Шпаргалка по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 11:40, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 84 вопроса по дисциплине "Педагогика".

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 177.45 Кб (Скачать документ)

 үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады

(Ю.А. Конаржевский); 
Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.

 

46.Балалық шақ  және балалар-жалпы адамзаттық  құндылықтар және педагог-мұғалім  кәсіби әрекетінің мақсаты.

Жаңа кезеңдегі білім  берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа  адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды  қасиеттерге ие болу, рухани бай  адамды қалыптастыру оның туған кезінен  басталуы керек. Халықта «Ағаш түз  өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу  болады, ал үлкен ағаш болғанда оны  түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне  сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен  педагогтар шешуші роль атқарады.  Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша  іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік  процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек. Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-танушылық  тудырады

 

47.Педагогикалық  қарым- қатынас стилі.

Педагогикалық қарым-қатынас-белгілі  бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен  оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы  ішіндегі қатынастарды психологиялық  тиімді етуге бағытталған оқытушы  мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.Педагогикалық  қарым-қатынаста күнделікті тәлім-тәрбиенің  нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып  көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар мен  ерекшеліктер шәкірттер тарапынан  көрсетілген өз пікірлері. Солай  дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері  мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың  жан дүниесін тебіренткен мәселелер  екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.

 

48.Педагог мамандығының  болашақтағы дамуы.

XXI-ші ғасыр қатаң бәсеке  ғасыры болғандықтан жалпы білім  беру, оқу-тәрбие процесінде жаңа  сапалық өзгерістер болғаны абзал,  соның ішінде бірінші кезекте,  қазақ мектептерінде, өйткені,  мектеп – сауатты ұрпақтың  ұйытқысы, білім мен ғылымның  негізі.Президент өзінің Қазақстан  халқына Жолдауында: "Болашақта  мұғалім мамандығы аса қажет  және жоғары ақы төленетін  мамандық болады. Әрине, мұғалімнің  өзі де уақыт талабына сай  болуы керек", - деп атап көрсетті.Тұңғыш  рет білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасында   педагогтың беделін көтеру  мәселесі  қойылды.  Бұл мәселелер өз  кезегінде барлық деңгейдегі  ұстаздардың білімі мен біліктілігін  жетілдіру, педагогтардың еңбек  ақысын төлеудің жаңа моделін   енгізу арқылы жүзеге асырылады.  2015 жылға педагогтардың жалақысы  жекеменшік сектор қызметкерлерінің  айлық жалақысына теңестіріледі;  педагог беделі мен абыройын  көтеруге бағытталған іс-шаралар  жүргізу мен жыл сайын  75 мың  ұстаздың білімі мен біліктілігін  көтеру жоспарлануда. Қазiргi заманғы  бiлiм беру - әлеуметтiк құрылымның  маңызды элементтерiнiң бiрi.

 

 

49.Педагогикалық  қарым- қатынастың  мәні мен  мазмұны.

Педагогикалық қарым-қатынастың мазмұны-педагогикалық қарым-қатынас  арасындағы қарым-қатынастың басты  мақсаты–өзара түсіністікке қол  жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа  түскен оқушыны тыңдап, түсіне білудің  маңызы зор. Бұл басқа оқушының ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Педагогтар басқаларға өз ойлары мен  көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен  дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Оқушылармен  жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай  ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық оқушылармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас  жасау; оқушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас  жасау; басқа адамның пікірін  сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген  педагог өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық  білдіреді. Оқушыға сыйластықпен қарау  жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі  өлшемі болып табылады.

 

50.Педагогикалық  іс- әрекетінің қызметі.

Педагогикалық іс–әрекетте  еңбек субъектісі мұғалім болады.Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары  – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім  «сананың біртұтастық объектісі» болып  есептелуі керек.Мұғалімнін іс–әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің  деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс–әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек  объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс  түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті  объективті өмір сүретін кәсіби іс–әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды. Мұғалім  іс–әрекетінің қызмет объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің  мәнін анықтау керектігін қажет  етеді..Қазіргі кезендегі тұтас  педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше  ұрпақтарының күш салуларының арқасында  жинақгалады, өйткені педагогикалық  құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері  бірте – бірте жинақталады.

