөздер мен  естіген сөздерін де дұрыс қабылдамайтындығын оның мән-жайына түсіне алмағандығын байқатқан.

Оған «Мен оң қолыммен жақсы  жаза аламын» деген сөздерді кайтадап айтшы дегенде, ол оң колым деудің. орнына «сол| қолым» деген сөзбен үнемі  ауыстырыпа айтатын болған. Мұның  тәжірибелерді сан’ рет қайталап жүргізгенде де анықталған жайт сол  сөйлеу кабілеті закымдалу салдарынан қиялдану қабілетін де біржолата  айырлғанын көрсетеді.

А.Блейлер мен оның –  жолын қуғандар сөйдеудің дамуы  оның қиялының өрістеуіне күшті әсер етуші фактор екендігін тәжірибелері арқылы дәйектейді. Баланың дыбысты  тілі мен сөйлеуі оның тікелей  көріп білген әсерлерінен өзге, өздері естіген нәрселер мен заттардың  бейнесі жайында ойлап, пайымдауы  дамиды. Бала сөйлеу арқылы заттар мен  нәрселердің бейнесі жайында  өзінің елестері мен түсінисгерін өзгелерге  жеткізеді. Соның нәтижесінде баланың  танымдык әрекеттерінің өрістеу  қолайлы жағдай жасалады.

Баланың мектепке түсіп оқуы оның әрбір нәрсені көріп білуімен қатар, әрқилы әрекеттерге бой ұрып, оларды іске аі ру жолында ойланып  клядцанады. Мүндай әрекет балан мектеп кезеніндегі нәрселер туралы саналы ойлауымен бірге қиялын, арманын, ізгі мақсатын орындауға ұмтылып, оның ойлау құрылысының да қалыптасып отыруына ықпал етеді. Өз ойының шындығын сөз арқылы өзгелерге жеткізеді, сөйтіп оның нәрселер мен заттар жайындағы  ойлауы нәтижесінде ұғымдар жүйесі қалыптасады. Өткінші кезеңде бала әр алуан нәрселердін ер шеліктері  жайында тиісті мағлұматтарды игереді, нәрселеді өзара байланыстары мен  пайда болу себептерін біледі. Бала психикасының дамуындағы мұндай сапалы өзгерістер оның сөйлеуі мен қиялының дамуына да айтарлықтай ықпал  етеді, Мұнда өзгерістердің бәрі тәжірибелік зерттеулермен анықталған.

Сонымен, нақтылы зерттеу  нәтижелері көрсеткендей бала қиялының дамуы, өзге де жоғары дәрежедегі психикалық қыз- меттер сияқты, оның сөйлеуімен тікелей  байланысты. Бала сөйлеуінің дамуы  оның бір ғана психикалық процесімен шектеліп қоймай, оның өзге адамдармен қарым-қатынас жасау өрісін кеңейтіп, ұжымдағы әлеуметтік тіршілік шеңберін кеңейтеді.

Блейлердің зерттеулерінде қиял белгілі мақсат-мүлделері іске асыру әрекетгеріне бағытталып отыратындығын  әдейі көрсеткен болатын.

Егер, біздер, балалар салған суреттерге зейін қойып қарайтын болсақ, олардың өзіндік творчестволық  қиялының да мен оның максат-мүлдесін де айқын анғара аламыз. Көркем саласында  бала қиялының мәні айқын көрінеді, Қысқа-қысқа өлең текстерін жаттауы, ертегілердің мазмұнын өз сөздер айтып  беруі – мұның бәрі бала қиялының бағдары мен саналы әрекетінің жемісі.

Баланын әртүрлі нәрселерді бөлшектерден құрастырып оларды қайта  жасауы, техникалық-кұрастыру істерімен  шұғылдануы бала қиялының басынан аяғына дейін белгілі мақсаттағы әректтерді орындауға бағыттальш, оның келешектегі  мақсат-мүлделерінің мәнін айқындайды. Бұл ретте бала қиялының өзіндік  ерекшелігін оның бастапқы қиялы (фантазиясы) деп санайтын көзқарастардың қате пікір  екендігін көрсетеді.

Енді мен осы мәселедегі қиялдың эмоциямен байланысына  тоқтадап өтейін.