 

51.Мұғалімнің коммуникативті  қызметінің мәні мен мазмұны.Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген атаулы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыға орай мұғалім – тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген. Сонымен, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде адам тәрбиесі, бір жағынан, қоғамның өзіне қажетті негізгі міндеті болуымен қатар, екінші жағынан, қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру жғдайында, адам факторын жандандыру және ізгілікті демократиялық жан-жақты дамыған жеке адамын қалыптастыруда мұғалім маңызды рөл атқарады. Педагогикалық еңбек  басқа салалардан қараганда ерекше. Мұғалімнің мәртебесі шәкірттер үшін өте жоғары. Өйткені оқушыны алғаш мектебін ашқанда қабылдайтын да, алғашқы әріп пен есепті үйрететін де, соңғы мектеппен қоштасарда да шығарып салатын да осы қарастырайын деп отырған тақырыптағы мұғалім болып табылады. Жалпы білім беру ісін қайта құру сонымен бірге оқу тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндетін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі – жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – баларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адамдықты талап етеді» Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа айналуда. 

 

52. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен тактісі.Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды. 
Диалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді. 
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген: 
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің

 ерекшеліктерін есепке  алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин); 
-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен

 жету мүмкін емес (Ю.  К. Бабанский); 
-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми

 түрде ұйымдастыру  мүмкін емес (И.П. Радченко); 
-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті

 ұйымдастыру негізінде  мүмкін болады (М.И.Кондаков); 
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады

(Ю.А. Конаржевский); 
Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.Педагогикалық такт — оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Мысалы, ұжымның ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиіс

 

53. Педагог мамандығының басқаша мамандықтар жүйесіндегі орны.Педагог (гр. рaіdagogs — тәрбиеші) — білім беру, тәрбиелеумен немесе тәрбие мәселесімен айналысатын маман. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының оқытушысы, мектепке дейінгі мекеменің, мектеп-интернаттың, балалар үйінің, түзету колониясының тәрбиешісі, педагогиканың ғылыми мәселелерін зерттеуші ғылыми қызметкер педагог делінеді.Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. 
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі - жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан -жақты, жеке және кәсіби маңызды та-нымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығар-машылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз бай-ланысты, оның кәсіби өсуі мен педаго-гикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Басқа мамандықтардан ерекшелігі : ең ауыр мамандық және де барлық маман иесі мұғалімнен тәрбие алып шыгады. Мұгалім болашақтың тәрбиешісі, сондықтан да барлық мамандық иелері мұгалім мамандығына бас иеді деп ойлаймын.

 

54 Мұғалім еңбегінің  гуманистік, ұжымдық және шығармашылық  сипаты.Мектеп - қоғам өмірінің айнасы. Қоғамдық қондырма қандай болса, мектеп те сондай. Оқу- тәрбие сапасын тек мұғалімдер жеке дара шеше алмайтыны анық.  Бар ынта ықыласын сапалы білім беруге жұмсайтындай жағдай жасалмайынша мұғалімдерді кінәлау дүрыс та болмас..Мұғалімнің өз жұмысынан ләззат ала білуі -  педагогикалық қызметтің басты шарты. Бірақ мұғалім  балалардың жетілуіне импульс бере алатындай өз қызметінен  ләззат аларлық жағдайға жете алмай отыр.. Оның себебі - мұғалім еңбегінің құндылығы мен құрметінің  әлеуметтік, моральдық  тұрғыдағы сәйкессіздігі .  Қоғамдағы әлеуметтік жіктелудің мұғалім еңбегіне қаншалықты ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Қай мамандықтың да мәртебесі төмен болған жағдайда, сол мамандық иесі қаншалықты ынталы, қаншама білікті, тәжірибелі болса да мүмкіндігі шектеулі болатыны белгілі. Мұғалім өз қызметі беделін өзі көтеретіндей мәртебесін көтеру - мемлекет еншісіне жатады.

 

55.Педагогикалық  әс- әрекет жүйе ретінде. 

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер  құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.

Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.    

Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен  байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады.     

Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері  де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.

Тәрбие  жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің  санасына да, мінез-құлқына да, олардың  тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.    

Жеке  адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында  барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.   

 Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары  сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды. 

Адам  жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі. 

Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра

білуді қажет  етеді.

Қазіргі кезде  жоғары оқу орындарында мұғалімнің технологиялық компетенттілігін жетілдіру  өзекті мәселеге айналуда. Оқыту стратегиясы мен технологиясын таңдаудағы кәсіби міндеттердің шешімі оқушының тұлғалық сапасының дамуынан көрініс табады. Педагог тудыратын сыртқы шараларды оқушы өзінің жеке іс-әрекетімен жүзеге асырады. Оқыту іс- әрекетін басқару - оған белгілі дәрежеде талап қою, педагогтың таным белсенділігін арттырып, шығармашылығын дамытатын және инновациялық білім беру мен инновациялық білім беру ортасын жасау.

Соңғы жылдары  педагогикалық компетенттілік ұғымына  деген көз-қарастардың ауқымы кеңейе түсті. Жоғары білікті маманның компетенттілігі ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер педагогика саласындағы зерттеулерде, ғылыми-әдістемелік басылымдарда кеңінен қарастырылуда.

Информация о работе Шпаргалка по "Педагогике"