Балалар психологиясындағы қиялға байланысты маңызды мәселе шындықты сезу заңы делінеді. Бұл заңның негізгі тірегі тікелей бақылау. Қиялдык дамуы мен әрекеті біздің сезімдік тануымыздың өрістеуіне тәуелді. Қияли ойымыздың кейбір жайттары болмыстағы шындыққа сай келмесе де, олар эмоциялық жағынан алғанда шындық. Мысалы, бейтаныс үйге кіріп келгеңде, сол үйдегі ілулі тұрғақ қарақшы киімін көріп, адам шошып қалады. Бұл қорқыньштың шындық еместігін аңғарғанымен, бастан кешіргеи қорқыныш сезімі ақиқат. Қияли сезімдердің мұңдай түрлерін бастан көшіру балаларда да, ересек адамдарда да ақиқат нәрсе. Мұндай болмыстың мәні қиялдың әр алуан сезім күйлерімен байланысты түрде дамып отыратындығын көрсетеді. Қиялдың әр алуан сезім күйлерімен ұштасты екендігіне көздері толық жеткен психологтар қиялдың алғашқы пайда болу негізі және оның қозғаушы механизмі аффект дейді.

Осы негізге арқа сүйеген  зерттеушілер бала қиялының даму жолын  болмыстағы иақты ойлаумен, түрлі  сезімдік-(оциялық жағдайлармен, баланың  өз қажетгерін қанағаттандырудағы мүлдесімен т.б. ерекшеліктерімен өзара байланысты дамып отыратындығын барынша  тәптіштеп қарастырады.

Сонымеи, ойлау адамның  сезім күйі мен қызығуы сияқты процестердің ықпалында қалатын  сияқты. Ойлау және сезім процестерінің  өзара қатынасы мен қосындысынан психикалық құйма пайда болады, оны  біз қиялдың армандау түрі деп  атаймыз.

Алайда мынадай екі  түрлі жайтқа көңіл аударуды кажет  етеді. Сезімдік күй қиялдың ерекше қасиетін құрай алмайды және қиял да адамның толык сезімін қамтуы мүмкін емес.

Адамның ойлау әрекеті  оның алдына қойған міңдеттерін шешуге бағытгалған болса, ол қиялдану мен  армандаудан гөрі өз басынан әрқилы сезім күйлерін кешііретін болады. Мысалы, революционер-дің ой-то лғанысы  белгілі саяси жағдайларға орай өмірлік маңызы бар мәселерді  шешуде оның қиялына қарағада сезімі мен эмоциянын әрі күшті, әрі  өте терең болатындығын көрсетеді. Мұндай жағдайда адамның сезімдік күйі мен ойлауының ұласып кетуінің өзіндік  тәсілі болатындығын еске кажет.

Егер қиялшыл ой адамның  сезім күйлерін бейнелейтін түрі болса, болмыстық ойлау сезім  жүйесінің үстемдігін бейнелейтін  түрі екенін білдіреді. Ойлау түрлерінің арақатынасындағы мұндай ерекшеліктер олардың атқаратын қызметінің күрделі  екендігін көрсетеді. Адамның жасампаздық  қиялы мене болмысқа ықпал етуін  алып қарастыратын болсақ, оңда адамның  қиялы оның ішкі сезім күйінің  ықпалынан тыс болатынын байқаймыз.

Сызу арқылы өз қиялымен бір объектінің жоспарын жасаушы  өнертапқыш адамның қиялы мен  өзінің сезім күйінің жүйесі бар  адамның қиялы түрліше сипатта  болады және қилдың бұл екі түрі адамның күрделі іс-әрекетінің өзіңдік  жүйелеі көрсетеді.

Қиял аса күрделі психикалық процестің қызметі деп санай  отырып, оны мидың бірнеше қызметінің өзара бірігуі мен қатынасы нәтижесінде  жүзеге асып отыруы деп санаймыз.

Психологияда қиял процесіне  байланысты мұңдай күрделі іс-әрекеттерді  психологиялық хүйе деп атап, оның атқаратын қызметі мен сипатын, өзіндік құрылымын атап көрсетуі манызы ерекше. Мұндай жүйеде қиялдың ішкі кызметі мен өзі қарым-қатынасы манызды роль атқарады.

Қиял мен ойлау процестерінің  өзіндік ерекшеліктері мен атқаратын  қызметтерін талдау нәтижесінде  олардын белі жүйемен дамып, адам психикасында атқаратын қызметін, олардың  түрлі өзгерістерге ұшырап, өзара  тәуелді әрқилы байланыстар түзіліп  жататындығын көрсетеді.

Информация о работе Қиял арқылы образ жасау әдістемесі